2025 жылға дейін білім беру гранттарының бірнеше түрі енгізіледі

  • Кадрлар даярлауға арналған гранттар тек сұранысқа ие бағыттар бойынша бөлінетін болады. Гранттардың бірнеше түрлері енгізіледі.
  • 2025 жылға дейін студенттердің стипендиясы тағы 2 есеге, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 1,5 есеге артады.
  • Студенттерді жатақханалардағы орынмен қамтамасыз ету үшін 2020 жылы 20 мың орындық 75 жатақхана пайдалануға берілді. Ал 2025 жылға қарай кемінде 50 мың жаңа орын қолжетімді болады.⠀
  • Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша 2 озық жоғары оқу орны құрылатын болады. Ол оқу орындарында инновациялар мен серпінді технологияларды дамыту, озық ғылыми-зерттеу орталықтарын қалыптастыруға басымдық беріледі.⠀
  • Сондай-ақ еліміздің бәсекеге қабілетті 20 жоғары оқу орнының базасында «академиялық артықшылық» орталықтары құрылады.⠀

@edu_news_qz

Поделиться:
Top