Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау» білім беру салаларына түсушілерге

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР» ЖӘНЕ «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ» білім беру салаларына түсушілерге арналған АҚПАРАТ!

«Педагогикалық ғылымдар» және«Денсаулық сақтау» білім беру салаларына түсу үшін тапсырылатын арнаулы емтихандар (психометриялық тестілеу) басталды

Бұл емтихандар 20 маусым- 20 тамыз аралығында жоо базасында (онлайн және офлайн) өткізіледі
Әрбір жоо емтихан тапсыру күнін өзі белгілейді

Арнаулы емтиханды кез-келген жоо-да тапсыруға болады. Емтихан «өтті» немесе «өтпеді» деген нысанда бағаланады. Нәтижелері емтихан өткізілген күні жарияланады

Педагогикалық мамандыққа да, медициналық мамандыққа да тапсыруға ниетті талапкерлер арнаулы емтиханды педагогикалық бағыт бойынша да, медициналық бағыт бойынша да тапсыру керек

Басқа сұрақтар бойынша жоо-лардың қабылдау комиссияларына хабарласуға болады

Поделиться:
Top