ПП «Ассистент врача-стоматолога ортопеда и врача-детского стоматолога»

  • Мақсаты: балалар жасындағы стоматологияның негізгі мәселелерін зерттеу барысында студенттер алған білім мен іскерлікті бекіту, клиникалық тексеру бойынша практикалық дағдыларды жетілдіру, диагностика методологиясы, жоспарлау және тиісті емдеу әдістерін таңдау, стоматологиялық аурулары бар және жақ-бет аймағының патологиясы бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды ұйымдастыру. Міндеттер: * балалар стоматологиялық емханасының (бөлімше, кабинет) жұмысын ұйымдастырумен және стоматологиялық науқастың медициналық құжаттарын ресімдеумен танысу; * тексеру жоспарын құрастыру, науқасты тікелей тексеру, дифференциалды диагностика жүргізу және стоматологиялық қабылдауда барабар жеке ем тағайындау бойынша практикалық дағдыларды бекіту және одан әрі жетілдіру, балалар стоматолог – дәрігерінің ассистенті ретінде жұмыс істеу; * дәрігерлік манипуляцияларды орындау бойынша тәжірибелік дағдыларды тереңдету және жетілдіру; * тұлғааралық қарым-қатынас және пациенттерге кеңес беру дағдыларын жетілдіру. Тістің қатты тіндерінің аурулары бар науқастарды тексерудің негізгі және қосымша зерттеу әдістерін білу; - тістің қатты тіндерін егеу кезіндегі жергілікті жансыздандыру әдісін және стоматологиялық ауырсынулардың негізгі аспектілерін білу; - тіс жегісінің этиологиясы мен патогенезін, ағза жүйесіне және мүшелерге әсерін білу; - тіс жегісі мен оның асқынуларының критериімен клиника, диагностикасын, классификациясын білу; - тістердің тіс жегілік емес ақауларының клиникасын, диагностикасын, жіктелуін білу; - тіс жегісі мен тіс жегілік емес ақауларды емдеу тактикасын таңдауды негіздеу. 2. -тіс жегі мен тіс жегілік емес ақауы бар науқасты тексеруді жүргізуді көрсету; - тіс жегі мен тіс жегілік емес ақауы бар науқасты тексерудің термометрия, зондтау,перкуссия,пальпация әдістерін көрсету; - жегілік қуыстардың барлық класстарын емдеуді көрсету; - реминерализациялық терапияны қолдану; - әртүрлі материалдардан тұрақты пломбаның, уақытша пломбаның, ажыратқыш төсеніш және емдік төсенішті салудың және дайындаудың әдістерін қолдану, берілген ахуалдық тапсырмаларға қарай пломбалық материалдарды таңдап қолдану. 3. - науқастарда ауыз қуысы мүшелерінің басқа мүшелермен және жүйелермен өзара байланыста қызмет ету заңдылықтарын талдау; - тістердің тіс жегісі және жегілік емес ақауларының ауруының дамуында социалдық және биологиялық фаторлардың рөлін талдау; - тістің қатты тіндері ауруларының негізгі симптомдарының ажырату диагностикасын өткізу, денсаулықпен байланысты аурулар мен мәселелерді Халықаралық статистикалық жіктелісін есепке ала отырып, стоматологиялық диагнозды қою алгоритмін қолдану; -жақтардың, пародонт, периодонт, тістердің рентгенологиялық тексеріс нәтижесін түсіндіру; - қан мен зәрдің биохимиялық, иммунологиялық тексерілудің жалпы клиникалық нәтижелерін түсіндіру; - тіс жегісі бар науқастың тістерін тексеру, зондтау, перкуссия, пальпация, термометрия қорытындысын түсіндіру; - тістің қатты тіндерінің жегілік емес ақауы бар науқастың тістерін тексеру, зондтау, перкуссия, пальпация, термометрия қорытындысын түсіндіру. 4. - логикалық талдау, дәлелді сөйлеу дағдыларын көрсету, пікірталас пен айтысты, төзімділікті жүргізу, ынтымақтастық және дауды шешу; - топта жұмыс дағдыларын көрсету, өз көзқарасынды нақты қорғау, келісім таба білу, өз пікіріңді ұжым пікірімен ара қатынасын белгілеу, жаңа шешімдерді ұсыну; - кәсіби қызметпен байланысты әртүрлі жағдайларда икемділік пен тұтастық көрсету; - әртүрлі жағдайларда әртүрлі адамдармен өзара әрекетте коммуникация дағдыларын көрсеті; - зерттелетін пәннің контекст мәнмәтінінде тиімді жазбаша, ауызша және технологиялық дағдыларды көрсету 5. - жаңа білімдерді иемденуге қабілеттілік пен дайындықты көрсету; - аналитикалық және ғылыми-зерттеу жұмысын өткізу; - академиялық адалдық қағидаларын сақтаумен кәсіби қызметті жүзеге асыру; - әдебиетпен, Internet көздерімен, электронды жинақ мәліметтерімен, компьютерлік оқыту бағдарламаларымен жұмыс дағдыларын көрсету
  • Образовательная программа 6B10105 Стоматология
  • Несиелер 4
  • Оқу жылы 5
  • Семестр 9
Top