Техникалық физикадағы 3D модельдеу

  • Пәннің мақсаты: физикалық есептерді шешуде және эксперимент деректерін өңдеуде есептеу әдістерін қолдану қабілетін қалыптастыру; физикалық құбылыстарды моделдеуде қолданылатын негізгі математикалық алгоритмдерді бағдарламалау. Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді: 1. тез ағатын экзотермиялық физика-химиялық процестер негізіндегі энергетикалық қондырғыларды таңдау; 2. әр түрлі технологиялық процестерді басқару және параметрлерді тіркеу жүйесінің тиімділігін бағалау; 3. қазіргі заманғы бағдарламалық құралдарды пайдалана отырып, объектілерді моделдеу бойынша жұмыстар жүргізу; 4. нақты міндеттерді шешу үшін зерттеудің заманауи әдістері мен құралдарын қолдану; 5. сандық және табиғи эксперименттердің нәтижелерін талдау Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Математикалық модель. Негізгі түсініктер. Классификация. Математикалық модельдеудің қағидалары, кезеңдері. Алгебралық теңдеулер жүйесін шешудің әдістері: а) тікелей әдістер (Гаусс әдісі, Крамер әдісі); б) итеративті әдістер (итерациялар әдісі, Зейдель әдісі, релаксация әдісі); в) вариациялық типті итеративті әдістер; г) функцияларды минимизациялау әдістері. Сызықтық емес теңдеулерді шешу (қарапайым итерация әдісі, Ньютон әдісі, секциялар әдісі, интерполяциялық әдістер). Сандық интегралдау мен дифферанциалдау әдістері. Интерполяциялық типті квадратуралы формулалар. Сызықты интегралды теңдеулер (Фредгольм теңдеулері, Вольтер теңдеулері), шешу әдістері (Лаплас түрлендірулері, біртіндеп жуықтау әдісі, резольвент әдісі, алгебралық теңдеуге келтіру әдісі).
  • Образовательная программа 7M05307 Техникалық физика
  • Несиелер 5
  • Оқу жылы 2
  • Семестр 3
Top