Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7M05307 Техникалық физика в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Оқыту нәтижелері

  • күрделі инженерлік нысандардағы жылумасса тасымалы процестерін бейнелеу барысында MATLAB инструменталды және бағдарламалық құралының көмегімен тұтқыр серпімді материалдардың сипаттамаларын есептеу үшін Фойхт және Максвелл модельдерін қолдану; қалдықтарды жою технологиялары мен өндірістік экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелерін жасау.
  • техникалық және қолданбалы физика саласында кәсіби мәселелерді шешу үшін жасанды интеллекттің жаңа технологиялары мен әдістерін дамыту, бейімдеу және коммерцияландыру бойынша жаңа инновациялық жобаларды жасау үшін физика-математикалық әдістерді, компьютерлік 3D-модельдеу әдістерін қолдану.
  • ғылыми зерттеулердің нәтижелерін интерпретациялау және жалпыландыру, алынған нәтижелерді өндіріске бейімдеуге қатысты практикалық ұсыныстарды көрсете отырып, есептер, презентациялар мен ғылыми жариялымдар әзірлеу.
  • өндірістік қызметтегі ұжымның еңбек нәтижесі мен сапасын, экономикалық шығындарды критикалық тұрғыдан бағалай отырып, алға қойылған ғылыми мақсатқа қол жеткізу үшін инновациялық жобаны қалыптастыру барысында шығармашылық ұжымның жұмысын басқару; түрлі жағдайларды шешу барысында креативтілік және осы қабылданған шешімдерге жауапкершілік таныту
  • инновациялық қызметтегі тәуекелдік талдау инструменттерін қолдана отырып, инженерлік физика облысында технологиялық процестердің тиімділігін жетілдіру және арттыру мақсатында ғылыми-техникалық мәселенің ахуалын бағалау, мақсаты мен міндеттерін қоя білу.
  • өлшеулердің қажетті дәлдігін қамтамасыз ететін техникалық приборларды, жүйелер мен кешендерді баптау, өңдеу және тәжірибелік тексеру бойынша бақылау жүргізу; технологиялық құрылғылардың сенімділігін болжауды есептеу және құрастыру үшін диагностика және мониторинг әдістерін қолдану
  • технологиялық процестердің экономикалық тиімділігі мен экологиялық қауіпсіздігі негізінде инновациялық технологияларды жұмылдыра отырып, технологиялық процестер мен құрылғыларды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.
  • оқытудың заманауи интерактивті әдістері мен формаларын қолдана отырып, дәстүрлі және қашықтан оқыту түрлері үшін зерттеу тақырыбы бойынша отандық және шетелдік тәжірибені және жаңа ақпараттарды іздеу, өңдеу, беру және сабақтардың алуан түрлерін жүргізу үшін ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық ақпараттарға талдау жасау.
  • ANSYS Maxwell, COMSOL Multiphysics бағдарламалар пакеттерін қолдана отырып, нысандар мен процестердің параметрлерін жетілдіру үшін өндірістік процестерді модельдеу және инженерлік және техника-экономикалық есептеулер жүргізу; энергетика және криотехнологиядағы технологиялық процестердің элементтеріне түсірілетін жылулық жүктемелерді анықтау.
  • электр және жылу энергияларын өндіру, үлестіру және тұтыну барысында энергия үнемдеу шаралары мен энергетикалық ресурстарды үнемдеуді бағалау әдістерін жүзеге асыру; электр энергетикалық саладағы негізгі стратегиялық бағыттарды қалыптастыру барысында энергия көздеріне қайта конструкция жасау және модернизациялау.
  • қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде күнтізбелік жоспарлар, техникалық спецификациялар мен есептерді әзірлеу арқылы ғылыми-зерттеу жобалары үшін өтінімдер қалыптастыру, техникалық құжаттарды сараптау.
  • техникалық физика саласындағы магистранттардың ғылыми танымын қалыптастыру; жоғары мектеп педагогикасының заманауи талаптарын, инновациялық білім беру процесін жүргізу және басқару психологиясының талаптарын ескере отырып, профильдік пәндердің оқу-әдістемелік кешенін жасау.
Top