Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7R01132 Акушерия және гинекология (ересектер, балалар) в Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Модульдік білім беру бағдарламасының мақсаты: акушер-гинеколог ретіндеөздігіненжұмысістеуүшіндәрігердіңжүйелітеориялықбілімі мен практикалықдағдыларыныңқажеттікөлеміналу, студенттердіңөзіндікоқужәнепрактикалықіс-әрекетін ынталандыру, дайындықдеңгейінеміндеттіталаптардықоюарқылыжоғарыоқуорнынанкейінгімедициналықбілімгеқолжеткізу. медициналықмекемелердежәнеқұжаттардыңтеңдігінқамтамасызетухалықаралықбілімкеңістігіндежәнехалықаралықеңбекнарығындақатысуүшінрезидентураныңаяқталуы.
  • Академиялық дәреже Резидентура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 210
  • Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау

Пәндер

  • Стационардағы акушерия (Стационардағы акушерия -1)

    Пәнді оқу барысында резидент акушерстводағы патологиялық жағдайлардың диагностикасы мен емінің заманауи тәсілдерін меңгереді, ұрықтың жамбаспен келуі кезіндегі, алдыңғы кесар тілігінен кейінгі қынаптық босануды және жатырға жасалған басқа операциялардан кейінгі босануды қабылдайды, преэклампсия, эклампсия және ДВС синдромы кезінде, сонымен қатар басқа да акушерлік патологияларда іс-әрекет алгоритмін игереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 24
  • Амбулаторлы гинекология (Амбулаторлы гинекология -1)

    Заманауи клиникалық медицинаның фундаметін (негізін) құрайтын медициналық мамандықтар қатарына, тепария және хирургиямен қатар, әйел және оның ағзасының ерекшеліктері туралы ғылым – гинекология да кіреді. «Амбулаторлы гинекология» пәні – әйел ағзасындағы түрлі өзгерістер мен ауру көріністері анықталып, зерттелетін медицина саласының маңызды бөлімінің бірі. Резиденттердің білімі мен ғылыми біліктілігі әйелдің репродуктивті жүйесін оңтайлату мақсатында әйел денсаулығы сақтау және адам өмірінің сапасын жақсартуға септігін тигізеді

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 13
  • Амбулаториялық акушерия (Амбулаториялық акушерия-1)

    Физиологиялық және патологиялық акушерияның теориялық негіздері. Жүктіліктің қалыпты және күрделі қағидалары. Жүктіліктің диагностикасы, антенатальды күтім, қауіп факторларымен ұрықтың жай-күйін бағалау, сондай-ақ перинаталды және босанғаннан кейінгі күтімге байланысты жүкті әйелдерге науқастарға бағытталған кеңес беру және хабарлау. Жүктілік кезіндегі асқынулардың алдын-алу, диагностикалау және емдеу принциптері. Акушер-гинеколог дәрігерлердің амбулаториялық деңгейде төменгі және жоғары қауіпті топтағы жүкті әйелдерге антенатальды және босанғаннан кейінгі көмек бойынша пациенттерге бағдарланған көзқарас тұрғысынан тәжірибелік дағд����ларын дамыту және нығайту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 14
  • Балалар гинекологиясы және сексуальды денсаулық.

    Пәнді оқу барысында резидент акушер-гинекологтар балаларға гинекологиялық көмекті ұйымдастыруды, балалар деонтологиясының ерекшеліктерін, физиологиялық өзгерістерді, балалар мен жасөспірімдердегі патологиялық жағдайлардың алдын -алу, диагностикасы мен емі туралы білімі қалыптасады. Бұл пәнде резидент сексуальды денсаулық зорлықтың әдістері мен диагностика процедураларын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 17
  • Амбулаторлы гинекология (Амбулаторлы гинекология-2)

    Заманауи клиникалық медицинаның фундаметін (негізін) құрайтын медициналық мамандықтар қатарына, тепария және хирургиямен қатар, әйел және оның ағзасының ерекшеліктері туралы ғылым – гинекология да кіреді. «Амбулаторлы гинекология» пәні – әйел ағзасындағы түрлі өзгерістер мен ауру көріністері анықталып, зерттелетін медицина саласының маңызды бөлімінің бірі. Резиденттердің білімі мен ғылыми біліктілігі әйелдің репродуктивті жүйесін оңтайлату мақсатында әйел денсаулығы сақтау және адам өмірінің сапасын жақсартуға септігін тигізеді.

    Оқу жылы - 2
    Несиелер - 12
  • Амбулаториялық акушерия (Амбулаториялық акушерия-2)

    Физиологиялық және патологиялық акушерияның теориялық негіздері. Жүктіліктің қалыпты және күрделі қағидалары. Жүктіліктің диагностикасы, антенатальды күтім, қауіп факторларымен ұрықтың жай-күйін бағалау, сондай-ақ перинаталды және босанғаннан кейінгі күтімге байланысты жүкті әйелдерге науқастарға бағытталған кеңес беру және хабарлау. Жүктілік кезіндегі асқынулардың алдын-алу, диагностикалау және емдеу принциптері. Акушер-гинеколог дәрігерлердің амбулаториялық деңгейде төменгі және жоғары қауіпті топтағы жүкті әйелдерге антенатальды және босанғаннан кейінгі көмек бойынша пациенттерге бағдарланған көзқарас тұрғысынан тәжірибелік дағдыла��ын дамыту және нығайту.

    Оқу жылы - 2
    Несиелер - 13
  • Стационардағы акушерия (Стационардағы акушерия-2)

    Пәнді оқу барысында резидент акушерстводағы патологиялық жағдайлардың диагностикасы мен емінің заманауи тәсілдерін меңгереді, ұрықтың жамбаспен келуі кезіндегі, алдыңғы кесар тілігінен кейінгі қынаптық босануды және жатырға жасалған басқа операциялардан кейінгі босануды қабылдайды, преэклампсия, эклампсия және ДВС синдромы кезінде, сонымен қатар басқа да акушерлік патологияларда іс-әрекет алгоритмін игереді.

    Оқу жылы - 2
    Несиелер - 17
  • Стационардағы гинекология (Стационардағы гинекология-1)

    Осы дисциплинаны оқу кезіндерезидент гинекология негізін, мамандандырылған көмек көрсету және әйелдер кеңесі орындарында,гинекологиялық бөлімінде өзіндік дәрігерлік жұмыстарын жетілдіру, дәрігерлік клиникалық ойлауын қалыптастыру,гинекологиялық мәселелерді мұқият шеше білуді үйренеді. Оқу барысында резидент гинекологиядағы ауқымды теориялық жағдайды,дәрігерлік этика мақсатын,клиникалық ойлай білу,диагностика,емдеу және қалпына келтіру,әйелдермен жұмыс барысында коммуникативті дағдыларды меңгеруді үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Несиелер - 18
  • Репродуктивті медицина және бедеулік (Репродуктивті медицина және бедеулік-1)

    Пәнді оқу барысында акушер-гинеколог резиденттерінде дәлелді медицинаны қолдана отырып, жыныс мүшелерінің туа біткен ақауларын және бедеулікті анықтау және емдеу жөнінде дағдылары мен білімдері қалыптасады. Сонымен қатар эндометриозды оперативті жолмен емдеу, жатыр артерияларының эмболизациясы, сонымен қатар мүмкін болатын асқынуларда және оларды коррекциялауда инновационды әдістерді қолдану. ЭКО-дан кейінгі жүктіліктің I жартысын жүргізу кезіндегі ерекшеліктері жөнінде білімдері қалыптасады.

    Оқу жылы - 2
    Несиелер - 8
  • АМСК көлемінде емдеу-алдын алу шараларын ұйымдастыру

    Пәнді оқу барысында резидент акушер-гинекологтар профессиональды дағдыларды, жаңа теориялық білімді, клиникалық ойлау өрісінің дамуына, диагностикада технологияның дәстүрлі әдістерін кең қолдануға, АМСК көлемінде жүкті әйелдерге алғашқы көмек пен ем жүргізуге, отбасыны жоспарлауға, эндокринологиялық репродуктивті патологияның сұрақтарын меңгеруге ие болады.

    Оқу жылы - 3
    Несиелер - 4
  • Стационардағы гинекология (Стационардағы гинекология-2)

    Осы дисциплинаны оқу кезіндерезидент гинекология негізін, мамандандырылған көмек көрсету және әйелдер кеңесі орындарында,гинекологиялық бөлімінде өзіндік дәрігерлік жұмыстарын жетілдіру, дәрігерлік клиникалық ойлауын қалыптастыру,гинекологиялық мәселелерді мұқият шеше білуді үйренеді. Оқу барысында резидент гинекологиядағы ауқымды теориялық жағдайды,дәрігерлік этика мақсатын,клиникалық ойлай білу,диагностика,емдеу және қалпына келтіру,әйелдермен жұмыс барысында коммуникативті дағдыларды меңгеруді үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Несиелер - 20
  • Онкогинекология

    Осы дисциплинаны оқу кезінде резидент онкогинекология негізін, онкогинекологияның ауқымды мәселелерін, статистикасын, әйел жыныс мүшелері қатерлі ісігінің профилактикасы, скрининг бойынша тексерулерді, оны емдеудегі негізгі әдістерді, онкогинекологиялық патологияның жеке түрлерін мұқият шеше білуді үйренеді. Оқу барысында резидент аурухананың онкологиялық бөлімінде дәрігерлік клиникалық ойлауды үйренеді. Осы дисциплина барысында резидент онкогинекологиядағы жаңа ауқымды теориялық жағдайды (Әйел жыныс мүшелерінің рак алды аурулары, Вульваның қатерлі ісігі, Қынаптың обыры, Жатыр мойны обыры, Жатырдың обыры, Аналық бездің шекаралық ісіктері, Аналық без обыры, Аналық бездің бездің эпителиалды емес обыры, Жатыр түтіктерінің обыры, Трофобластикалық ісіктер, Әйел жыныс мүшелері ісіктерінің хирургиялық емі, Жатыр қатерлі ісігінің сәулелік терапиясы, Жатыр мойны ісіктерінің сәулелік терапиясы, Әйел жыныс мүшелері қатерлі ісіктерінің профилактикасы және скринингі), клиникалық ойлай білу, диагностика, емдеу және қалпына келтіруді, әйелдермен жұмыс барысында коммуникативті дағдыларды меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Несиелер - 13
  • Стационардағы акушерия (Стационардағы акушерия-3)

    Пәнді оқу барысында резидент акушерстводағы патологиялық жағдайлардың диагностикасы мен емінің заманауи тәсілдерін меңгереді, ұрықтың жамбаспен келуі кезіндегі, алдыңғы кесар тілігінен кейінгі қынаптық босануды және жатырға жасалған басқа операциялардан кейінгі босануды қабылдайды, преэклампсия, эклампсия және ДВС синдромы кезінде, сонымен қатар басқа да акушерлік патологияларда іс-әрекет алгоритмін игереді.

    Оқу жылы - 3
    Несиелер - 18
  • Оперативті акушерия және гинекология

    Пәнді оқу барысында резидент акушер-гинекологтар аурудың диагностикасы бойынша теориялық білімдері, керекті оперативті көмекті уақытылы жасай білу, акушерия және гинекология тәжірибесінде профессиональды оперативті технологияларды меңгеруін дамытады.

    Оқу жылы - 3
    Несиелер - 4
  • Репродуктивті медицина және бедеулік (Репродуктивті медицина және бедеулік -2)

    Пәнді оқу барысында акушер-гинеколог резиденттерінде дәлелді медицинаны қолдана отырып, жыныс мүшелерінің туа біткен ақауларын және бедеулікті анықтау және емдеу жөнінде дағдылары мен білімдері қалыптасады. Сонымен қатар эндометриозды оперативті жолмен емдеу, жатыр артерияларының эмболизациясы, сонымен қатар мүмкін болатын асқынуларда және оларды коррекциялауда инновационды әдістерді қолдану. ЭКО-дан кейінгі жүктіліктің I жартысын жүргізу кезіндегі ерекшеліктері жөнінде білімдері қалыптасады.

    Оқу жылы - 3
    Несиелер - 9

Оқыту нәтижелері

  • Қазақстан Республикасы, әлеуметтік ғылымдар және денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыру негіздерін, адамның адамға қарым-қатынасын реттейтін этикалық және құқықтық нормаларды білу. Альтруизм, жанашырлық, жауапкершілік, адалдықжәнеқұпиялылыққағидалардықұрметтеусияқтыкәсібиқұндылықтарға адал болу.
  • Тұрғындармен қарым-қатынас жасауда, әріптестермен, әлеуметтік қызмет қызметкерлерімен өзара әрекеттесу кезінде медициналық этиканың қағидаларын сақтай отырып, тиісті коммуникация дағдыларын қалай көрсетуге болатындығын білу
  • Әйел мен ұрық ағзаларының өміріне қауіпті дисфункцияларды уақтылы диагностикалауға, оларды тез арада жою әдістерін қолдана білуге, төтенше және соққыға қарсы шараларды жүзеге асыруға қабілетті
  • Ауыр асқынуларға және (немесе) өлімге әкелуі мүмкін акушерлік және гинекологиядағы негізгі медициналық шараларды орындай алуы (патологиялық туу, акушерлік қан кету, жүкті әйелдердегі ауыр гестоз және т.б.)
  • Науқасқа / жүктіге / босанушы әйелге / босанғанға дейінгі кезеңде диагнозға сәйкес тиісті ем тағайындайалады, дәрілік және дәрілік емес терапияны таңдау алгоритмін орындай алады
  • Халықтың денсаулығын жақсарту және сақтау бойынша ғылыми негізделген шараларды әзірлеу үшін әйелдер мен жасөспірімдердің денсаулық көрсеткіштері туралы ақпаратты жинаудың және медициналық-статистикалық талдаудың заманауи әдістерін қолдана білу
  • Әйел денесі ауруларының дамуында табиғи және медициналық және әлеуметтік факторларды бағалау әдістерін қолдана біледі, оларды түзетуді жүзеге асырады, қалаусыз жүктілікте түсік жасаудың алдын алу, жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу, қыздар мен жасөспірімдердің гигиенасы мәселелері бойынша санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізуді білу
Top