Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7R01123 Балалар хирургиясы в Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты «Балалар хирургиясы» мамандығы бойынша резидентураның Модульдік білім беру бағдарламасының мақсаты – дәлелді медицина қағидаттарын сақтай отырып, заманауи диагностикалық және емдеу технологияларын қолдана отырып, туа біткен және жүре пайда болған патологиялары мен жарақаттары бар балаларға бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінен бастап жоғары технологиялық деңгейге дейін білікті хирургиялық көмек көрсете алатын дәрігерді даярлау.
  • Академиялық дәреже Резидентура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 210
  • Білім беру бағдарламаларының тобы R023 Балалар хирургиясы
  • Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау

Пәндер

  • Іріңді хирургия

    Бұл пән резидентерге балалардағы іріңді-қабыну ауруларды (абсцесстер, флегмоналар, остеомиелиттер және т.б.) диагностикалау, емдеу және алдын алу бойынша кәсіби білім мен практикалық дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Резидент арулардың клиникалық белгілерін, зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін, дифференциалды диагностика критерийлерін, антибактериалды терапия, асептика және антисептика қағидаларын оқып үйренеді. Резидент іріңді ошақтарды ашу, дренаждау, жараларды санациялау және асқынулардың алдын алу техникасын, сондай-ақ дәлелді медицина стандарттарына сәйкес пациенттерді жүргізу алгоритмдерін меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 30
  • Урологиямен жоспарлы хирургия

    Бұл пән резидентерге балаларда жиі кездесетін жоспарлы хирургиялық және урологиялық ауруларды (жарықтар, туа біткен ақаулар, қатерсіз ісіктер, несеп-жыныс жүйесінің жүре пайда болған аурулары) диагностикалау және дифференциалды диагностикалау бойынша клиникалық құзыреттіліктерді меңгеруге мүмкіндік береді. Резидент консервативті және хирургиялық емдеуге көрсеткіштер мен мерзімдерді анықтау, жас ерекшеліктерін ескере отырып емдеу тәсілдерін таңдау, дәлелді медицина қағидаттарына сәйкес операция алды дайындық, анестезиологиялық қауіптерді бағалау, операциядан кейінгі оңалту мен диспансерлік бақылауды ұйымдастыру дағдыларын игереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 40
  • Травматология, ортопедия

    Бұл пән резидентке балалардың тірек-қимыл аппаратының жарақаттарын (сынықтар, шығулар, соғылулар), сондай-ақ туа біткен және жүре пайда болған ортопедиялық патологияларды (жамбас-сан буынының дисплазиясы, майтабандық, омыртқа мен аяқ-қолдардың деформациялары) диагностикалау және емдеу бойынша клиникалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Резидент сүйектерді орнына келтіру мен иммобилизация әдістерін, консервативті және оперативті емдеу тәсілдерін, хирургиялық араласуға көрсеткіштер мен операциядан кейінгі оңалту алгоритмдерін халықаралық ұсыныстарға сай меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 25
  • Торакальды хирургия

    Бұл пән резиденттерге балалардағы кеуде қуысының туа біткен және жүре пайда болған ауруларын (туа біткен диафрагмалық жарық, іріңді-деструктивті пневмония, плевра эмпиемасы, спонтанды пневмоторакс, өңештің химиялық күйіктері, жарақаттар мен ісіктер) диагностикалау және емдеу бойынша білім алуға мүмкіндік береді. Резидент визуализация әдістерін (рентгенография, компьютерлік томография, ультрадыбыстық зерттеу), консервативті емдеу принциптерін (дренаждау, антибактериалды терапия), торакоскопиялық және торакотомиялық араласулардың көрсеткіштері мен техникаларын меңгереді, операциядан кейінгі тыныс алуды қолдауды және мониторинг схемаларын дәлелді медицина хаттамаларына сәйкес ұйымдастыруды игереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 20
  • Шұғыл хирургия

    Бұл пән резидентке балалардағы шұғыл хирургия бойынша клиникалық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Резидент жедел хирургиялық патологиялар (жедел аппендицит, перитонит, ішек өтімсіздігі, тесілген ойық жаралар, асқазан-ішек жолынан қан кетулер) мен құрсақ қуысы және құрсақ артындағы ағзалар жарақаттары кезіндегі баланың жағдайын шұғыл бағалаудың бірыңғай алгоритмдерін игереді. Өмірлік маңызды көрсеткіштерді бағалау, дифференциалды диагностика, гемодинамиканы тұрақтандыру, шұғыл лапаротомия мен лапароскопия техникасы, операциялық-анестезиологиялық қауіп-қатерді бағалау және операциядан кейінгі реанимациялық көмекті ұйымдастыру дағдылары меңгеріледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 25
  • Амбулаториялық-емханалық хирургия

    Бұл пән резидентке поликлиника мен күндізгі стационар жағдайында балаларға хирургиялық көмекті ұйымдастыру және көрсету бойынша клиникалық құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған. Резидент хирургиялық араласуларды жоспарлау алгоритмдерін, операция алдындағы тексеру, анестезиологиялық қауіп-қатерді бағалау және аз инвазивті технологияларды қолдану қағидаларын меңгереді. Пән амбулаторлық жағдайда операциядан кейінгі алғашқы кезеңінде науқастарды бақылау, жараларды қарау, асқынулардың алдын алу, амбулаторлық кезеңде динамикалық бақылауды ұйымдастыру дағдыларын дамытуға ерекше мән береді. Сонымен қатар, пациенттерді бағыттау, стационарға жатқызуға көрсеткіштер және амбулаторлық бақылаудың аяқталу критерийлері оқытылады. Пәнді меңгеру дәлелді медицинаның принциптеріне және заманауи клиникалық хаттамаларға сәйкес амбулаторлық және стационардан кейінгі кезеңде балаларға қауіпсіз әрі тиімді хирургиялық көмекті ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 24
  • Ургентті балалар хирургиясындағы жедел гинекологиялық аурулар

    Бұл пән резидентке жасөспірім қыздардағы жедел гинекологиялық жағдайларды (қабыну аурулары, қан кетулер) диагностикалау мен емдеудің негізгі қағидаларын меңгеруге бағытталған. Операция алдындағы дайындықтың ерекшеліктері, анестезиологиялық қауіптерді бағалау, қазіргі заманғы хирургиялық және аз инвазивтік әдістері үйретіледі. Пән сондай-ақ операциядан кейінгі асқынулардың алдын алу және репродуктивтік функцияны сақтау стратегияларын қамтиды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Балалардағы асқазан-ішек жолдарының стомизациясының өзекті мәселелері.

    Бұл пән резидентке балалардағы әртүрлі асқазан-ішек жолы патологиясы кезінде асқазан ішек жолдарын стомалау көрсеткіштері бойынша білім алуға мүмкіндік береді. Резидент жас ерекшеліктерін ескере отырып, стома жасау техникасын таңдауды, операциядан кейінгі күтім мен асқынулардың алдын алу алгоритмдерін, стоманы жабу тәсілдері мен функционалдық нәтижелерді бағалау әдістерін меңгереді. Сондай-ақ науқастардың өмір сапасын бағалау мен оңалту стратегияларына ерекше назар аударылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Эндоскопиялық хирургия

    Бұл пән резиденттерге балалардағы лапароскопиялық және торакоскопиялық араласуларды орындауға көрсеткіштер мен оларды жүргізу принциптерін меңгеруге, эндовидеохирургиялық технологиялардың мүмкіндіктері мен шектеулерін жүйелі түрде түсінуге мүмкіндік береді. Пәнді игеру барысында эндоскопиялық ота бөлмесін ұйымдастыру және жабдықтау, операция алдындағы дайындық жүргізу және операциялық-анестезиологиялық қауіптерді бағалау дағдыларын қалыптастырады. Резидент порттарды орнату, пневмоперитонеум жасау, оптика мен құралдарды енгізу техникасын, визуалдық бақылау мен араласу қауіпсіздігін қамтамасыз ету принциптерін игереді. Сонымен қатар, операциядан кейінгі кезеңде инвазияны азайтып, қауіп-қатерлерді төмендету үшін күтімді ұйымдастыру бойынша біліктіліктерін қалыптастырылады. Пәнді меңгеру клиникалық ойлау мен практикалық дағдыларды дәлелді медицина және аз инвазивті хирургияның заманауи стандарттарына сәйкес дамытуға ықпал етеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 16
  • Жаңа туған нәрестелер хирургиясы

    Бұл пән резиденттерге жаңа туған нәрестелердегі туа біткен және жүре пайда болған ауруларды (жарықтар, атрезиялар, перитониттер және т.б.) ерте диагностикалау және хирургиялық емдеу тактикасын меңгеруге мүмкіндік береді. Резидент неонатальды аурухана жағдайында операция алдындағы дайындықтың ерекшеліктерін (терморегуляция, тамақтану, ауырсынуды басу), ашық және аз инвазивті араласу әдістерін, сондай-ақ операциядан кейінгі күтім мен сатылы оңалту шараларын ұйымдастыруды игереді. Оқыту жаңа туған нәрестелер хирургиясында клиникалық ойлау мен дәлелді медицинаның қағидаларын қолдануға бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 20

Оқыту нәтижелері

  • Туа біткен және жүре пайда болған аурулар мен жарақаттарды дәлелді медицина қағидаттарына сүйене отырып дұрыс клиникалық диагноз қоюға, оңтайлы ем жоспарын тағайындауға және оның тиімділігін барлық деңгейдегі медициналық көмек аясында бағалауға қабілетті.
  • Балалардағы хирургиялық патологияларды саралап диагностикалауға және заманауи клиникалық ұсынысдарға негізделген қорытынды жасауға қабілетті.
  • Баланы кешенді зерттеудің (зертханалық, аспаптық, визуалды әдістер) нәтижелерін интерпретациялауға және әрі қарайғы емдік-профилактикалық шаралар тактикасын әзірлеуге қабілетті.
  • Хирургиялық қауіптерді бағалап, балаға сапалы көмек көрсету үшін қауіпсіз, аз инвазивті және эндоскопиялық емдеу әдістерін қолдануға қабілетті.
  • Емдік-диагностикалық манипуляцияларды орындауға, операцияларға ассистенттік етуге және/немесе операцияларды өз бетінше қауіпсіздік пен инфекциялық бақылау стандарттарын сақтай отырып жүргізуге қабілетті.
  • Шұғыл хирургиялық араласуды талап ететін жағдайларда шұғыл медициналық көмек көрсете алады.
  • Электрондық ақпараттық жүйелерде медициналық құжаттаманы жүргізуге, шығару эпикризін, кезеңдік, аударым және өлім эпикриздерді ҚР нормативтеріне сәйкес рәсімдеуге қабілетті.
  • Баланы диспансерлік бақылау мен оңалтудың жеке жоспарын құрастыруға, іс-шаралардың тиімділігін бағалауға және отбасыға профилактикалық кеңес беруге қабілетті.
  • Бала, оның ата-анасы және медицина қызметкерлерімен тиімді қарым-қатынас орнатып, эмпатия, көшбасшылық және коммуникациялық дағдыларды көрсете отырып, санитарлық-ағартушылық жұмыс жүргізуге және жұқпалы/жұқпалы емес аурулардың алдын-алу шараларын өткізуге қабілетті.
  • ҚР денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастырушылық алаңында жұмыс істеуге, көпсалалы командалардың жұмысына және сапаны басқару үдерістеріне қатысуға қабілетті.
  • Ғылыми зерттеу сұрақтарын тұжырымдауға, ғылыми деректерді сыни тұрғыдан талдауға және оларды балалар хирургиясының клиникалық тәжірибесіне енгізуге қабілетті.
  • Кәсіби шеберлікті үздіксіз жетілдіруге ынталы: өз бетінше оқуға, әріптестерді оқытуға, конференциялар, мектептер, семинарлар және басқа да үздіксіз медициналық білім беру түрлеріне қатысуға қабілетті.
Top