Грамматика 1 модулі (Қазіргі қазақ тілі фонетикасы, Қазіргі қазақ тілі сөзжасамы, Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы)

  • Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы тіл дыбыстары жүйесін, жасалу ерекшеліктерін, әртүрлі сипаты мен бір-бірімен тіркесу заңдылықтарын, табиғи дыбыстардың тіл дыбыстарымен арақатынасын, тіл дыбыстарының жасалуы, дыбыстардың қызметі, казақ тілінің дыбыстар жүйесін, дыбыстардың бір-біріне әсері, орфография мен орфоэпия, қазақ графикасының дамуы мен қазіргі жай-күйі туралы нақты ғылыми түсінікті қарастырады. Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры мен сөздік құрамын, сөзжасамдық заңдылықтар мен түрлі амал-тәсілдер арқылы жасалған туынды сөздерді қарастырады. Сөзжасам теориясы, аталым теориясы, сөзжасамдық тәсілдер, сөзжасамдық мағына, сөзжасамдық ұя, есім сөздің сөзжасамы, зат аталымы, сын аталымы туралы түсініктер қалыптастырылады. Қазақ тілінің морфологиялық құрылысының теориялық негіздерімен, грамматикалық мағыналар мен олардың берілуі және жарыққа шығу жолдарымен, амал-тәсілдерімен таныстырады және қазақ тіліндегі сөздердің лексика-грамматикалық топтары, тілдегі грамматикалық мағыналар мен формалар туралы ғылыми-теориялық білім жайында мәлімет береді
  • Образовательная программа 6B01711 Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Несиелер 15
  • Оқу жылы 2
  • Семестр 2
Top