6B01711 Қазақ тілі мен әдебиеті в Баишев Университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазақ тілі мен әдебиеті саласында іргелі білімді, оқытудың қазіргі технологияларын меңгерген, өз кәсіби құзыреттерін үнемі жетілдіріп, ұлттық білім берудің мәселелерін шешуге өз үлесін қосуға қабілетті қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Баишев Университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Қазақ тілі және Қазақ әдебиеті
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
Пәндер
-
Нормативтік қазақ тілі
Білім алушы әдеби тіл, оның нормалары, тілдік нормалардың түрлері туралы жан-жақты білім алады. Фонетика, лексика, сөзжасам, морфология, синтаксис, пунктуация, стилистика бойынша талдау түрлеріне арналған түрлі жаттығуларды орындау барысында тілдік нормалардың негізгі заңдылықтарын меңгереді. Тіл білімі салалары бойынша өз бетінше фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік талдау жүргізіп, алған білімдерін жүйелей алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ тілінің терминологиясы
Пәнді оқыту барысында терминология жөніндегі түсінігі қалыптастырылады, қазақ терминологиясының қазіргі міндеттері, термин сөздер туралы мәселелер қарастырылады. Қазіргі қазақ тіл білімінің лексикологиясындағы қолданысы шектеулі сөздердің қатарына жататын термин сөздердің жасалу тәсілдері, заман талабына сай әр саладағы терминдерді қолданылу ерекшеліктері қамтылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Қазақ тілінің фразеологиясы
Қазақ тілі фразеологиясының көркем әдебиетте ұлттық мәдени аспектіде қолданылуы, мәтін құрастырудағы рөліне талдау жасалады. Фразеологизмдердің түрлері, зерттелуі, сөз таптарына қатысы, ұлттық мәдени сипаты, құрылымы, аударылуы, шығуы туралы мәселелер қарастырылады. Пәнді игеру барысында білім алушылар қазақ фразеологиясы бойынша лексика-семантикалық, функционалды-стилистикалық заңдылықтарды қолдана алу дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Қазақ әдебиетінің ежелгі тарихы және рухани мұра
Ежелгі дәуір әдебиеті түркі халықтарына ортақ ойшылдар мен ғалымдардың, ақындардың шығармашылығы арқылы түсіндіріледі. Қазақ халқының көне әдеби ескерткіштерінің өзіндік ерекшеліктері, олардың түркі халықтарының көне әдебиетімен ортақтастығы, өзара байланысы қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы және фразеологиясы
Курсты оқу барысында білім алушылар тіл біліміндегі қазақ тілі лексикалық жүйесінің ғылыми теориялық негіздерін меңгереді, сөз байлығы жетіліп, ой-өрісі кеңейеді. Тілдік материалды талдай алады, мәтінді дыбыстық ерекшелігіне сай мәнерлеп оқи алады, тілдік бірлікті тілдесім жағдайы мен қолданылатын аумағына сәйкес түрлендіре алады, тілдік материалдың ғылыми қолданысы туралы өз пікірі мен ұсынысын дәлелдейді
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Тіл білімі мен әдебиеттануға кіріспе
Бұл пән білім алушыларға тіл білімі мен әдебиеттану ғылымы және оның салалары туралы білім беріп, олардың негізгі ұғымдарын түсіндіруге бағытталған. Тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының айырмашылығы түсіндіріледі және олардың зерттеу нысандары таныстырылады, білім алушылар тіл ғылымының өткені мен қазіргі деңгейі туралы ақпаратты шығармашылықпен байланыстыра игереді, ғылыми әдебиеттер талданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
«Экономикалық-құқықтық, экологиялық білім және ғылыми зерттеу әдістері» (Ғылыми зерттеу әдістері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және құқық негіздері, Экономика және кәсіпкерлік негіздері, Экология және тіршілік қауіпсіздігі)" модулі
Модуль ғылыми зерттеудің әдіснамалық базасын, ғылыми жұмыстың тұжырымдамалық аппаратын, зерттеудің негізгі кезеңдерін, Қазақстан Республикасының құқық және құқықтық қатынастарының негізгі ұғымдарын, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру ерекшеліктерін, сондай-ақ экономика және кәсіпкерлік саласындағы теориялық және практикалық негіздерді, табиғи жүйелердің жұмысының негізгі экологиялық түсініктері мен заңдылықтарын, қоршаған ортаны қорғаудың проблемалары мен әдістерін, қоршаған ортаны ластайтын өндірістерге заңды және экономикалық санкциялардың қауіпсіз өзара әрекеттесу тәсілдерін, табиғатты қорғаудың құқықтық аспектілерін игеруге бағытталған
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шешендік өнер және балалар әдебиеті модулі (Мәнерлеп оқу, Балалар әдебиеті)
Балалар әдебиетіне тән көркем шығарманың тақырыбы мен идеясы, сюжеті мен композициясы, көркем бейне оның жасалу жолдары, көркем туынды тілі, өлең құрылысы, әдеби процесс, әдебиеттің тектері мен түрлері, көркемдік әдіс, ағым, бағыттар, мәнерлеп оқытудың ерекшеліктері, дауыс ырғағы құрылысы, іскерлік қарым-қатынас мәдениетінің ерекшеліктері оқытылады
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Шешендік өнер және балалар әдебиеті модулі (Шешендік өнер, Іскерлік қарым-қатынас мәдениеті)
Курсты оқыту барысында шешендік өнердің тарихы, дамуы, жанрлық ерекшеліктері, риториканың поэтика, логика, стилистика және грамматиканың дамуына әсері зерделенеді. Іскерлік қатынасты жүзеге асырудың теориялық мәселелерімен, халықаралық іскерлік этикетпен, хаттама және оны жүзеге асырудың, ұйымдастырудың амал-тәсілдерімен таныстырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Педагогика
Курс болашақ мұғалімдердің педагогикалық қызметі туралы тұтас түсінігін қалыптастыруға, олардың қазіргі педагогикалық ғылымның теориялық негіздерін білім жүйесін меңгеруіне, білім беру парадигмасын, білім берудің жаңа стандарттарын ауыстыру жағдайында оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруға қажетті іскерлікті қалыптастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
«Сандық технологиялар» модулі (Бұлтты және мобильді технологиялар, Smart-технологиялар, Электронды үкімет)
Модульге кіретін пәндердің мазмұнында ОwnCloud бұлтта деректерді сақтауға арналған сервис, ұтқыр телекоммуникациялық IT-инфрақұрылым, Smart-технологиялар, 3D-принтинг сияқты бұлтты технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану мәселелері қарастырылады. Модуль пәндерін оқу барысында білім алушыларда e-Gov электрондық үкімет порталы арқылы қызмет алу, құжат айналымында электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану, мобильді банкинг және басқа да сандық сервистерді практикалық қолдану дағдылары қалыптасады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шешендік өнер және балалар әдебиеті модулі (Балалар фольклоры, Риторика)
Курсты оқыту барысында шешендік өнердің тарихы, дамуы, жанрлық ерекшеліктері, риториканың поэтика, логика, стилистика және грамматиканың дамуына әсері зерделенеді. Балалар әдебиетіне тән көркем шығарманың тақырыбы мен идеясы, сюжеті мен композициясы, көркем бейне оның жасалу жолдары, көркем туынды тілі, өлең құрылысы және тағы басқа өзіндік ерекшеліктері зерделенеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Байтұрсыновтану
Курс Байтұрсыновтану ғылымына қатысты еңбектерді ғылыми саралау, оларға ғылыми талдау жасау, теориялық болжамдар жасай білу және ғылыми сараптамалар жасауға дағдылану, өзіндік ой қорытындыларын түйіндей білу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әуезовтану
М.Әуезов шығармашылығының қазақ әдебиеті мен әдебиеттануындағы орны, шығармалары мен әдебиетiмiздегi көркемдiк тәсiлдi қалыптастыруға қосқан елеулi үлесі, туындыларының мазмұны, сюжеті және Әуезовтану ғылымының қалыптасып, дамуына еңбегі сіңген зерттеушілердің іргелі еңбектері қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Абайтану
Пән мазмұнында Абайтану ғылымының қалыптасу және даму тарихы, Абайтануды қалыптастырушылар және олардың негізгі еңбектері мен зерттеу салалары, Абайтану ғылымының библиографиясы қарастырылады. Абай мұрасының жазылу тарихы, себебі, ақын мақсаты, идеясы, шығарма құрылымының жүйесі, көркемдік, тілдік, эстетикалық ерекшелігі, мектеп бағдарламасы көлемінде алған түсініктері негізінде тереңдетіліп, болашақ мамандарға қойылатын талап деңгейінде абайтану ғылымының қыр-сыры меңгертіледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Едігетану мәселелері
Бұл пәнде түркі халықтарына ортақ «Едіге» эпосының өзінен бұрынғы эпостарға қатысы, дәстүр сабақтастығы, тарихи негіздері оқытылады. Жыр-дастандардың жазылу тілі, жанры, стилі, поэтикалқ сипаты, «Едіге» жыры туралы білім негізінің қалыптасуы, оның сюжеттік-композициялық ерекшеліктері қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Грамматика 1 модулі (Қазіргі қазақ тілі фонетикасы, Қазіргі қазақ тілі сөзжасамы, Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы)
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы тіл дыбыстары жүйесін, жасалу ерекшеліктерін, әртүрлі сипаты мен бір-бірімен тіркесу заңдылықтарын, табиғи дыбыстардың тіл дыбыстарымен арақатынасын, тіл дыбыстарының жасалуы, дыбыстардың қызметі, казақ тілінің дыбыстар жүйесін, дыбыстардың бір-біріне әсері, орфография мен орфоэпия, қазақ графикасының дамуы мен қазіргі жай-күйі туралы нақты ғылыми түсінікті қарастырады. Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры мен сөздік құрамын, сөзжасамдық заңдылықтар мен түрлі амал-тәсілдер арқылы жасалған туынды сөздерді қарастырады. Сөзжасам теориясы, аталым теориясы, сөзжасамдық тәсілдер, сөзжасамдық мағына, сөзжасамдық ұя, есім сөздің сөзжасамы, зат аталымы, сын аталымы туралы түсініктер қалыптастырылады. Қазақ тілінің морфологиялық құрылысының теориялық негіздерімен, грамматикалық мағыналар мен олардың берілуі және жарыққа шығу жолдарымен, амал-тәсілдерімен таныстырады және қазақ тіліндегі сөздердің лексика-грамматикалық топтары, тілдегі грамматикалық мағыналар мен формалар туралы ғылыми-теориялық білім жайында мәлімет береді
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 15
-
Қоңдыбайтану
Қоңдыбайтану курсында білім алушылар мифология ғылымына зор үлес қосушы, қазақтың мифтік-лингвистикалық мектебінің негізін қалаушы ғалым Серікбол Қоңдыбайдың мол ғылыми мұрасымен танысып, ондағы тарихи ақиқат пен мифтік танымдар туралы түсініктер, мифологиялық, таңбалар теориясы, арғықазақтық таңбалар жүйесі, мифтік танымдағы кейбір ұғымдар, мифоконцептілер, миф туралы ұғымдар туралы терең білім алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Эпостану
Эпостану курсын оқыту барысында қазақ эпосының жанрлық құрамы, классификациясы, шындықтың эпостағы бейнеленуі, шығу мезгілдері туралы тарихи жырлар талданып, жыр-дастандардың жазылу тілі, поэтикалық сипаты, оның сюжеттік-композициялық ерекшеліктері, негізгі кезеңдері, жыр-дастандардың жазылуы, эпостық жырлардың өзге қаһармандық эпостармен ұқсастығы қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
15-18 ғ. қазақ әдебиеті
Хандық дәуір әдебиетінің мазмұндық, жанрлық, идеялық-көркемдік ерекшеліктері, қазақ жырауларының тарих сахнасына шығу себептері, хандық дәуір әдебиетінің қазақ әдебиеті тарихындағы орны, осы дәуірдегі әдебиет шығармаларының тәрбиелік мәні, аңыз әңгімелер мен тарихи жырлардағы, нақтыланған жыраулар мен ақындар шығармаларындағы хандық биліктің ерекшеліктері қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Түркітану
Пән түркі тілдерінің зерттелуін, түркітану ғылымының негізгі бағыттары, өзге халықтар тілдерінің зерттелуі, қазақ тіліне аударылу дәрежесі, жариялануы және жетістіктерін қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі түркітану
Түркі тіл біліміндегі жазба ескерткіштерінің тіл жағынан зерттелуін, фонетикалық, лексикалық, сөзжасамдық, синтаксистік тұрғыдан талдануын қарастырады. Тіл және этнос, түркі тілдерінің қалыптасу және даму дәуірлеріне талдау жасайды. Түркі тілдерінің қазіргі күнгі зерттелу мәселелері қамтылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ тілінің стилистикасы
Тілдік элементтердің дұрыс қолданылуын өзінің объектісі санайтын стилистика тіл білімінің барлық салаларымен тығыз байланысты. Стиль түрлерінің ерекшеліктері мен айырмашылықтары, бір-бірімен байланысы, жүйелілігі түсіндіріліп, білім алушылар мәтіндер бойынша жұмыс түрлерін жүргізу арқылы оларды стильдік ерекшелігі бойынша ажырата білуге дағдыланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әдебиет теориясы
Курс әдебиеттің өзекті теориялық мәселелерін қазіргі ғылымның озық жетістіктері негізінде жан-жақты, тарихи тұрғыдан қарастырады. Қазақ әдебиетіндегі поэзия жанры, лирикалық жыр үлгілерінде кездесетін теориялық элементтер қамтылады. Әдебиет теориясындағы әдебиеттің даму заңдылықтары, шығармаларға, әдеби процеске ортақ сипат белгілері айқындалады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Құтыптың "Хұсрау мен Шырын" поэмасының лексика-грамматикалық сипаты
Жазба ескерткіштің лексика-грамматикалық ерекшеліктерін қазақ тілімен, қажет болған жағдайда басқа туыстас түркі тілдерімен салыстыру, салғастыру мақсат етіледі. Білім алушылар “Хұсрау мен Шырын” поэмасының тіліндегі грамматикалық категорияларды қазіргі қазақ тілінің морфологиялық ерекшеліктерімен салыстыра талдау жасауға үйренеді, тілдің грамматикалық құрылысының даму үрдісін айқындай алатын болады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ тілінің семантикасы
Тілдік бірліктердің мағыналық құрылымы мен олардың өзгешеліктері: лексикалық мағына, грамматикалық мағына және сөзжасамдық мағына, сөз мағынасының лексика-семантикалық топты анықтаудағы ролі мен маңызы, сөздің лексикалық мағынасының анықталу шегі мен орны, сонымен қатар сөз мағынасы мен контекст, сөздердің тіркесуіндегі семантикалық факторлары мен құбылыстары қамтылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиетін дәуірлеу
Курс еліміз егемендік алғаннан кейінгі қазақ әдебиетінің өзекті мәселелерін, әдебиеттану ғылымының қазіргі өзекті мәселелерін қарастырады. Қазіргі заманға сай соны ізденістер мен тың зерттеулерді, пайымдалған оң тұжырымдарды жеткізу пәннің негізі мақсаты болып саналады
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Пән мазмұнында әдебиетті оқытудың дамуы, оқу-тәрбие үдерісін ізгілендіру, оқытуды саралау, пәндердің, сондай-ақ, жеке әдістемелердің кіріктірілуі, оқыту деңгейінің қазіргі ғылым мен мәдениеттің даму барысына жан-жақты келуі, вариативті бағдарламалардың, сабақтардың жаңа технологияларын жасау, әдебиетті оқыту әдістерінің тиімділігін арттыру, оқытудың жаңа түрлерін іздестіру мәселелері қамтылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Стилистика және әдеби тіл
Қазақ тілінің стилистикалық жүйесін, тілді стиль түрлеріне сай қолданудың және әдеби тілдің өзіндік заңдылықтары мен ерекшеліктерін меңгереді. Стилистика ғылымының ұғымдары мен категориялары туралы түсініктерді, стилистикалық коннотация, функциональдық стилистика, грамматикалық стилистика, ауызекі сөйлеу тілі, ресми стиль, ғылыми стиль, публицистикалық стиль, көркем әдебиет стилі туралы білім-дағдыларды игеріп, мәтіндерге талдау жасауға үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиетіндегі хандар бейнесі
Жыраулар мен ақындар поэзиясындағы хандар бейнесі, көркем шығарманың идеялық-тақырыптық негізі, тілдік-көркемдік табиғаты, қазақ әдебиетінің өзіне тән сипаттары, ұлттық әдеби процестің, әдебиет терминдерінің ерекшеліктері жете түсіндіріледі
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ тілін оқыту әдістемесі
Бұл пән қазіргі лингвистика, педагогика, психология және әдістеме ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, болашақ маманды тілді меңгертудің әдіснамалық, ғылыми-практикалық негіздерімен таныстырады, қазақ тілін оқытудың әдістемелік жүйесін үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Өлең сөздің теориясы
Пәнде өлең сөздің теориясы, ұйқас түрлері мен жанрлық түрлері сипатталады. Сонымен қатар бұл пән әдебиеттің түрлі кезеңдеріндегі қалыптасқан өлең жүйелерін, тармақ, шумақ, бунақ, ұйқас түрлерін қамтиды. Өлең сөздің теориясы бойынша жаңа теориялық ұғымдар қалыптастырылады, өлең құрылымын, теориясын қазіргі ғылымның озық жетістіктері негізінде жан-жақты, тарихи тұрғыдан қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Хандық дәуір әдебиеті
Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы әдебиет тарихының бастауы саналатын жыраулар поэзиясының қыр-сыры зерделеніп, оларды жан-жақты талдау арқылы, болашақ филологтардың санасына тәрбиелік, отансүйгіштік ұғымдары сіңіріледі. Хандар тұлғасының бейнелік сипаты, тағылымы және басқа қырлары жан-жақты талданады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әдеби сынның қазіргі кезеңі
Әдеби сынның қазіргі кезеңі пәнінде берілген шығарманың мазмұнына сыни тұрғыдан қарау, басқа туыстас халықтардың әдебиеттерімен байланысы, ұлттық әдеби сынның тарихын жасаудағы заңдылықтары қарастырылады. Қазақ әдеби сынының қазіргі жағдайы, бағыттары, даму деңгейі қамтылып, әдеби сын тұрғысынан талданған ғылыми еңбектер зерделенеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі
Курс ағылшын тілін кəсіби мақсатта, ғылыми жəне тəжірибелік жұмыстарда, шетелдік əріптестермен қарым-қатынас барысында, өз білімін көтеру жəне тағы да басқа мақсаттарда қолдануы үшін студентті кешенді теориялық-лингвистикалық, тəжірибелік жəне ақпаратты-аналитикалық деңгейде даярлауды көздейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиетінің поэтикасы
Қазақ әдеби шығармаларының көркемдік сипаты, жазушы стилі, шығарманың мазмұны мен пішіні, сюжеті, образдар жүйесі, шығарманың тілі талданып, жанрлық ізденістер, көркем образдар жүйесін қалыптастырудағы заманауи жетістіктер сипатталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тіл теориясы
Тіл теориясының даму заңдылықтары, қалыптасу тарихы, тіл мен ойлаудың арақатынасы, тілдік бірліктердің даму тарихы, қазіргі ғылым саласындағы орны қарастырылады. Тіл теориясы, тіл білімінің даму бағыты, қазіргі тілтанымдағы көкейкесті мәселелер айқындалып, айырым мен ортақ белгілері дараланып, әрқайсысына тән ерекшеліктер ұғындырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ағылшын тілінің практикалық грамматикасы
Ағылшын тілінің практикалық грамматикасы пәні бойынша грамматикалық ережелер және олардың сөйлеу барысындағы қызметі, ағылшын тілінің грамматикалық жүйесі дамуының негізгі бағыттары айқындалып, талданады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жалпы тіл білімі
Курсты оқыту барысында ежелгі заман лингвистикасы, көне Қытайдағы, көне Грециядағы, көне Римдегі,, Армениядағы, Ирандағы тіл білімі және парсы лексикографиясы қарастырылады. Түркі тілдерінің зерттелу тарихы туралы мәліметтер беріледі. Тілдің анықтамасы, тілдің таңбалық, функциялық сипаты анықталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тіл тарихы
Курсты оқыту барысында тілдің даму тарихында қалыптасқан мектептер, заңдылықтары, оның негізін салған лингвист ғалымдардың теориялары, қазіргі тілдің даму заңдылықтары, тілдің жаңа салалары, тілдің қоғамдық мәні мен оның қызметі, жүйесі мен құрылымы туралы мәселелерін қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тарихи поэтика және әдеби сын
Қазақ әдебиетіндегі сыншылдық ойлардың негіздері талданып, оның әдебиет тарихы және әдебиет теориясымен байланысы ұғындырылады. Сынның эстетикаға, журналистикаға жақындығы, әдеби сынның қоғамдық ой-пікірде алатын орны көрсетіледі. Сыншылық өнер мен сыншының берік ұстанымы, әдебиет классиктерінің сын туралы пікірлері, сын тарихы сипатталады. Қазақстандағы әдеби сынның тарихына арналған еңбектер талданады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
ХIX ғасыр қазақ әдебиеті
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінде ақын-жыраулар поэзиясы оқытылып, өнер тұтастығы мазмұнындағы ақындар (сал-серілер), әнші-ақындар шығармашылығы кеңінен қамтылады. Сондай-ақ, ағартушылық, демократиялық көзқарастағы ақын-жазушылар шығармашылығының дамуы, олардың реалистік жаңа жазба әдебиетті дамытудағы игі ықпалдары жөнінде терең мағлұматтар беріледі
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Академиялық жазба және кәсіби тілдер модулі (Академиялық жазба, Кәсіби қазақ (орыс) тілі, Кәсіби бағытталған шетел тілі)
Модуль тек лингвистикалық (тілдік, синтаксистік және стилистикалық) ғана емес, ең алдымен логика, талдау, сыни ойлау, объективтілік және өзге идеяларға және бөтен мәтіндерге құрмет сияқты металингвистикалық құзыреттіліктерді қамтитын күрделі және көпжоспарлы біліктер кешенін білдіреді. Кәсіби-бағдарлы шетел тілін оқыту студенттің жеке қасиеттерін дамытуға, оқытылатын тіл елінің мәдениетін білуге және кәсіби және лингвистикалық білімге негізделген арнайы дағдыларды меңгеруге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Қазақ тілі грамматикасын ағылшын тілінде оқытудың әдістемесі
Қазақ тілі грамматикасын ағылшын тілінде оқытудың әдістемесі курсының аясында қазақ грамматикасының зерттеу нысаны айқындалады, даму тарихы, заңдылықтары сипатталады, грамматикалық құрылымын, ерекшеліктерін меңгеру әдістемесі меңгертіледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Отарлау дәуіріндегі қазақ әдебиеті
Бодандық дәуірдегі қазақ әдебиеті тарихындағы әдеби бағыттар мен олардың көрнекті өкілдері мен шығармашылық ізденістері, өткен әдебиеттің биік деңгейінің болмыс-бітімі айқындалады. ХІХ ғасырдың қазақ әдебиетіндегі ақын-жазушылар шығармалары, осы кезеңдегі жаңа жанрлық тұрғыда пайда болған романдар, әңгімелер, роман-эпопеялар талданады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиеті сынының тарихы
Әдеби сын әдеби туындыны жан-жақты талдап, оның көркемдік құнын белгілеу, өз кезеңінің эстетикасы үшін мән-маңызын анықтау арқылы жазушыға туындыларының бағалы қасиеттерін, ерекшеліктерін көрсетіп, оның шығармашылық өсуіне тікелей септігін тигізеді, оқырманға шығарманы жете түсініп, дұрыс бағалауға көмектеседі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеті модулі (Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ әдебиеті, Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті)
Ұлы Отан соғысы кезіндегі әдеби көркем шығармалар, олардың образдар жүйесі, шығармалар тілі талданып, осы тарихи кезеңдегі әдебиеттің көркемдік даму арналары айқындалады. Кеңес дәуіріндегі көркем әдеби шығармалардың қалыптасуы, заман талабына сай жазылуы, шығарма тілі, образдар жүйесі талданып, тақырыбы жағынан өз дәуіріне сәйкес ерекшеленетіндігі көрсетіледі, сонымен бірге жекелеген жанрлар: повесть, роман, драматургия, әдеби сын, әдеби зерттеу еңбектерінің туып, кемелдену процестері айрықша көрініс табады
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Қазақ тілі синтаксисінің зерттелуі
«Қазақ тілі синтаксисінің зерттелуі» пәні қазақ тіліндегі сөз тіркесі, сөздердің тіркесу формалары, есімді және етістікті тіркестер, олардың ерекшеліктері, мағыналық қатынастары, сөйлем мүшелері, сөйлемді тану принциптері, сөйлемнің, сөйлем мүшелерінің қатынасына қарай түрлері, сөйлемнің оқшау сөздер арқылы күрделенуі, олардың тыныс белгісі жайлы теориялық материалдарды қамтиды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қазақ тілінің тарихи грамматикасы
Пәннің мақсаты бүгінгі тілдің фонетикалық, грамматикалық құрылымының осы күнгі даму деңгейіне жету жолын, эволюциясын тарихи-салыстырмалық әдіс негізінде түсіндіру болып табылады. Бұл пәнде тілдің бүкіл құрылымындағы тілдік бірліктер, олардың қалыптасу, даму жолы мен тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістері сипатталады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеті модулі (Тарихи романдар, Қазақ әдебиетінің парадигмалары)
ХХ ғасыр қазақ әдебиетіндегі роман жанрының қалыптасуы, туу себептері, жанрлық ерекшелігі, эпикалық тектің айырмашылығы қарастырылады. Роман жанрын жан-жақты қарастыру кейінгі дамуды бағамдап, айқындауға, алдыңғы әдебиеттің жетістіктерімен келетін тұстарын терең зерделеуге негіз бола алады. Қазақ әдебиетіндегі жарық көрген және әдебиеттің тарихы мен даму процесінде айрықша орны бар көркем шығармалар мен көрнекті қаламгерлердің ғұмырнамасы, шығармашылық ізденістері, олар туралы іргелі зерттеулер мен еңбектер тереңдетіліп қарастырылады. Сондай-ақ, аталған кезеңдегі әдеби даму мен дәстүрдің диалектикалық үйлесім дәрежесіне жіті назар аударылады
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Жаңартылған білім беру жүйесінің әдіснамалық негіздері
Пән мазмұны бойынша орта білім берудің жаңартылған мазмұнына көшудің алғышарттары мен ерекшеліктерін, нормативтік және құқықтық базасын меңгерте отырып, білім алушыларды «Рухани жаңғыру» және SMART бағдарламасының негізгі бағыттарына сәйкес тәрбиелеу, оқыту мен дамытуды жүзеге асыру қажеттілігі қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеті модулі (ХХ ғасыр қазақ әдебиеті, Қазіргі қазақ әдебиеті)
ХХ ғасыр қазақ әдебиеті тарихындағы жанрлардың дамуы, өрлеу кезеңі, даму бағыттары сипатталады. Ұлы Отан соғысы кезіндегі әдеби көркем шығармалар, олардың образдар жүйесі, шығармалар тілі талданып, осы тарихи кезеңдегі әдебиеттің көркемдік даму арналары айқындалады.Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеті модулі мазмұнында кеңес дәуіріндегі көркем әдеби шығармалардың қалыптасуы, заман талабына сай жазылуы, шығарма тілі, образдар жүйесі талданады. Қазіргі қазақ әдебиеті курсында тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиеттің жаңа ағымдағы жанр түрлері талданады.ХХ ғасыр қазақ әдебиетіндегі роман жанрының қалыптасуы, туу себептері, жанрлық ерекшелігі, эпикалық тектің айырмашылығы қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Түркі тілдерінің салыстырмалы тарихи грамматикасы
Түркі тілдерінің салыстырмалы тарихи грамматикасы пәні бойынша түркі тілдері тобындағы туыстық, өзара орналасу аймағына байланысты салыстырулар талданып, түркі тілдерінің жүйесіне, сөзжасамдық бірліктеріне, заңдылықтарына, амал-тәсілдеріне, сөздердің жасалу жолдарына, әр сөз табының сөзжасамына талдаулар жасалынады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
Пәннің мазмұны бойынша қазіргі қазақ тілі синтаксисі мен оның салалары, атап айтқанда, сөз тіркесі синтаксисі, сөйлем синтакисін (жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі), мәтін синтаксисін, пунктуация туралы теориялық білім мен ұғымдар игеріліп, синтаксистік талдау жасау дағдыларына машықтандырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Грамматика теориясының тарихы
Бұл курсты оқыту барысында құрмалас сөйлемдердің қалыптасу, даму жолдары қарастырылып, құрмалас сөйлемніңжай сөйлемнен айырмашылықтарын танытатын жасалу жолдарына қарай түрлері, құрмалас сөйлем сыңарларының арасына қойылатын пунктуация түрлері, құрмалас сөйлем құрамында кездесетін бөгде сөздер, олардың тыныс белгілері қамтылады. Көп компонентті құрмалас сөйлемнің басқа құрмаластардан айырмашылығы қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың жаңа технологиялары модулі (Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың ақпараттық технологиялары)
Пәнді оқып-үйрену барысында білім алушылардың педагогикалық және дипломалды практикадан өтуі және одан кейін кәсіби мамандығы бойынша жұмысын жалғастыруы үшін әдістемелік бағыт беру мақсатында қазақ тілі мен әдебиетін ақпараттық технологиялармен оқыту әдістемесін қолдана білу дағдылары қалыптастырылады. Ақпараттық технологиялардың заман талабына сай ерекшеліктері, пән мақсатына сай қолданысы, медиа сабақтардың құрылымдық сипаты талданады
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Лингвокомпаративистика
Лингвокомпаритивистика – салыстырмалы-тарихи тіл білімін, тілдердің туыстық жағын зерттейді. Қазақ тілінің тарихына қатысты тайпалық одақ тілі мен түркі халықтарының тарихында белгілі қағанаттардың ресми тілі дәрежесіне көтерілген көне түркі тілі мен орта ғасыр түркі тілдері жайлы мағлұмат береді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың жаңа технологиялары модулі (Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары)
Бұл пән қазіргі күнгі қазақ тілін оқытуда жаңа оқыту технологияларын ұтымды, оңтайлы пайдаланудың маңызы мен мақсат-міндеттерін түсіндіреді. Білім берудің жаңартылған бағдарламасының ерекшелігін ескеріп, оқушылардың бейнелі және логикалық ойлауын дамытуға, пәндік біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін тіл саласындағы білім берудің жаңа оқыту технологияларын қолданудың әдіс-тәсілдерін меңгертуді мақсат етеді
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Бағалаудың өлшемдік технологиялары
Курс болашақ педагог-психологтың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Ол білім беру үрдісіндегі бағалаудың орны мен рөлін, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың негізгі тәсілдерін, бағалаудың қазіргі заманғы үлгілерін, критериалды бағалау жүйесін ұйымдастыру, оны жүзеге асырудың тәсілдерін, нысандары мен құралдарын анықтау мәселелерімен байланысты.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың жаңа технологиялары модулі (Қазақ әдебиетін оқытудың жаңа технологиялары)
Пәнді оқыту барысында оқушылардың қазақ әдебиетінен алған білімдерін жүйеге келтіруге, осы пән бойынша оқу нәтижелерін жетілдіруге қызмет ететін қазақ әдебиетін оқытудың әдістемесінде қолданысқа енгізіліп жатқан оқытудың жаңа технологияларын меңгерту мақсаты қойылады. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінде ақпараттық технологияларды қолданудың ерекшеліктері қарастырылады. Интербелсенді оқыту – әрекетпен және әрекет арқылы оқудың нәтижеге жеткізетін тиімді әдісі ретінде қарастырылады
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Инклюзивті білім беру
Инклюзивті білім беру пәні бойынша барлық балаларды жалпы білім үдерісіне толық тартуға; оларды әлеуметтік бейімдеуге; жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, жікке айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдауға, қоршаған ортаның балалардың жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай жасау мәселелері қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Антикалық дәуір әдебиеті
«Антикалық дәуір әдебиеті» курсында осы дәуірдегі көркем туындыларды қазақ әдебиетімен салыстыра білуге үйрету, әдебиеттің тәрбиелік, эстетикалық құндылықтары туралы білім алушылардың білімдерін жетілдіре отырып, жалпы әдеби мұраны бағалай білу қарастырылып, антикалық дәуір әдебиеті шығармаларының көркемдік және тілдік ерекшеліктері, қалыптасу тарихы, жанрлық сипаты талданады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Шетел әдебиеті
Бұл пәнде дүниежүзілік мәдениеттің озық үлгілерін құрайтын Батыс Еуропа елдерінің әдебиеті, өзге халық туындыларын қазақ әдебиетімен салыстыру, әдебиеттің тәрбиелік, эстетикалық құндылықтары туралы білімдерін жетілдіре отырып, жалпы әдеби мұраның қалыптасуы туралы мағлұматтар беріледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Түркі әдебиеті
Пәнді оқыту барысында түркі халқтары әдебиетінің қалыптасу тарихы, кезеңдері, шығармалары, көркемдік ерекшеліктері талданып, түркі әдебиетінің тарихы мен таңдаулы әдеби нұсқалары, түркі халықтары әдебиеттерінің тақырып, идея, сюжет пен композиция, көркемдік стиль тұрғыдан талдануы, түркі әдебиеті мұраларын оқыту қамтылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Батыс әдебиеті
Батыс Еуропа елдерінің әдебиетінің ерекшеліктері, эстетикалық құндылықтары сипатталып, шығармалардың көркемдік және тілдік ерекшеліктері, қалыптасу тарихы, жанрлық сипаты қарастырылады. Батыс Еуропа әдебиетіндегі ақын-жазушылардың шығармалары кеңінен талдана отырып, көркемдік ерекшеліктеріне сипаттама беріледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Әлем әдебиеті
«Әлем әдебиеті» пәні антикалық дәуірдегі грек әдебиетінен бастап, бүгінгі шетел және шығыс әдебиетінің түрлі кезеңдеріндегі әлем әдебиетінің даму бағытын, сипатын қарастырады. Бүгінгі таңдағы әлем әдебиетінің жауһар туындылары таныстырылады, оларға баға беріледі, талданады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Шығыс әдебиеті
Пәнді оқыту барысында дүниежүзілік мәдениеттің озық үлгілерін құрайтын шығыс елдерінің әдебиеті қарастырылады. Шығыс шайырлары шығармаларының көркемдік және тілдік ерекшеліктері, жанрлық қалыптасуы, нәзиралық дәстүрдің дамуы туралы талдаулар жасалады. Шығыс әдебиетіндегі ақын-жазушылардың шығармалары кеңінен сипатталады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
Профессии
Оқыту нәтижелері
- қызмет барысында тіршілік қауіпсіздігі, экология, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет саласындағы заңнамалық және нормативтік-техникалық актілерді пайдалана отырып, Қазақстанның саяси, әлеуметтік-мәдени, экономикалық әртүрліліктегі тарихи дамуының заңдылықтары мен ерекшеліктерін біледі және түсінеді. Дене тәрбиесінің әдістері мен құралдары арқылы әлеуметтік және кәсіби қызметінде салауатты өмір салтын ұстанады.
- оқыту процесіндегі ынтымақтастыққа бағытталған тәрбиелеу мен оқытудың білім беру жүйесінде ерекше білімді қажет ететін балаларға бейімделген оқыту технологияларын, оқушылар физиологиясын ескере отырып қолдана алады;
- ақпаратты-коммуникативтік, цифрлық технологияларды өз кәсіби саласында түрлі ақпараттарды іздеу мен мәтіндерді өңдеуде, салыстыруда, іріктеуде қолданады;
- оқытудың түрлі педагогикалық технологияларын таңдауда дербес кәсіби шешімдер қабылдауға дайын және оны негіздей отырып қорғай алуға қабілетт
- білім алушылардың мәдени және тілдік сұраныстарын қанағаттандыруда жаңартылған білім беру және пәндік-тілдік оқыту технологияларын оқу сабақтарында өз бетінше жоспарлауға қабілетті;
- филологиялық пәндер бойынша жинақтаған білімдерін өз бетімен толықтыруға, оларды оқу үдерісінде және практикалық қызметінде қолдануға дайын;
- заманауи мұғалім тұлғасы талаптарына сай оқушыларды тәрбиелеу мен оқытудың психология-педагогикалық теориясын кәсіби мақсаттарға бейімдеп, қолдана алады
- педагогикалық этика ережелерін сақтап, білім алушылармен қарым-қатынаста демократиялық стильде гуманистік педагогика идеяларын ұстанып, оны өз қызметінде көрсетеді;
- кроссмәдени құндылықтарды ұлттық мәдениетпен сабақтастырып өз кәсіби қызметінде қолдана алады.
- оқыту қағидаттарына, әдістемелік нұсқаулық, ұсынымдарға сай сабақтарды жоспарлап, оқыту және тәрбиелеу үдерісінде кәсіби мәселелерін өз бетімен шешуге, ғылыми зерттеу бағытын таңдап, ғылыми ақпаратты іздеу, жинақтау, өңдеуге қабілетті
- оқытудың лингво-коммуникативтік негізінде тілдік бірліктерді, әдеби шығармаларды талдап, түрлі жанрдағы мәтіндерді синхрондық және диахрондық аспектіде өңдеуге, әдеби сын жасауға қабілетті