7M02311 Филология: әдебиеттану в М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Ғылым, білім, және өндіріс бірлестігі негізінде оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбиелік іс-әрекетті жүзеге асыру барысында жоғары филологиялық білім беру және университеттің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін жоғары білікті мамандарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M060 Филология
-
Білім беру саласы 7M02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M023 Тілдер және әдебиет
Пәндер
-
Жоғары мектеп педагогикасы
Пәннің мақсаты – жоғары кәсіби педагогиканың құзыреттіліктерін, жоғары мектеп педагогикасының ғылыми-теориялық, әдіснамалық, практикалық негіздерін меңгерген маман даярлау. Жоғары мектеп педагогикасының негізгі және қосымша категорияларын, жоғары мектеп дидактикасы, жоғары мектептегі менеджмент, жоғары мектеп педагогикасының заманауи мәселелері, жоғары мектептегі жалпы педагогикалық жүйені меңгеріп, өздерінің кәсіби іс-әрекетінде қолдана алады. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистрант жоғары мектеп педагогикасының ғылыми-теориялық аспекттілерін меңгереді. Кәсіби іс-әрекетке шығармашылық тұрғыдан даяр болады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Басқару психологиясы
Пәннің мақсаты – білім беру саласындағы іс-әрекетті, тұлғалардың қарым-қатынасын басқарудың жалпы психологиялық аспектілерін қалыптастыру. Басқару психологиясының тарихы, басшы қызметінің психологиялық механизмдері, кәсіби білім берудің психологиялық мазмұны, басқару субъектілері мен объектілері меңгеріледі. Пәнді меңгерудің нәтижесінде магистранттар жоғары мектептегі басқарушылық іс-әрекеттің психологиялық қырын және кәсіби іс-әрекетте тұлғалық психологиялық қарым-қатынасты басқарудың негізін меңгереді. Білім алушылар түрлі ресурстарды басқарудың психологиялық аспектілерін түсіндіруге; басқару әдістерін қолдануға; проблемалық жағдайларды талдауға қабілетті болады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Пәннің мақсаты – болашақ мамандардың ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметі үшін ғылыми, философиялық-әдістемелік және дүниетанымдық негізін қалыптастыру. Ғылыми мамандықтар бойынша білім беру және зерттеу жұмыстарын тиімді жүзеге асыруға қажетті білім, дағды және құзыреттіліктерді дамыту. Пәнді оқыту барысында мәдениет пен философияның дамуы контекстіндегі ғылымның пайда болу мен даму тарихы, ғылыми білімнің құрылымы мен зерттеу әдістері, заманауи ғылымның даму кезеңдері, өркениеттің дамуындағы ғылым мен техниканың рөлі, ғылыми ілім мен өркениеттің болашағы қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
ЖОО-да инновациялық технологияларды пайдалану
Жаңа инновациялық технологиялардың негізгі әдіс-тәсілдерін , Филолог мамандарына қажетті оқытудың жаңа технологияларын және кәсіптік теориялық білім мен тиісті практикалық машық дағдыларды, қазіргі оқытудағы озық техолологияларды, Жаңашыл әдістемелерді талдап, олардың практикада тиімді-тиімсіздігін анықтау. Білім беру үрдісінде шығармашылық белсенділік, креативті ойлау, нарықтың өзгермелі қажеттіліктеріне жылдам бейімделу, бағалай білу қасиеттеріне ие болу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әдебиеттанудың жаңа бағыттары
Тарихи - әдеби контекстегі әдебиеттану мектептері (XIX – XXIғғ. ) туралы ғылыми теориялық мәселелерді меңгеру. Биографиялық және психологиялық әдебиеттанудың әдістемесін білу. Әлеуметтік бағыттағы әдебиеттанудың әлеуметтік концепцияларые меңгеру. Салыстырмалы әдебиеттану әдебиет туралы ғылымдағы жаңа бағыт және Әдебиеттанулық интерпретацияның теориясы мен практикасын жетік меңгеру және талдау. Әдебиеттанудағы феминистік бағыт туралы, Постмодернистік әдебиеттану туралы соңғы жаңалықтарды меңгеру. Жалпы әдебиеттанудың жаңа бағыттарының басқа елдердің әдебиетіне әсерін білу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әдебиеттанудағы өзекті мәселелер
Әдебиеттану ғылымының әдістемелік принциптері, әдеби мектептер мен бағыттар. Жаңа әдеби бағыттардың қарастыратын өзекті мәселелері, негізгі жекелеген әдістері мен тәсілдерін. Әдебиеттегі постмодернизм. Әдебиеттану мектептерінің әдістемелік негізі. Тарихи тұрғыда әдебиет зерттеулерінің әдістемелері. Адам мен әдебиеттің кешенді зерттеулерінің қағидалары. Қазақ әдебиетін жаңа технологияларды қолдану арқылы оқыту. Әдебиеттану ғылымындағы дәстүрлі әдіс пен жаңаша көзқарас. Биографиялық және психологиялық әдебиеттанудың әдістемесі. Әдеби процеске деген тарихи көзқарастың қалыптасып, тууы. Синкреттік дәстүрлер және оның мектептері. Әдеби сын тарихы мәселелері. Шығармашылық пен мәтіннің негізі мифодіни, әмбебаптық деп қарауды мақсат ету. Әлеуметтік бағыттағы әдебиеттанудың әлеуметтік концепциялары.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Шет тілі (кәсіби)
Пәннің мақсаты – магистранттардың кәсіби саласындағы шет тілдік коммуникативті құзыреттіліктерін халықаралық шет тілінде білім беру стандарттарына сәйкес дамыту. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистрант келесідей құзыреттіліктерге ие болады: лингвистикалық білім мен біліктерін кеңейтеді, кәсіби және ғылыми қызметінде жүзере асыру мақсатында іскерлік ағылшын тілінің негізгі лексикасы мен академиялық хатты меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Алаш әдебиеті және ұлттық тұлғалар мәселелері
ХХ ғасыр басының қоғамдық жағдайы . Ұлт мүддесі үшін аянбай күрескен алаш зиялылары. Дүние таным мен руханият дүниесіндегі жаңа бастаулар мен игі істер. ХХ ғасырдың басындағы әдебиет. Қазақ даласындағы қоғамдық-әлеуметтік жағдай және әдеби даму. Отаршылдыққа қарсы күрес идеясы. Әдебиеттегі Алаш идеясы. Ағымдар мен бағыттар. Әдеби жанрлардың дамуы.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Киберпедагогика негіздері
Пәннің мақсаты – оқытуда АКТ-ны қолдану нәтижесінде пайда болған педагогика, психология әдістемелері мен теорияларындағы өзгерістерді анықтау және киберпедагогиканы педагогика ғылымының жаңа саласы ретінде оның тұжырымдамасының сипаттамасын қарастыру. Педагогикалық технология негізінде киберпедагогика курсының оқыту формаларын, оқу материалдарын және оқу қызметінің түрлерін, оның ішінде АКТ, қашықтықтан оқыту, компьютерлік мәліметтерді өңдеу әдістері, интербелсенді әдістері, киберкеңістіктегі оқу, тәрбие және даму процестері оқытылады
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
ХХІ ғасырдағы қазақ/орыс әдебиетінің сыны.
Қазақстандағы, Ресейдегі, әлемдегі филология ғылымы мен әдеби сынның даму бағыттарын, жай-күйін саралау, Филологиялық концепцияларға, ғылыми идеяларға сыни тұрғыда сындарлы талдау жасай алу, Филологиялық зерттеулер үдерісін жоспарлауды, іске асыру, әдеби сын тұрғысында көркем мәтіндерге талдау жасауды меңгеруі, Отандық және шет елдегі филологияның және әдеби сынның дамуына өз үлесін қосу; Қазақстандық қоғамның дамуын шешетін проблемаларға бағытталған ғылыми нәтижелер білу (әдеби шығармалар арқылы), Қазіргі заманғы әдеби сынның жетістіктері мен кемшіліктеріне сараптама жасау, Әдеби сынға қатысты ғылыми еңбектерді салыстыру, оларға өз қөзқарасы бойынша сыни рецензия беру. Жалпы алғанда, болашақ әдеби сыншыларды дайындау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ драматургиясының поэтикасы
Қазақ драматургиясының өзекті мәселелерін арқау еткен еңбектерге классикалық туындылардың жанрлық болмыс-бітімін жан-жақты қарастыру, қаламгер шеберлігін шығармашылық тұрғысынан саралау, мұрағат деректері, жанрдың дамуы мен қалыптасуын, жүйесі мен поэтикасын жан-жақты зерттеу. Драмадағы көркемдік тәсілдің жасалу жолдарын,драмалық түрге бөлу шарттылықтарын ұғындыру
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Көркем мәтін интерпретациясы
Мәтінді талдау мен көркем дискурстың қазіргі заманғы көзқарастарын білу; олардың коммуникативтік, прагматикалық және функционалдық ерекшеліктерін түсіну. Мәтін / дискурстың лингвистикалық және мәдени аспектілерін интерпретациялау дағдысын меңгеру. Түрлі стилистикалық түсті мәтіндерді ана тілінен басқа тілге аударудың теориялық білімдері мен дағдыларын үйрену. Көркем мәтінмен жұмыс жасауда қолданатын түрлі принциптердің өзіндік ерекшеліктеріне талдау жасау арқылы меңгеру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тәуелсіз әдебиеттану ғылымы: соны туындылар мен тың зерттеулер
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда, соның ішінде өмірде, салт-дәстүрде, менталитетте, рухани құндылықтарда және әдебиетде болған өзгерістер туралы нақты түсінік қалыптастыру. Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиеттерді дамыту ерекшеліктерін, проза, поэзия және драмадағы тақырыптарды өзгерту, мазмұнды және көркемдік формаларын зерттеу туралы білімдерін көрсету. Тәуелсіздік жылдарында туындаған көркем мәтіндерді, сондай-ақ қазіргі және басқа халықтар әдебиетін қазіргі заман жағдайында түсіну және талдау. Және көркем шығармалар арқылы заман ағымына талдау жасауға дағдыландыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Әдебиет тарихын дәуірлеудің ғылыми негіздері
Әдебиет тарихын дәуірлеудегі ғылыми тәжірибелерді саралау. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі ұлттық әдебиеттанудағы әдебиет тарихын дәуірлеу туралы жаңаша көзқарастарды, тұжырымдарды, ғылыми тәжірибелерді анықтау. Жазбай әдебиетінің қалыптасу үрдісіндегі көркемдік бағыттар мен тәсілдерді жүйелеу
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
ХХ-ХХІ ғасырдағы әдебиеттану ғылымының негізгі жетістіктері
Әдебиеттану ғылымының негізігі жетістіктерін және оны дербес әдіс-тәсілмен ұштастыру. Әдебиет теориясы көркем әдебріеттің әлеуметтік мәнің, өзіне тән ерекшеліктерін, әдеби құбылыстардың қоғамдық негізің, әдебиеттің даму заңдарын, әдебиеттік метод, бағыт, олардың себебін, әдебиет тектері (жанр), оның түрлері, көркем шығарманың композициясы, тілі, өзіне тән ерекшеліктері, өлең құрылысы тәрізді мәселелерді қамтиды
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Стратегиялық менеджмент
Курстың мақсаты магистранттардың теориялық білімі мен басқарудың заманауи стратегиялық тәсілдерін қолданудың практикалық дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Кәсіпорындағы стратегиялық менеджменттің мәні мен маңыздылығы; кәсіпорынның даму стратегиясында басқару қажеттілігін айқындайтын негізгі факторлар; стратегиялық менеджменттің негізгі функциялары мен орындалатын міндеттері; кәсіпорынның миссиясы мен мақсатын қалыптастырудың базалық дағдылары; кәсіпорынның қаржылық мақсаты; құндылықтар тізбегінің тұжырымдамасы;кәсіпорынның стратегиялық жобалары және іске асыру жолдары; бизнес-бірліктер мен тұтынушыларға көрінетін және көрінбейтін артықшылықтарды айқындауды оқытады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Академиялық әдебиеттану
Зерттелген дүниелерді таратып, насихаттау, белгілі жазушылармен шеберлік сағаттарын өткізу. Жастардың кәсіби дағдыларын жетілдіру, әдебиет әлемін таныстыру. Дамытуға бағытталған арнайы бағдарламамен жұмыс істеу, әдебиет теориясы мен оның заңдылықтарын айқындау, жазу тәсілі мен оқырманға жеткізу жолдарын анықтау
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдық
XVII-XVIII ғасырлардағы еуропалық романның жанрлық түпнұсқалығы, тарихи поэзия мәселелерін қоса алғанда, Орта ғасырдан Ренессансқа дейінгі әлемдік әдебиеттің даму кезеңдерін білу және түсіну. және оның модификациялары. Батыс романтизм типологиясын және ХХ ғасырдағы Батыс әдебиетін түсіну. Орыс әдебиеті туралы білімді, ХХ ғасырдың әдеби сынлығын көрсету. қазіргі заманғы гуманитарлық мұра, идеология мен әдебиеттің өзара байланысы идеясын меңгеру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Зерттеулердің заманауи ғылыми инструментарийлері
Пәннің мақсаты-ғылыми зерттеуді ұйымдастырудың тиімді әдістері мен тәсілдерін таңдау білігтілігін қалыптастыру. Пәнді оқыту барысында келесі мәселелер қарастырылады: зерттеу әдістерінің негізгі кезеңдері мен теориялық негіздері, зерттеудің негізгі тұжырымдамалары мен әдіснамалық аппараты, қазіргі заманғы зерттеулердің озық және тиімді құралдары мен технологиялары, ғылыми жұмыстарды жоспарлау мен ұйымдастырудағы шет елдердің ерекшеліктері мен тәжірибесі қарастырылатын болады. Курсты игеру нәтижесінде магистранттар ғылыми бағыттың объектілік-пәндік ерекшеліктерін ескере отырып, ғылыми эксперименттерді ұйымдастыруға, қолдануға, зерттеудің ең тиімді әдістерін таңдауға қабілетті болады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Әдеби аударма: қалыптасуы, дамуы, келешегі
Шет тілдерінен аударылған және шет тіліне аударылған ұлттық көркем туыныларға әртүрлі мәтіндерді негізінен ғылыми және журналистік, сондай-ақ құжаттарды аударуға, оларды ғылыми жұмыстар мен шет тілдеріндегі өнер туындыларына түсіндірме және көркем мәтін құрап жазуды үйрету
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеу әдістері
Пәннің мақсаты ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру мәселелерін реттеу, ғылыми зерттеулер және қолданбалы аналитика, зерттеу жұмыстарының дизайны және конфигурациясы, зерттеу және зерттеу өнімінің параметрлері; ғылыми зерттеулер мен қолданбалы аналитика әдістерін меңгерту. Ғылыми зерттеулердің категориялық аппараты, ғылыми-әдістемелік зерттеудің ұғымдық аппараты, оның мазмұны мен құрылымы, ғылыми зерттеулердің заманауи әдістері мен әдіснамалары, ғылыми танымның парадигмалары мен тұжырымдамалары, педагогикалық зерттеулердің теориялық және практикалық маңызы оқытылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қазіргі көркем шығармалардың тарихи-танымдық мәселелері
Көркем әдебиеттің табиғаты. Әдебиет және өнер түрлерінің шығу тегі. Әдебиет және эстетикалық категориялар; Көркем әдебиеттің ерекшелігі. Көркем әдебиеттің әлеуметтік сипаты. Әдебиет пен өнердің танымдық мәні, Әдеби процесс Көркемдік бағыт. Көркемдік әдіс. Стиль. Көркемдіктәжірибе. Дәстүр және жаңашылдық
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Редакциялаудың теориялық мәселелері
Әдебиеттанудың теориялық мәселелерін және оның негізгі әдістерін білу, Мәтінді лингвистикалық және стилистикалық талдау дағдыларын меңгеру, Ол үшін тілдің дамуы мен оның жұмыс істеу үрдістеріне талдау жасау. Жазушының жалпы шығармалары мен туындыларының көркемдік ерекшеліктерін анықтау қабілетін көрсете білу. Әдеби өңдеу (авторлық шығарманы баспасөзде, радиода, телевизияда жариялауға әзiрлеу). Қолжазбаны баспаға әзiрлеудің міндеттері мен талаптарды меңгеру. Көркем және публицистикалық мәтіндермен жұмыс жасау (түзету, аудару, өңдеу).
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Текстология тарихы мен принциптері
Текстологияның қалыптасуы туралы теориялық білімін меңгеру, тереңдету. Әдеби туындылардың тексін зерттеу, талдау, Мәтінтанудың принциптері мен методикасын меңгеру. Қазіргі тестологияның басты жетістігі мен кемшілігін білу және сол кемшіліктерді жою әдісін үйрену. Палеография және текстология, Қазақ филологиясында алғашқы текстологиялық жұмыстар, Қазақ филологиясында текстологияның теориялық негізі туралы ғылыми еңбектерді талдау, Мәтіндерге өз бетінше текстологиялық салыстырулар жасау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әдебиеттану ғылымының теориялық тұрғыдан зерттелу заңдылықтары
Дүниетаным мәселелеріндегі әдебиеттің орны. Адамгершілік және гуманизм идеяларының қазіргі әдебиетте бейнеленуі, проблемалары. Мазмұн мен пішін аясындағы жаңа ізденістер арнасы. Жаңа жанрлық түрлер дамуының бағыттары. Әдебиеттану мәселелерін тарихи-диалектикалық методология негізінде зерттеу тәсілдері. Тарихи-генетикалық талдау және оның эволюциялық тегі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көркем туынды - әдеби тұтастық (формасы мен мазмұны, кадр, фрагмент, цикл)
Қазіргі заманғы әдебиеттанудың негізгі ұғымдары мен категорияларын білу. Шығармашылық, әдеби жанрлар және олардың түрлерін меңгеру. Әдеби дәстүрлер мен инновацияларды, халықаралық әдеби байланыстарды және поэзиялық тұтастығын түсіну. Жазушы шығармашылығындағы стилімен көркемдік әдістерге шығарма арқылы талдау жасау. Әдеби проза, поэзия, драмалық шығармаларға әдеби тұтастық тұрғысынан талдау жасауға уйрену. Қоғам мен тұлғадағы дәстүрлер мен жаңалықтарды көркем шығармалар арқылы оң нәтижелі талдай алу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Әдебиеттану және библиографиялық қызмет
Библиографиялық ақпараттың жалпы пайда болу зандылықтары мен дамуы туралы ғылымдағы соңғы ақпараттарды білу, библиографиялық ақпараттың құрылымын анықтау; құжаттық коммуникаңия жүйесі, библиографиялық ақпараттың тіршілік ету формаларын меңгеру, библиографиялық ақпараттың негізгі қоғамдык қызметтері туралы ғалымдардың пікірлеріне талдау жасау, Құжаттық және библиографиялық кажеттіліктерді меңгеру, Библиографиялық көрсеткіштерге байланысты шыққан соңғы еңбектермен танысу, анализ жасау. Магистранттарды библиографиялық көрсеткіштер жасауға дағдыландыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
Оқыту нәтижелері
- Компанияның стратегиясы мен жобаларын әзірлеу бойынша ұсынысты құрастыру барысында зерттеудің негізі мен құрылымын сипаттау, стратегиялық, ағымдағы, оперативті жоспарлау және бақылау құралдарын пайдалану, ғылыми зерттеу әдістерін қолдану
- Әдеби зерттеулердің әдістерін пайдалана отырып, отандық және шетелдік әдеби шығармалардың жетістіктерін талдау, гипотеза мен оларды қорғаудың дәлелдерін ұсыну
- Әдебиет теориясы, отандық және әлемдік әдебиет тарихы саласындағы негізгі қағидалар мен концепцияларды түсіндіру, көркем және ғылыми әдебиетті түзету.Дәстүрлі, жаңа ақпарат тасымалдағыштардағы ақпарат пен библиографиялық аппаратты пайдалана отырып, тиісті стандарттардың негізінде бибилиографиялық тізімдемелер пен шолу ,,жұмыстарын құрастыру.Шет тілдеріндегі мәтінді аудару, түрлі құжаттар, ғылыми еңбектер мен көркем шығармаларды аннотациялау мен мазмұндау.
- Шет тілін ғылыми-педагогикалық, зерттеу және кәсіби қызметінде пайдалана отырып, ғылыми білімнің генезисі, философиялық болмысы мен даму ерекшеліктерін сипаттау.
- Стресс жағдайында эмоционалды және когнитивті өзін-өзі реттеу құралдарын таңдауда психологиялық мәселелердің, педагогикалық жүйелердің аспектілерін анықтау, нақты практикалық мәселені шешу кезінде жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере отырып, психоанализдегі концепциялар мен тенденциялар арасындағы байланысты табу
- Текстологиялық жұмыс нәтижелерін талдай отырып, көркем және ғылыми әдебиетті түзету мен түсіндіру, ғылыми-зерттеу жобаларына арналған мәтіндерді құрастыру.
- Отандық және шетелдік тәжірибелердің негізінде ақпараттық технологияларды пайдаланып, заманауи көркем шығармаларды бағалай отырып, білім берудің сапасын бақылау әдістері мен формаларын жобалау