Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02202 Дінтану в «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті

Пәндер

  • Ислам теологиясы

    Ислам теологиясы ислам қағидаларын ақылмен түсіндіретін, сенім негіздеріне қатысты сұрақтарды ақыл қолдана отырып қарастыратын пән. Бұл ғылымның мақсаты ислам дінінің сенім негіздерін, ислам теологиясына қатысты негізгі мәселелерді теориялық тұрғыдан қарастыру. Ислам теологиясының пайда болуына түрткі болған себептер мен қалыптасу тарихын және ислам теологиясының қарастырған мәселелерін және оны шешудің жолдарын қарастыру.

    Несиелер - 3
  • Дін және өнер

    Дін мен өнер контекстіндегі эстетиканың негізгі категорияларын меңгереді, өнердің негізгі түрлерінің діндегі көрінісі, діни өнердегі дəстүрлік жəне жаңашылдық, өнер генезисі, дiни-көркемдiк бiртұтастық мәселесi сияқты тақырыптарды қозғап, олардың түрлерін зерттейді. Дін мен өнердің табиғатын, ерекшеліктерін жəне қызметтерін қарастырады. Діни өнердегі канонның орнын ажыратады.

    Несиелер - 3
  • Қазақ салт дәстүрлері

    Білім алушылар тұтас жүйе санатындағы қазақтың дәстүрлі мәдениетімен, дәстүрлі дүниетанымымен, дәстүрлі ойлау моделінің ерекшелігімен танысады. Қазақтың мәдени және тарихи мұрасын қадірлеуге бағытталатын азаматтық көзқарас қалыптастырады. Қазақтың салт дәстүрінің шығу тарихын меңгеріп, күнімізде қалай көрініс тапқандығын үйренеді. Сонымен қатар дін мен дәстүрдің өзара байланысы, ықпалы, олардың сабақтастығы және діндегі маңыздылығын меңгереді.

    Несиелер - 3
  • Қазіргі ислам құқығының мәселелері

    Қазіргі ислам құқығының мәселелерi биліктің ұйымдастырылуы мен іс-әрекетінің негізінде жатқан, мұсылмандардың мінез-құлқын реттейтін қағидалар мен нормалардың жиынтығын қарастырады. Қазіргі ислам құқығындағы өзекті проблемаларды қарастыра отырып, басты тақырыптары негізінде адамгершілік сияқты рухани құндылықтарды зерттейді және адамдарға оң әсер ету жолдарын қарастырады. Қазіргі заманғы діни мәселелерді ислам құқығындағы тақырыптармен салыстыра отырып зерттеуге алады.

    Несиелер - 5
  • Кәсіби бағытталған шет тілі

    Бұл курста студенттер кәсіби шет тілінде тілдік терминологияны, мәтіндер мен ақпаратты пайдалана алады, кәсіби және мәдениетаралық қарым-қатынас саласындағы тілдік құбылыстарды және зерттелген шетелдіктердің ұлттық-мәдени ерекшеліктерін біледі. Кәсіби арнаулы мәтіндерді талдау, мамандық бойынша нақты тақырыптар бойынша пікір сайысқа түсуге қабілетті болу және өз ойын ауызша және жазбаша жеткізе білу, қазіргі сөйлеу тілін дамыта отырып, фонетикалық, грамматикалық, лексикалық материалды дұрыс қолдану мүмкіндігін жаттықтыру.

    Несиелер - 5
  • Қазақстандағы діни басылымдар

    Пән діни басылымдардың қызметі мен мәнінен хабардар ету, діни басылымдардағы мақалаларды еркін талдап, автордың мақсатын көрсетуге қабілет қалыптастыруға бағытталған. ҚР діни басылымдар және олардың әлеуметтік, мәдени қызметімен таныстырады. Қазіргі таңда діни басылымдарда жарық көрген материалдардың діни басылымдардағы жарияланған мақалаларды жан-жақты саралау, тарихи тұрғыда талдау жасау әдістері, бүгінгі діни идеологияның қазақ қоғамында қалыптасуы мен дамуына тигізген әсерлер сынды тақырыптарды қозғайды.

    Несиелер - 5
  • Қазақ ойшылдарының діни дүниетанымы

    Бұл пән ойшыл, ойшылдық, даналық, данышпан ұғымдарын ашып көрсетеді. Қазақ ойшылдарының діни ой-пікірлерінің қалыптасуы мен ой-тұжырымдарының ерекшеліктеріне тоқталып, алғышарттарымен таныстырады. Қазақ топырағынан шыққан ортағасырлық ғұламалар мен хандық кезеңдегі жыраулар поэзиясы, зар заман ақындары мен соңғы ғасырдағы ойшылдардың шығармаларын негізге ала отырып діни дүниетанымдарының қалыптасуын қарастыру, астарына үңіліп, талдау жасау.

    Несиелер - 5
  • Мораль және дін

    Мораль және дін курсының мақсаты бакалавр білімгерлерін дін феноменіндегі моральдың рөлімен таныстыру. Мораль және діннің мәнін, қоғамдағы функциясын анықтау арқылы білімгерлерді кәсіби шыңдау. Діни тәжірибеде моралдық (этикалық) қағидалардың ерекшеліктерін пайымдау арқылы қалыптасқан қарым-қатынастағы әдістемелерді игеру. Мораль және дін қатынастарының даму тарихын, негізгі бағыттары мен принциптерін аша алу. Әлемдік діндердің діни әдептілік қағидаларының этикалық негіздерін талдау арқылы өзіндік таным-түсінік қалыптастыру.

    Несиелер - 5
  • Қазіргі әлемдегі діндер эволюциясы

    Қазіргі әлемдегі діндер эволюциясы» курсы шеңберіндегі негізгі мәселелер – әлемдік діндердің эволюциялық тарихын зерттеу, ҒТР-ның дінге әсері, дін мен мемлекет қарым-қатынасы, плюрализм жағдайындағы дін эволюциясы, діни фундаментализм, сакрализация, секуляризм және клерикализация үрдісі, діндегі модернизм мен экуменизм ұғымы т.б. мәселелер маңызды тақырыптық талдау әдісімен қорытындыланған. Студент эволюция түсінігінің діни және дінтанулық мағынасы мен логикасын пайымдай алады. Қазіргі діни санадағы өзгерістердің тенденцияларын сараптай білу қабілеттілігі қалыптасады. Дінтанудың терминдерін және арнайы ұғымдарын кәсіби саласында еркін қолдана біледі.

    Несиелер - 5
  • Мұсылман-Христиан қарым-қатынастарының тарихы

    «Мұсылман-христиан қарым-қатынастарының тарихы» пәнінде әртүрлі уақыт кезеңіндегі мұсылман-христиан қатынастарының тарихына, олардың қазіргі жағдайы мен даму болашағының ерекшеліктеріне, мұсылман-христиан диалогына қатысты мәселелер кешені қарастырылады. Курстың теориялық міндеті студенттерді мұсылмандық теологиялық мәселелермен таныстыру, көрсету. Курстың практикалық міндеті – студенттерді исламға қатысты анықтамалық әдебиеттерді және шет тілдеріндегі дереккөздерді сауатты пайдалануға үйрету.

    Несиелер - 5
  • Ислам құқығы

    Ислам құқығы құқықтық пәндердің құрамдас және ажырамас бөлігі болып табылады. Ислам құқығының бастауы, қалыптасуы мен негіздері құқықтық мектептер мен олардың әдіснамасына қатысты білімге ие болу. Білімгер құқықтық мектептер қарастырған тақырыптар бойынша заманауи мәселелер төңірегінде зерттеу жасау арқылы өзіндік ой қалыптастыра алады. Ислам құқығындағы проблемаларды талдаудың жолдарын салыстыру арқылы шешу жолдарын меңгеру.

    Несиелер - 5
  • ҚР Дін туралы мемлекеттік заңдар

    Адамзат тарихында мемлекет пен діни құрылымдардың қарым-қатынасы, құқық пен діннің арақатынасы сияқты күрделі болды. Дін мен құқық басқа қызметтермен қатар адам мінез-құлқының қуатты реттеушісі қызметін атқарып келеді. Пәннің зерттеу нысаны ҚР діни сенім бостандығын жүзеге асыру теориясы және практикасын, аналитикалық зерттеулерді камтиды. Білімгерге түрлі діни топтардың заң аясындағы қызметі мен заңдық және заңнан тыс құқықтарын талдау қабілетін меңгерту.

    Несиелер - 5
  • Дінтанушыларға арналған ағылшын тілі

    Болашақ дінтанушы маман қарым-қатынасының кәсіби және жеке дамуын қалыптастыруда коммуникативті, мәдени міндеттерді шешуге қажетті оқу ақпаратын үйлестіру, талдау, бағалауға; мәдени диалогтық қарым-қатынас құзіреттілігін қалыптастыруға; білім беру және кәсіби қарым-қатынас мәселелерін шешу үшін тілдік білім жүйесі туралы ғылыми ақпараттарды үйлестіруге; оқудың мәдениетаралық, кәсіби және филологиялық бағытын тереңдетуге бағытталады.

    Несиелер - 5
  • Салыстырмалы дінтану

    Пән христиандық тарихының бір саласы ретінде Орта Азиядаға христиандық алғаш келуін, таралуын, оның бағыттардың, олардың миссионерлік қызметін, басқа діни топтар мен саяси-әлеуметтік және діни миссионерлік тартысқа түсу тарихын зерттейді. Орта Азиядағы ерте христиандықтың басқа діндермен арасында болған байланысын, осы аумақтарда құрылған митрополияларын қарастырады. Отарлау саясаты кезіндегі христиандықтың мақсат міндеттерін салыстыра отырып оқып, салыстырмалы талдау жасайды.

    Несиелер - 5
  • Батыс қоғамындағы исламофобия

    Еуропадағы исламның тарихы. Исламофобияның әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық бастаулары. Батыс қоғамындағы ислам әлеміне деген үрейдің артуында БАҚ рөлі. Жаһандану үдерісінің батыс және шығыс әлемінің жақындай түсуіне әсері. Батыс қоғамындағы исламофбиялық ұстанымдардың мұсылман шығысқа ықпалы. Батыс қоғамында ислам әлеміне деген ұстанымдардың фильмдердегі көрінісі. Ислам әлеміне қатысты батыс әлеміндегі соңғы зерттеулерге шолу

    Несиелер - 5
  • Христиан теологиясы

    Бұл пән теологияның генезисін және оның өз алдына дербес ғылым ретінде қалыптасу және даму тарихына қатысты мәліметтерді қарастырады. Христиан теологиясы өзінің тарихи қалыптасуы мен өмір сүруінде еуропалық философия тарихымен тығыз байланысты. Бұл әсіресе осы теологияның «спекулятивтік» құрамдастарына қатысты. Бұл философиямен байланыс қажеттілігі мен мүмкіндігін жоққа шығаратын христиандық теологияның әртүрлілігіне де қатысты. Христиан сенімі туралы мәліметтерді қазіргі заман талабына сай зерттеуге бейімделеді.

    Несиелер - 5
  • Дінтанулық сараптама

    Дінтанулық сараптама – діни сенім туралы ақпаратты зерттеу, сонымен қатар даулы мәтіндердің, ғибадат ету объектілерінің және діни жоралар мен рәсімдердің орындалуының діни аспектілерін талдауды қарастырады. Дінтанулық сараптама діни ұйымды анықтауға, оның мазмұнын сипаттауға мүмкіндік береді. Дінтанулық сараптама дін саласының қазіргі кезеңдегі мәселелерін, даму бағыттарын зерделеу арқылы маман ретінде дінтанулық сараптама жасау әдістері мен тәсілдерін қарастыруды меңгертеді.

    Несиелер - 5
  • Постсекулярлы қоғамдағы дін

    Пән діннің мазмұны мен функцияларының постсекулярлылы қоғамның жаңа жағдайында қалай өзгеретінін зерттейді. Одан әрі жаһанданудың сакральды қоғамдық кеңістікке қайта оралуына және бір мезгілде өзгеруіне де әсері талданады. Діннің бұрынғы формалары тығыз ынтымақтастық үлгілерінің көрінісі болғанын қарастырады. Қазіргі қоғамдағы діннің орны мен азаматтардың діндарлық деңгейіне қатысты дін әлеуметтануындағы жаңа зерттеулер арқылы Қазақстан қоғамындағы діннің орны мен рөлін анықтау.

    Несиелер - 5
  • Ислам тарихы

    Ислам тарихы пәні ислам дінінің пайда болуынан бастап әлемге таралуы кезіндегі ерекшеліктерді кезеңдерге бөліп қарастыра отырып, ислам тарихында династиялық басқару кезеңдері, олардың мемлекеттік құрылымдары мен мәдени деңгейлеріне, таралған аймақтардағы жергілікті мәдени географиялық ерекшеліктерге байланысты қалыптасқан ислам дінінің тарихын зерттейді. Исламның таралу тарихын оқу барысында ислам тарихында орын алған елеулі оқиғаларға кеңінен тоқталып талдау жүргізіледі.

    Несиелер - 5
  • Академиялық жазылым

    Академиялық жазылымдарды жазудың тәртібі мен талаптарын меңгере отырып, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізудің және рәсімдеудің негізгі талаптарын, тәсілдерін үйрету. Академиялық жазу және оның ерекшелігі, қалыптасуы, кәсіби құзыреттілік және коммуникативтілікті кеңейту, аналитикалық мәтіндік әрекетке байланысты құзыреттер қалыптасыру. Студенттердің лингвистикалық және прагматикалық дағдыларын қалыптастыру. Ғылыми басылымдарға зерттеу жұмысының нәтижелерін жариялаудың жолдарын, талаптарын, кезеңдерін қарастыру.

    Несиелер - 5
  • Экология және өмір қауіпсіздігі

    Экология және өмір қауіпсіздігі» - бұл адамның қоршаған ортамен (өндірістік, тұрмыстық, қалалық, табиғи) қауіпсіз әрекеттесуі және төтенше жағдайлардың теріс факторларынан қорғану мәселелерін біріктіретін элективті пән.Білім алушы пәнді игеру нәтижесінде адам өміріндегі қауіп-қатерлерден сақтану жолдарын игереді. Табиғи және техногенді апаттардан қорғанудың негізгі тәсілдерін біледі; қазіргі заманғы зақымдану құралдары мен олардың зардаптарын жою шараларын ұйымдастыра алады, сондай-ақ тіршілік қауіпсіздігінің шарттарын бағалауды меңгереді.

    Несиелер - 5
  • Ислам философиясына кіріспе

    Ислам философиясы – ислам дәстүрінен шыққан философиядағы даму. Ислам әлемінде дәстүрлі түрде қолданылатын екі термин кейде философия деп аударылады – фәлсафа, ол философиямен қатар логика, математика және физикаға да қатысты; және Ислам теологиясының рационалистік формасын білдіретін калам. Ислам өркениетінің адамзат өркениетіне қосқан үлесін ғылыми негізде бағалау . Ислам философиясы қарастырған кәләм ілімі, сонымен қатар перипатетикалық идеяларды пайымдау негізінде қалыптасқан сенім мәселесіне қатысты ілімдерін зерттейді.

    Несиелер - 5
  • Дін әлеуметтануы

    Дін әлеуметтануы курсы діни тәжірибелерді, дін мен қоғамның өзара әрекеттесуінің тарихи тәжірибесін, әмбебап тақырыптарды және діннің әлеуметтік процестердегі рөлін зерттейді. Дін әлеуметтануы діннің классикалық және қазіргі теорияларын, эмпирикалық зерттеулердің әдістері мен маңызды нәтижелерін білім алушыларға кәсіби мамандар призмасы бойынша ұсынады.

    Несиелер - 5
  • Діни антропология

    Діни антропология пәні дінтанудың бөлімі ретінде дінтанушы мамандарды кәсіби даярлауға тікелей қатысады. Дiни антропология – дiнтану, философия, философиялық антропология, тұлға социологиясы, психология пәндерiнiң пәнаралық зерттеу пәнi болып табылады. Бұл пән адам, Жаратушы мәселесін, қасиетке деген көзқарас түсінігін, сондай-ақ теологияда және діни философияда адамның пайда болуы, адам өмірінің мәні жайлы діни тұжырымдарды зерттейді.

    Несиелер - 5
  • Діндегі деструктивтілік және терроризм мен экстремизм психологиясы

    Курстың мақсаты діндегі деструктивтілік, терроризм мен экстремизм психологиясын талдау, танысу арқылы, білім алушыларды осы салада сапалы қызмет атқаруға бағыттау. Терроризм мен экстремизм психологиясын зерттеген негізгі концепциялармен танысу, лаңкестік әрекеттердің жеке тұлға санасына әсерін, психикалық ықпалының зардаптарын бағалау арқылы, зардаптарымен күресудің тиімді әдістерін талдау. Белгілі бір қоғамның нормаларын, құндылықтарын, институттарын жоюға бағытталған қауіптердің бірі ретінде діндегі деструктивтілік көріністерін анықтауды меңгерту арқылы білімгерлерді кәсіби шыңдау.

    Несиелер - 5
  • Эзотериялық ілімдер

    Пән эзотерикалық ілім эволюциясының жалпы заңдылықтары мен негізгі кезеңдері, олардың ерекшеліктері мен діни жүйелердегі орны туралы түсінік береді, ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі эзотерикалық ілімдердің тарихи эволюциясының негізгі кезеңдерінің мазмұны туралы зертейді. Қазіргі әртүрлі діндердегі олардың рөлін қабылдау және түсіну үшін қажетті; Пән заманауи эзотерикалық ілімдердің күрделі жүйесін шарлауға, діни ойлау дағдыларын қалыптастыруға және эзотерикалық ілімдермен байланысты әлеуметтік құбылыстар мен процестерді талдауға көмектеседі.

    Несиелер - 5
  • Дін феноменологиясы

    Дін феноменологиясы дінтанудың әдіснамалық өзіндік рефлексиясы болып табылады, мұнда діни тәжірибенің іргелі танымдылығы, осы саладағы ғылыми білімнің шекарасы туралы мәселелер көтеріліп, басқа да маңызды эпистемологиялық мәселелер қозғалады. Дін феноменологиясын зерттеу студенттің дінтанудағы өзіндік зерттеушілік ұстанымын қалыптастыруға, діни құбылыстарды ғылыми тұрғыдан зерттеудің шекаралары мен мүмкіндіктерін нақтырақ сезінуге, оның негізгі әдіснамалық бағыттарын нақтылауға ықпал етуі тиіс.

    Несиелер - 5
  • Діни мәтін герменевтикасына кіріспе

    Бұл курстың мақсаты білім алушыларды діни мәтіндердің герменевтикасымен таныстыру. Қасиетті Жазбалардың адамзат тарихындағы түсіндірілуі мен талқылануын талдау. Қасиетті Жазбалармен жұмыстың негізгі принциптерін талдай отырып, діни мәтіндер герменвтикасын жүзеге асырған өкілдердің жұмыстарымен тікелей танысу, әдістерін меңгерту. Курс концептуалды зерттеулердің құндылығы, мәтіндердің қасиетті символизмнің жалпыадамзаттық экзистенциалдық тәжірибемен, адам тәжірибесінің алуан түрлілігімен, адам болмысының өзекті мәселелерімен байланысы сияқты аспектісін зерттейді.

    Несиелер - 5
  • Діндер тарихы

    Діндер тарихы курсы діндердің даму және өзгеру процестерін зерттейтін білім саласы. Курста әртүрлі діндердің пайда болуын, дамуын және қызметін талдау, діннің адамзат тарихындағы орнын анықтау қамтылады. Білімгерлерді дінтану саласындағы наным-сенім түрлері мен құлшылық формаларын түсіндіре отырып, діндер тарихын зерттеудің алғышарттары және функциясымен таныстырады. Тарихи және қазіргі діндер туралы мәліметтер жүйеленіп ұсынылады.

    Несиелер - 4
  • Араб тілі

    «Араб тілі» курсы кәсіби, жалпы білім беретін, тәрбиелік және дамытушылық компоненттерді қамтиды. Араб тілін оқыту практикалық, тәрбиелік, тәрбиелік және кәсіптік-педагогикалық мақсаттарды жан-жақты жүзеге асыруды көздейді. Бұл мақсаттардың барлығына шет тілін практикалық меңгеру процесінде қол жеткізіледі. Тәжірибелік мақсат – лингвистикалық, коммуникативтік және лингвистикалық-мәдени құзыреттілігі жоғары деңгейдегі студенттерді қалыптастыру. Жаттығудың бұл кезеңінде тыңдау, оқу, сөйлеу дағдылары бекітіліп, жазбаша сөйлеу жетілдіріледі.

    Несиелер - 4
  • Дін философиясы

    Дін құбылысын философиялық тұрғыдан түсіну, адамның шындыққа, ең алдымен құдайлық шындыққа деген діни көзқарасы, гносеология және дін философиясының ғылыми концепцияларымен таныстыру. Дін философиясы діни-философиялық жүйелер мен олардың негізінде жатқан дәстүрлі философиялық идеялар туралы теориялық түсініктер беруге бағытталған, студенттердің философиялық мәтіндермен өз бетімен жұмыс істеуге практикалық дағдыларын қалыптастыруды, сонымен қатар олардың философиялық және мәдени-танымдық негіздерін қалыптастыруды көздейді.

    Несиелер - 5
  • Сопылық ілімі мен философиясы

    «Сопылық ілімі мен философиясы» пәнін меңгерудің мақсаты студенттерді сопылық ілімнің пайда болу және даму тарихымен таныстыру. Курс дүние жүзіндегі сопылық ілімнің даму тарихын, сопылық ілімнің көрнекті тұлғалары ұсынған философиялық білімдерді, сондай-ақ кітап дәстүрі, сәулет өнері, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, ислам институттары сияқты мәдени құбылыстарды тереңдетіп оқытуға бағытталған. Сопылықтың тарихи даму курсы аясында зерделеу ислам тарихындағы сопылық рөлін неғұрлым толық және объективті бағалауға мүмкіндік береді. Қазіргі жағдайда сопылық дәстүрдің маңызды бөлігі болып табылатын ислам мәдениетінің сындарлы қағидаттарына көңіл бөлу мұсылмандардың әлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесіне объективті баға беруді қалыптастыруға ықпал етеді.

    Несиелер - 5
  • Ғылым және дін

    Пән ғылым мен діннің байланысының негізгі формаларын белгілейді, ғылымның діни-философиялық және теологиялық концепцияларымен таныстырады, ғылыми және экзистенциалдық құбылыстарды салыстыру дағдысын қалыптастырады. Ғылым мен діннің әлеуметтік функциялары мен перспективаларын айқындайды. Ғылымның мәнділігі және прагматикалық құндылығынан аспайтын мәдени парадигма ретінде діни рефлекцияны сыни қабылдауды үйретеді. Ғылым мен діннің мәдени феномендерінен тыс философиялық-аксиологиялық рефлексияны қалыптастыруды мақсат етеді.

    Несиелер - 5
  • Қазіргі мемлекеттегі дін

    Мемлекет пен дін арақатынасының тарихи типтерін оқыту. Мемлекеттік дін ұғымына анықтама беру: мәні және белгілерін үйрету. Діннің мемлекеттен ажыратылуы принципін қарастыру. Құқық ұғымына анықтама беру: мәні, түрлері мен қызметтерін оқыту. Діни нормалардың құқықтың қалыптасуына ықпалын оқыту. Қазақстандағы мемлекет және дін қатынастарының даму тарихын, негізгі бағыттары мен принциптерімен таныстыру. Зайырлы және теократиялық мемлекеттің айырмашылықтары мен ерекшеліктерін ажыратып көрсету.

    Несиелер - 5
  • Орта Азиядағы христиандық тарихы

    Діндердегі сенім,құлшылық, құқық, этика, дүниетаным, діни мәтін түсініктеріне салыстырмалы түрде талдау жасай алады. Әр діннің өзіне тән маңызды ерекшеліктерін, құндылықтарын, өзгешеліктерін ашып көрсетеді. Ғылыми танымның маңызды әдістерінің бірінен саналатын аналогиялық әдіске мән беру арқылы, білім көкжиегін кеңейте түседі. Студент діни салалардың айырмашылығы мен өзіндік ерекшеліктерін саралай алуға қабілетті болады.

    Несиелер - 5
  • Дін психологиясы

    Діни сана, діни тәжірибе мен діни конверсия мәселелеріне қатысты психологиялық талдау жасау дін психологиясының басты қарастыратын мәселелері болып табылады. Дін психологиясы әртүрлі діни дәстүрлерге, руханияттың формаларына, діндар және дін ұстанбайтын тұлғаларға психологиялық зерттеу әдістері мен түсіндіру үлгілерін қолдану. Дін психологиясы діндар адаммен немесе оң немесе теріс формада дінмен байланысы бар адамды психологиялық тұрғыда қарастырады. Діни сенім мен әрекеттің индивидке әсерлерін және адамның әртүрлі сезімдері мен қалауларының, адамдық тұлғасының, ұстанымдары мен қатынастарының діни сенім мен тіршілікке ықпалын салыстырмалы түрде зерделейді.

    Несиелер - 5
  • Қазақстандағы ислам

    Қазақ жеріне ислам дінінің келу, таралу және орнығу кезеңдері мен қазақ топырағындағы мұсылманшылықтың ерекшеліктеріне қатысты зерттеулерді оқыту. Ислам дінінің таралуы барысында қалыптастқан жергілікті мәдениетті талдай отырып қарастыру. Қазақ топырағына исламның таралуы кезеңіндегі ерекшелігін егжей-тегжейлі түсіндіру, діни үкімдердің дәстүрге айналу кезеңдеріне мән беріп, астарын ашу; исламның дінінің таралу ерекшелігіне, тарихи кезеңдеріне мән бере отырып оқыту.

    Несиелер - 5
  • Мазһабтар тарихы

    Бұл пән Исламда сенімдік, құқықтық, саяси мәзһабтардың пайда болуын, қалыптасуын, дамуын қарастырады. Құқықтық және доктриналдық мазһабтар арасындағы пайда болу себептері мен қалыптасып дамуы кезеңіндегі ерекшелік пен аймашылықтарды зерттейді. Бұл пән білімгерге исламдағы құқықтық, кәләмдық және саяси мәзһабтардың ілімдік ерекшеліктерін ажыратуды үйретеді. Мазһабтардың қалыптасуына түрткі болған әлеуметтік, саяси, экономикалық, мәдени алғышарттарға тоқталады. Мазһабтар арасындағы ерекшеліктерді ажыратып талдауды меңгерту.

    Несиелер - 5
  • Дінтануды оқыту әдістері

    «Дінтану» мамандығының бакалавр деңгейіндегі тәлімгерлерге дінтанулық циклдағы пәндерді (дінтану негіздері, діндер тарихы, әлемдік діндер, дінтану факультатив т.б.) жалпы білім беру және бастауыш кәсіби білім беру жүйелерінде оқытуды теориялық тұрғыдан оқытуға арналған. Студенттер Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі дінтанулық пәндерді ұйымдастыру, жоспарлау, бағдарлау теорияларын меңгереді. Заманауи білім беру технологиялары мен оқыту әдістерін; оқу бағдарламаларын жасаудағы материалдарды дидактикалық талдау талаптарын және сабақ жүргізудің түрлі типтері мен бақылау және қорытынды аттестациялау дағдыларын игереді.

    Несиелер - 5
  • Күнделікті өмірдегі ағылшын тілі

    Студенттерді шет тілінде оқыған материалдарын толық түсініп, талдай алуға, естіген материалдарын тыңдау арқылы түсініп, ойын еркін жеткізіп, жүйелі түрде монолог, диалог түрінде жеткізе алуға үйрету. Ағылшын тілінде сауатты жаза білуді үйрету. Ауызекі тілде сөйлесу кезінде және баспасөзде жарияланған материалдарды оқу барысында жиі қолданылатын сөздер мен тіркестерді меңгеру арқылы жылдам әрі нақты сөйлеуге машықтандыру.

    Несиелер - 5
  • Араб тілі - 2

    A2 деңгейіне сай базалық коммуникативті біліктілікті дамыту, тыңдалым, сөйлесім, оқылым және жазылым дағдыларын күшейту, лексикалық қорды кеңейту, жаңа грамматикалық құрылымдарды меңгеру. Діни тақырыптағы мәтіндермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту. Араб тіліндегі сөзжасам (ас-сарф) негіздерін меңгеріп, оларды практикалық жүзінде оқу барысында қолдану. Араб тілін меңгеруін жалғастыруға жетелейтін оң мотивация қалыптастыру.

    Несиелер - 5
  • Еркін ойлау тарихы

    Пән болашақ мамандардың дінге қатысты еркін ойдың қалыптасуы мен даму кезеңдері, адамзат рухани мәдениет тарихындағы еркін ойдың алуан түрлі формалары туралы ой-танымдық мәдениетін қалыптастыруды өз алдына мақсат етіп қояды. Еркін ой тарихы, еркін ойдың түрлі формаларын айқындап көрсетеді. Адамзат тарихындағы еркін ойдың қалыптасуы, даму кезеңдері мен ерекшеліктері; еркін ой рухани мәдениеттің құбылысы ретінде дінге сыни көзқарас екендігін ашып зерттейді.

    Несиелер - 5
  • Мамандыққа кіріспе

    Дінтану мамандарын кәсіби деңгейде дайындау және студенттерді дінтанудың дамуына ықпал еткен мәселелер мен алғышарттарды, мамандыққа кіріспенің дін философиясы, дін социологиясы, дін психологиясы, дін феноменологиясы және діни антропология сияқты негізгі салаларымен таныстыру. Дінтанудың тарихы мен салаларын, маңыздылығын, қоғамда алатын орнын зерттейді. Дінтанушы маман ретінде білім алуды жүзеге асырудың ұтымды жолдарын ұсынады. Өзіндік жұмыстарды жоспарлау, топпен жұмыс істеу, дінтану мамандығына қатысты дағдыларды меңгеруге бағытталады.

    Несиелер - 3
  • Түркі ислам мемлекеттерінің тарихы мен мәдениеті

    Пән тарихта болған Темір империясы, Мамлюк Египеті, Ұлы Моғолстан мемлекеті, Осман империясы сияқты мұсылман түркі мемлекеттерінің тарихы мен мәдениетін қарасырады. Курста білімгерді Түркі ислам мемлекеттерінің тарихы мен мәдениетіне қатысты талдау жасай алуға бағыттайды. Түркі ислам мемлекеттерінің тарихы мен мәдениетінің адамзат өркениетіне қосқан үлесін ғылыми негізде меңгереді.

    Несиелер - 5
  • Хадис іліміне кіріспе

    Хадис ілімінің пайда болуы мен қалыптасу тарихын қарастырады, хадистерді бекіту және жүйелеу ерекшеліктерін зерттейді, иснадтар мен мәтіндерді талдайды. Хадис ілімінің мәні мен маңызын, құрылымын оқып, құран мен сүннетті түсіну мен түсіндіруде хадистің маңыздылығын зерттейді. Хадис мәтіндерінің мәні мен ерекшеліктерін, хадис мәтіндерін зерттеу мен түсіндірудің негізгі тәсілдерін, мәтіндерді түсіну үшін қажетті терминологиялық аппаратты қалыптастырады. Хадис жинақтарын жіктейді, көрнекті мухаддистердің өмірбаяндарын зерттейді.

    Несиелер - 5
  • Шешендік өнер

    Дін және дәстүрдің арақатынасын зерттейді. Дін мен дәстүрдің қоғамдағы алатын орны жоғары, ұлттық құндылықтар дұрыс қалыптасу үшін де атқарар маңызы өте зор. Дін – адамдық ізгі қасиеттерімізді асқақтатса, салт-дәстүр – ұлт болып қалыптасуымыз үшін қажет. «Дін» және «дәстүр» ұғымдарына анықтама бере отырып, өзара байланысын қарастыру. Өзара байланысы барысындағы ықпал ету процесстерін көрсету. Дәстүр мен оның құндылықтық ұғымдарының діни-тарихи процестегі орны мен рөлін анықтау.

    Несиелер - 3
  • Қазіргі діни қозғалыстар мен культтер

    Бұл пән дәстүрлі діндерден бөлінген немесе синкреттік жолмен қалыптасқан бертін келе қалыптасқан діни топтар мен культтерді зерттеу пәні ретінде қарастырады. Білім алушыға жаңа терминдерді біліп, жаңа діни ағымдарға классификация жасауды үйрету . Сонымен қатар жаңа діни ағымдарды зерттей отырып, әлемдік және ұлттық діндердің қоғамдағы рөліне бағалау; Жаңа діни культтерді топтастыра отырып, діндерді «секта», «деноминация», «конфессия» сияқты категорияларға бөліп қарастыру.

    Несиелер - 5
  • Құран Кәрім

    Құран Кәрімді түпнұсқадан оқуға және қырағатқа қатысты, әуезді оқуға қабілет қалыптастыру. Құран оқу қағидалары мен ережелерін үйрету; тәжуид қағидаларына сәйкес құран оқуды игерту. Сонымен қоса құран тарихын қоса оқытып, құрандағы аяттардың түсу себептерімен Меккелік және Мәдиналық аяттардың ерекшеліктерін оқыту. Құран Кәрімнің өнегелік қасиеттерін үйреніп, құрандағы моралдық этикалық қасиеттерді оқып үйрету.

    Несиелер - 3
  • Араб тілі

    Арабша сөйлемдерге грамматикалық кешенді талдау жасап, сөйлем құрылымының мағынасын араб тілінде түсіндіріп үйрету. Пәндік тарихты игеріп, пәннің жаңашыл заманауи даму барысын қадағалай алу. Бұл пәнді меңгеру аясында студенттер классикалық араб тілінің грамматикасы мен лексикасы туралы терең түсінік алады, осы тілдегі мәтіндерді (Құран, классикалық поэзия және проза) оқуға қажетті дағдыларды меңгерту. Сондай-ақ қазіргі әдеби араб тіліне көп көңіл бөлінеді.

    Несиелер - 3
  • Жеке тұлға психологиясы

    Тұлға дамуы – белгілі бір заңдылықтарға бағынатын сандық және сапалық өзгерістер процесі. Жеке тұлға психологиясында тұлғалық дамудың маңызды заңдылықтары, оған не әсер ететіні қаралады. Осы пән аясында жеке тұлғаның негізгі сипаттамалары мен құрылымдық элементтерін бөліп көрсету, анықтау. Тұлға психологиясы ғылыми пән бола отырып, адам табиғаты туралы спекулятивтік пайымдауларды жалпы ойға сүйенбей, эксперименталды түрде расталатын тұжырымдамаларға айналдыру.

    Несиелер - 5
  • Діни фундаментализм және модернизм

    Курста студенттерге діни фундаментализм және модернизм ұғымы, басты ерекшеліктері, діни фундаментализм және модернизмге қатысты дін әлеуметтануы зерттеулеріндегі теориялар, тарихи бастаулары ұсынылады. Әлемдік діндердегі діни фундаметализм және діни модернизм құбылыстары талданады. Діни фнудаментлаизм исламофобияны күшейтуші фактор ретінде сараланады. Секуляризация және діни модернистік құбылыстар қарастырылады.

    Несиелер - 5
  • Яһудилік және христиандық тарихы

    Діндер тарихының бір саласы ретінде яһудилік пен христиандық тарихы осы аты аталған екі діннің пайда болуы мен таралуын, осы діндердің құлшылығын, бағыттары мен ағымдаррын қарастырады. Діндер тарихындағы зерттеу әдістерін қолдана отырып яһудилік пен христиандық тарихын егжей-тегжейлі қарастырады. Яһудилік пен христиандықтың даму кезеңдерін әлеуметтік, мәдени, саяси, діни факторлар негізінде қарастырады. Аталған екі дінді салыстыра оқып, айырмашылық пен ұқсастықтарды салыстыра зерттей алу.

    Несиелер - 5
  • Еуропадағы ислам өркениеті

    Еуропа континентіндегі мұсылмандар сегізінші ғасырда Гибралтар арқылы жүзіп өтіп, қазіргі Испанияның оңтүстік аумақтарын жаулап алған Испанияның алғашқы исламдық жаулаушыларының жорықтарымен пайда болды. Пәнді оқыту кезінде Европадағы ислам тарихын кезеңдерге бөлу арқылы қарастыру. Ислам өркениетінің адамзат өркениетіне қосқан үлесіне ғылыми негізде баға беру. Ислам мәдениетінің Европа өркениетіндегі орнын ғылыми негізде тұжырымдап, сараптау.

    Несиелер - 5
  • Орта Азиядағы ислам тарихы

    Пән Орта Азиядағы ислам тарихын және қазіргі мәселелерін оқып-зерттеу негізінде ислам дінінің аталған аймаққа таралу ерекшеліктерін кең көлемді қарастырады. Ислам дінінің Орта Азияға таралуын кең көлемді түсіндіру арқылы исламның аталған аймаққа таралу кезіндегі ерекшеліктері мен мәселелерін оқу арқылы талдау қабілетін меңгерту. Орта Азиядағы ислам дінінің, қалыптасуы және таралуына тоқталу барысында исламның осы географиялық аймаққа тән ерекшеліктерін көрсету.

    Несиелер - 5
  • Кәсіби бағытталған араб тілінің практикалық курсы

    Кәсіби бағытталған араб тілінің практикалық курсы пәнің оқу барысында студентттің кәсіби ойлау ерекшеліктерін ескере отырып, студенттің кәсіптік, іскерлік, ғылыми салаларда және жағдайяттарда қарым-қатынас жасау қабілетін қалыптастыруды көздейтін пән болып табылады. Кәсіби-бағдарлы білім беру деп студенттердің болашақ мамандығының немесе кәсіптің ерекшеліктерімен байланысты араб тілін меңгерудегі қажеттіліктеріне негізделген оқыту түсініледі. Ол студенттердің тұлғалық қасиеттерін дамытумен қатар, оқытылатын тіл елінің мәдениетін білумен және кәсіби лингвистикалық білімге негізделген кәсіби дағдылардын дамытады.

    Несиелер - 5
  • Орталық Азиядағы суфизм

    Бұл пән сопылықтың ислам мәдениетінің үстемдік етуші факторлары – араб тілі мен дінінің әсерінен түрлендірілген негізгі дәстүрлерді, құндылықтарды, дүниетанымдық нұсқауларды қарастырады. Сонымен бірге этникалық жадты сақтау қызметін атқарады. Бұл сопылықтың Орталық Азияда кең тарағанын, олардың исламды қабылдап, жаңа шындықты – ислам мәдениеті әлемін тудыратынын түсіндіреді. Қазіргі Орталық Азия елдеріндегі сопылық тариқаттарының қалыптасуы мен қазіргі жағдайына қатысты ақпарат жинап, салыстырмалы талдау жасайды.

    Несиелер - 5
  • Қазақстан Республикасындағы діни ұйымдар

    Қазақстан үшін ар-ождан және діни сенім бостандығы қағидаттарын дәйекті түрде жүзеге асырудың өзектілігі мен мәні ерекше. Бұл құндылықтар азаматтардың діндар болу құқығына кепілдік беріп, қазақстандық қоғамдағы конфессияаралық татулық пен келісімді қамтамасыз етеді. Өз кезегінде Қазақстан Республикасының заңнамасы қоғамның рухани саласында болып жатқан процестерді көрсетеді. Қазіргі діни ұйымдар формаларының пайда болуы мен дамуымен танысады.

    Несиелер - 5
  • Эстетика және діни өнер

    Эстетика және діни өнер курсында діни тәжірибеге эстетикалық тәсілді қолдану ерекшеліктерін түсіну үшін қалыптасқан әдістемелерді қолдануды қарастырады. Білім алушыға діни өнер туындыларын қабылдап, оны интерпретациялауға қабілетті болуды үйретеді. Әлемдегі діндердің түрлі өнер салаларына әсерін, ықпалын зерделеп, соның негізінде өнер туындыларындағы діни мотивтерді айқындап, сипаттайды.

    Несиелер - 3

Оқыту нәтижелері

  • Қазақстан Республикасының дамуына мүдделі маман ретінде елдік құндылықтарды бағалау. Еліміздің тарихын бағалау, Отанды сүю қабілеттерін дамыту. Философиялық, саясаттанулық, мәдениеттанулық, психологиялық білімдерін теория мен қатар практикада өзін-өзі дамытуда, кәсіби шеберлігін жүзеге асыруда, қоғамда мәдениетаралық, ұлтаралық ынтымақтастықты арттыруда, насихаттауда ұтымды қолдану. Дүниетанымдық көзқарастарын кеңейту, заманауи бәсекеге сай маман болу.
  • Ислам тарихын қайнар көздерінен тану арқылы діни адасушылықтың алдын-алу шараларын жүзеге асыру, ұлттық бірегейлікті сақтауға бағыттау, Құранға қатысты кәсіби білікті маман ретінде теологиялық мәселелердің алдын-алу.
  • Қоғамдағы діндарлықтың даму тенденцияларын бақылау, діннің ұлттық сананың қалыптасуындағы маңызын түсіндіру, діни сананың радикалдануының алдын-алудың қадамдарын ұйымдастыру, жүзеге асыру. Дінаралық, діни және діни емес көзқарастардың қарым-қатынасында ынтымақтастық орнатуды жоспарлау, іске асыру.
  • Қоғам мен қоғамдық институттардың жұмысы, әлеуметтік өзгерістердің алғышарттары мен нәтижелері жайлы білім қалыптастыру арқылы қоғамдағы үдерістерді заманауи зерттеулердің негізінде талдау. Әлеуметтік зерттеулерді, сауалнамаларды жүргізу, нәтижесін талдау, қорытындылау.
  • Алғашқы наным-сенімдер, әлемдік, ұлттық діндердің және жаңа діни қозғалыстардың пайда болу, қалыптасу және таралу кезеңдеріне қатысты кәсіби біліктілік таныту. Діннің қоғамдағы түрлі функцияларын анықтау, қоғамдағы діни ахуалды бағалау
  • Діни тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін бағалау, кәсіби қызметін жүзеге асыруда дін психологиясының әдістеріне жүгіну. Оңалту қызметінде тұтынушының психологиялық жағдаятын диагностикалау.
  • Мемлекет және дін қарым-қатынасының тұрақтылығын дамыту. Дінаралық және конфессияішілік конфликттерді болдырмауда дін туралы мемлекеттік заңнаманы білікті қолдану. Жаңа діни ағымдарды классификациялау, мемлекеттік дін туралы заңнамаға сәйкес дін саласын реттеуді жүзеге асыру.
  • Діни әдебиеттерді саралау, діни және дінтанулық әдебиеттерді талдау әдістерін қолдану. Сауатты есеп әзірлеу, дайындау, атқарылған қызметін қорытындылау, талдау, нәтижесін бағалау. Белгісіздік режимінде сәйкесінше шешімдерді тез қабылдай білу.
  • Тұтынушыға әлемдік бәсекеге сай, заманауи қоғамдағы діни мәселелердің ұтымды шешімдерін АКТ құзыреттіліктерін тиімді қолдана отырып ұсыну. АКТ негіздемесі арқылы алынған нәтижелерді сараптау, жіктеу. Заманауи технологияларды ұтымды қолдану.
  • Сыни ойлау, жаңа идеялар ұсыну, өзін-өзі үздіксіз дамыту және толерантты қарым-қатынас орнату. Тіршілік қауіпсіздігі шараларын сақтау, салауатты өмір салтын ұстануға дағылану. Психологиялық күйінің тұрақтылығын дамыту.
  • Дінді тарихи, рухани, мәдени құбылыстармен сабақтастықта түсіндіру. Дінтанулық ақпараттық-түсіндіру қызметін, дінтанулық кеңес беруді жүзеге асыру. Өз ойын еркін тұжырымдау, сауатты жеткізу.
  • Дін саласындағы мәселелерді шешуде шетел тіліндегі ғылыми әдебиеттерді, дереккөздерді өз деңгейінде еркін, ұтымды қолдану. Шетел тілінде ойын ауызша және жазбаша сауатты негіздеу, еркін жеткізу. Шетел тілімен қатар мәдениетімен танысу арқылы үздік тәжірибелерді игеру.
  • Тәуелсіз Қазақстанда зайырлы, діни толерантты қоғамның дамуына бағыттайтын дінтанулық ғылыми жұмыстар, мақалалар, ғылыми зерттеулерді білікті әзірлеу, қорғау.
Top