6B08703 Агроөнеркәсіптік кешеніндегі цифрлық технологиялар в Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Студенттердің нақты егіншілік және ақылды ферма қағидаттарына негізделген агроөнеркәсіптік саладағы, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын техникалық қамтамасыз ету саласындағы кәсіби міндеттерді шешу үшін цифрлық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар туралы білімдерін, практикада қолдану тәсілдерін меңгеру.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 243
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B183 Агроинженерия
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Физика
-
Білім беру саласы 6B08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар
-
Дайындық бағыты 6B087 Агроинженерия
Пәндер
-
Жоғары математика I
Классикалық математиканың негізгі ұғымдарын, заңдары мен теорияларын үйрену. Математикалық модельдер құру, математикалық есептер шығару және есепті шешудің сәйкес математикалық әдістері мен алгоритмдерін таңдау мүмкіндігі қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Өсімдік шаруашылығы негіздері
Өсімдік шаруашылығы негіздері пәні өзіне егіншілікті, жеміс-көкөніс, шалғындық, орман шаруашылықтарын біріктіреді, ал пән ретінде тек қана танаптық (екпе) дақылдарды – дәнді астық, дәнді бұршақ, картоп, мал азықтық, бақша, талшықты дақылдарды қарастырады. Жоғарыда аталған дақылдардың өсіріп баптау технологиясын, қолданылған агротехникалық шаралардың өсімдіктің сапасына және өніміне әсерін зерттейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Топырақтану
Пән топырақ ұғымын, оның құрылымын, құрамын, топтастыруын, номенклатурасын және топырақ диагностикасын, таралу және даму заңдылықтарын зерттейді. Топырақ құнарлылығын сақтау және көбейту үшін топырақ түзуші факторлармен және маңызды ауа, су, физико-химиялық, жылу, механикалық қасиеттері және топырақ құбылымдарымен таныстыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Сызба геометриясы және инженерлік графика
Сызбаларды құру тәсілдерін негіздеу және баяндау, геометриялық сипаттағы есептерді шешу жолдарын зерттеу. Кеңістіктік объектілерді жазықтыққа проекциялау әдістерін зерттеу; студенттердің кеңістіктік ойлау түсініктерін дамыту; сызбаны құрудың теориялық негіздерін қалыптастыру; студенттерді конструкторлық құжаттаманы орындау және ресімдеу ережелеріне оқыту; сызбаларды құру теориясын зерделеу; бұйымдардың сызбаларын әзірлеу және оқу, практикалық дағдылар мен біліктілік қалыптастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары математика II
Ғылыми дүниетаным мен логикалық ойлауды қалыптастыру. Практикалық ұсыныстарды әзірлеу үшін математикалық талдау негізінде жоғары сапалы математикалық зерттеулер жүргізуді үйрету.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы
Конструкциялық материалдардың құрылымы мен қасиеттері және оларға термиялық және химия-термиялық тәсілдермен өзгерту туралы білім үдерісін қалыптастыру; конструкциялық материалдарды құйма құю, пісіру және кесу арқылы өндеумен оларға қолданылатын жабдықтар мен аспаптармен таныстыру; бөлшекке керекті пайдалану қасиеттерін беру үшін оның материалын таңдау және өндеу технологиясын негіздеу үшін қажетті білім беру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мал шаруашылығы негіздері
Пәнде негізгі ауылшаруашылық мәдениеті, олардың мәні, тарихы және таралуы, ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері, өсу және даму заңдылықтары, сонымен қатар ауыл шаруашылығы жануарларының негізгі түрлерінің сипаттамасы, өнімділіктің негізгі бағыттары және тұқым ресурстары.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Физика
Жаратылыстану мен ғылыми-техникалық прогрестің дамуын анықтайтын материяның құрылымы, ондағы құбылыстардың табиғаты туралы терең түсінік қалыптастыру. Физиканың басқа жаратылыстану ғылымдарымен, іргелес пәндермен байланысы. Техника мен заманауи технологиялардың жаңа салаларын құру мен дамытудағы физиканың рөлі. Физиканың дамуына техниканың әсері. Физикалық зерттеу әдістері: тәжірибе, гипотеза, эксперимент, теория.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экономикалық талдау және статистика
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдерін пайдалануды зерттейді. Экономикалық талдау түрлері. Шынайы статистикалық ақпаратты жинау әдістері; Басқарушылық және қаржылық талдау. Кәсіпорынның шаруашылық процестеріне талдау жүргізу әдістемесі, субъект қызметінің соңғы қаржылық нәтижелеріне есеп жүргізу, экономикалық құбылыстар мен процестердің себеп-салдарлық байланыстарын анықтау тәсілдері. Өндірістің шығындарын және өнімнің өзіндік құнын талдау. Кәсіпорынның қаржылық нәтижелері мен қаржылық жағдайын талдау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электротехника
Пәнді оқу студенттердің электр техникалық құрылғылар мен электр энергетикалық жүйелердің электр тізбектерін есептеудің заңдары мен әдістері туралы білімдерін қалыптастыруға, электр тізбектерінің орныққан режимдерінде ток және кернеу параметрлерін есептеу және талдау дағдысын қалыптастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Аграрлық экономика
Курста экономиканың аграрлық секторын қалыптастыру мен дамытудың объективті алғышарттары, сондай-ақ, макро, мезо және микро деңгейдегі агробизнестің экономикалық тетіктері, бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімін өндіру процесінде аграрлық сектордың түрлі ресурстарын пайдалану және ұйымдастыру зерттеледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
Пәннің мазмұны мал өнімдерінің сапасы мен адамдардың тұтынуы үшін мал өнімдерімен байланысты сапа аспектілеріне қатысты сұрақтар шеңберін қамтиды. Тұтынушылық сұраныс тұрғысынан алғанда, адамдардың тұтынуы үшін өнімдер қауіпсіз, сау және тұрақты түрде жүргізілетін болады, онда малдардың денсаулығы мен әл-ауқатына кепілдік беріледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Теориялық механика
Теориялық механика материалдық нүкте мен механикалық жүйенің тепе-теңдігі және қозғалыстағы нүктенің, қатты дененің және механикалық жүйенің кинематикалық және динамикалық сипаттамаларының қасиеттері туралы; механиканың жаңа жетістіктерін механизмдер мен машиналарды жетілдіру үшін пайдалану туралы білімді қамтамасыз етеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Үш өлшемді графика
Компьютерлік техника және қолданбалы ақпараттық технологиялар көмегімен инженерлік міндеттерді практикалық шешудің әдістері мен құралдарының жиынтығы, күрделілігі әртүрлі деңгейдегі модельдерді жасау, олардың ішінде автоматтандырылған жобалау жүйелері ерекше орын алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экономика
Экономика пәні жеке адамдардың, жекелеген кәсіпорындардың және мемлекеттің экономикалық қызметі жүзеге асырылатын қоғамның экономикалық өмірі туралы негізгі білімді меңгеруге бағытталған. Пән студенттердің экономикалық ой-өрісін дамытуға және шектеулі табиғи ресурстар жағдайында ұтымды шешім қабылдауға, ықпал етеді. Пән экономиканың жұмыс істеуі туралы алған білімдерін мамандық таңдауда және одан әрі білім алуда бағдарлау үшін пайдалануға дайындығын қалыптастыруға ықпал етеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Компьютерлік графика
Студенттердің компьютерлік графика саласындағы дүниетанымын және студенттердің конструкторлық графикалық және мәтіндік құжаттарды орындауды автоматтандыру, сандық графикалық бейнелерді жасау, өңдеу және шығару саласындағы білімдерді жүйелі меңгеруін, сонымен қатар студенттерге жобалау-конструкторлық есептерді шешу үшін автоматтандырылған жобалау жүйелерін қолдану дағдылары мен біліктерін дағдыландыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пәні Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекеттілікті жетілдірудің қажетті шарты ретіндегі қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, студенттердің әлемдік танымын қалыптастыру, қоғамдық, құқықтық мәдениет және жеке құқық танымын жоғарылату. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар аясындағы құқықтық сауаттылықты арттыруға және студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын, мінез – құлықтарының стандартын, сыбайлас жемқорлықтың кез – келген көріністеріне қырын қарауды қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қолданбалы механика
Қолданбалы механика машиналарда, аспаптарда және құрылғыларда кеңінен қолданылатын механизмдер мен машина бөлшектерінің теориясы туралы білімді қалыптастырады және беріктікке, қатандыққа, төзімділікке, тербелістерге, соққыларға және басқа механикалық әсерлерге әртүрлі конструкцияларды есептеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар механизмдердің құрылымдық, кинематикалық, динамикалық талдаулары мен синтездері қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі
Курс технологиялық саламен және қоршаған ортамен өзара әрекеттесу кезінде адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және кәсіпорынның, ұйымның, шаруашылықтың және т.б. қауіпсіз және экологиялық таза жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, қауіпті жағдайлардың туындау себептерін болжауға және жоюға байланысты тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы базалық білімді қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеулердің негіздері
Курста аграрлық техника мен технологиядағы ғылыми зерттеулердің негіздері әдістері мен тәсілдері ашылады, ғылыми танымның әртүрлі деңгейлері қарастырылады. Зерттеу бағытын таңдауды, ғылыми-техникалық проблеманы қоюды, теориялық және эксперименттік зерттеулер жүргізуді, ғылыми жұмыстың нәтижелерін ресімдеу бойынша ұсынымдарды қоса алғанда, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезеңдері қамтылған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік
Кәсіпкерлік пәні кез келген болашақ кәсіпкердің өмірінде пайдалы болатын дұрыс құзіреттілікті қалыптастыруға көмектеседі, яғни, нарықтың талабына сай өз жобаңыз үшін дұрыс команда құруға, дұрыс бизнес-идея таңдауға, бизнес-модель әзірлеуге және өз кәсібіңізді бастау үшін бизнес жоспар жазуға үйретеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экология
Табиғатты қорғау іс-шараларының теориялық негізі болып табылатын тірі организмдердің жеке тұлғаларының, популяциялары мен қауымдастықтарының экологиялық заңдылықтары туралы жаратылыстану-ғылыми жүйелік білімді қалыптастыру, адамның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның экологиялық мәдениетінің денсаулығын сақтау бойынша экологиялық білімді тек кәсіби бағытта ғана емес, сонымен қатар қоғамның экологиялық дағдарыстан шығуына және тұрақты даму жолындағы қозғалысқа ықпал етуге және табиғатты қорғау мәселелерін шешу үшін теориялық білімді қолдануға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Геоақпараттық жүйелер
ГАЖ туралы жалпы түсініктер. ГАЖ жіктелуі. Бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз ету. ГАЖ деректер құрылымы мен модельдері. Бастапқы деректерді түрлендіру. Беттік және сандық модель. Визуализация әдістері мен құралдары. Электрондық карталар және атластар. Үш өлшемді визуализация. Атрибутивті деректермен жұмыс.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
АӨК жүйелерін және процестерін модельдеу
Агроөнеркәсіптік кешендегі жүйелер мен процестерді математикалық модельдеу әдістерінің теориялық негіздері, ресурстарды үнемдеу және бәсекеге қабілеттілікті арттыру мүдделеріне жауап беретін агроөнеркәсіптік кәсіпорындарды дамытудың экономикалық тиімді жоспарлы және болжамдық бағдарламаларын негіздеу қарастырылған нарықтық экономикаға көшу жағдайындағы тауарлар мен қызметтер көрсетілген Жүйелік талдауға негізделген технологиялық процестерді математикалық модельдеу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
АӨК-дегі Smart-технологиялар
Пән деректерді жинау және талдау, процестерді автоматты бақылау және басқару үшін алгоритмдерді әзірлеу мен іске асыруды, агроөнеркәсіптік кешенде зияткерлік технологияларды қолдануды әдістерін зерделейді. АӨК басқарудың заманауи технологиялары, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы деректерді талдау, сапаны бақылау жүйелерін автоматты басқару қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
АӨК-дегі ГАЖ технологиялары
АӨК-дегі геоақпарттық технологиялары, картографиялық материалдарды құрастыру, оларды талдау және пайдалану бойынша АӨК-дегі дәстүрлі жұмысына үлкен өзгерістер енгізеді. Фермерлерге көмектесу үшін қолданбалы геоақпарттық жүйелердегі материалдарды және геоақпараттық технологиялар арқылы шешуге болатын тапсырмаларды қоюға және шешуге арналған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Клиент-сервер қосымшаларын жобалау
«Клиент-сервер қосымшаларын жобалау» пәні клиент-сервер қосымшаларының технологиялары мен әдістерін, клиент-сервер қосымшаларының заманауи модельдерін, заманауи технологиялардың көмегімен клиент-сервер қосымшаларын жобалау және дамыту әдістерін игеру, дизайн құралдарымен жұмыс істеу, ақпараттық технологиялар стандарттарын қолдану дағдылары қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электроника және микропроцессорлық техника
«Электроника және микропроцессорлық техника» пәні электроника саласындағы базалық білімнің негізгі іргетасы болып табылады және белгілі бір чипті микроконтроллердің архитектурасын, командалық жүйесін, негізгі перифериялық құрылғылармен және ішкі жүйелермен жұмыс істеу тәртібін зерделеу арқылы электрондық компоненттер мен электрондық техникалық құралдардың жұмыс принциптерін, функционалдық түйіндерді және процессордың жұмыс принципін оқытады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сандық техника және микроконтроллерді басқару
Пән сандық технология саласындағы міндеттерді қарастырады, атап айтқанда, интегралды логикалық элементтердің құрылысы мен жұмыс істеу принциптері, сандық құрылғылардың логикалық және арифметикалық негіздері, комбинациялық және сериялық типтегі құрылғыларды, сандық құрылғылардың әртүрлі түйіндерін, компараторларды, шифраторларды, декодерлерді, код түрлендіргіштерін, мультиплексорларды, қосқыштарды, триггерлерді, регистрлерді, есептегіштерді синтездеу әдістері сипатталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Су шаруашылындағы ГАЖ технологиялар
Пән су қоймаларын жобалау кезінде су шаруашылығында геоақпарттық жүйелерді қолдануды, аналитикалық және модельдеу операцияларын түсіндіруді, тұтынушыларды ақпараттық қамтамасыз етуді талдауды, қашықтықтан және спутниктік мониторинг әдісін, су шаруашылығында геоақпарттық жүйелерді пайдалану технологияларын, жерді қашықтықтан зондтау әдістерін, заманауи геоақпарттық жүйелерді функционалдығын қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тракторлар мен автомобильдер
Заманауи тракторлар мен автомобильдердің конструкциясы, қозғалтқыштар, электр жабдықтары, шасси,гидравликалық, жұмыс және қосалқы жабдықтар. Трактор мен автомобильдің теориясы және есептеу негіздері-тракторлар мен автомобильдің тартымдық балансы, трактордың энергетикалық балансы, тракторлар мен автомобильдің тартымдық динамикасы, трактор мен автомобильдің басқарылуы мен тұрақтылығы.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
АӨК-ің IT-инфрақұрылымы
«АӨК-ің IT-инфрақұрылымы» пәні ақпараттық ортаны ұйымдастыруға және басқаруға болатын IT-инфрақұрылымды дамыту және басқару саласындағы әдістер мен технологияларды үйретеді. Әртүрлі бейіндегі және ауқымдағы IT-инфрақұрылымды басқару және дамыту, сондай-ақ IT-инфрақұрылымды тиімді құру мен жаңғыртудың практикалық дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ауылшаруашылық машиналары
«Ауылшаруашылық машиналары» пәнін игеру кезінде жұмыс органдарының, тораптар мен агрегаттардың негізгі типтерін, ауылшаруашылық машиналары мен құралдардың жіктелуі, міндеттері, техникалық сипаттамалары, жұмыс принциптері және техникалық реттеулері, олардың негізгі ақаулары және оларды жою әдістері үйрену қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Автомобильдер мен тракторлардың электржабдықтарын диагностикалау
Пән болашақ мамандардың автомобильдің электрлік және электрондық жүйелерінің агрегаттарының мақсаты, құрылымы және жұмыс принциптері бойынша теориялық білімдерді, сондай-ақ электр сұлбалары мен аспаптарын пайдалану арқылы автомобильдің электр жабдықтарына диагностика жүргізу бойынша практикалық дағдыларды меңгеруге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Өсімдік шаруашылығындағы цифрлық технологиялар мен техникалық құралдар
Өсімдік шаруашылығындағы сандық технологиялар мен техникалық құралдарды оқып үйрену Өсімдік шаруашылығындағы IT - технологиялар, құрылғылар: құрылысы, жұмыс істеу принципі, түрлі жұмыс жағдайына технологиялық баптау және оларды жұмыс процесінде басқару, өсімдік шаруашылығындағы технологиялық процестерді автоматты реттеу; өндірістік процестің электрондық деректер базасы; мамандандырылған агрокәсіпорындардың басқару процестеріне заттар мен телематикалық сервистер интернет желісін енгізу, өсімдік шаруашылығындағы роботтандырылған жүйелерді оқыту
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Автотракторлық техниканың электржабдықтары
Пән болашақ мамандардың автомобильдің электрлік және электрондық жүйелерінің агрегаттарының мақсаты, құрылымы және жұмыс принциптері бойынша теориялық білімдерді, сондай-ақ автомобильдің электр жабдықтарының аппараттарына диагностика жүргізу, техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша практикалық дағдыларды электр сұлбаларын және көлік модельдері бойынша нұсқауларды қолдану арқылы меңгеруге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мал шаруашылығын механикаландыру
Мал шаруашылығын механикаландыру мал шаруашылығының технологиялық машиналарының базалық модельдерінің нысанын, құрылымын, жұмыс процестерін және реттеуін, осы машиналардың ықтимал ақауларын, оларды табу және жою тәсілдерін, машиналардың, агрегаттардың (кешеннің) жұмыс органдары мен механизмдерінің негізгі параметрлері мен жұмыс режимдерін негіздеу және есептеу әдістерін, олардың қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету негіздерін зерделейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Ұшқышсыз ұшу аппараттары
Бұл пән студенттер ұшқышсыз ұшу аппараттарының математикалық модельдері және оларды навигациялық қамтамасыз ету туралы білім алуға, жүйелерді математикалық және заттай модельдеу дағдыларын меңгеруге арналған. Пәнді оқытудың мақсаты студенттерді автоматты басқару теориясы, математикалық модельдеу және ақпараттық-өлшеуіш жүйелер саласындағы білімді қалыптастыру болып табылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Агроөндірістегі робототехника
Агроөнеркәсіп кешеніндегі роботтар мен технологиялық жабдықтардың манипуляторларын, роботтандырылған кешендердің, заманауи конструкцияларын құрастыру және есептеу ерекшеліктерін, олардың орналасуы мен құрылымдарын, сипаттамалары мен талаптарын және агроөнеркәсіп кешеніндегі әртүрлі манипуляторларды қолдану шарттарын оқып-үйрену. Студенттерге заманауи өндірісті роботтандыру құралдары туралы, негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштердің ұтымды үйлесімін анықтай білуге қажетті білім беру, өнеркәсіптік роботтар мен манипуляторларды зерттеу, есептеу және жобалау кезінде қажетті практикалық дағдыларды қалыптастыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мал шаруашылығындағы цифрлық технологиялар мен техникалық құралдар
Мал шаруашылығындағы сандық технологиялар мен техникалық құралдар сипатталған: мал шаруашылығындағы IT-технологиялар, құрылғылар, жұмыс принципі, жұмыс істеу барысында әр түрлі жұмыс жағдайында баптау және оларды жұмыс процесінде басқару, мал шаруашылығындағы технологиялық процестерді автоматты реттеу; өндірістік процестің электрондық деректер базасы; мал шаруашылығындағы процестерді роботтандыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Автоматтандырылған басқару жүйелері
Пәнде автоматты басқару жүйелерін құрудың негізгі түсініктері мен принциптері, үздіксіз басқару жүйелерін математикалық сипаттау қарастырылады. Нәтижесінде студент жұмыс көлемін ескере отырып, көліктің техникалық жабдықталуын тиімді пайдалану саласында практикалық дағдыларды алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көлікті басқарудың заманауи жүйелері
Пән әртүрлі, оның ішінде автотракторлық техниканы параллель және автоматты жүргізу кезінде ұсынылған навигациялық жабдықтарды, GPS қабылдағыштарының түрлерін және оларды көлік құралдарында қолдану мүмкіндігін зерттейді, GPS спутниктік жүйесі арқылы орналасқан жерді анықтауға негізделген заманауи позициялау жүйелерінің теориялық, әдістемелік және технологиялық негіздерімен таныстырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Роботехника және роботехникалық құрылғылар
«Робототехника және робототехникалық құрылғылар» пәні өнеркәсіптік робототехникалық құрылғыларды зерттеу, есептеу және жобалау кезінде қажетті роботтар мен робототехникалық жүйелердің бөлшектерін, элементтері мен конструкциялары мен тораптарын автоматтандырылған есептеу мен жобалаудың заманауи компьютерлік әдістерін оқытады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Агроөндірістерді жобалау негіздері
Пән агроқұрылымдардың өнімдерін өндірудің технологиялық процестерін, сондай-ақ технологиялық көрсеткіштердің тиісті параметрлерін, әртүрлі меншік нысандарынан аграрлық өндірістерді жобалау үшін қажетті есептеулерді жүргізеді. Іске асыру компьютерлік бағдарламаларды пайдалана отырып, техникалық тапсырмаларды дайындау арқылы жүзеге асырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Мал шаруашылығы кәсіпорындарын жобалау
Мал шаруашылығы кәсіпорындарын жобалау (фермалар мен кешендер) өндірістік процестің технологиялық (биологиялық), техникалық және құрылыс бөліктерін және бұл ретте күтілетін әлеуметтік және экономикалық салаларды қамтиды. Құрылыстың (реконструкцияның) техникалық-экономикалық орындылығын негіздеу, технологиялық жабдықтардың функциялары мен жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ету үшін жүйелердің ең оптималды жобалық шешімін табу, құрылыс және монтаждау жұмыстарының жобасын әзірлеу, негізгі өндірістік объектілердің негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерін анықтау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
АӨК-дегі еңбекті қорғау
Пәнді оқу студенттерге АӨК-дегі қауіпті және зиянды өндірістік факторларды анықтауға мүмкіндік беретін білім мен дағдыларды береді. Пәнді оқытудың негізгі міндеттері АӨК-дегі еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі техникалық іс-шаралар мен құралдар жүйесін игеру, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды басқарудың негізгі мәселелерінің мазмұнын игеру, кәсіпорындар мен ұйымдарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын игеру болып табылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
АӨК-дегі агротехникалық қызмет көрсету
«Агроөнеркәсіптік кешендегі агротехникалық сервис» пәні машиналар мен құралдарды жұмыс жағдайында ұстаудағы агротехникалық сервистің рөлі мен орнын. Лизингтік фирмалар, бірлескен дилерлік кеңселер, қолдау көрсетілетін техниканы қалпына келтіру қызметтері, жабдықтау-сату және несиелік кооперативтер құру оқытылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Еңбек қауіпсіздігін басқару
Мемлекеттік басқару деңгейінде де, кәсіпорынды басқару деңгейінде де еңбек қауіпсіздігін басқару туралы білімді қалыптастыру. Еңбекті қорғау саласындағы маман еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік актілерді білуі, осы негізде қауіпсіздік жөніндегі іс-шараларды әзірлеуі және іске асыруы, еңбек жағдайларын жақсарту жөнінде негізделген басқарушылық шешімдер қабылдауы тиіс. Оның жұмысына жұмысшылардың денсаулығы мен денсаулығын сақтау, сондай-ақ өндірістегі қауіпсіздікке жауап беретін лауазымды тұлғалар мен басшылардың әл-ауқаты байланысты.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Машина-трактор паркін пайдалану
Пәнде қазіргі заманғы және алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану, машина паркін пайдалануды ұйымдастырудың озық түрлері, ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану, машиналар паркін пайдалану кезінде жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық және басқа да іс-шаралар жүйесі ретінде, АӨК-де нарықтық жағдайда тракторларды, ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын тиімді пайдаланудың маңызы қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 6
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Кең ой-өріс дағдылары бар жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін жаратылыстану, әлеуметтік-гуманитарлық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, экологиялық және экономикалық пәндер саласындағы базалық білімді қолдану.
- Негізгі өндірістік ресурстарды құндық бағалау қағидаттарының маңыздылығын және нарықтық экономика жағдайында кәсіптік қызметтің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін ұйымның экономикалық талдау элементтерін, экономикалық және заңнамалық негіздерін қолдануды түсіне білу.
- Ауыл шаруашылығындағы жұмыстарды орындау технологиялары мен тәсілдері туралы ақпаратты жинауды және түсіндіруді, АӨК-де цифрландыруды жүзеге асыру, топырақтың құрылымын, негізгі мәдени өсімдіктерді, ауыл шаруашылығы жануарларының тұқымдарын және оларды өсіру мен күтіп-ұстау тәсілдерін білу.
- Өндірістік жағдайларда тракторларды, автомобильдерді және ауылшаруашылық машиналарын тиімді пайдалану, сондай-ақ технологиялық операцияларды орындау үшін мал шаруашылығын механикаландыру үшін теориялық және практикалық басқару дағдыларын меңгеру.
- Параллель проекциялау арқылы алынған кескіндерді қолдана отырып, AutoCAD компьютерлік бағдарламалары мен компьютерлік модельдеу арқылы жалпы көріністің сызбаларын орындап есептерді шеше білу. Құрылымдық материалдарды алудың заманауи әдістері және оларды өңдеу әдістері туралы мәліметтерді білу.
- Кәсіби қызметте жаратылыстану-ғылыми пәндердің негізгі заңдарын пайдалана отырып, типтік міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді, ақпараттық, компьютерлік және желілік технологияларды пайдалана отырып, әртүрлі дереккөздер мен дерекқорлардан ақпаратты іздеуді, сақтауды, өңдеуді және талдауды жүзеге асыруды қолдану.
- Электрондық картографиялық жүйелердің пайымдауларын қалыптастыру және пилотсыз ұшу аппараттарының микрокомпьютерлерін бағдарламалау үшін ақпаратты жинауды және түсіндіруді жүзеге асыру.
- Кәсіби қызметтің әртүрлі саласындағы құқықтық-сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім негіздерінің маңызы мен қағидаларын түсіну, төтенше жағдайлар кезінде алғашқы көмек көрсету тәсілдері мен әдістерін қолдану, қауіпсіздік техникасы, еңбекті және табиғатты қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-құқықтық ақпаратты талдау.
- Теориялық және практикалық есептерді шешуде аргументтерді тұжырымдау, теориялық және қолданбалы механика, электротехника, электроника және процессорлық техника, автотракторлық және мал шаруашылығы машиналарының электр жабдықтары жұмысының заңдары мен әдістерін қолдану.
- Өсімдік және мал шаруашылығында технологиялар мен техникалық құралдарды цифрландыруды оқыту дағдыларына ие болу, роботтар мен көлікті басқарудың автоматтандырылған жүйелерін әзірлеу және құрастыру бойынша білімді қолдану.
- Өндіріс процестерінің жүйелерін құру мен модельдеу принциптерінің және бизнес-процестерді автоматтандыру жүйелеріндегі ақпараттық технологияларды қолдану маңыздылығын түсіну.
- Ғылыми зерттеулердің негіздері мен әдістерін білу және автоматтандыру жүйелерінде ақпараттық технологияларды , агротехникалық сервистің машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалануды, сондай-ақ агроөндірістерді жобалауды цифрландыру бойынша оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдану.