Қазіргі қазақ тілі сөзжасамы мен морфологиясы

  • «Қазіргі қазақ тілі сөзжасамы мен морфологиясы» пәні қазақ тілі сөздерінің жасалуы мен құрылысы, құрылымдық өзгерісі, грамматикалық байлагнысы мен ұғымдары туралы, тілжасам заңдылықтары, тәсілдері туралы білім қалыптастырады. Пәнді меңгерген студент сөзжасамдық, морфологиялық ұғым-бірліктер туралы, жалпы қазақ тілжасамы мен сөз байланысы, сөз құрау ерекшелігі, стильдік, грамматикалық байланыс туралы ғылыми теориялық негіздеме алады. «Қазақ тілі мен әдебиет» мамандығында оқитын студенттер қазақ тілінің ғылыми теориялық курсын басқа ғылым салаларының тілдік теориялық негіздемелерін бере алуы үшін де толық меңгеріп білуі тиіс. Пәнді танып білу арқылы студенттер дәстүрлі пәндік сабақтардан тыс тілдің ғылыми өзекті негіздерін, қырларын түсінеді, ғылыми жұмыспен айналысу әдістерін үйренеді, ғылыми әдебиеттермен, зерттеулермен айналысуды, оларды пайдалануды үйренеді. Бұл пәннің студенттерге кейінгі курс болып табылатын «Қазақ тілінің синтаксисі» пәнін меңгеруге теориялық және тәжірибелік тұрғыдан маңызы жоғары. Мақсаты: білім алушыға тілдің жасалу негіздері мен құрылымы теориясын меңгерту арқылы тілжасам сипатын,, түрленімдік өзгерісін барлық ғылыми бағытта тани алуына ықпал жасап, білім беру жүйесінде, жалпы қоғамдық қызметте сөз жүйесі мен ілімін дұрыс қолдану жолдарын игерту. Міндеті: сөздердің жасалу жолдары мен өзгеруін білу қажеттілігін түсіндіру; сөздердің морфологиялық өзгерісінің коммуникациядағы қызметін, айту-жазудағы маңызын, сөздердің грамматикалық қызметінің әдеби тіл нормасына қатыстылығын түсіндіру Пән маңыздылығы: Мектепте білім беруде оқушылардың сауатты сөйлеу мен жазу дағдыларын жетілдіруде, мәтін құрастыруда, көпшілік алдында сөйлеуде сөздерді байланыстыра алу, сөздердің жасалу жолдарын ажырата алу әдістерін үйрету үшін, ойды жетік жеткізудегі қосымшалар қызметін таныту үшін қажет. Сонымен бірге пән жалпы барлық ғылым саласының ғылыми, әдеби теориялық және терминдік негіздерін жасау мен қалыптастыруда басты тілдік теориялық негіздеме болатындығымен маңызды Пәннің оқытылу әдістемесі Дәрістік, дағдыландыру сабақтары; бейне сабақтар, интерактивті тақта арқылы слайдтық таныстыру, түсіндіру сабақтары; кейстік тапсырмалдар, жаттығу жұмыстары, карточкамен жұмыс, СӨЖ тапсырмалары, т.б. арнайы оқыту әдістері, топтық жұмыс, жеке жұмыс, алты технология түрлері бойынша әдістерді қолдану Құзыреттілік Арнайы құзыреттілік – пәннің маман ретінде толыққанды игерілгендігі; кез келген тілдік пәнмен байланысын көрсете алуы мен негізін аша білуі; сөздердің жасалу негізін тани білуі мен морфологиялық түрлену сипатын, қызметін тарихи, логикалық жақтан жеткізе білуі; Ақпараттық құзыреттілік- қазақ тілі сөзжасамы мен морфологиясы бойынша қажетті жалпылама жүйеленген, жинақы әрі нақты ақпараттық мәлімет бере білуі; пәнге қатысты ақпарат ала біліп, оны тұжырымдап, қорытып, қолдана алуы; маман ретінде айналымға түсіріп, жеткізе білуі; Логикалық талдау құзіреттілігі –маман ретінде өз пәніне қатысты білімін жүйелі талдау арқылы көрсете білуі; өз ақыл-ойымен жеке тұжырымы мен көзқарасын танытуы; қызметтік міндетін орындау арқылы өзін өзі таныту қабілетінің көрінуі; өзіндік дамудың болуы; пәндік білім бойынша дүниетанымы мен ой-өрісінің тереңдігі. Бағыттық – пән бойынша білімін, пәннің ішкі кәсіби белгілерін салалық бағытқа негіздей білуі; кәсіби бағдар беруде қолдана білуі, теориялық ерекшеліктерін әдістемелік бағытта оқытуда айқындап алуы; оқытуда «жеңілден – ауырға; ауырдан – жеңілге» әдісімен тәжірибелік, теориялық талдама нәтижелерін қорыта білуі Білім алушыларды бағалау әдістері: аралық бақылау, емтихан, тест және ауызша тапсырмалардан тұрады.
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 3
  • Семестр 1
Top