Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
Ұлы дала тарихы
-
Ұлы Дала тарихының қоғамдағы рухани жаңғыру мен тарихи сананы қалыптастырудағы орны. «Арғы түркі – түркі – қазақ» қоғамының саяси-әлеуметтік құрылымы. Арғы түркі – түркі мәдениетінің дүниетанымдық мәні және әлемді түйсінуінің ерекшеліктері. Ұлы Жібек жолы Еуразия құрлығындағы мемлекеттер мен өркениеттердің мәдени сұхбаттастығы мен экономикалық байланыстарының алғышарты. Түркі-қазақ даласындағы араб-мұсылмандық өркениет. Қазақ халқының этногенезі мен ұлттық коды. Ұлы дала аумағындағы әскери өнердің қалыптасуы мен дамуы. Қазақ мәдениетінің тарихи-әлеуметтік негіздері мен мәдени-құндылықтық астарлары. Ұлы даладағы өнегелілік тағылымдар, тәлім-тәрбиелік дәстүрлер, құқықтық ережелер. Ұлттық идеяның тарихи-әлеуметтік негіздері. Би-шешендердің дүниетанымы мен ойтолғау ерекшеліктері және батырлар институты. Патшалық Ресейдің Қазақстанда отарлау саясаты. Тәуелсіздік үшін күрес және ұлттық бірлік пен бірегейлік идеялары.Ұлы даланың ұлы тұлғалары.
-
Образовательная программа 6B01402 Бейнелеу өнері және сызу
-
Несиелер 3
-
Оқу жылы 1
-
Семестр 1