Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01402 Бейнелеу өнері және сызу в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, ерекшеліктерін және заңдылықтарын ғылыми тұрғыдан талдау және терең түсіну негізінде азаматтығын көрсету;
  • Философия, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану және психология туралы негізгі білімдерін ескере отырып, тұлғааралық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынастың түрлі салаларындағы жағдайларды бағалау;
  • Жеке, мәдениетаралық және өндірістік (кәсіби) қарым-қатынас мәселелерін шешу үшін қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрдегі қарым-қатынас жасау;
  • Жеке іс-әрекеттерде ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың әртүрлі түрлерін пайдалану: интернет-ресурстар, мобильді қызметтер бойынша іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және ақпаратты тарату;
  • Өмір бойы өзін-өзі дамыту және мансаптықта өсу үшін жеке білім беру траекториясын қалыптастыру, дене шынықтыру әдістері мен құралдары арқылы толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, салауатты өмір салтын қалыптастыру;
  • Көркем-айқындаушы құралдар және идея шығармашылық ізденістер арқылы көркем туындылардың мұнын талдау және талқылау мүмкіндігі, бейнелеу әрекет мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру, білімі, коммуникативтік дағдылары; критериалды оқытуды бағалау, игеру;
  • Оқу-танымдық үдерісінің сапасын қамтамасыз ету үшін жаңа тәсілдер мен технологияларды (мақсат қою, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, бағалау және т.б.) түсініп қолдана алады; Бейнелеу өнерін оқытуда теориялық білімдері мен негіздерін қолдану; эксперименттерді жоспарлау және олардың кәсіби қызметінің нәтижелерінде талқылау;
  • Мәдени-бұқаралық іс-шараларды, көрмелерді әртүрлі өнер туындылары бойынша ұйымдастыру және кәсіби біліктілігін дамыту;
  • Инклюзивті білім беру негіздерін, инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білімді қажет ететін балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамаларын және оларға қолдау көрсетуді білу және түсіну;
  • Компьютерлік графика және проекциялық амалдар мен әдістерді, заңдылықтарды және кеңістіктегі бейнені қабылдаудың негізгі графикалық тәсілдерін түсіну;
  • Заманауи бағыттар саласындағы көркем тәжірибелік және дизайнерлік жобалау жұмыстарда зерттеудің сапасын түсінікті көрсету;
  • Әртүрлі көркемдік жүйелердің даму теориясы мен тарихы туралы заманауи білімді игеру және оларды өзінің педагогикалық және шығармашылық қызметінде қолдануға қабілетті.
Top