Ғылыми зерттеу әдістері

  • "Ғылыми зерттеу әдістері" пәнінің мақсаты докторанттарура түлектерін педагогика саласында ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыруға дайындау, педагогикалық-психологиялық зерттеудің жалпы ғылыми әдіснамасы жөніндегі ұғымын қалыптастыру болып табылады. Пәнінің негізгі міндеттері: – докторанттарды ғылыми-зерттеу жұмысының мәнін тануға бағдарлау; – ғылыми - зерттеу жұмысының әдіснамалық негізін үйрету; – түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу біліктілігін қалыптастыру; – ғылыми ізденімдік эксперимент жасауды және оның нәтижелерін рәсімдеуді үйрету; – педагогикалық үрдіс барысында практикалық міндеттерді шешуде, зерттеу әдістерін қолдануды меңгеру құзырлылықтарын дамыту. Пәнді оқыту нәтижесінде докторант: әдіснамалық білімнің құрылымы мен қызметі туралы жалпы түсінікті; психологиялық-педагогикалық зерттеу және оның ғылыми аппаратының жүйелілік құрылымын; зерттеудің жалпы ғылыми және психологиялық-педагогикалық әдістерін; эксперименттің орындалу тәртібі және негізгі сипаттамасын, психологиялық-педагогикалық эксперимент барысында алынған мәліметтерді дәлелдей білетін болады. Ғылыми зерттеуді талдаудағы ептілік, ғылыми зерттеу жұмыстарының бағдарламаларының дербес құрастыра білу, түсіндіру, қорытындылау және зерттеу нәтижесін меңгереді.
  • Образовательная программа 8D01701 Қазақ тілі және әдебиеті
  • Несиелер 5
  • Оқу жылы 1
  • Семестр 2
Top