Технологиялық жабдықтарды монтаждау, пайдалану және жөндеу

  • Технологиялық жабдықтарды монтаждау, пайдалану және жөндеу» пәні технологиялық жабдықтарды тиімді орналастыру, пайдалану және жөндеу қызметін ұйымдастыру үшін қажетті білімді қалыптастырады. Пәнде орналастырудың өндірістік тиімділігі және пайдалану кезіндегі түрлі ақаулардың пайда болу себептері және оларды қалпына келтірудің әртүрлі жолдары мен тәсілдері зерделенеді. Машина жасау өндірісінің технологиялық жабдықтарын монтаждау, технологиялық машиналарды тиімді пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, өнеркәсіптік кәсіпорын учаскесі жабдықтарының ырғақты және үнемді жұмысын қамтамасыз ету бойынша білім мен дағдыларды қалыптастыру. Технологиялық машиналар мен жабдықтарды монтаждау және пайдалану жөніндегі негізгі нормативтік құжаттарды, жұмыс істеп тұрған өндіріс жағдайында техникалық бақылау әдістерін зерделеу.
  • Образовательная программа 6B07103 Машина жасау
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 4
  • Семестр 1
Top