Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B07103 Машина жасау в Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Қазақстанның тарихи дамуының заңдылықтары мен өзіндік ерекшеліктерін; тұлғааралық, әлеуметтік және кәсіби коммуникацияның әр түрлі жағдайларын әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану және психологияның базалық білімін ескере отырып, ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде сипаттау, сондай-ақ академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын ұғыну.
  • Табиғатта, әлеуметтік және өндірістік салада болып жатқан құбылыстардың, процестердің физикалық мәнін; ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың түрлерін пайдаланып, философия негіздері білімімен қалыптасқан дүниетанымдық ұстанымдар тұрғысынан қоршаған ақиқатты түсіндіру және білімін көрсету.
  • Металдардың механикалық, физикалық, химиялық және технологиялық қасиеттерін ескере отырып, неғұрлым ұтымды материалдарды, пішіндерді, өлшемдерді, дәлдік дәрежелерін және беттердің кедір-бұдырлығын, сондай-ақ механикалық, термиялық және химиялық-термиялық өңдеу тәсілдерін, дайындау технологиясын және технологиялық процестерді таңдауда білімі мен түсінігін қолдану.
  • Қауіпсіздік пен экологиялықты ескере отырып, азқалдықты, экологиялық таза ресурсүнемдеуіш машина жасау технологиялары мен технологиялық процестерді, технологиялық жабдықтау құралдарын енгізуге және пайдалануға байланысты ұйымдастыру, басқару, қызмет көрсету сонымен қатар конструкциялар мен механизм элементтерінің беріктігін бағалау бойынша міндеттерді шешуде білімі мен түсінігін қолдану.
  • Классикалық математиканың, физика мен химияның, механиканың, гидравлика мен жылу техникасының, электротехникалық және электрондық құрылғылардың теориясы мен заңдарын, іргелі түсініктерін, кескіндерді салу әдістерін, сондай-ақ механизмдер мен машиналардың кинематикалық және динамикалық параметрлерін табу дағдыларын машина жасау өндірісін жобалау үшін теориялық және практикалық білімін қолдану.
  • Технологиялық процестерді жобалау үшін AutoCAD жүйесінің мүмкіндіктерін, стандарттау және сертификаттаудың актілері мен нормативтік құжаттарын, өзара алмасымдылықтың жалпы принциптерін, ауытқулар мен қондыруларды, сондай-ақ өңдеу дәлдігін; өлшеу, сынау және бақылау құралдарын пайдалану.
  • Материалына байланысты бөлшектерді өңдеуде станоктардың жұмыс параметрлеріне, металл кескіш аспаптардың конструкциясына, кесу режиміне, бұйымды жасаудың өндірістік циклына өзгерту жасау.
  • Экобиоқорғау мен өртке қарсы техниканың пайдаланылуын және еңбек қауіпсіздігі, өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қолдана отырып, өндірісті ұйымдастыру үшін, қолданыстағы машина жасау технологиясын сыни талдау және тексеру үшін ақпаратты жинау мен түсіндіруді жүзеге асыру.
  • Өндірістің экономикалық тиімділігін, дайындама әзірлеу технологиясының және конструкциялық материалдардың дұрыс таңдалуын; металлкескіш станоктарды пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу ережелерінің сақталуын негіздеу.
  • Өндірістің ұйымдастырылуын және өнім сапасын, машиналар мен механизмдер бөлшектерінің беріктігін, технологиялық процестердің техника-экономикалық тиімділігін, тракторлар мен автомобильдердің, ауылшаруашылық, жол-құрылыс және мелиоративтік-құрылыстық машиналардың жаңа конструкцияларын бағалауда кәсіпкерліктің және ғылыми зерттеулердің негіздері мен әдістерін білу және оларды қолдану.
  • Кәсіпорынның әр түрлі жабдықтарға, гидропневматикалық, көтергіш-тасымалдауыш машиналарға қажеттілігін; құжаттама мен іскерлік хат алмасуды жүргізудің қазіргі заманауи әдістерін; өндіріске инновациялық технологиялық процестерді енгізуді жоспарлау.
  • Конструкторлық, технологиялық және эксплуатациялық құжаттамаларды, жаңа технологияларды; CAD жүйелерін және аддитивті технологияларды пайдаланып процестерді компьютерлік модельдеу әдістерін; кәсіпорынның бизнес-жоспарын; заманауи автоматтандырылған өндірістік процестерді; ТП АЖЖ пайдаланудың прогрессивті әдістерін әзірлеу.
  • Әртүрлі өнім түрлерін, жабдықтарды, жарақтарды, аспаптар мен құрылғыларды дайындаудың технологиялық процестерін; машина жасау өндірісін автоматтандыруды және цифрландыруды, автоматтандырылған кешендерді, икемді автоматтандырылған өндірістерді, үздіксіз ағынды өндірістік процестерді жобалау.
Top