Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
8D03202 Медиа және коммуникациялар в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты медиаиндустрия, бұқаралық коммуникация саласында әртүрлі әдістерді пайдалана отырып, медианың феномені мен коммуникация құралдарының ерекшеліктерін зерттеуге, медиакомпаниялар мен жобаларды талдауға, медиажобаларды монетизациялау стратегиясын әзірлеу мен жүзеге асыруға; кросс-медиа, транс-медиа заманауи ортада жұмыс істеуге, журналистік, басқару, продюсерлік, техникалық және технологиялық дағдыларды кәсіби үйлестіруге қабілетті жоғары білікті кадрларды сапалы даярлау болып табылады.
-
Академиялық дәреже Докторантура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 180
-
Білім беру бағдарламаларының тобы D067 Журналистика және репортер ісі
-
Білім беру саласы 8D03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
-
Дайындық бағыты 8D032 Журналистика және ақпарат
Пәндер
-
Академиялық жазу
Пәннің мақсаты – кәсіби бағыттағы академиялық мәтіндердің әртүрлі түрлерін құрылымдау қабілетін қалыптастыру. Зерттеу жобасын сипаттайтын авторлық академиялық мәтінді жасау. Курс мәтіндегі дәйексөздерді және пайдаланылған әдебиеттер тізімін дұрыс ресімдеуге үйретеді. Оқу қорытындысы бойынша білім алушы гипотезаны қалыптастыра алады, өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсына алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Цифрлық медиа және қоғам
Пәннің мақсаты – цифрлық технологияларды, цифрлық коммуникацияларды, зерттеу, талдау және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Мобильдік платформалар зерттеледі; цифрлық коммуникацияға мессенджерлер платформасын пайдалану; медиа агенттіктің жұмысында стратегиялық медиажоспарлау; programmatic құралдарының экожүйесі; цифрлық жобаларды басқару; тиімді бизнес-процестер, ресурстарды жоспарлау, сапа және нәтижелілік көрсеткіштерін бақылау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Виртуалды коғам және жасанды интеллект
Пәннің мақсаты – докторанттың виртуалды коғамдағы жасанды интеллектінің қатысуы мен оның цифрлық кеңістікте қолдану қабілетін зерттеу қабілетін арттыру. Цифрлық коммуникациялар нарығына жасанды интеллектінің әсері, вируталды медианың стратегиясы; зерттеу жұмыстары, мақсатты аудиторияны талдау, коммуникация арналары, нәтижелілік көрсеткіштері; әлеуметтік медиадағы жұмыс істеу құралдарын пайдалану стратегиясы қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстанның медиа жүйесі
Пәннің мақсаты - тарихи, әлеуметтік-саяси, экономикалық және ақпараттық-мәдени дамуын ескере отырып, Қазақстанның медиа-жүйесін зерттеуге қаржы тарту үшін докторанттардың инвестициялар тарту қабілеттерін қалыптастыру. Бұл курс Қазақстандағы медиа жүйесінің тарихы мен заманауи дамуымен, бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамның дамуына әсерімен таныстырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеудің әдістері
Пәннің мақсаты – ғылыми зерттеу жүргізу және оның нәтижелерін рәсімдеу қабілетін қалыптастыру. Зерттеу әдістемесінің негізгі ұғымдары, зерттеу жұмысының тәсілдері мен әдістері, Ғылыми білімнің сипаты мен оның функциялары, диссертациялық жұмыстың орындалуын жоспарлау мен ұйымдастыру зерттелетін болады. Пәнді меңгеру нәтижесінде докторант стандартты алгоритмдер мен ғылыми әдістерді қолдана алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Жаһандық коммуникация
Пәннің мақсаты – жаһандық, өңірлік және локалдық коммуникацияны зерттеу, талдау қабілетін қалыптастыру. Осы курс жаһандық коммуникация тенденцияларымен, пішін және түрлерімен, ақпараттық жаһандану процестерімен, оның оң және кері тұстарымен, түрлі елдер мен құрлықтардың қоғамдық дамуына ықпалымен, технологиялық, биогендік, экологиялық, психологиялық, нейрофизиологиялық ықпалымен таныстырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Интеграциялық коммуникациялар және медиа
Пәннің мақсаты – докторанттарда Қазақстанның медиа саласын, интеграциялық коммуникация үдерістерін зерттеу, бұқаралық коммуникацияны талдау қабілетін қалыптастыру. Әр елдің, аймақтардың коммуникациялық мектептерінің теориялары мен концепциялары, қазіргі коммуникологияның жаңа форматтары, тенденциялары зерттеледі, әр ақпараттық революция кезіндегі бұқаралық коммуникацияның ерекшеліктері, коммуникация тарихы қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Коммуникациялық зерттеу әдістері
Пәннің мақсаты – бұқаралық коммуникацияны зерттеу, талдау, бұқаралық медианың социологиялық сауалнама жүргізу әдістерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Осы курс цифрлық технологиялар, әлеуметтік желілер, жаһандық геосаясат проблемалары, ақпараттық соғыстар, киберқауіпсіздік мәселелерінің ықпалы артып келе жатқан кезеңдегі бұқаралық коммуникацияның талдау әдістерімен, коммуникацияның қоғамдық дамуға, қоғамдық пікірге ықпал ету әдістерімен таныстырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Медиа өнімдерді әзірлеу, креативті идеяларды іске асыру және медиа және коммуникация саласындағы жобаларды басқару.
- Коммуникативистикада коммуникацияның түрлі амалдарын практикалық қолдануда коммуникология, медиалогия саласында жаңа идеялар мен концепцияларды жобалау, генерациялау.
- Әлемдік ғылымда қолданылатын коммуникацияны зерттеу тәсілдерін практикада қолдану; ғылыми сараптама жүргізу.
- Коммуникациялық жобалардағы деректерді талдау, өзіндік болжамдарды ұсыну және мәселелерді шешуге арналған жоба немесе ғылыми зерттеудің жоспарын ұсыну.
- Медиакомпанияның даму стратегиясын әзірлеу; медиа және коммуникациялық индустрия өкілдерінің қолданбалы мәселелерін шешуге арналған идеялар ұсыну.
- Инвестициялар тартуға арналған коммуникациялық науқандарды жүргізу, мақсатты аудиторияға лайықты медиатасымалдаушыларды талдау; интерактивті әлеуметтік алмасулар және әлеуметтік желілер арқылы аудиторияны тарту.
- Медиа өнімдерді әзірлеу процесінде қоғамның түрлі сегменттері, ұйымдары, мекемелерімен табысты қарым-қатынас орнату.
- Қоғамның ртүрлі салаларын дамытуда зерттеудің коммуникациялық, желілік, мобильді, электронды, баспа әдістері әсерінің тиімділігін болжау.
- Шығармашылық ұжымдарды басқару, қызметкерлерді белсенді шығармашылық қызметке ынталандыру.
- Педагогикалық этика ережелеріне сай жоғары оқу орындарында инновациялық технологияларды пайдалана отырып дәріс/семинар сабақтарын өткізу.
- Әлеуметтік, жалпыадамзаттық, ұлттық жоғары құндылықтарды бейімді болу.
- Медиа және коммуникация саласындағы жобаларда топтық, пәнаралық командада жұмыс істеу, әлеуметтік және этикалық міндеттерді орындауда өзгелердің пікірін тыңдау, сонымен қатар аталмыш саладағы ғылыми проблемаларды шешу жолдары туралы өз пікірін қорғай білу.