Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D01504 Биология в QYZPU

Пәндер

  • Академиялық хат

    Пән ғылыми бағыттағы түрлі мәтіндерді (ғылыми мақала, баяндама, пікірлер, әдеби шолу, эмпирикалық мақала және т.б.) жазу дағдыларын қалыптастыруға, олардың ерекшеліктері мен құрылымдарын жан - жақты меңгертуге бағытталады. Сондай-ақ ғылыми мәтіндер жазу үшін тақырып таңдаудан бастап, оны жариялау барысындағы барлық жазылым үдерісінде кездестін мәселелерді қамтиды. Докторанттар пәнді оқу арқылы сыни ойлау, жүйелі жазу, ғылыми дискурс құра алу, сыни оқылым, талдау, бағалау сияқты қабілеттерін арттырады. Халықаралық деңгейдегі рейтінгісі жоғары журналдардағы ғылыми мақалалардың құрылымымен, стильдерімен танысады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Білім алушының ғылыми зерттеу жұмысын тиімді жазуына қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін Ғылыми зерттеу әдістері пәні зерттеу туралы түсініктен бастап, әртүрлі ғылыми мәтіндерге жан-жақты талдауды жүзеге асырады. Зерттеу жұмыстарына талдау жүргізіліп, олардың әдіснама бөлімінің жазылуына тоқталады. Докторантқа өз зерттеу саласына байланысты осы кезеңге дейінгі жинақтаған тәжірибесі мен білімін ұштастыра отырып, өзіне қолайлы деп санайтын зерттеу жоспарын құруға мүмкіндік жасалынады. Сонымен қатар зерттеу жұмысының дизайнында қамтылатын зерттеулер жиынтығы жөнінде жан-жақты мағлұмат беріледі. Осы арқылы докторанттың зерттеу жұмысының жүйелі жазылып шығуына ықпал етіледі және өзге де ғылыми зерттеу әдістері туралы мағлұматтардан хабардар болады. Сондай-ақ сандық, сапалық, аралас зерттеу әдістерінің қолданылуы, деректерді жиналу жолдары, зерттеу әдебі, деректерді талдау сияқты зерттеу үдерісі барысына қажетті ақпараттар туралы білімдерін жетілдіретін болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Талдаудың статистикалық әдістерін тереңдетіп зерттеу

    Статистика әртүрлі салалардағы түрлі міндеттерді шешу үшін пайдаланылуы мүмкін қуатты құрал болып табылады. Статистикалық әдістер іріктемеден алынған деректер негізінде объектілердің жиынтығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Олар объектілердің жиынтығын сипаттау, ауыспалылар арасындағы өзара байланыстарды талдау, болжау және шешім қабылдау үшін пайдаланылады. Деректерді статистикалық талдаудың заманауи әдістерін және оларды ғылыми зерттеулерде пайдалануды қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Заманауи ботаниканың өзекті мәселелері

    Өсімдіктер систематикасын яғни, флористика және ботаникалық географияны зерттейді. Флористика белгілі бір аумақта өсімдіктер қауымдастығын зерттейді. Ботаникалық география жер шарында өсімдіктердің таралу ерекшеліктерін зерттейді. Тарихи ерте және қазіргі заман кезеңінде өсімдік жамылғысын қалыптастыру процестерін зерттеу, тану.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Биотехнология және бионанотехнологияның өзекті мәселелері

    Өсімдіктердің өсуі мен дамуының фитогормональды реттелуі. Өсімдік жасушаларын өсіру және олардың ерекшеліктері. Өсімдік жасушаларын өсіру және олардың ерекшеліктері. Өнеркәсіп үшін метаболиттер жасушаларының биотехнологиясы. Өсімдіктер селекциясындағы жасушалық технологиялар. Өсімдіктердің микроклональды көбеюі. In vitro мәдениетінде өсімдіктердің гендік қорын сақтау. Өсімдіктердің гендік инженериясы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Биологиялық білім беру мен ғылыми зерттеудегі инновациялық технология

    Инновациялық технологиялар жайлы білім беру және инновациялық әдістерді оқу үдерісінде және ғылыми зерттеулерде пайдалану, сонымен қатар технология әдістерін меңгеру. Оқыту үдерісіне инновациялық технологияларды ендіру, ғылыми болжамдарды өңдеу және жинақтау, педагогикалық зерттеулер әдістері мен ғылыми зерттеу нәтижелерінің теориялық негіздері мен мәліметтер базасынмен жұмыс жасау қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Молекулалық биология және гендік инженерия

    Тірі жасушалардың құрылысы мен қызмет етуінің негізгі фактілерімен, заңдары мен принциптерімен, сондай-ақ гендік инженерия әдістері мен принциптерімен танысу. Ақуыздар мен нуклеин қышқылдарының құрылымы мен қызметін, гендік инженерия принциптері мен әдістерін және оны молекулалық биотехнология мен медицинада қолдануды зерттеу. Молекулалық биология тұрғысынан шешілмеген биологиялық мәселелер талқыланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6

Оқыту нәтижелері

  • Докторанттар өздерін жаһандық азаматтар және цифрлық қоғамның жауапты мүшелері ретінде таниды, цифрлық ақпарат пен технологияларды қауіпсіз пайдалануға, этикалық және құқықтық стандарттарды сақтауға ықпал етеді.
  • Докторанттар өзін-өзі реттеу қағидаларын пайдаланады, өмірдің барлық жағдайына төзімді, белсенді өмір салтын ұстанады, жаңа білімге деген ашықтығын көрсетеді, ақпаратты алу және талдау үшін зерттеулік қызығушылық танытады.
  • Докторанттар әртүрлі қауымдастықтарда 3 тілде де жеңіл байланыс орната алады, идеяларды тиімді жеткізу дағдыларын меңгерген, топты басқара да және оның бір бөлігі де бола алады, инклюзивті орта құра алады, жаңа білімге бейімді және ашық.
  • Ғылыми жұмыстар стилінің жазбаша ерекшеліктерін, академиялық мәтінді дайындау, рәсімдеу және редакциялаудың негізгі принциптерін, ережелерін, стандарттарын зерттеу нәтижелерін қорытындылауда қолданады;
  • Инновациялық идеяларды пайдалана отырып биологиялық зерттеулер әдістемесінің ғылыми негіздерін талдайды;
  • Жаратылыстану ғылымдары білімінің интеграция процесін, логика жүйесін және ғылыми зерттеу әдістерін анықтайды;
  • Заманауи ботаниканың, микологияның өзекті мәселелерін талдау жолымен терең ғылыми негізделген білімді қалыптастырады
  • Нанокластерлік құрылымдарды, молекулалық биология мен гендік инженерияның заманауи жетістіктерін қолдану мүмкіндіктерін болжайды
  • Биологиялық білім беруде заманауи парадигмалар мен инновациялық технологияларды және ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерін кәсіби деңгейде қолданады
  • Әлемнің жаратылыстану-ғылыми бейнесін танудағы ғылыми көзқарастардың, іргелі және қолданбалы ғылымдар арасындағы байланыстардың маңыздылығын нақтылайды.
Top