Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
Жаңа материалдарды жобалау және модельдеу
-
Квантты-химиялық моделдеу әдістері конденсірлі күй физикасында атомды-молекулалық процестерді яғни көп бөлшекті жүйелерді сипаттаудың, болжаудың, бағалаудың заманауи тәсілдерінің бірі болып табылады. Квантты-химиялық моделдеу мультифункционалді жаңа материалдардың физикалық және химиялық, электрондық қасиеттерін сипаттауда эксперименттік, эмпирикалық және жартылай эмпирикалық зерттеу әдістерін қолданады. Пәнде кванттық физика, статистикалық физика, молекулалық механика, молекулалық динамика, сандық әдістер пәндері бойынша теориялық және эксперименттік білімдер кіріктірілген. Пән бойынша кванттық механикада қолданылатын негізгі жуықтаулар (Хартри-Фок әдісі, бірэлектронды жуықтау, көп электронды жуықтау, тығыздық функционалы теориясы (DFT)) және функционалдар теориясы қарастырылады. Практикалық сабақтар квантты-химиялық моделдеу әдістерін іске асыратын қолжетімді бағдарламалар VASP, MOPAK, SAGE MD бағдарламаларымен, ал көпбөлшекті жүйелерді визуализациялау VESTA, Orign бағдарламаларымен іске асырылады
-
Образовательная программа 7M05301 Физика
-
Несиелер 4
-
Селективті тәртіп
-
Оқу жылы 1
-
Семестр 2