Комплекс айнымалы функцияның теориясы

  • «Комплекс айнымалы функциялар теориясы» пәні - айнымалы шамаларды зерттеудің іргелі тәсілдерімен танысу, бұл тәсілдер ақырсыз аз шамалардың талдауына және комплексті сандар өрісінің қасиеттерін пайдалануға негізделген. Бұл пәнде зерттеу объектісі ретінде ең алдымен бір комплексті айнымалы аналитикалық функциялар алынады. Комплексті айнымалы функциялар теориясы математикалық талдау, жоғары алгебра және аналитикалық геометрия пәндеріне негізделеді де «Функционалдық анализ», «Дифференциалдық теңдеулер», «Математикалық физика теңдеулері», «Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика» пәндеріне негіз болады. Студент «Комплекс айнымалы функциялар теориясы» пәнінің негізгі ұғымдары мен әдістерін үйреніп, маңызды анықтамаларды, теоремаларды және негізгі формулаларды біліп, теоремаларды өзінше дәлелдей алатын және нәтижелерін есеп шығаруға қолдана алатын болып шығады.
  • Образовательная программа 6B01501 Математика
  • Несиелер 5
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 4
  • Семестр 1
Top