Элементтер химиясы

  • Пән элементтердің жалпы сипаттамасын, физикалық, химиялық қасиеттерін, олардың қосылыстарын оқытады. Білімгер периодтық жүйенің VII-A, VI-A, V-A, IV-A, III-A топшасында орналасқан элементтердің физикалық және химиялық қасиеттерін анықтаудың, периодты өзгеруіне байланысты химиялық реакциялардағы қасиеттерін зерттеудің практикалық дағдыларын меңгереді. Бейметалдардың қасиеттері мен реакциялық қабілетін зерттеу үшін химиялық тәжірибелер жүргізіп, байқалған өзгерістер бойынша қорытындылап, тұжырымдайды. Металдардың және олардың қосылыстарының құрамы, құрылысы мен қасиеттерінің периодтық заңға негізделген өзара байланысы туралы білімді қалыптастырады. Білімгер периодтық жүйедегі І, ІІ, ІІІ негізгі топша элементтері және d-элементтері, f-элементтерінің құрылысы мен олардың физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу үшін химиялық тәжірибелер жүргізіп, алынған нәтижелерді өңдеп, тұжырымдайды. Элементтердің қасиеттері бойынша реакция өнімдерін анықтау дағдыларын қалыптастырады.
  • Образовательная программа 6B01503 Химия
  • Несиелер 8
  • Оқу жылы 1
  • Семестр 2
Top