Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B01503 Химия в Шымкент университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Ұлттық біліктілік жүйесі мен еңбек нарығы талаптарына сай негізгі кәсіби құзіреттіліктерді меңгерген бәсекеге қабілетті, химия ғылымы саласындағы өзекті мәселелерді шеше алатын химия мұғалімдерін даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Шымкент университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B012 Химия мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және Химия
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Бейорганикалық химияның теориялық негіздері
Химиядан есептер шығару әдістемесі
Жоғары математика
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Кванттық химия
Элементтер химиясы
Заттар құрылысы
-
2 Оқу жылы
Кристаллохимия
Экономика және құқық
Комплексті қосылыстар
Кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық
Органикалық химияның теориялық негіздері
Педагогика
Алифатты қосылыстардың органикалық химиясы
Химияны оқыту әдістемесі
Химияны оқытуды жасанды интеллектті қолдану негіздері
Бағалаудың критериалды технологиялары
Аналитикалық химия
-
3 Оқу жылы
Органикалық молекулалардың функционалды туындыларының химиясы
Ғылыми-зерттеу жұмысты ұйымдастыру және жоспарлау
Физикалық және коллоидты химия
Тұрақты даму мақсаттары: (инклюзивті білім беру, тұрақты даму, сыбайлас жемқорлық, ғылыми зерттеу, тіршілік қауіпсіздігі мен экология)
Кәсіби бағытталған шетел тілі
Химия пәні бойынша білім алушылардың жобалық қызметін ұйымдастыру
Органикалық заттардың физикасы мен химиясы
Химиялық кинетика және катализ
Биохимия
Химиядағы STEM білімі беру
Химияны оқытудың интербелсенді әдістері
Химиядағы цифрлық технологиялар
Полимерлер химиясы
Биоорганикалық химия
Химиялық синтез
Жоғары молекулалы қосылыстар химиясы
-
4 Оқу жылы
Электрохимия негіздері
Тотығу-тотықсыздану реакциялары
Мектепте химияның құрылымдық-мазмұндық бөлімдерін оқыту
Инновациялық технологиялар және мектепте химияны оқыту процесін ұйымдастыру
Казіргі химия жетістіктері
Химиялық экология
Мектепте химиялық эксперимент жүргізу әдістемесі
Жасыл химия
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Химия ғылымының базалық идеялары мен заманауи әдістер жүйесіне негізделген білімі мен түсініктерін көрсете білу
- Оқушының тұлғалық дамуын қалыптастыру мен өзінің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында өмір бойы білім алуға дағдыландырады;
- ғылымның қазіргі жай-күйін және өзгеріп отыратын әлеуметтік жағдайды ескереді, жинақталған тәжірибені асыра бағалай алу, ғылыми зерттеулердің әдістерін және академиялық хатты біледі және оларды оқытатын салада зерттейді;
- Зерттеу мақсаттарын сауатты түрде қойып оны орындау, ғылыми негізделген шешімдерді қабылдай білу, педагогикалық экперименттің нәтижелерін есепке алып алынған қорытындыларды нақты түрде талдай алады;
- критериалды бағалаудың, диагностикалаудың, қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасаудың технологияларын талқылайды
- Химиялық заңдылықтар мен тұжырымдарды дәлелдеу мен ой-қорытулар жасауда, мәселелерді шешуде сыни тұрғыдан қарау және жүйелі ойлау негізінде білімін практикада қолданады;
- Пәнді оқытуда АКТ-ны және цифрлық білім ресурстарын пайдаланады;
- пәннің нақты өмірдегі, ғылымдар жүйесіндегі орны мен рөлін дәйектей біледі;
- инновациялық технологияларды оқытудың мақсат-міндеттеріне және оқушылардың дара ерекшеліктеріне сәйкес жіктейді, инновациялық білім беру технологиялары мен пәндердің пәндік мазмұнын біріктіре отырып, заманауи сабақты құрастырады;
- академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын бағалайды.
- Экономика және қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу бойынша білімдерін көрсетеді, жеке адам мен қоғамның экономикалық қызметіндегі этикалық нормалар мен моральдық құндылықтардың мәнін түсінеді. Қаржылық және бизнесті жоспарлау және ұйымдастырудағы бастапқы дағдыларын қалыптастырады, қоғамның экономикалық өміріндегі көзқарастарын дамытады.