Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
Қарахан дәуір әдебиеті
-
Әдебиет — қоғам тарихы, адамзат тарихы. Қазақ мәдениетінің, әдебиетінің топырағы бір бастау арнасы -ежелгі түркі дәуіріндегі өркениет мұралары. Ол дәуірді қанша алыстатып, перделегенмен дүние жүзіне әйгілі түркітанушы ғалымдар, мамандар, қазақ зиялылары әркез тиісті дәрежеде көңіл қойып, зерттеп, тұтас бір рухани даму өзегін үзбей жалғастырып отырды. Бір кезде, «пантүркілік бағыт» деген желеумен тежеліп қалған бұл ғылыми сала соңғы жиырма-отыз жылда қайта жаңғырып соны өріске шықты. Заманында, сол бір саяси астармен жүргізілген «пантүркілікке» қарсылық күллі әдеби, мәдени, ғылыми даму жолына көлеңкесін түсіреді.
-
Образовательная программа 6B01702 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
-
Несиелер 6
-
Селективті тәртіп
-
Оқу жылы 1
-
Семестр 2