Көркем мәтінді лингвистикалық талдау

  • Көркем дүние тілін танудың басты міндеті ˗ шығарма тілі автордың айтпақ идеясына сай келе ме дегенді анықтау, жазушы өрнегін, қолтаңбасын айқындау.Қаламгер, сөз өнерінің бастауын жалпы халықтық тілден алатындығы ақиқат. Жазушының сөз өрнегін келісті сала білуі, қаламгердің даралық стилін, тіл өзгешелігін, шеберлігін танытады. Көркем тіл стилі оқырманға эмоционалды, бейнелі, яғни эстетикалық әсер ету функциясын атқарады. Жазушылар өз шығармаларында троптың түрлерін құбылта қолдану және семантикалық категориялардың мағыналық реңктерін орнымен жұмсау, фразеологизмдерді тақырыптық мағыналық жағынан сұрыптап суреттеу тәсіліне енгізу ˗ міне, мұның барлығы суреткер үшін әрі шеберлік, әрі азаматтық міндет.
  • Несиелер 4
  • Селективті тәртіп
  • Оқу жылы 4
  • Семестр 2
Top