Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
Дефектология негіздері
-
Оқытылатын мәселелер: дефектология ғылымының объектісі, пәні, міндеттері мен негізгі ұғымдары; ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері; ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жалпы сипаттамасы; ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы тәрбиелеп отырған отбасымен жұмыс; дамуында проблемалары бар баланы оқытудың жеке траекториясын айқындауға сараланған тәсілдің маңызы; зияткерлік дамуы бұзылған балалардың ерекшеліктері; сенсорлық кемістігі бар балалардың; сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың ерекшеліктері; тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың ерекшеліктері; мінез-құлқы бұзылған, күрделі ақаулары бар балалардың ерекшеліктері. Қалыптастырылатын құзыреттер: ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сараланған және интеграцияланған оқыту ұғымын қалыптастыру; даму бұзылыстарының негізгі сыныптамаларын білу; ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың даму ерекшеліктерін білу; арнайы педагогиканың негізгі категориялық аппаратын пайдалана білу және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен қарым-қатынасты қалыптастыру дағдылары.
-
Образовательная программа 6B01902 Дефектолог-мұғалім, арнайы педагог
-
Несиелер 5
-
Оқу жылы 1
-
Семестр 2