Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B11103 Қонақ үй және мейрамхана ісі в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Орналастыру орындары мен мейрамханаларда қонақтарға қызмет көрсету дағдыларын, сонымен қатар қонақ үй мен мейрамханалық кәсіпорындардың қызметтік бөлімдерінің әрекетін тиімді ұйымдастыра алатын бакалаврларды дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B093 Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі
-
ҰБТ-дағы пәндер География және Шетел тілі
-
Білім беру саласы 6B11 Қызмет көрсету
-
Дайындық бағыты 6B111 Қызмет көрсету саласы
Пәндер
-
Қонақжайлылық индустриясының негіздері
Бұл курс қазіргі жағдайдағы қонақжайлылық индустриясының даму ерекшеліктерін қарастыруға бағытталған, қонақ үй және мейрамхана саласында қолданылатын негізгі терминологияның мазмұнын ашады. Пән қазіргі қоғамдағы қонақжайлылық индустриясын дамытудағы негізгі түсініктерді қалыптастыруға бағытталған
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мейрамхана және қонақ үй бизнесіне кіріспе
Бұл курс қонақ үй-мейрамхана бизнесінің қалыптасу ерекшеліктерін, қонақ үй және мейрамхана қызметі нарығының даму ерекшелігін және заманауи жағдайда қонақ үй және мейрамхана кәсіпорындарының қызмет етуінің негізгі шарттарын қарастырады. Пән білім алушыларда заманауи қонақ үй және мейрамхана кәсіпорындарының даму және қызмет ету ерекшеліктері саласындағы теориялық түсініктерді қалыптастыруға бағытталған
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қонақ үй және мейрамхана сервисі
Бұл курс білім алушыларды қонақ үй және мейрамхана кәсіпорындарында көрсетілетін қызметтерді сервистік сүйемелдеу ерекшеліктерімен таныстырады. Пән қонақ үй және мейрамхана сервисі саласында теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыруға, білім алушыларды кәсіби қызмет саласындағы құзыреттілікті игеру аясында басқа пәндерді оқытуға дайындауға бағытталған
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ұлттық тағамдар мен сусындар
Студенттерді ұлттық және шетелдік асүйдің технологиясы мен ерекшеліктерімен таныстырады. Әлемнің әр түрлі халықтарының тағамдарын дайындау технологиясының ерекшеліктерін қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер азық-түліктерді өңдеу технологиясының ерекшеліктеріне, жылу өңдеудің әртүрлі тәсілдеріне және өнімдердің әр түрлі үйлесімділігіне байланысты әр халықтың ұлттық тағамын анықтай алады
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Туристік макроаймақтардағы мінез-құлық мәдениеті
Курс әр түрлі туристік макроөңірлердегі халықтың дәстүрлі құндылықтары мен мәдени мұрасының ерекшеліктерін зерттейді. Пән білім алушыларда туристік аймақтардағы мінез-құлық мәдениеті туралы түсініктерді қалыптастыруға бағытталған. Жергілікті халықтың мәдени-тарихи құндылықтарына құрмет көрсету дағдыларын дамытады
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Front оffice менеджмент
Қонақ үйдегі Front Office қызметінің ерекшеліктерін қарастырады, атап айтқанда қонақ үйде нөмірлерді резервтеу, қонақтарды тіркеу және оларды орналастыру, қонақтардың келуі мен кетуінің есептік жазбаларын жүргізу және т.б. қызметтерді сипаттайды. Пән қонақтардың келуі мен кетуі шеңберінде оларға қызмет көрсетудің теориялық білімі мен практикалық дағдыларын қалыптастырады
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бар ісі және эногастрономия
Пән білім алушылардың түрлі типтегі және сыныптағы барларда қызмет көрсету бойынша теориялық білімдер мен практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Бұл пәнді оқу кезінде студенттер эногастрономия саласындағы негізгі терминдер мен анықтамаларды, бар қызметін көрсетудің қазіргі заманғы технологиясын, бар ыдыстарының түрлері мен, құрал-жабдықтарын, бар картасын құрастыру мен рәсімдеу және т. б. қызметімен танысады
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Номерлік қорды жабдықтау және басқару
Нөмірлік қорды басқарумен айналысатын қонақ үй бөлімшесі қызметінің ерекшелігін қарастырады. Нөмірлерді брондау, туристерді қабылдау, оларды тіркеу және нөмірлер бойынша орналастыру, туристерге номерлерде қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, нөмірлердің қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайын және тұрғын үй-жайлардағы жайлылық деңгейін қолдау, қонақтарға тұрмыстық қызмет көрсету саласында теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыруды көздейді
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мейрамханалардағы дастарханды рәсімдеу және қызмет көрсету мәдениеті
Бұл пән интерьер эстетикасының, қызмет көрсетуге қолайлы жағдай жасау, асхана ыдыстарының, аспаптардың, асхана киімдерінің жеткілікті санының, қызмет көрсетудің этикалық нормаларының болуын қарастырады. Әр түрлі тағамдар мен сусындарды ұсыну мен босатудың арнайы ережелерін, сондай-ақ оларды ұсынудың техникалық дағдылары мен тәсілдерін, сондай-ақ үстелді рәсімдеудің негізгі ережелерін қарастыруды көздейді
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қонақжайлықтағы қызмет ету этикасы
Пән қонақ үй этикетінің ерекшелігін, қонақжайлылық индустриясындағы кәсіби қызмет аясында іскерлік қатынастарды қалыптастыру мәдениетін зерделеуге бағытталған. Қонақтарды қарсы алу, оларды алып жүру және нөмірлерге орналастыру, сондай-ақ қосымша қызмет көрсету этикасының негізгі нормаларын қарастырады. Кәсіби этика нормаларына сәйкес мемпериимия индустриясында клиенттерге қызмет көрсету дағдыларын қалыптастырады
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мейрамхана және қонақ үй ісіндегі брондау және резервтеу
Қонақ үй және мейрамханалық қызмет көрсету саласында брондау және резервтеу технологияларымен жұмыс істеу тәртібін қарастырады. Амадеус, Галилео, Фиделио, Сабрэ және т. б. автоматтандырылған жүйелердегі жұмыс ерекшелігін қарастырады
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Іскерлік мәдениет
«Іскерлік мәдениеті» пәні студенттерді іскерлік қарым-қатынастың негізгі стратегиясы мен тактикасын таныстырады, әр түрлі сөйлеу жағдайларында түрлі деңгейдегі бизнес-серіктестермен кәсіби қарым-қатынас жасаудың сенімділігі мен тиімділігін қамтамасыз етеді. Үш тақырыптық блоктардан тұрады: байланыс мәдениетінің негіздері; ауызша іскери қарым-қатынас (диалогтық жанрлар, дау-дамай); Қазақстан Республикасының стандарттарына сәйкес басқару құжаттары
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қонақ үй экономикасы
Қонақ үй және мейрамхана саласы кәсіпорындарының экономикалық қызметінің ерекшеліктеріне байланысты сұрақтарды шешуге мүмкіндігі бар жан-жақты мамандарды даярлауға арналған. Пәнді оқу шеңберінде білім алушыда кәсіпорынның экономикалық қызметін талдау және тиімді экономикалық шешімдерді қабылдау дағдылары қалыптасады
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мейрамхана және қонақ үй бизнесіндегі сервистің электрондық және сандық технологиялары
Ақпаратты жинау және өңдеу процесінде студенттердің цифрлық технологияны пайдаланудағы білімдерін, дағдыларын, құндылықтарын және құзыреттіліктерін алу. Сонымен қатар пәнді оқу шеңберінде қызмет көрсету саласында қолданылатын электронды және сандық жүйелердің сипаттамасы қарастырылады
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік және бизнес
Теориялық, ғылыми және практикалық білім арқылы «Кәсіпкерлік және бизнес» пәні студенттерге бизнес жоспар жасауға, оны ұйымдастыруға және жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар кәсіпкерлік қызмет жүйесінде нақты және туындайтын мәселелерді шешу үшін құқықытық, экономикалық, басқару мен ұйымдастыру мәселелрін шешудің ғылыми – перактикалық ойлау жүйесін қалыптастырады
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мейрамханаларда азық-түлік тауарларды есепке алу
Азық-түлік тауарларын реттеу саласында теориялық білім мен практикалық іскерлікті қалыптастыруды, азық-түлік тауарларының классификациясы, ассортименті мен сапасын сараптау принциптерін қарастырады. Тамақ өнімдерінің сапасын қамтамасыз ету ерекшеліктерін, сондай-ақ жартылай фабрикаттарды өндірістік процеске тарту тәртібін қарастырады
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Цифрлық технологияларды салалар бойынша қолдану
Пән қолдану салалары бойынша ҚР «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын ендіру және жүзеге асырудың кезеңдерін, электрондық туристік қызметтерді көрсетудің цифрлық платформаларын, қонақ үй және туристік бизнесте цифрлық технологияларды ендіру, қолдану жолдарын қарастырады
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мейрамхана және қонақ үй бизнесіндегі эккаунтинг
Мейрамхана және қонақ үй бизнесінде, қызмет ету ерекшеліктерін ескере отырып, эккаунтингті ұйымдастырудың және жүргізудің теориялық негіздерін қарастыруға бағытталған. Пән келесі мәселелерді қарастырады: мейрамхана және қонақ үй саласындағы эккаунтингтің мәні мен ерекшелігі, қонақтарға қызмет көрсету үдерісіне қатысатын азық-түлік және өзге де ресурстарды есепке алуды ұйымдастырудың негізгі принициптері, есеп жүргізу алгоритмі және т. б.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қонақ үй бизнесіндегі МІСЕ қызметтер
Нарықта тартымдылықты арттыру мақсатында қонақ үй және мейрамхана қызметінде MICE қызметтерін ұйымдастыру және жүзеге асырудың негізгі принциптері мен функцияларын қарастырады. Ойын-сауық және іскерлік іс-шаралар өткізу саласындағы қызметтерді дайындау және іске асыру әдістемесі мен техникасын қарастырады. Клиенттердің сұраныстарына бейімделген MICE қызметтерін әзірлеу дағдыларын қалыптастырады
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 8
-
Рухани жаңғыру
Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қоғамның рухани дамуының басымдықтары айқындалып, бағдар берілді. Рухани жаңғыруды жедел жүзеге асыру міндеті қойылды. Қазіргі заманның талабына сәйкес қоғам дамуының іргелі қағидасының бірі жастардың білімге, прагматизмге, бәсекеге қабілеттілікке деген ұмтылыс болуы қажет. Білім алушылардың зердесі мен санасының ашықтығы – рухани жаңғыруды тиімді жүзеге асырудың басты шарты болып табылады
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қонақжайлылық индустриясындағы қызметтерді ұйымдастыру және қызмет көрсету технологиясы
Қонақжайлылық саласындағы қызметтерді ұйымдастыру процесінің ерекшелігін, сондай-ақ қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарында клиенттерге қызмет көрсету технологиясының ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. Қонақжайлылық саласында қызмет көрсету, сондай-ақ қарсы алу, қонақтарды орналастыру аясында қызмет көрсету және оның бос уақыты үшін жағдай жасау бойынша практикалық дағдыларын қалыптастырады
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қонақжайлылықтағы операциялық басқару
Пән қонақ үй кәсіпорындарының қызметін басқарудың негізгі үрдістерін жүйелі талдауды қарастырады. Пәннің негізгі міндеттеріне мыналар жатады: саланың қазіргі даму тенденциялары мен ұйымдастыру аспектілерін талдау; қонақжайлылық кәсіпорындарындағы операциялық басқарудың ерекшеліктерін қарастыру; қонақ үй кәсіпорындарында өндіріс және қызмет көрсету үдерістерін басқарудың тиімді құрылымын құруда көшбасшылық, корпоративтік мәдениет және жүйелік тәсіл мәселелерін қарастыру
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экология негіздері және тіршілік қауіпсіздігі
Бұл курс қауіпсіздіктің кәсіби мәдениетін, экологиялық сананы, өзінің кәсіби қызметі саласында еңбек жағдайларын жақсарту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кәсіби білімді қолдануға дайындығын қалыптастырады. Сондай-ақ адамдардың тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін ұйымдастыру әдістерін меңгерудің теориялық және практикалық дағдыларын дамытады, оларды табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ, туристік қызметтеі өзге де жағдайлардан қорғау негіздерін қалайды. Оқу пәні туристік жорық жағдайында зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің практикалық негіздерін меңгеруді қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Отель және мейрамхана бизнесінде демалысты ұйымдастыру және анимациялық қызмет
Қонақ үй және мейрамхана бизнесіндегі анимациялық қызметтің негізін құрайтын негізгі ұғымдар кешенін, сондай-ақ қонақ үй және мейрамханалық қызмет көрсету саласындағы бос уақытты ұйымдастыру үшін қажетті базалық практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, қонақ үй өнімінің және мейрамхана қызметтерінің тартымдылығын арттыру мақсатында қонақтардың бос уақытын ұйымдастыру тәртібін қарастырады
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 8
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
"Қазақстан-2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер дәрежесіне көтереді. Бұл пәннің мақсаты ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын, соның ішінде туризм саласындағы заңнамаларды терең зерделеу болып табылады. Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты және кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастырады, сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасты тәрбиелейді
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Агломерация шарттарындағы отель және мейрамхана бизнесі
Студенттерді ірі агломерацияда қонақ үй және мейрамхана ісін дамытудың негізгі бағыттарымен таныстырады. Ірі қалалардың ортасына тән белсенді бәсекелестік орта жағдайында қонақ үй және мейрамхана қызметтерін көрсетудің практикалық дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Бұдан басқа, агломерацияның даму ерекшелігіне тез бейімделуге қабілетті қала шегінде шағын қонақ үй кәсіпорындарын ұйымдастыру ерекшелігін қарастырады
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Курорттық аймақтардағы қонақ үй және мейрамхана ісі
Студенттерді заманауи курорттық аумақтарда қонақ үй және мейрамхана ісін дамытудың негізгі бағыттарымен таныстырады. Курорттық аймақтың ерекшелігін ескере отырып, қонақ үй және мейрамхана қызметтерін көрсетудің практикалық дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Сонымен қатар, санаториялық және курорттық пассивті демалыс басым аумақтардағы қонақ үй және мейрамхана бизнесін ұйымдастыру ерекшелігін қарастырады
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кейтерингтік қызметтерді ұйымдастыру және жылжыту
Пән қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында қызмет көрсетудің негізгі әдістері мен түрлері саласында теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды, кейтерингтік қызметтердің түрі мен класына байланысты үстелдерді сервирлеудің ерекшеліктерін қалыптастырады. Кейтерингтік қызметтерді қазіргі заманғы жағдайларда дамыту ерекшелігін, сондай-ақ осы қызметтерді отандық нарықта жылжыту әдістерін зерделеуді көздейді
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қонақжайлылық индустриясындағы әлеуметтік-мәдени сервис
Студенттерде қонақжайлылық индустриясында, әсіресе қызмет көрсетудегі инновациялық ортаның белсенді қалыптасу шартында сервистік қызмет, қызмет көрсету формалары және жаңа қызметтерді қалыптастыру қағидалары туралы кешенді білімді қалыптастыруға бағытталған. Көрсетілетін қызметтерді сервистік қамтамасыз етудің әлеуметтік-мәдени аспектілерін қарастырады
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Отельдегі food менеджмент
Бұл курс қонақ үй кәсіпорындарында қонақтардың тамақтануын ұйымдастыру мәселелерін зерттейді. Тамақтануды ұйымдастыруға жауап беретін бөлімшелерді, атап айтқанда мейрамханаларды, барларды басқару ерекшелігін қарастырады. Негізгі тамақтандыру түрлерінің ерекшеліктерін, сондай-ақ тамақтануға тапсырыс беру және номерлерге жеткізу ережелерін қарастырады
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мейрамхана және қонақ үй кәсіпорындар қызметінің қауіпсіздігі
Оқыту барысында тыңдаушылар қызмет көрсету аясында қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі туралы білімдерді меңгереді. Қонақ үй және мейрамхана кәсіпорындары қызметкерлерінің мінез-құлқының негізгі ережелерін, тұру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қонақтардың денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туындаған жағдайда эвакуацияға ерекше назар аударылады. Жеке түрде кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі мәселелері қарастырылады
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Қызмет саласындағы маркетинг
Туризм саласында заманауи маркетингтің негізгі тұжырымдамаларын және тәжірибелік әдістерін қолдануын қарастырады. Сегменттеу ерекшелігін және қазіргі туристік нарықта туристік қызметті жылжыту стратегияларын әзірлеу спецификасын қарастырады. Туристік нарықты маркетингтік зерттеу және нарықтағы шаруашылық қызмет шарттарына сәйкес келетін маркетингтік стратегияны таңдау дағдыларын қалыптастырады
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қызметтің санитарлық және гигиеналық шарттарын қамтамасыз ету
Қонақ үй және мейрамхана кәсіпорындарында санитарлық және гигиеналық жағдайларды қамтамасыз ету теориясы мен тәжірибесі туралы түсініктерді қалыптастырады. Қонақ үй кәсіпорнының нөмірлік қорларында санитарлық және гигиеналық жағдайларды қамтамасыз етудің негізгі ережелері оқытылады. Санитарлық және гигиеналық нормалар талаптарына сәйкес тағамдарды дайындау мен берудің тиісті шарттарын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Испан тілі
Пән испан тілінің лексикасын, грамматикасын және басқа да бөлімдерін оқытуды қарастырады. Қарым-қатынастың ауызша және жазбаша формаларын іске асыруға мүмкіндік беретін құзыреттілікті дамытады, ауызша және жазбаша аударманың негізгі түрлерін меңгеруді үйретеді, испан тіліндегі мәтіндерге ақпараттық өңдеу жүргізу қабілетін қалыптастырады
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 8
-
Француз тілі
Пән француз тілінің лексикасын, грамматикасын және басқа да бөлімдерін оқытуды қарастырады. Қарым-қатынастың ауызша және жазбаша формаларын іске асыруға мүмкіндік беретін құзыреттілікті дамытады, ауызша және жазбаша аударманың негізгі түрлерін меңгеруді үйретеді, француз тіліндегі мәтіндерге ақпараттық өңдеу жүргізу қабілетін қалыптастырады
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 8
-
Мейрамхана және қонақ үй кәсіпорындары қызметін стратегиялау
Білім алушыларда қонақ үй және мейрамхана қызметін стратегиялық жоспарлау әдістемесінің негіздері саласында білім жүйесін қалыптастырады, қонақ үй және мейрамхана кәсіпорындарының қызметін стратегиялық басқару дағдыларын дамытады, нарықтағы мінез-құлықтың неғұрлым оңтайлы стратегиясын таңдау саласында іскерлікті дамытуға ықпал етеді
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Араб тілі
Пән араб тілінің лексикасын, грамматикасын және басқа да бөлімдерін оқытуды қарастырады. Қарым-қатынастың ауызша және жазбаша формаларын іске асыруға мүмкіндік беретін құзыреттілікті дамытады, ауызша және жазбаша аударманың негізгі түрлерін меңгеруді үйретеді, араб тіліндегі мәтіндерге ақпараттық өңдеу жүргізу қабілетін қалыптастырады
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 8
-
Әлемдік туристік дестинациялар
Білім алушыда халықаралық қонақжайлылық индустриясының заманауи тенденциялары туралы кешенді білімдерді қалыптастырады. Әлемдік танымалдыққа ие туристік дестинацияларды қалыптастыру және дамыту ерекшелігін қарастырады. Туристік дестинацияны дамыту тәжірибесін зерттеу, ерекше белгілерін және туристердің арасындағы дестинацияға деген сұранысты анықтау бойынша практикалық дағдылар мен қабілетіліктерді қалыптастыруға көңіл бөледі
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кәсіби ағылшын тілі
Бұл курс ағылшын тілді қарым-қатынас жағдайында кәсіби міндеттерді тиімді шешу үшін қажетті коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырады. Шетелдік туристермен жұмыс істеу жағдайында кәсіби қызметті жүргізу жағдайларына жылдам бейімделу дағдыларын қалыптастырады. Шет елдерде кәсіби қызметті жүргізу қабілетін дамытады
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 8
-
Түрк тілі
Пән түрік тілінің лексикасын, грамматикасын және басқа да бөлімдерін оқытуды қарастырады. Қарым-қатынастың ауызша және жазбаша формаларын іске асыруға мүмкіндік беретін құзыреттілікті дамытады, ауызша және жазбаша аударманың негізгі түрлерін меңгеруді үйретеді, түрік тіліндегі мәтіндерге ақпараттық өңдеу жүргізу қабілетін қалыптастырады
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 8
-
Туризм және конақжайлылық индустриясының инфрақұрылымы
Қазақстан Республикасындағы қонақжайлылық инфрақұрылымының дамуын қарастырады. Қазіргі жағдайда қонақжайлылық инфрақұрылымын дамытудың негізгі аспектілерін қарастырады, қызмет көрсетудің бірінші, екінші және үшінші деңгейіндегі кәсіпорындардың қызмет етуінің ерекше сипаттарын анықтайды, білім алушыда қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындары арасындағы өзара қарым-қатынасын анықтау және талдау дағдыларын қалыптастырады
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мейрамхана қызметіндегі калькуляция және баға белгілеу
Қонақ үй және мейрамханалық бизнес кәсіпорындарының қызметінде баға белгілеу әдістерін, құралдарын және механизмдерін қолдану саласында студенттерді базалық даярлауға бағытталған, қонақ үй және мейрамханалық қызметтердің оңтайлы бағасын есептеу және оңтайлы баға саясатын әзірлеу қабілетін дамытады
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Қытай тілі
Пән қытай тілінің лексикасын, грамматикасын және басқа да бөлімдерін оқытуды қарастырады. Қарым-қатынастың ауызша және жазбаша формаларын іске асыруға мүмкіндік беретін құзыреттілікті дамытады, ауызша және жазбаша аударманың негізгі түрлерін меңгеруді үйретеді, қытай тіліндегі мәтіндерге ақпараттық өңдеу жүргізу қабілетін қалыптастырады
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 8
-
Туризмдегі және қонақжайлылықтағы брендинг және PR
Студенттердің брендті қалыптастыру, басқару және дамытудың теориясын меңгеруі. Берілген курсты оқу маманның экономикалық, саяси және әлеуметтік брендинг, сауда маркаларын құру мен дамыту, саяси, территориялық және әлеуметтік брендті құру мен дамыту саласында қоғаммен байланыс бойынша біліктілігін арттыруға көмектеседі
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қонақ үй индустриясын және қоғамдық тамақтану саласын реттеу
Пән студенттердің үнемі өзгеріп тұратын сыртқы орта жағдайында туризм саласын реттеу және бәсекелестік шарттарын қатаңдату тетіктерін өз бетінше зерделеуге қабілеттілігі мен практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Қонақ үй индустриясын және қоғамдық тамақтану саласын реттеу үдерісіне тартылған мемлекеттік құрылымдарда кәсіби қызметті жүргізу мәселелерін қарастырады
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Корпоративті мәдениет және әлеуметтік жауапкершілік
Пән қонақ үй және мейрамханалық кәсіпорынды басқарудың қазіргі заманғы концепциялары саласында әлеуметтік-бағдарлы менеджмент тұрғысынан теориялық білімді, сонымен қатар ұйымның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін бағалау тәсілдері, тәсілдері мен әдістерін қолдану бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыруға, қонақ үйдің (мейрамхананың) тұрақты дамуының қажетті элементі ретінде корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік негіздерін қалыптастыру және жүзеге асыруға бағытталған
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мейрамхана және қонақ үй бизнесіндегі кадрлық саясат
Пән қонақ үй және мейрамхана кәсіпорындарының кадрларын басқару саласында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған. Қонақжайлық индустрия кәсіпорындарында тиімді кадрлық саясатты қалыптастыру және жүргізу, қызметкерлерді басқару стратегиясын әзірлеу бойынша білім, білік және дағды кешенін қалыптастыруды қарастырады
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мейрамхана бизнесіндегі стандарттау және сертификациялау
Пән қонақ үй немесе тамақтану кәсіпорындар қызметтерін лицензиялау және стандарттау саласындағы негізгі ұғымдарды оқытады. Қонақжайлылық саласындағы шаруашылық қызметті лицензиялау тәртібінің мәселелерін қарастырады, қонақ үй (мейрамхана) қызметтерін сертификаттау алгоритмін анықтайды, Қазақстан Республикасында қызметтерді лицензиялау мен сертификаттаудың ерекшелігін айқындайды
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Сапаны басқару
Қонақ үй және мейрамханалық сипаттағы қызметтің сапасын басқару үрдісінің негізгі тетіктерін қарастырады. Пәнді игеру барысында қонақ үй немесе мейрамханалық қызметтің сапасын қамтамасыз ету, қызметтің сапасын анықтау әдістерін таңдау, қонақ үй өнімдерінің сапасын жоғарлату тетіктерін таңдау сияқты сұарақтарға назар аударылады. Қонақ үй немесе мейрамханалық қызметтерді ұйымдастыру шеңберінде сапаны бақылау тетіктерін қолдану дағдыларын қалыптастырады
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Туризмдегі сандық маркетинг
Студенттерді туризм саласында сандық маркетингтік коммуникацияларды қолдану үрдісімен таныстыру. Пән шенберінде әзірленген турларды интернет кеңістігінде және басқа да заманауи сандық технологиялар негізінде жылжыту сұрақтары қарастырылады
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қонақ үй және мейрамхана ісіндегі көліктік қамтамасыз ету
It is aimed at developing among students a complex of knowledge about the process of organizing guest services using various types of transport. Studies the issues of organizing the transportation of guests, selection of vehicles, based on the specifics of hotel and restaurant services, concluding contracts with transport companies, organizing transfers, etc.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қонақ үй желілерін ұйымдастыру және басқару
Қазіргі жағдайда ғаламдық қонақ үй желілерін дамыту саласында теориялық білім жүйесін қалыптастырады. Қазақстан Республикасының қонақ үй қызметтері нарығында қонақ үй тізбектерінің даму ерекшелігін қарастырады. Қонақ үй тізбегінің құрамдас бөлігі болып табылатын кәсіпорындарда еңбек қызметінің дағдыларын қалыптастырады
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қонақ үй және мейрамхана ісіндегі тайм-менеджмент
Кәсіптік қызметті сәтті жүзеге асыру үшін студенттердің уақытты басқарудың мәні мен түрлері, уақыт ресурстарын басқарудың принциптері мен тәсілдері туралы жалпы түсініктерін қалыптастыруға бағытталған. Пәннің мазмұны кәсіптік қызмет процесінде жұмыс уақытын жоспарлау және пайдалану ерекшеліктері, тиімді тайм-менеджменттің шарттары мен принциптері туралы білімді қамтиды
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мейрамхана желілерін басқару
Пән заманауи жағдайда мейрамхана желілерін дамыту саласында теориялық білім жүйесін қалыптастырады. Қазақстан Республикасында мейрамхана желілерін дамыту ерекшелігін қарастырады, желі элементтерін басқару тәртібін зерттейді. Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары желісінің құрамдас бөлігі болып табылатын кәсіпорындарда еңбек қызметінің дағдыларын қалыптастырады
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
Оқыту нәтижелері
- Жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау
- Ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу
- Әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу мүмкіндігі
- Дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық жағдайдан хабардар болу
- Құқықтық сауаттылықты арттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау
- Заманауи талаптар бойынша қонақ үй және мейрамхана кәсіпорындарындағы талаптарға сай білімді көрсету, қолайлылық деңгейіндегі қызмет көрсетуге қарай кәсіпорынды жүйелей білу
- Қонақтарға қызмет көрсетудегі базалық білімнің болуы, рәсімдеу және номерлерді брондау бойынша өтініштердің есебін жүргізу және де номерлік қордың жоспарын жүктеу, автоматтандырылған қызмет көрсету ,жүйесіне ақпаратты шығару, үстелді даярлау және тағамды ұсыну технологиялық жүйесіне қатысу
- Сұранысқа ие қонақ үйлер мен мейрамханаларды қызмет көрсету талаптары бойынша өздігінше жетілдіру,қажетті ресурстарды анықтау, сонымен қатар қызмет көрсету шеңберінде кәсіпорынның экономикалық потенциалын анықтау
- Қонақ үй және мейрамхана кәсіпорынның қызметін басқару және стратегиялық саясатты қалыптастыру
- Отандық және шетелдік нарықта турөнімді заманауи маркетингтік жолдар арқылы қолдану, ішкі және сыртқы нарықтағы тұтынушылық мүмкіндіктерді игеру
- Нарықтың перспективалы бағытын анықтау және ойын-сауық пен қонақжайлылық саласындағы бәсекеге қабілетті нарықтың жаңа сегменттерін қалыптастыру