Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B02203 Тарих в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Түлектерде кәсіби қызметіне қажетті құзіреттіліктерді қалыптастыру және тарихи, сабақтас пәндерді тереңдетіп оқыту негізінде іргелі білім беру, әдіснамалық, зерттеушілік даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B034 Тарих
-
ҰБТ-дағы пәндер Дүниежүзі тарихы және География
-
Білім беру саласы 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B022 Гуманитарлық ғылымдар
Пәндер
-
2 Оқу жылы
Кәсіпкерлік және бизнес
Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымындағы билер мен батырлар институты
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Ортағасырлар тарихы
Араб тілі (1)
Орталық Азияның ортағасырлық империялары
Қазақ хандығының тарихы
Парсы тілі (1)
Ғылыми зерттеу негіздері
Қазақстанның ортағасыр тарихы
Қаржылық сауаттылық негіздері
Экология негіздері және тіршілік қауіпсіздігі
Араб тілі (2)
Археология және этнология
Шетелдік зерттеушілердің еңбектеріндегі қазақ қоғамы
Парсы тілі (2)
Тарихи антропология
Әлеуметтік антропология
-
3 Оқу жылы
Азия және Африка елдерінің жаңа заман тарихы
Тарихи география
Тарихи өлкетану
Еуропа мен Американың жаңа заман тарихы
Ғылыми стиль: теория және практика
Еуропа және Америка елдерінің рухани-мәдени даму тарихы
Деректану және ақпараттық ресурстар
Қазақстан тарихының тарихнамасы және деректануы
Қазақстанның жаңа заман тарихы
Ғылыми зерттеулер теориясы мен тәжірибесі
Архивтану және мұражайтану
Әлем өркениеттері тарихы
Киелі Қазақстан тарихы
Алтын Орда тарихы
Тарихи үдерістер және ғылыми таным теориясы
-
4 Оқу жылы
ГУЛАГ жүйесі және Қазақстан қасіреті
Қазақстандағы тоталитаризм және қуғын-сүргін
Азия және Африка елдерінің рухани-мәдени даму тарихы
Азия және Африка елдерінің қазіргі заман тарихы
Еуропа мен Америка елдерінің қазіргі заман тарихы
«Алаш» қозғалысының тарихы
Империялардың салыстырмалы тарихы
Қазақ мемлекеттілігі: тұжырымдамалық негіздер
Профессии
Оқыту нәтижелері
- жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау.
- ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу;
- Қаржылық тәуекелдердің, дағдарыстардың, алаяқтықтың әсерін бағалау негізінде меншікті ақша бюджетін басқару, жеке бюджетті жоспарлау, қаржы өнімдері мен инвестициялау құралдарын қолдану бойынша талдамалық қабілеттерін дамыту; қаржы заңдары мен ережелерін, цифрлық және қаржылық технологияларды, оның ішінде мобильді қосымшаларды қолдану негізінде ұтымды қаржылық мінез-құлыққа кепілдік беретін қазіргі заманғы қаржы құралдарын пайдалану дағдыларын қалыптастыру; салықтарды есептей және оңтайландыра білу, міндетті зейнетақы жарналары мен басқа да төлемдерді есептеу дағдыларын қолдану, сақтандыру өнімдерін пайдалану;
- әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу мүмкіндігі;
- құқықтық сауаттылықты арттыру, мінез-құлық мәдениетімен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау;
- тарихи дамудың саяси, әлеуметтік-мәдени факторларын түсінеді және талдау;
- тарих ғылымының бөлімдері бойынша ауқымды білімді, заманауи әдіснамалық тәсілдермен қатар, тарихнамалық үрдістерді қолдану және қосалқы тарихи пәндер туралы теориялық білім және олардың тарихи зерттелудегі рөлін түсіну.
- Қазақстанның ежелгі тарихын қарастыруда археологиялық деректерді әлеуметтік-тарихи негізде интерпретациялау туралы түсіндіру.
- ежелгі әлем мемлекеттерінің тарихы, Ежелгі Шығыс, ортағасырлық Еуропамен Азия өркениеттері туралы теориялық білімнің болуы және әлемдік тарихи дамудың жалпы парадигмасымен тарихи құбылыстарымен оқиғаларды байланыстыру.
- Қазақстанның ежелгі және ортағасыр тарихы, түркі дәуірі, ерте феодалдық қатынастардың пайда болу кезеңі, моңғол шапқыншылығы дәуірі, Қазақ хандығының құрылуы мен күшеюі мәселелерін қарастыру. Көшпелі қазақ қоғамының құлдырауы және жоңғарлар шақыншылығы туралы білімді кеңейту.
- Қазақстандық даму моделінің ерекшеліктері мен мәнін, мемлекеттің бүгінгі жетістіктерін тарихи-салыстырмалы талдау арқылы ғылыми тұрғыда қарастыру.
- Қазақстан мен шетелдердегі тарихи білімнің даму векторлары мен жағдайын тарихтың өзекті мәселелері деңгейінде талдау.
- архивтер мен мұражайлардың негізгі қызметтері мен архив және мұражай ісінің теориялық, әдістемелік және ұйымдастырушылық мәселелері туралы білім қалыптастыру; - ақпаратты іздестіру, сыни тұрғыдан талдау және синтездеу, берілген есептерді шешуде жүйелі әдісті қолдана білу; - әлеуметтік-тарихи, этикалық және философиялық контексте қоғамның мәдениетаралық әртүрлілігін қабылдай алады; - тарихи, антропологиялық, археологиялық және этнологиялық ғылымдар бойынша білімдерін практикалық және (немесе) зерттеу міндеттерін шешу кезінде базалық деңгейде қолдана алады; - мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, ғылым және мәдениет саласындағы мекемелер мен ұйымдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына аналитикалық ақпаратты жинау және өңдеу;
- тарихи мәселелерді шектес ғылымдармен өзара байланыста қарау қабілетін арттыру және ғылыми зерттеулерде пәнаралық тәсілді қолдану қажеттілігін түсінуді қарстыру.
- Қазақ интеллигенциясының жаңа және қазіргі заман кезеңіндегі қызметінің тарихи маңызын бағалау.