Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B11201 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Қалыптасатын теориялық және практикалық білім, іскерлік және дағдылар негізінде кешенді қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша міндеттерді шешу кезінде кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті қоршаған ортаны қорғау және тіршілік қауіпсіздігі саласындағы бакалаврларды дайындау. Бағдарлама сыни ойлай алатын, адам мен техносфераны антропогендік және табиғи қауіптерден қорғау әдістері мен тәсілдерін іске асыруға қабілетті, қауіптердің әсер ету салдарларын жоюға қабілетті маман тұлғасын қалыптастыруға бағытталған.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B094 Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар
  • ҰБТ-дағы пәндер Математика және Физика
  • Білім беру саласы 6B11 Қызмет көрсету

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Әдістемелік және нормативтік құжаттарды пайдалана отырып, мемлекеттік қызметтермен өзара іс-қимылды және еңбек қауіпсіздігі, өндірісте төтенше жағдайлардың алдын алу және қоршаған ортаны қорғау талаптарының орындалуы бойынша бақылауды жүзеге асыру;
  • Қорғаныс құралдарының тиімділігін салыстырмалы талдау негізінде қоршаған орта мен өндірістің жағымсыз факторларынан қорғаудың тиімді қорғаныс құралдарын таңдау;
  • Халықаралық және ұлттық стандарттар мен кәсіпорын стандарттарын пайдалана отырып, тіршілік қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды, төтенше жағдайларда қорғауды қамтамасыз ету үшін жаңа техника мен технологиялар әзірлеу;
  • Табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың салдарын жоюдың қазіргі заманғы технологияларын пайдалану және халық пен экономика нысандары персоналының шығынын төмендету үшін төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын іс жүзінде қолдану;
  • Өндірістің, адамның және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды әзірлеу және іске асыру үшін жүргізілетін зерттеулердің есебін жасау бойынша жұмысты орындау;
  • Кәсіпорын деңгейінде еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, тіршілік ету ортасын қорғау жөніндегі бөлімшелердің қызметін, сондай-ақ төтенше жағдай режимінде кәсіпорынның қызметін ұйымдастыру;
  • Қауіпсіздік мәдениеті қағидаттары мен тәуекелге бағдарланған ойлау тұжырымдамасына негізделе отырып, жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу;
  • Жұмыс процесін өлшеу және мониторинг деректері негізінде өндірістік ортаның зиянды және қауіпті факторларының табиғатын ескере отырып, кәсіби тәуекелдерді бағалау;
  • Кешенді қауіпсіздік, өлшеу және есептеу техникасы, ақпараттық технологиялар саласындағы техника мен технологияның қазіргі заманғы даму үрдісін ескере отырып, еңбектің қолайлы жағдайларын жасау, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың профилактикасы және алдын алу бойынша жұмыс орындарын аттестаттауды жүргізу;
  • Табиғи ортаны сақтау, қоғамның орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін, оның ішінде төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар қаупі төнген және туындаған кезде күнделікті өмірде және кәсіби қызметте тіршілік етудің қауіпсіз жағдайларын жасау;
  • Өзін-өзі дамыту және мансаптық өсу үшін өмір бойы жеке білім беру траекториясын құру, дене шынықтыру әдістері мен құралдары арқылы толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету үшін салауатты өмір салтын ұстану.
  • Жағдайдың ықтимал дамуын болжау үшін әдістемеге сәйкес алынған нәтижелерді өңдей отырып, өндіріс жағдайындағы қауіптілік деңгейлерін өлшеумен, қауіпті аймақтарды, қолайлы тәуекел аймақтарын анықтау;

Ұқсас БББ

6B11201 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

6B11201 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

Академик Ебіней Арыстанұлы Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

6B11201 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті

6B11201 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

6B11201 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті (ҚМТУ)

6B11201 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

6B11201 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

6B11201 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

Торайгыров университеті

Top