Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B05102 Биология в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Бағдарлама биология саласында практикалық дағдылары, құзыреттілігі бар, ғылыми-зерттеу, табиғатты қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық және басқа да мекемелерде жұмыс істеуге қабілетті жаратылыстану бакалаврын қалыптастыруға бағытталған.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және Химия
-
Білім беру саласы 6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
-
Дайындық бағыты 6B051 Биологиялық және сабақтас ғылымдар
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Омыртқасыз жануарлар және төменгі сатыдағы өсімдіктер
Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі
Қаржы сауаттылығының негіздері
Ғылыми зерттеудің әдістері
Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері
Кәсіпкерлік
Химия және математика
Әл-Фараби және қазіргі заман
Абай ілімі
-
2 Оқу жылы
Биохимия
Омыртқалы жануарлар және жоғары сатыдағы өсімдіктер
Клетка биологиясы және гистология
Микроскопиялық техника және адам және жануарлар анатомиясы
Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы
-
3 Оқу жылы
Биостатистика
Микроорганизмдер экологиясы
Адам және жануарлар физиологиясы
Микробиология
Генетика
Адам онтогензі
Экологиялық этика және физикалық өрістердің тірі организмге әсері
Биоэтика және радиациялық биология
Молекулалық биология
Жеке даму биологиясы
Хронобиология, нейрофизиология және иммунология
-
4 Оқу жылы
Фитотерапия
Цитогенетика
Фотобиология және клеткалардың дифференциялануы
Жас ерекшеліктер физиологиясы және эндокринология
Өсімдіктер экологиясы және эволюция теориясы
Баған клеткаларының биологиясы
Қазақстан биоресурстары
Өсімдіктер интродукциясы
Жеке гистология
Жәндіктердің биологиясы және экологиясы
Жалпы паразитология негіздері
Балық биологиясы
Фитопатология
Адам генетикасы
Бейімделудің физиологиялық және биофизикалық механизмдері және дәрілік заттардың кинетикасы
Клеткалар мен ұлпалар патологиясы
Сүтқоректілердің биологиясы және экологиясы
Жалпы микология негіздері
Зерттеулердің физио-биофизикалык әдістері| бойынша арнайы практикум
Биофизика
Оқыту нәтижелері
- қоршаған ортаның биоалуантүрлілігін сақтаудың негізгі экологиялық заңдылықтарын, олардың даму эволюциясын, Әл-Фараби, Абай ілімдерін, кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық негіздерімен әлеуметтік-мәдени даму бағыттарын талдай отырып, әлеуметтік проблемаларды шешу жолдарын игеру;
- биология ғылымының адам мен жануарлардың анатомиясы мен физиологиясы, жеке даму биологиясы, биохимия, генетика, микробиология, молекулярлық биология, биофизика, экология, ботаника, зоология, биотехнология, экология сияқты негізгі бағыттарынан алған білімін кәсіби қызмет барысында қолдана білу;
- ғылыми материалдарды жинауға және дайындауға дағдылану, далалық және эксперименталды зерттеулер нәтижелерін өңдеу;
- биологиялық талдаудың микроскопиялық, ботаникалық, зоологиялық, эмбриологиялық, генетикалық, молекулалық-биологиялық, физиологиялық, биофизикалық, экологиялық және басқа түрлерінің әдістерін меңгеру, оларды ғылыми-зерттеуді орындауда қолдану;
- биоэтиканың халықаралық талаптары мен принциптеріне сәйкес олардың қызмет ету тетіктерін анықтау мақсатында биологиялық объектілер бойынша ғылыми-зерттеу институттарының зертханаларында эксперименттерді жоспарлау;
- биостатистика әдістерін пайдалана отырып, далалық және зертханалық жағдайларда биологиялық материалды жинауды, өңдеуді, түсіндіруді жүзеге асыру;
- ғылыми әдебиеттерге талдау жасау, әдебиеттерге шолуды құрастырып жазу, тезистер, баяндамалар жазу, ғылыми конференцияларда, қоғамдық тыңдамаларда зерттеу нәтижелерін баяндау және негізді түрде қорғау;
- алынған биологиялық, генетикалық және биотехнологиялық өнімдердің сапасын, қауіпсіздігін және өндірістің GLP ережелеріне сәйкес болуын бағалау;
- биологиялық және биотехнологиялық жағдайдағы және басқада зертханаларға экологиялық мәселелерді, ГМО бақылау мәселелерін шешу үшін биообъектілерге мониторинг жүргізу, диагностика, экспертиза жасау;
- биомедициналық тәжірибелерде қолдану үшін биохимиялық, молекула-генетикалық, цитологиялық, гистологиялық талдаулар жасау үшін әдістерді меңгеру;
- медициналық зертханаларда диагностикалық зерттеулер жүргізу үшін биологиялық материалдар (қан, жағынды, биопсия және т.б.) алу;
- кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу, одан әрі білім беру жолын және кәсіби мансабын жобалау.