6B04110 Бизністегі АТ в M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Ақпараттық технологиялар барлық салаларда қолданылады, олар бизнес пен қоғамның жұмысын өзгертеді. Озық АТ-дағдыларына ие студенттер өз жұмысын тиімді орындайтын жақсы маман болады. Бизнестегі ақпараттық технологиялар саласындағы бакалавриат бағдарламасы студенттерге ақпараттық технологиялар саласында қажетті білім мен дағды алу мүмкіндігін ұсынады. Бағдарлама студенттерге бағдарламалау, деректер туралы ғылым, мобильді және веб-технологиялар саласындағы озық білім мен дағдыларды ұсынады және осы дағдыларды түрлі салаларда қолдануды зерттейді.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B044 Менеджмент және басқару
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және География
-
Білім беру саласы 6B04 Бизнес, басқару және құқық
-
Дайындық бағыты 6B041 Бизнес және басқару
Пәндер
-
Бухгалтерлік есеп
Берілген курс бухгалтерлік есептің рөлін, бухгалтерлік есеп шоттарындағы екі жақты жазу әдісін, құжаттау, түгендеу, калькуляциялау, бағалау және кіріспе балансты құруды меңгереді. Берілген курсты тәмамдағаннан кейін студенттер: есептің түрлі объектілері бойынша алғашқы құжаттарды рәсімдеуге; шоттарда шаруашылық операцияларды көрсетуге; ұзақмерзімді активтерді бағалауды жүргізуге; қаржылық есептіліктің формаларын құра білуге қабілетті болады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Сыни ойлау
Бұл курс сұрақтар мен мәселелерді талдай отырып, нақты дәйектер мен дәлелдемелер негізінде дұрысшешімдер құруға, сондай-ақ алынған нәтижелерді өмірлік және кәсіби жағдаяттарда пайдалануға үйретеді. Сыни ойлау кез келген пікірге салмақты, байыпты қарауға, ешнәрсені дәлелсіз, құр сеніммен қабылдамауға, жаңа идеялар мен әдістерге ашық болуға баулиды. Сыни ойлау – неге сену және нені ойлау керектігі туралы пайымдау. Сыни ойлау студенттерде өзін-өзі басқару (Self-management), сонымен қатар өмір бойы үздіксіз оқу (lifelong learning) үшін және белсенді еңбек қызметі (dynamic workforce) мен мансабына қажетті дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Research Methods 1
Курс сапалы, сандық немесе аралас зерттеу әдісін таңдауға қатысты негізгі түсініктерді түсінуге бағытталған. Бұған философиялық дүниетанымдарды қарастыру, әдебиеттерді шолу, теорияны пайдалануды түсіну, этикалық мәселелерді болжау және жазбаша стратегияларды әзірлеу сияқты түрлі тәсілдердің анықтамасын білу жатады. Бұл курс сандық, сапалық және аралас зерттеу әдістері бойынша әдістер мен рәсімдерді талқылайды.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Бизнес және экономикадағы математика - I
Бұл курс базалық деңгейде экономикалық және іскерлік мәселелерді модельдеу, талдау және шешу үшін математикалық аппаратты дамытуға бағытталған. Курстың бағдарламасы: сызықтық және синхрондық теңдеулер, шаршы және полиномдық теңдеулер; шектеулер мен теңсіздіктер; дифференциациялау; ішінара туындылар; интегралдар; матрицалар; экспонаттар мен логарифмдер.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Веб әзірлеуге кіріспе
Веб дизайн және әзірлеуге арналған кіріспе курс. Бұл курс студенттерден оқу барысында күрделене беретін сайттарды дайындауды талап ететін проблемелардың шешіміне негізделеді. Студенттердің оқу нәтижесі оқу барысындағы жобалармен бірге қарастырылатын портфолио түрінде ұсынылады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Менеджмент
Пән басқарудың фундаменталды тақырыптарымен таныстырады. Бұл курс студентердің ұйымдағы менеджердің рөлін түсінуге, басқару пәнін кең тұрғыда қарастыруға және негізгі теориялық ұғымдарды қамтуға мүмкіндік береді Курс мазмұны: менеджментті ғылым ретіндегі сипаты мен эволюциясын; басқарудың негізгі теориялық ұғымдарын; ұйымдар мен олардың стратегияларын; ұйымның ішкі және сыртқы ортасын; ұйымдық құрылымы мен мәдениетін; ақпарат пен байланысты; шешімдерді қабылдауды; функциялары және басқару әдістерін; мотивацияны; командалық жұмысты; көшбасшылықты; бақылауды, т.б. қамтиды
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Инновация үшін дизайн ойлау
Бұл курс инновациялар мен дизайн-ойлау саласындағы қызықты әсерлер топтамасын ұсынады және технологиялар, бизнес және адами құндылықтар арасындағы шекараны жояды. Бұл қатысушыларды шынайы инновацияларға дайындайтын оқыту үшін бірегей форум. Студенттер университеттің барлық облыстарындағы басқа студенттермен және оқытушылармен олардың көзқарастарын біріктіруді талап ететін жобалар бойынша ынтымақтасатын болады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Ұйымдастырушылық мінез-құлық
Ұйымдастырушылық мінез-құлық адамдардың ұйымдағы жүріс-тұрысын зерттейді және оның өнімділікке ықпалын бағалайды. «Ұйымдастырушылық мінез-құлық» пәні адам ресурстарын басқаруды объект ретінде қарастырылады. Осы пәнді зерделеудің қортындысы бойынша студенттердің негізгі құзыретiне мыналар жатады: жеке тұлғалардың ұйымдағы жүріс-тұрысы бойынша теориялық сұрақтарды білу, топтарды құру және олардың жүріс-тұрысын дамыту; компанияның ұйымдық мәдениетінің мәнін түсіну қабілеттілігі, «басшылық» және «билік» арасындағы баланс, ұйымдағы жанжалдарға ықпал ету; тұлға арасындағы және топ арасындағы қатынастарды басқар�� дағдысы, ұйымдағы өзгерістер.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Қаржы
Курстың мақсаты инвестициялық және қаржылық шешімдерді қабылдау үшін аналитикалық дағдыларды дамыту, сондай-ақ тәуекелдерді талдау болып табылады. Курстың тақырыптары: ағымдағы құн мен капитал құнының түсінігі, ақшалай қаражаттардың дисконтталған ағындарын және басқа да бағалау әдістерін талдау, сонымен қатар қысқа және ұзақ мерзімді қаржы менеджменті, тәуекел мен кірістілік мәселелері, CAPM үлгісі; күрделі салымдарды жоспарлау және басқа тұжырымдамалар, теориялар.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 5
-
Экономикалық теория
Бұл курс экономикалық жағдайға және экономикалық өзгерістерге талдау жасау дағдыларын қалыптастыру үшін жасалған. Осы курстың нәтижесінде студенттер ағымдағы ақпаратты қағыстарға бағдарлау білулеріне және тез құбылмалы экономикалық ортаға бейімделулеріне; экономикалық және әлеуметтік ақпаратты талдау және бағалау; жоспарлау және өз қызметін жүзеге асыра білу; экономикалық мәселелер бойынша әдебиеттермен дербес жұмыс жасай алуларына мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бағдарламалау өнері
Ақпараттық технология саласында тәжірбиесі бар немесе жоқ студенттерге арналған информатика және ақпараттық технологияға арналған кіріспе курс. Бастапқы деңгейдегі курс студенттерді алгоритмді ойлауға және мәселелерді тиімді шешуді үйретеді. Алгоритмдер, деректер құрылымы, ресурстарды басқару, қауіпсіздік және веб әзірлеу атты тақырыптарды қамтиды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Cambridge English: B2+ First
Сипаттамасы: Бұл В2 деңгейлі студенттерді ағылшын тілінде сапалы білім алуға ынталандыру, әрі мұқият даярлау. Аталған курс академиялық оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым дағдыларын, әрі талдаушылық және сыни ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған. Курс аяқталған соң ниет білдірген студенттер the First Certificate exam (сертификатының мерзімі шектелмеген Cambridge халықаралық емтиханы) тапсыруға мүмкіндік алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 10
-
Деректер ғылымына кіріспе
Бұл курс үлкен көлемдегі деректермен практикалық жұмыстың әдістеріне арналады. Ол деректер ғылым саласындағы негізгі тақырыптармен қатар статистикалық модельдеу және машиналық оқыту, деректер көзі, «үлкен мәліметтер» құралы, әлемдегі нақты тақырыптар мен тақырыптық зерттеулерді қарастырады. Статистикалық және бағдарламалық қамтамасыз ету мәліметтерді өңдеу үшін қолдануға қажет болады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Cambridge English: C1+ Advanced
Сипаттамасы: Курс ағылшын тілі С1 деңгейлі студенттерге арналған. Курс аяқталған соң Cambridge ESOL-дан Certificate in Advanced English (мерзімі шектелмеген сертификатын) ала алады. Курс оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, сонымен қатар негізгі грамматика мен вокабулярды үйретеді. Курс аяқталған соң студенттер белгілі бір ақпаратты түсінуді, мәтіннің ұйымдастырылуы мен стилінің ерекшеліктерін, оның құрылымын түсінуді қамтитын оқылым дағдыларын көрсете алады. Студентте�� түрлі эсселерді жаза біледі, тыңдалған мәтіннің негізгі түйінін және сезімдерді, ниеттерді, пікірлерді, келісіп-келіспеуді түйсіне алады. Студенттер академиялық ағылшын тілінде қатысым жасай алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 10
-
Бизнес-коммуникациялар
Адамдармен қарым-қатынас жасау коммуникацияларды құрудан жасалған.Бұл курстың мақсаты студенттерде тиімді коммуникацияларды дамыту, әдістерімен таныстыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Cambridge English: B1+ Preliminary
Сипаттамасы: Бұл курс студенттер ағылшын тілін әрі қарай дамыту үшін құрылған. Курста студентер оқуды академикалық мәтіндерді, лекциларды тыңдыу, презентация өткізу, әртүрлі эсселерді жазу, семинарларға, дискуссияларға қатусы, презентациялрады дайындауға үйретеді. Курс сыни ойлануды, индивидуалдық жұмысты жақсартады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 10
-
Макроэкономика
Бұл макроэкономикалық теорияны зерттеуге бағытталған кіріспе курс: ЖІӨ мен өмір сүру бағасын өлшеу; экономикалық өсу теориясының негіздері; жинақ, инвестиция және қаржы жүйесі; негізгі қаржы құралдары; жұмыссыздық; ақша-несие жүйесі мен инфляция; Филлипс қисығы; AD-AS үлгісі; фискалдық және ақша-несие саясаты; ашық экономика макроэкономикасының негіздері; халықаралық сауда және салыстырмалы артықшылық теориясы. Студенттер экономикалық ұғымдарды талдауға, қолдануға және экономикалық процестерді ұлттық деңгейде бағалауға үйрен��ді.
Оқу жылы - 2
Несиелер - 5
-
Эконометрика – I
Бұл курс эконометрикалық талдау жүргізу және эконометрикалық болжам жасауға қажетті негізгі түсініктер мен құралдарды қарастырады. Курсты оқу нәтижесінде студент эконометрика туралы жалпы түсінік алады. Бұл курс экономикалық құбылыстарға қолдануға бағытталған регрессиалық талдаудың негізгі тәсілдеріне түсініктеме береді. Тақырыптар келесілерден тұрады: арапайым регрессиалық талдау; қалдық статистика, гипотезаны тексеру; көпфакторлы регрессия; альтернативтік функционалдық формалар; дихотомдық айнымалылар; ең кіші квадраттар әдісін бағалау қасиеттері; мультиколлиналдық; гетероскедастикалық; автокорреляция.
Оқу жылы - 2
Несиелер - 5
-
Микроэкономика
Микроэкономика-Iкіріспе курс болып табылады, оның мақсаты экономикалық теория негіздерін микродеңгейде қарастыру. Курстың мазмұны келесі сұрақтарды қамтиды: тұтынушылардың мінез-құлық теориясы; сұраныс және ұсыныс теориясы; фирма теориясы; бәсекелестік және нарықтық құрылымдар; сыртқы әсерлер және экономикалық әл-ауқаттылық негіздері; оңтайландыру және толық ақпарат. Студенттер теориялық мәселелерді қарастырғанда микроэкономикалық тұжырымдар қолдануды үйренеді және экономикалық ойлаудың базалық дағдыларына машықтанады.
Оқу жылы - 2
Несиелер - 5
-
Маркетинг
"Маркетинг принциптері" курсы компанияның деңгейінде маркетинг принциптерін қолдана білу тәжірибелік дағдыларды алуға, сонымен қатар, түсініктер, категориялар, теориялық негіздерді оқуға бағытталған. Курсты аяқтаған соң студенттер келесі негізгі түсініктерді түсіне алады: бәсеке, өнім, баға, сұраныс, ұсыныс, жабдықтаушылар, делдалдар, нарықты зерттеу, базалық негізде маркетингтік зерттеу құралдарын және әдістерін қолдану, нақты компания немесе өнім үшін маркетингтік жоспарды жасау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көшбасшылық
Пән жеке және мемлекеттік сектор ұйымдарында басқару мансабын құру мотивациясы жоғары студенттерге бағытталған. Курс дәрістер мен үздік көшбасшылық тәжірибие презентациялары негізінде тұратын, кешенді құрылым түрінде қалыптастырылған. Сондай-ақ студенттерді өнеркәсіп, мемлекеттік және қоғамдық сектор кәсіпорындарының көшбасшыларының белгілі жарқын тәжірибиесімен таныстырып отырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Іскерлік этика
Курс бизнес этиканың болашак мамандық аясында қарастырылуына бағытталған. Курста қарастырылатын тақырырыптар этиканың негізгі қағидалары, бизнес құндылықтар, этикалық мінез-құлық секілді бағыттарды қамтиды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Персоналды басқару
Персоналды басқару, кадрлық саясатты жасау және жүзеге асыру негіздерін; лауазымға, персоналды сұрыптау және орналастыруға қойылатын талаптарды жасау және ендіру негіздерін; персоналды іскерлік бағалау әдістерін; персоналды мотивациялау және ынталандыру қағидалары мен негіздерін; еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау нормативті- құқық базасын түсінуге бағытталған. Пәнді оқыту мақсаты: персоналды басқару үрдісін жүйе ретінде тану, персонал қызметінің талаптарын білу, персоналды ынталанандыру механизмі дағдыларын білу, болашақ мамандарды персоналды жоспралау үрдісімен таныстыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Корпоративтік қаржы
Курс корпоративтік қаржылар туралы толық ақпарат береді. Ол тиімді қаржылық шешімдер қабылдау үшін түрлі математикалық есептерді орындау дағдыларын дамытуға, сондай-ақ проблемаларды шешу үшін тиімді шаралар қабылдау үшін корпорацияның қаржылық жағдайын анықтауға бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік
Бұл курстың мақсаты студенттерді кәсіпкерлік қызметке дайындау, әдістермен және тәсілдермен таныстыру. Курста бизнесті бастаудың барлық аспектілерін қамтуда: бизнес идеяны табу, дамыту, тұтынушыны тарту, қаржылық мәселелер.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Интеграцияланған маркетингтік коммуникация
Бұл курс кәсіптік контекстте коммуникацияны жоспарлау және басқару, сондай-ақ осы стратегияларды басқа негізгі бағыттар бойынша ұсынылған ақпаратты интеграциялау жолдары туралы стратегияларды қарастырады. Студенттер жарнамалау шеңберінде IMC рөлін үйренеді. Сондай-ақ, тұтынушылар мінез-құлқына, медиа-жоспарлауға, бюджет, PR, жарнама, сату және промо, тікелей маркетинг, ATL, BTL және этика туралы түсініктерді зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Операциялық менеджмент
Бұл кіріспе курс өндіріс пен операцияларға қызмет ету облысындағы негізгі ұғымдары және жобалау тәсілдерімен, жоспарлау және бақылаумен таныстырады. Пән келесі негізгі тақырыптарды: ресурстарды бөлу, өнімді жобалау, біріңғай жоспарлау мен куатты, қорларды басқару , бақылау және база операциялар жоспарлау, сатып алуды басқаруды, сондай-ақ материалдар басқаруды қамтиды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Іскери ағылшын тілі
Пәннің сипаттамасы: Бұл курс студенттерге хат, есеп пен құрылымдалған бизнес ортадағы ауызша таныстырылым сияқты кәсіптік және іскери құралдарды пайдаланудағы және арнайы коммерциялық құжаттарды ағылшын тілінен орысшаға және керісінше аударудағы, ағылшын тілінде қарым қатынас жасаудың негізгі дағдыларын дамытуға көмек ретінде әзірленген.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Технология мен ақпараттарды басқару
«Технология мен ақпараттарды басқару» пәні кәсіби салада ақпараттық-коммуникативтік технологиялармен жұмыстың практикалық дағдыларын дамытуға және нығайтуға мүмкіндік береді, қазіргі заманғы компьютерлік техникамен, бағдарламалық өнімдермен, ақпараттық желілермен жұмыс жасау машықтарын жетілдіреді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қоғаммен байланыс
Берілген курс студенттерді байланыс, бұқаралық ақпарат, бедел менеджменті, media relations, government relations қағидалары, ішкі және сыртқы корпоративтік байланыстеориясының негіздерімен таныстырады. Сонымен қатар, студенттер ұйымның коммуникативтік құрылымын өңдеуге, қоғаммен байланыс қызметін жедел жоспарлай отырып басқаруға, ұйымның беделін көтеруге арналған шараларды өткізуге, өнеркәсіп орнының тауар мен қызметтерін нарыққа жылжытуға, тиімді ішкі коммуникацияларды қалыптастыру –ұжымдағы қолайлы психологиялық климаттың қалыптасуына жағдай жасауға, қызметкерлердің белсенді жұмыс жасауын ынталандыруға, ұйымның ��амуын жоспарлауға қажетті негізгі біліктіліктерді игереді.Пререквизиттер: жоқ
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Маркетингтік зерттеу мен талдау
Бұл курс маркетингтік зерттеулердің компаниядағы рөлін түсіндіреді. Осы курстың мақсаты менеджмент тұрғысынан зерттеулердің рөлін көрсету. Студенттер зерттеудің барлық қадамдарын қарастырады - мәселені анықтаудан бастап, өзі алған нәтижелерін дұрыс ұсынуға дейін
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Маркетингтік қызмет
Курстың мақсаты студенттерді қызмет маркетингінің теориясымен және практикасымен таныстыру, қызметтерін алға жылжыту үшін пайдаланылатын сапалы қызметтер мен маркетингтік тактикалардың маңыздылығын түсіндіру. Сонымен қатар, студенттер қызмет маркетингтегі жаңа ұғымдар туралы және оларды қолдануды білетін болады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жобаларды басқару
Бұл курс жобаларды басқару облысында негізгі тақырыптарға шолу жасауға негізделген. Мұнда жобаларды басқарудың негізгі сатылары, оларды жоспарлау және дәйекті түрде орындау, қажетті ресурстарды бағалау, жобаларды ұйымдастыру және мониторинг жасау, өзгерістерді еңгізу, жобаны іске асыру қарастырылған. Курсты аяқтаған соң студенттер жобаларды басқару мен бизнес – үдерістерді басқарудың айырмашылығын анық түсіне алады; жобаларды басқарудың мазмұны мен құралдарын игеріп, әртүрлі қатысушы тараптардың мүдделерін және олардың жобаның тиімділігіне әсерін түсініп, жобадағы лимиттерді (шектеулерді) анықтай алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Алгорит мен машиналы оқытуға кіріспе
Курс информатикадағы ең негізгі алгоритмдерді, сондай-ақ машиналық оқытудың объективі арқылы толассыз процесстерді зерттеуді үйретеді. Бұл маңызды машиналы алгоритм оқуынан және оларды жүзеге асыруынан үздік деректерді беретін пайдалы қызметтерді қалай шығарып, анықтау керек екенін оқытады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Өзгерістерді басқару
Бұл курс ұйымдарда өзгерістерді басқаруға кіріспе ретінде өңделінген. Бұл курс студенттерде ұйымда өзгерістердің қажеттілігін түсіну қабілеттерін дамытуға негізделген. Курстың аяғында студенттер ұйымдық деңгейде өзгерістердің теориялық және концептуалдық негіздерін игеріп алады; өзгерістерді басқарудың тиімділігі қаншалыққа ұйымға бәсекелестік артықшылықты алуға көмектесетідігін анықтауға үйренеді; өзгерістерді тиімді басқару үшін менеджерлерге қажетті құзыреттілікті, дағдыларды бағалауға үйрене алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Халықаралық бизнес
Бұл іргелі курс жаһандық нарықтар шеңберінде бизнес-шешімдерді қабылдау үдерісімен танысуға арналған. Курс келесі мәселелерді қамтиды: Халықаралық бизнес әрекет ететін мәдени, саяси және құқықтық жағдайлар; Халықаралық экономика теорияларынан бизнесті іске асыру; жаһандық қаржылық және шешу тәуекелімен байланысты және оларды бағалау; жаһандық ортадағы корпоративтік стратегияның негіздері. Бұл курсты аяқтау болашақ мамандарға халықаралық бизнестің негізгі экономикалық, саяси және әлеуметтік аспектілерін түсінуге, сондай-ақ қазіргі әлемдегі бизнеске әсер ететін жаһандық факторларды талдауға және бағалауға көмектеседі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Еңбек құқығы
«Еңбек құқығы» пәні еңбек заңнамасы ғылымының негізгі ережелерімен студентті таныстыруға бағытталған. Онда қоғамдық өмірдің экономикалық аспектілерін құқықтық реттеудің бір бөлігі табуға болады. Бұл курс терең теориялық білім мен практикалық дағдыларды талап ететін заңды мамандарды дайындау үшін арналған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Компенсациялық менеджмент
Компанияның қызметінде ең маңызды салымдарының бірі ретінде компенсация жүйесі кең таралған. Ұсынылған курс болашақ менеджерлерді ұйымдастырушылық тиімділікке жету үшін құзыретті жұмыс күшімен жұмыс істеу үшін жүйенің жұмысы жайлы білімдерімен қамтамасыз етеді. Бұл курс сйыақы жүйесін бағалауды, компенсацияларды басқару мәселелерін диагностикалауды және сәйкес келетін шешімдерді өңдеуді қамтиды. Нақты тақырыптар өз құрамына келесіні еңгізеді: жұмысты бағалау, еңбек ақыға шолу жасау, ынталандыру, жалақы, жәрдем ақы, компенсациялар мен өтеу стратегиясын.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Bloomberg Market Concepts
Bloomberg нарығының тұжырымдамасы (BMC) - сегіз сағаттық электронды оқыту курсы, ол 4 модульден тұрады: экономика, валюталар, тіркелген табыстар және акциялар. Бұл курс функционалдылық пен күрделіліктің жоғары деңгейімен танысу үшін кең ауқымды функцияларды енгізуді талап ететін студенттерге арналған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ивент-менеджмент
Пәнніңмәні «оқиға» әлеуеттін дамыту, насихаттау, бағалау және талдау Батыс және отандық компаниялардың тәжірибесін зерделеу негізінде жүзеге асырылады. Курс мазмұны мынадай негізгі аспектілерге қамтиды: бағыттар ілгерілетудешараныңрөлінкүшейтумега-оқиғалардыңтипологиясы, оқиғалар, қорытындысыжәне «мұра» мега-оқиғаларүшінстратегиялықұлттықжоспарларыншолу, іс-шараныңстратегиялықжоспары (іс-шара), оқиғалардыңконцептуализация, жобалардыбасқаруіс- шара, жүзеге асыру және оның мінез-құлық бағалау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жарнамалық стратегия және жылжыту
Курс компания үшін жарнамалық стратегиясын маңыздылығын зерттейді. Оқушылар коммуникациялық стратегиясын түрлі аспектілері, әр түрлі жарнамалық ақпарат құралдарының артықшылықтары мен кемшіліктері туралы біле алады. Сонымен қатар студенттер, соңғы пайдаланушыға бағдарланған әдістерін пайдалана отырып, мақсатты аудиторияға қол жеткізуді үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Өнімді басқару
Курстың мақсаты - жаңа өнімдерді жоспарлау тұжырымдамалары мен әдістерін енгізу. Студенттер идеяларды қалыптастыру, тұжырымдамалық бағалау, өнімнің дизайны, тестілік маркетинг, нарық сегменті, өнімнің орналасуы сияқты жаңа өнімдердің даму аспектілері туралы біледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қамтамасыз ету жүйесін басқару
процесстерін басқару мен жетілдіру қарастырылады. Ол жеткізу тізбегін басқару процесін, оның ішінде жабдықтауды, өндіріс пен операцияларды, логистиканы, сатуды, сатудан кейінгі қызмет көрсетуді, жан-жақты түсінуге негізделген. Ол негізгі басқару курстарын терең қолдануға түсінік береді. Курс келесі бөлімдерді: сұранысты басқару; сату мен операцияларды жоспарлауды; жеткізу тізбегін басқару жүйесін; өндіріс пен операцияларды басқаруды; логистиканы; сатуды басқаруды қамтиды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Өнімділікті басқару
Бұл курс студенттерге жеке, командалық және ұйымдастырушылық деңгейлерінде өнімділікті басқару жүйелерін бағалауға көмектеседі. Компанияның стратегиясын жүзеге асыру үшін өнімділікті басқарудың басты рөлін студенттер түсіне алады. Курстың сәтті аяқталуы студенттерге өнімділіктің критерийлерін қалыптастыруға және орнатуға, оның қызметіне жолу және талдау жасауға, өнімділікті арттыру үшін ұсыныстарды өңдеуге көмектеседі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кросс-платформалы ұялы әзірлеу
Бұл курс студенттердің алдыңғы курстарда алған дағдыларын пайдалана отырып, көп платформалы мобильді қосымшалар әзірлеуге бағытталған. Студенттер бір кодты базаға ие бірнеше платформаға бағытталған (iOS, Android, Windows) мобильді қосымшалар жасайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Технологиялық кәсіпкерлік
Курста жаңа нәрсе жасау үшін қолда бар мүмкіндіктерді таба алатын, бағалай алатын және пайдалана алатын адамдар туралы әңгіме болып отыр, курс кәсіпкерліктің осы екі бөлігін қамтитын болады. Бірінші бөлімде біз кәсіпкерліктің басқарушылық және ұйымдастырушылық аспектілерін қарастырамыз. Біз мүмкіндіктер мен шығармашылықтың танылуын, мақсатты болжауды, жеке және уәждемелік факторларды, көшбасшылық, келіссөздер, сондай-ақ технопаркілік командалардың қалыптасуы мен жұмысын талқылаймыз. Модульдің екінші бөлігі технология негізінде стратегиялық тұрғыдан бизнес-идеяларды анықтауға және әзірлеуге арналады. Осы бөлікте біз бизнес-тұжырымдаманы әзірлеуге және бизнес-идеялардың жүзеге асырылуы мен табыстылығына қатысты аспектілерді талдауға назар аударамыз.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Стратегиялық менеджмент
Бұл курс келесі принциптерге негізделген: ғылыми көзқарастарға негізделген және кәсіпорынды басқару жүйесі ретінде стратегиялық басқаруды оқу; бәсекелестік артықшылық ретінде стратегиялық басқарудың барлық элементтер мен әдістерді тәжірибелік қолдану; отандық кәсіпорындардың тәжірибесінен ақпаратты пайдалана отырып, кейстерді және қосымша міндеттерді оқу. Оқу материалдары студенттерге стратегиялық басқарудың мақсаттары мен мәнін қалыптастыруға, басқару құралдарын пайдалану дағдыларын, компанияның жоспарларын дамытуға, оларды іс – тәжірибеде тиімді қолдана білуге талдау жасауға көмектеседі. Тәжірибелік оқытуд�� және өзіндік оқуларында студенттер жеке және командалық тапсырмаларды орындайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Менеджменттегі кейстер
Қазақстандық және халықаралық компаниялардың тәжірибелерінен алынған нақты жағдайларға талдау жасау арқылы бұл курс басқаруда теориялық концепцияларды терең пайдалауға көмектеседі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тұтынушының мінез-құлқы
Осы курс шеңберінде студенттер тұтынушылардың әр түрлі мінез-құлық моделдері және олардың бизнес басшыларының шешімдеріне әссері туралы біледі. Студенттер тұтынушылардың іс-әрекетін, мотивациясын, қарым- қатынастарын қарастырады және тұтынушылардың мінез-құлықындағы өзгерістер қалайша маркетингтік қызметке әсер ете алатындығын болжау үшін терориялық білімдерді қолдануды үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бизнес моделдеу
Бұл курстың мақсаты-бизнес-модельді әзірлеуге және оны ұйымның құндылығын арттыру үшін пайдалануға көңіл бөлу. Студенттер нарық драйверлерін түсіну арқылы бизнес-модельдерді қалай нығайтуға болатынын, компания ресурстарын және бәсекелестік артықшылықтарды қалай басқаруға болатынын, шығындар құрылымын монетизациялау мен талдауды қалай жүргізуге болатынын біледі. Студенттер табысты бизнес-модельдерді құру және қолдау үшін түрлі тәсілдерді қалай үйлестіруге болатынын түсінеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бренд-менеджмент
Бүгінгі күнде әрбір компания үшін ең маңызды активтердің біріне оның бренді жатады. Мықты бренд дифференциация үшін мүмкіндік беретін клиенттерге өнімді сатып алу шешіміне әсер етеді. Брендті тиімді басқару ұзақмерзімді пай үшін маңызды. Бұл курс брендтің маңыздылығын түсіну, брендті қалыптастыру білім мен дағдыларды алу, брендті басқару мен бағалау үшін маңызды. Өз құрамына курс келесі тақырыптарды еңгізеді: клиент тұрғысынан брендті қарастыру, брендті қалыптастыру және бағалау үдерісі, брендтің портфолиосын басқару, ұзақмерзімді келешектке бренд – менеджмент
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Стратегический маркетинг
Бұл курс студенттерге стратегияны қалыптастыру және енгізу логикасын түсіндіреді. Студенттер маркетингтік стратегиямен байланысты шешімдер қабылдауға көмектесетін шеңберлер мен құралдарды таныстырады. Студенттер канал мүшелері, бәсекелестік ландшафт, маркетингтің қаржылық бағалау және нарық мүмкіндіктерімен қарым-қатынастарды зерттейді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Веб әзірлеудің ілгері деңгейі
Бұл курс студенттер қолайлы құрылымды пайдалана отырып, мәліметтер базасын басқара алатын әлдеқайда күрделі веб қосымшаларды жасай алуы үшін веб әзірлеудің алдыңғы курсына негізделеді. Сондай-ақ студенттер тестілеу, топтық ынтымақтастық тәрізді сәйкес келетін әдістерді зерттеуге назар аудара отырып, есептеу ғылым саласында біліктілігін арттыруын жалғасырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сандық маркетинг
Бұл курс тез дамып келе жатқан сандық маркетинг саласындағы маңызды тұжырымдамаларды түсіну ушін негізін қамтамасыз етеді. Студенттер онлайн маркетингтік стратегиялары мен онлайн маркетингтің түрлі аспаптары туралы біледі. Курс барысында сондай-ақ, пайдаланушылық контент, SEO, әлеуметтік желілер, мобильді және веб-аналитика, гео және ұялы маркетинг тақырыптарына көңіл бөлінетін болады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Корпоративтік және бизнес құқығы
Бұл курс оқушыларды іскерлік, кәсіби тәжірибе және реттеуші органдар үшін айрықша маңызы бар нақты пәндермен, қолданбалы дағдылармен қамтамасыз етеді. Студенттер корпоративтік және коммерциялық құқық тиімділігін экономикалық, қаржылық және жаһандық тұрғыда талдау мүмкіндігіне ие болады. Курс корпорацияның бүкіл өмірлік циклын қамтиды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Менеджменттегі шешім қабылдау
Курстың мақсаты-студенттерге тиімді шешім қабылдауға көмектесетін құралдар мен әдістерді ұсыну. Студенттер деректерді мәселелерді шешу және түпкілікті шешім қабылдау үшін қалай пайдалану керектігін біледі. Курс студенттерге қаржы, бухгалтерлік есеп, операциялар және маркетинг сияқты көптеген салаларда қолданылатын электрондық кестелер мен деректерді талдау құралдарын қалай пайдалану керектігін көрсетеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Корпоративтік басқару
Бұл корпоративтік басқару мен корпорацияның экономикалық, саяси, әлеуметтік ықпалының арасын зертейтін кіріспе пән. Курс мазмұны мыналарды қамтиды: директорлар, кеңестер, комитеттер ролін, нормативтік шектеулерді, жауапкершілік пен есептілікті; тәуекелті; корпоративтік және кәсіби этиканы қамтиды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сату негіздері
Курс жеке және ұйымдастырушылық сату деңгейде табысқа жету үшін қажетті дағдыларды қамтамасыз етуге бағытталған. Студенттер клиентпен қарым-қатынас жасауды және әлеуетті клиентпен байланыс процесін қалай құрастыруды үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
Оқыту нәтижелері
- жазбаша және ауызша коммуникативтік дағдыларды және компьютерде жұмыс істеу дағдыларын көрсету
- бизнесті басқаратын жаһандық орта, сондай-ақ ұлттық контекст туралы хабардарлықты көрсету
- топтық жұмыста көшбасшылық қасиетін және тиімді жұмысты көрсету
- зерттеу әдіснамасын түсіну және қолдану
- экономика, қаржы, есеп, менеджмент, тұтынушылық мінез-құлық және маркетингтің негізгі концепцияларын бағалау
- негізгі бизнес құндылықтарын түсіну және оларды ұстану
- бизнес саласында диагностика, бағалау, мәселелерді шешу және мүмкіндіктерді табу және ұсыныстарды әзірлеу үшін аналитикалық дағдыларды қолдану
- бизнес, операциялық және стратегиялық жоспарларды әзірлеу, жобаларды ұйымдастыру және оларға мониторинг жүргізу, ресурстарды басқару, топтарды және кәсіби қатынастарды құру үшін менеджменттің үздік тәжірибесін пайдалану
- ақпаратты дербес жинау, жаңарту және өңдеу
- таңдаған бизнес саласында ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану
- бизнес үшін ақпараттық технологиялар саласы ұсынатын мүмкіндіктерді зерттеу
- бизнестің түрлі салаларын тез өзгеретін технологияларға бейімдеу
Ұқсас БББ
6B04110 Цифрлық экономика
Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық Бизнес Университеті
6B04110 Экономика
Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті (Halyqtar dostyǵy)
6B04110 Креативті индустриялар және продюссерлеу
Халықаралық білім беру корпорациясы
6B04110 Адам ресурстарын басқару
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
6B04110 Экономика және кәсіпкерлік
Рудный индустриалдық университеті (РИУ)
6B04110 Мемлекет және бизнесті басқару
Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті
6B04110 Экономика
Академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты