Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M10112 Фармация (профильді бағыт) в Санжар Жафарұлы Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • ON1 жоғары білім деңгейінде алынған білімнің негізгі параметрлерін анықтау, көрсету, сипаттау; фармацияның пәнаралық саласы шеңберінде білімді қолдану, мәселелерді шешу қабілеті;
  • ON2 қазіргі концепцияларды, теорияларды бағалау және процестер мен құбылыстарды талдау тәсілдерін түсіндіру; түрлі пәндер шеңберінде алынған білімді сәйкестендіру; ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыру қабілеті;
  • ON3 тиісті фармацевтикалық тәжірибеге сәйкес фармацевтикалық ұйымдардың қызметін ұйымдастыру, жоспарлау және талдау ; фармацевтикалық нарықтағы фармация экономикасы мен тұтыну мінез-құлық ерекшеліктеріне бағдарлау; негізгі экономикалық көрсеткіштерді болжау және экономикалық талдау және есепке алу әдістерін қолдану;
  • ON4 ДЗ фармаконадзоры мәселелерін түсіндіру, фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының клиникалық аспектілерін саралау; ДЗ, ММБ және МТ жанама әсерлеріне мониторинг жүргізу; МӘМС жағдайында тиімді фармакоэкономикалық механизмдерді талдау; ТМККК шеңберінде ДЗ тиімді пайдалану бойынша ұйымдық-экономикалық тәсілдерді жіктеу;
  • ON5 ДЗ дайындау және өндіру бойынша фармацевтикалық ұйымдардың өндірістік қызметін ұйымдастырудың негізгі принциптерін зерделеу; халықаралық стандарттар ережелерін сақтай отырып, тиісті жабдықта технологиялық процесті жүргізу; фармацевтикалық сапа жүйесі бойынша GxP талаптарын сақтау; фармацевтикалық және медициналық өнімдер өндірісін, парфюмерлік-косметикалық өнімдерді мемлекеттік реттеу және нормалау;
  • ON6 дәрілік өсімдік шикізатында әсер ететін және ілеспе заттарды анықтау; биологиялық белсенді заттардың мөлшерін химиялық, физика-химиялық және хроматографиялық әдістермен белгілеу;
  • ON7 отандық, жақын және алыс шет елдердің фармакопеялық стандарттары мен нормативтік-техникалық құжаттарын саралау; дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттауды анықтау; талдаудың физикалық, химиялық және физикалық-химиялық әдістерін білу; әртүрлі дәрілік түрлердегі дәрілік заттарды талдау және зерттеу;
  • ON8 кәсіби міндеттерді шешу үшін негізгі мәселелерді түсіндіру қабілеті; ғылыми ақпаратты жүйелеу және жинақтау, зерттеу мақсаттарын қою және оларға қол жеткізудің оңтайлы әдістері мен технологияларын таңдау, косметология саласында ұйымдастыру мен басқарудың негізгі принциптері бойынша қорытынды жасай білу; косметологияда қолданылатын дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттауды жүргізу;
  • ON9 білім беру процесінде желілік компьютерлік технологияларды, деректер базасын, бағдарламаларды пайдалану; іскерлік қызмет саласының қолданбалы бағдарламалық құралдарын пайдалана отырып, ақпаратты өңдеуді жүргізу; ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі талаптарын сақтау;
Top