Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7M02303 Филология (қазақ) (1 жыл) в Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

Оқыту нәтижелері

  • Кәсіби қызметтегі дүниетанымдық, әлеуметтік-лингвистикалық және психологиялық мәселелерді шеше білу қабілетін көрсетеді. Мультимәдениетті командаларды басқарады, көшбасшылықтың негізгі тәсілдемелерін бағалайды, ынталандырудың замануи тәсілдемелерін қолданады, дағдарыс жағдайда коммуникацияларды іске асырады, бақылау мен сапаны кешенді басқарады
  • Қазақ тілі білімі мен әдебиеттанудың жаңа бағыттарына зерттеу жасап, құрылымдық жүйесіне негіз болатын білімді жинақтайды
  • Қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың өзекті мәселелеріне қатысты білімді жүйелейді. Ғылыми-зерттеу және ғылыми-қызмет дағдыларын меңгеруге қажетті білімді игереді
  • Филология саласындағы ғылымның жаңа теориялық, әдіснамалық жетістіктерін бағалайды, ғылыми-зерттеу міндеттерін өздігінен шешу әдістемесі мен тәсілдерін үйренеді
  • Өркениеттің дамуындағы филология саласының негізгі нормаларын, даму бағыттарын біледі, кәсіби қызметте теориялық білімдерді қолдана алу дағдысын қалыптастырады
  • Мамандық бойынша барлық кәсіби қызмет түрін жүзеге асыруға қабілетті болады; кәсіби біліктілік пен филологтың жұмыс істеу қабілетіне ие болады; мамандық бойынша кәсіби әрекет тәжірибесі мен тәжірибиелік біліктілікке ие болады
  • Аударма теориясы мен оның әдіснамасы, көркем аударма, салғастырмалы стилистика туралы білімді жинақтап қолдана алады; аударманың лингвистикалық теориясының негізгі қағидаларын, аударманың ғылыми-терминологиялық аппаратын меңгереді, бағалайды
  • Тіл білімі мен лингвистикалық ілімдер тарихы аясында тілдік заңдылықтарды, олардың теориялық негіздерін игереді
  • Лингвистикалық/әдебиеттанушылық зерттеулерді жүргізу мен ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру, кәсіби қызметтің түрі мен сипатының өзгерісіне, пәнаралық жобалармен жұмыс істеуге бейімділікті игереді. Зерттеуге қажетті ғылыми әдістерді игереді, нақты филологиялық зерттеудің міндеттерін шешу үшін бұрыннан бар әдістерді жаңарту және жаңа әдіс-тәсілдерді зерттеп дайындау біліктілігі қалыптасады
Top