Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01404 Бастапқы әскери дайындық в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • ҚР қарулы күштерінің жалпы әскери жарғылары
    Несиелер: 4

    Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жалпы әскери Жарғысын оқу нәтижесінде әскери бөлімшелердегі (корабльдердегі) әскери өмірдің негізгі ережелерін, Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің ішкі тәртібінінің қағидаларының әскери қызметшілердің,командирлердің (бастықтардың) жалпы құқықтары мен міндеттерін тәрбиелік іс-әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асыру негіздерін танып білуде теориялық мәліметтерді және практикалық дағдыларды игереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мамандыққа кіріспе
    Несиелер: 4

    Бастапқы әскери дайындық пәнінен ұйымдастырушы оқытушыларды болашақ мамандықтарына дайындауда жетекші пәннің бірі болып табылады. Мамандыққа кіріспе пәнін оқу процесінде студенттер мұғалім мамандығына қойылатын талаптармен танысып, теориялық мәліметтерді және практикалық дағдыларды игереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түрік (Қазақ) тілі – (Деңгей 1)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттерге түрік тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымы туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру және артикуляция, интонация ережелерін үйрету. Тілдік қызметтің төрт негізгі формаларында (сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу) қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Саптық дайыдық
    Несиелер: 5

    ҚР Қарулы Күштерінің саптық дайындығы талаптарына сәйкес тәжірибе жүзінде саптық тәсілдерді орындауға, жаттықтыруға және дағдылануға қалыптастырып, дайындайды. Саптың элементтерін, бір орындағы және қозғалыстағы бұрылыстар, қарусыз, қарумен саптық тәсілдерді орындауды оқытып, үйретеді

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты балалар мен жасөспірімдердің дене бітімінің жасқа байланысты екендігін үйрету және дене бітімінің қалыптасуында антропометриялық әдісті қолдану туралы түсініктеме беру. Пән балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының биологиялық заңдылықтарымен таныстыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Түрік (қазақ) тілі – (Деңгей 2)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттердің түрік тілінің грамматикалық құрылымы туралы білімдерін қалыптастыру, грамматикалық ережелерді үйрету, жазбаша тапсырмаларды орындау дағдыларын дамыту. Студенттердің белсенді және пассивті сөздік қорын кеңейту. Пән түрік тілінде күрделі сөйлемдерді қалыптастыруға бағытталған; түрлі тақырыптарда күрделі мәтіндерді қолдана отырып, түрік тілін меңгеруге бағытталған. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстанымды жүйелі түрде білу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, күнделікті білім беру қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдауға сыни көзқараспен сыбайлас жемқорлық көріністері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерге ықпал ететін факторлар туралы жалпы кешенді білімді меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Бастапқы әскери дайындық пәнін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Бастапқы әскери дайындықты оқыту әдістемесі пәні студенттерді болашақ кәсіби мамандығына дайындауда алғашқы орынды алады. Бұл пәнді оқыту барысында студенттер бастапқы әскери дайындығы негіздерінен сабақтарды өткізудің әдістемесін үйренеді. Жылдық, апталық сабақ өту жоспарын, күнделікті жоспар-конспектіні жасауды меңгереді. Педагогикалық практикадан өткенде білуге тиіс құжаттармен танысып, олармен іс жүзінде жұмыс істеуді үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ұрыс қарулары
    Несиелер: 6

    Бастапқы әскери дайындық саласындағы болашақ мамандардың теориялық білімдерін және кәсіби практикалық Болашақ мамандарды дайындау барысында ұрыс қаруларының пайда болу тарихын терең зерделеуге, оның түрлерін, қару-жарақтардың материалдық бөлігін, техникалық сипаттамасымен танысу, ұрыс техникаларының түрлері, оларды қолдану ерекшеліктері, қазіргі кездегі қарулы күштердегі орнын білу, теориялық білімдерін тереңдету мен танысуды көздейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көшбасшылық теориясы
    Несиелер: 5

    Ғылымдағы лидерлік туралы әдебиеттерді шығармашылық тұрғыдан талдайды, қоғамда өмір сүрген көшбасшылардың өмір деректері мен көзқарастарын талдайды. Кәсіптік қызметінде азаматтық, төзімділік секілді ұстанымдар негізінде оң бағыттағы коммуникативті дағдыларды, лидер мен қызметкер арасындағы қатынасты, субординацияны сақтау мәдениетін қалыптастырады. Қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Түркі мемлекеттер тарихы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - түркі тілдес елдерінің жастарынан қазіргі заманғы жоғары білікті мамандарды дайындау үшін өзінің төл тарихы мен мәдениетін, тарихи ерекшелігін ұғып білуді, сондай-ақ, жаһандану процесінде ұлттық болмысын сақтауда қажетті біліммен қаруландыруды көздейді. Түркі халқының этногенезі мен этникалық тарихын, мемлекетінің пайда болуы және оның өркендеуі қарастырады. Пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мәңгілік Ел
    Несиелер: 5

    "Мәңгілік Ел" пәнінің мақсаты – ұлттық сана-сезімнің, ұлттық рухтың, патриотизм рухының, тарихи сана мен әлеуметтік жадының, кәсібилік пен бәсекеге қабілеттілік рухының жоғары даму деңгейі бар; Қазақстан халқының тәуелсіздігін, қауіпсіздігін, тұрақтылығын, дамуы мен тұрмысын жақсарту жөніндегі белсенді де шешімді іс-қимылдарға дайын болатын, ұлттық мәдениеттің рухани құндылықтарын дамытып сақтауға жауапты, өзге мәдениеттер өкілдерімен сындарлы келісім құруға дайын мамандардың жаңа буынын, қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақстанның әскери тарихы
    Несиелер: 5

    Қазақстанның әскери тарихы пәні біздің заманымызға дейінгі ҮІ ғасыр мен бергі ХІҮ ғасыр арасындағы сақтар, хұндар, түркілер, Шыңғыс хан, Әмір Темір дәуіріндегі әскери өнердің дамуын, ХҮ ғасырдың ортасында қазақ хандығы құрылған кезден бастап қазақ әскери өнерінің дамуына аса зор үлес қосқан қазақ батырларының әскери өнері оқытылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ататүрік принциптері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – түркі тілдес елдерінің жастарын қазіргі заманғы жоғары білікті маман ретінде дайындау бағытында түркі әлемінде ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында орын алған Осман империясының тарихы мен маңызын көрсетуге бағытталады. Империяның құлауы мен өз жалғасын тапқан түрік ұлтының тәуелсіздік үшін күресі және мемлекеттің құрушысы Мұстафа Кемал Ататүріктің принциптері пәннің мазмұнын құрайды. Түрік ұлтының басшысы ретінде Мұстафа Кемалдың мемлекетке байланысты ұстанған принциптерін түсіндіру көзделеді. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экологиялық танымды қалыптастыра отырып, адамның тіршілік ету ортасымен арасындағы жарақатсыз қауіпсіздікке студенттерді дағдыландыру. Курста қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың заманауи тәсілдері бойынша теориялық және практикалық білімді қалыптастыра отырып, апаттардан және дүлей зілзалалардан, қарсыластың жою құралдарынан қорғану мақсатында халықты қорғаудың әдістері мен құтқару жұмыстарын ұйымдастыру қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - қазіргі саяси, экономикалық, күнделікті-тұрмыстық, қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени байланыс, барлық ғылым саласы мен мемлекеттік басқарушы органдардағы терминологиялық және арнайы лексиканы, сондай-ақ іскер хаттар жазысу ережелерін, шарттар мен келісім жасай білуге және іскерлік қарым-қатынаста сөйлеуге қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Техникалық дайындық
    Несиелер: 5

    Білімгер Отан қорғаушы жастар әскери-техникалық дайындықты оқыту әдіс-тәсілдерін жетік меңгерген әскери техникалардың түрлері, оларды қолдану ерекшелігін қазіргі заманауи техникаларды игеру үшін білімдерін тереңдету мен олармен танысуды көздейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экономиканы оқудың теориялық негіздерін, кәсіпкерлік, кәсіпкердің іс-әрекеттері, кәсіпкерлік істің түрлері, ұйымдастыру әдістері, тактикасы, стратегиясы, кәсіпкерлік бәсекелестік, тәуекел мен бизнес білімін, бизнес-жоспардың құрылымын, мазмұнын және ұлттық экономиканың салаларында бәсекені күшейту жағдайындағы кәсіпкерліктің және бизнес–жоспарды құрудың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік негіздері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ясауитану
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты діни және сопылық қайнар көздерден алынған ясауилік ілімінің мәнін сипаттау және бағалау қабілеттерін қалыптастыру. Оқу курсы сопылық терминдер мен категориялардың мәнін, олардың метафоралығын түсінудің теориялық және әдіснамалық негізін, Қожа Ахмет Ясауидің «Дивани Хикмет» шығармасының сопылық мәнін талдауға және бағалауға, оның мәдени-рухани әлеуетін анықтауға қолдана білуді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Әскери саптық әуендік тәрбие
    Несиелер: 3

    Білім алушы жастар әскери мамандыққа дағдыланған, білікті шыңдалған,сапта жүріп келе жатып әскери әндерді орындау дағдысын игеруге, әскери әуенмен қозғалыс жасауды үйретуге бағытталған. Бастапқы әскери дайындық мамандығы жүйесінде әскери саптық әуендер пәні білімгерлерді дағдыланған, қалыптасқан білікті шыңдалған кәсіби маман дайындауда алдыңғы қатарлы бірден бір пән болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты- тәрбие үдерісінің негіздерін және тәрбиелік іс-әрекеттің әдістемесі мен технологиясын танып білуде болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ модуль тәрбие жұмыстарының теориялық және әдістемелік негіздерін сипаттайды, орта және жоғары оқу орындарындағы тәрбие үдерісін басқару мен ұйымдастыруға қажетті тәрбие жұмыстарының жалпы теориялық негіздерімен, тәжірибеде тәрбие жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - орта білім беру жүйесінде педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру бойынша болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық бағыттылығы мен кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ модуль педагогикалық зерттеудің әдістерін пайдалана отырып, зерттеу мәдениетін қалыптастыруда топта жұмыс істеуге қабілетті, кәсіптік қызметін дәлдікпен қолдануды қамтамасыз етеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: Арнайы білім беруді қажет ететін, даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру, дамыту, өмірге бейімдеу жолдары көрсетіледі. Инклюзивті білім берудің теориялық-әдістемелік негіздері, ұстанымдары, формалары, әдіс-тәсілдері туралы ғылыми білімдер жүйесімен және ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арнайы қолдау көрсету әдіс-тәсілдері таныстырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Соғыс қарулары және техникалар
    Несиелер: 4

    Бастапқы әскери дайындық саласындағы болашақ отан қорғаушылардың теориялық білімдерін және кәсіби – практикалық білік дағдыларын жетілдіру мақсатында жүзеге асады. Болашақ әскери дайындық мамандарын дайындау барысында соғыс қаруларының пайда болу тарихын терең зерделеуге, оның түрлерін, қару-жарақтардың материалдық бөлігін, сипаттамасымен танысу, соғыс техникаларының түрлері, оларды қолдану ерекшеліктері, қазіргі кездегі қарулы күштердегі орнын білу, теориялық білімдерін тереңдету мен

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Бауыржанның әскери мұрасы
    Несиелер: 5

    Ұлттың төл перзенті даңқты қолбасшы Б.Момышұлының тарихи мұрасы арқылы ел жастарының өз Отанының патриоты болу түсінігін қалыптастыруға жетелейді. Білімгер жастарды Отан сүйгіштікке, елжандылыққа және оған жетуге қойылатын ұлттық болмыстарды үйретеді. Бұл пәнді оқу барысында болашақ жастардың Отанының шынайы патриоты болуды терең түсінуімен қатар, оның маңыздылығын бойына сіңіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тактикалық дайындық
    Несиелер: 5

    Тактикалық дайындық бастапқы әскери дайындық саласындағы болашақ мамандарды дайындау барысында соғыс өнерін, командирлік дағдыларды меңгеруге, бөлімшені басқару барысында практикалық дағдыларды қалыптастыруға, атыс міндеттерін нәтижелі орындауда атыс құралдарының дайындығын қамтамасыз ету, жеке құрамды түрлі ұрыс жағдайларында берілген тапсырманы нақты және уақтылы орындауға үйрету мақсатында өткізіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қауіп-қатер кезіндегі қорғаныс негіздері
    Несиелер: 6

    Азаматтарды қауіп-қатер кезіндегі қорғаныс негіздерін, төтенше жағдайларда өзін-өзі қорғаудың әдіс-тәсілдерін меңгертіп, үйретеді. Бұл пән мамандарды қоршаған ортада өмір сүруі барысында адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, болуы мүмкін табиғи, техногендік сипаттағы апат, қирау және алапат зардаптарынан дұрыс қорғана білуді, қатерлі жағдайларда сауатты шешім қабылдап және болжай алу, сондай-ақ адам тіршілігінің барлық саласындағы қауіпті жағдайлардың алдын алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жаңа технологияны оқыту
    Несиелер: 5

    Әскери пәндерді теориялық-практикалық түрінде заманауи технологияларды қолдану арқылы оқытып, үйретеді. Болашақ мамандарды теориялық біліммен қаруландырып, жалпы білім беретін орта мектептерде, кәсіптік-техникалық мектептерде қазіргі заманғы білім беру технологиялары негізінде оқытуда қолданылатын озық оқыту технологиялары мен құралдарды пайдаланып оқытудің түрлері мен әдістерін үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Әскери патриоттық тәрбие негіздері
    Несиелер: 5

    Жалпы білім беретін орта және арнаулы мамандандырылған мектептегі мұғалімнің ортадағы білімгерлерді, Отан сүйгіштікке және оған жетуге қойылатын ұлттық болмыстарды үйретеді. Оқушылардың Отан қорғауда және өз елінің шынайы патриоты болуына жалпы түсінігі қалыптасады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Әскери-құқықтық және психологиялық дайындық
    Несиелер: 7

    Бастапқы әскери дайындық саласындағы болашақ мамандардың теориялық білімдерін және кәсіби практикалық білік дағдыларын жетілдіру мақсатында жүзеге асады. Студенттерді әскери қызметке қатысты Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерімен, әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы заңмен таныстыру, Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілік пен оларды жүзеге асыру жолдарымен таныстыру көзделеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Әскери саяси география
    Несиелер: 6

    Білімгерлерді әскери саяси географияны оқыту арқылы әлемнің саяси географиясын тұрмыс-тіршілігімен таныстыруды оқытады. Студенттерді болашақ кәсіби мамандығына дайындауда әскери саяси география пәнінің маңызы зор. Бұл пәнді оқыту барысында студенттер әлемнің атласын, континенттердің орналасуын, меридиан және экватордың маңызын оқып үйренеді. Материктерде жайғасқан мемлекеттердің жер көлемін, табиғатын, геосаяси орнын, астанасын, Қарулы Күштерін, олармен бітімгершілікті нығайту мақсатында қарым-қатынасын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Әскери қоян-қолтық ұрыс
    Несиелер: 6

    Болашақ Отан қорғаушы жастарды, оның ішінде студенттерді өзінің әскери міндеттерін орындау барысындағы түрлі жағдайларда, қарсылас қарумен және қарусыз шабуыл жасалған кезде қорғану үшін қолданылатын ұрыстық күрес түрлерін тәжірибе жүзінде меңгеруге дағдыландырып, дайындайды. Сонымен қатар оқушыларға бастапқы дайындық пәнін оқытудан тыс уақыттарда жастарға қарумен және қарусыз қорғану жаттығуларын орындай білу дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Бастапқы әскери дайындық пәнінде педагогикалық зерттеу әдіснамасы мен әдістемесі
    Несиелер: 5

    Студенттерді бастапқы әскери дайындық пәнінде педагогикалық зерттеу әдіснамасы мен әдістемесін оқытып, үйретеді. Педагогикалық процестің жағдайын негізі сипаттамалары бойынша диагностикалау және оның дамуын болжау. Жетекші идеясы өз бетімен тапқан ғылыми нәтижелерді, әдебиеттегі мәліметтерді сынға алуы тиіс.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - критериалды бағалау жүйесін, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың заманауи құралдарын, түрлерін, техникаларын, тетіктерін, білім беру процесіндегі бағалаудың орны мен рөлін түсіну, қалыпастырушы және жиынтық бағалауды ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерін қолдану, бөлім мен тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу қабілетін қалыптастыруға бағытталған. Ол критериалды бағалау жүйесінің мәні мен ерекшелігін түсінуді қамтамасыз етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Әскери робототехника негіздері
    Несиелер: 5

    Роботты техникалар қазіргі таңда әскери технологияның ең басым салаларының бірі болып табылады. Қазіргі уақытқа дейін түрлі міндеттерді атқара алатын автоматтандырылған аппараттар құрылған. Алайда қазіргі ұшқышсыз ұшатын ұшақтар мен тікұшақтар, сондай-ақ шынжыртабанды машиналар қабілетті деп мақтағанменен, толығымен өздігінен жұмыс істей алмайды. Олардың дербестіктері көп «ақылды» қажет етпейтін, белгілі бір әрекеттерді орындай алады..

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Критериалды бағалау
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: Пән аясында білім алушыларға критериалды бағалау жүйесінің мазмұны, оқыту нәтижесін бағалаудың қазіргі құралдары, түрлері, техникалары, механизмі, білім беру үдерісіндегі бағалаудың орны мен рөлі, критериалды бағалаудың технологиясы түсіндірілген. Критериалды бағалаудың әдістері, техникалары көрсетіледі. Қалыптастырушы және жиынтық бағалауды ұйымдастыру, бөлім және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеудің тәсілдері мен әдістері үйретіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Әскери психология мен педагогика
    Несиелер: 5

    Әскери психология мен педагогика курсын оқыту мақсаты басқа пәндермен тығыз байланыстыра отырып студенттерді болашақ алғашқы әскери дайындықтың оқытушы-ұйымдастырушыларын әскери-психологиялық және әскери-педагогикалық біліммен қаруландыру, жауынгерлік тәрбие мен оқытуға қажетті іскерлік, дағды мен психологиялық ойлау негіздерін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына жастарды дайындау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Білім берудегі менеджмент
    Несиелер: 3

    Білім берудегі менеджмент пәнінің мақсаты – білім беру жүйесінде педагогикалық процесті басқарудың қағидалары мен заңдылықтарын білу және педагогикалық процесті ұйымдастыру, жоспарлау, жобалау, болжау, диагностикалау іскерліктерін қалыптастыру. Білім беру ұйымдарында басқаудың функцияларын, нормативтік-құқықтық базасын, бақылау тексеру түрлері, субъектілерді басқаруда қақтығыстар мен лидерлік сапаны дамытуды түсіну.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Атыс дайындығы
    Несиелер: 5

    Атыс дайындығы бастапқы әскери дайындық саласындағы болашақ мамандарды дайындау барысында атыс қаруларын меңгеруге, практикалық дағдыларды қалыптастыруға, атыс міндеттерін нәтижелі орындауда атыс құралдарының дайындығын қамтамасыз ету, жеке құрамды түрлі жағдайларда өз қаруын дұрыс пайдалана білуге үйрету мақсатында өткізіледі. Атыс негіздерінде атыс құбылыстары, оқтың ұңғы ішіндегі қозғалысы және ауада ұшу заңдылығы зерделенеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Технологиялық дайындық
    Несиелер: 5

    Әскери пәндерді теориялық-практикалық түрінде заманауи технологияларды қолдану арқылы оқытып, үйретеді. Болашақ мамандарды теориялық біліммен қаруландырып, жалпы білім беретін орта мектептерде, кәсіптік техникалық мектептерде қазіргі заманғы білім беру технологиялары негізінде оқытуда қолданылатын озық оқыту технологиялары мен құралдарын пайдаланып оқытудың түрлері мен әдістерін үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Педагогикалық менеджмент
    Несиелер: 3

    Педагогикалық менеджменттің мақсаты – басқару объектісі ретінде педагогикалық жүйесі басқарудың заңдылықтар мен қағидаларынан, функцияларынан студенттердің білімін қалыптастыру. Мектептегі педагогикалық процесті ұйымдастыру, жоспарлау, болжау мен бақылауды жүзеге асыра білуді меңгерту. Сонымен қатар, әдістемелік және ғылыми-әдістемелік, инновациялық жұмыстарды ұйымдастыру жолдарын меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Бастапқы әскери және технологиялық дайындық пәнін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Бастапқы әскери және технологиялық дайындықты оқыту әдістемесі пәні студенттерді болашақ кәсіби мамандығына дайындауда алғашқы орынды алады. Бұл пәнді оқыту барысында студенттер бастапқы әскери дайындығы негіздерінен сабақтарды өткізудің әдістемесін үйренеді. Жылдық, апталық сабақ өту жоспарын, күнделікті жоспар-конспектіні жасауды меңгереді. Педагогикалық практикадан өткенде білуге тиіс құжаттармен танысып, олармен іс жүзінде жұмыс істеуді үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жаппай қырып жою қаруларынан қорғану
    Несиелер: 5

    Болашақ мамандарды қарсылас жаппай қырып жою қаруларынан қолданған қолданған жағдайда мүмкін болатын апат, қирау және алапат зардаптарынан дұрыс қорғана білуді, қатерлі жағдайларда сауатты шешім қабылдап және болжай алу, сондай-ақ адам тіршілігінің барлық саласындағы қауіпті жағдайлардың алдын алып өзіне және басқаларға көмек көрсете білуді қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Запастағы офицердің әскери дайындығы
    Несиелер: 5

    Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет еткен офицерлерді мерзімді, шекті жасына дейін арнайы дайындықтан өткізіп отыруды оқытып, үйретеді. Запастағы офицердің әскери дайындығы пәнін оқу процесінде студенттер Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қосалқы бір тармағымен танысып, келешекте өздерінің ұзақ жылдар бойы әскери есепте тұрып, қажет болған жағдайда Отан қорғау сапына тұратынын сезінеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жергілікті жерді бағдарлау
    Несиелер: 5

    Білім алушы жастар жергілікті жерді бағдарлау пәнін оқу барысында,таулы аймақта, орманды далалық тб жерлерде әскери оқу-жаттығу дайындықтарын жүргізу кезінде, арнайы құралдармен (компас) және табиғи жылжымайтын ағаштар және тау тастары тб арқылы қажеттіліктерін, бағыттарын анықтай ала білуді ұйымдастыру тәртібін оқып-үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әскердің қызметін ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Әскери қызметті ұйымдастырушылық штаттық іс-шаралар - Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда мемлекеттік мекемелерді жəне олардың құрылымдық бөлімшелерін құру, тарату, қайта ұйымдастыру, орнын ауыстыру, бағыныстылығын өзгерту, штаттарын өзгерту бойынша, сондай-ақ Қарулы Күштердің, басқа да əскерлермен əскери құралымдардың құрамы мен штат санын өзгерту бойынша жүргізіледі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әскери басқару және әскери құқық
    Несиелер: 5

    Бастапқы әскери дайындық саласындағы болашақ әскери мамандардың теориялық білімдерін және кәсіби практикалық білік дағдыларын жетілдіру мақсатында жүзеге асады. Студенттерді әскери қызметке қатысты Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерімен, әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы заңмен таныстыру, Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілік пен оларды жүзеге асыру жолдарымен таныстыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әскерге дейінгі жастардың далалық жағдайдағы дайындығы
    Несиелер: 5

    Бастапқы әскери дайындық жүйесінде әскерге дейінгі жастардың далалық жағдайдағы әскери өмірге дағдылану дайындығын тәжірибе жүзінде оқытып, үйретуде алдыңғы қатарлардың бірінен орын алады. Болашақ әскери мамандардың теориялық білімдерін және кәсіби-практикалық білік – дағдыларын жетілдіру мақсатында жүзеге асады. Пәннің бағдарламасы бойынша студенттер оқу барысында әскерге дейінгі жастардың далалық жағдайдағымен танысады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әскери информациялық технология
    Несиелер: 5

    Әскери қызметшілерді заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс жасауға оқытып, үйретеді. Болашақ мамандарды теориялық біліммен қаруландырып, жалпы орта білім беретін мектептерде, кәсіптік техникалық мектептерде қазіргі заманғы білім беру технологияларын пайдаланып оқытуды үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әскери-инженерлік дайындық, әскери топография, басқару және байланыс
    Несиелер: 5

    Әскери құрылым жүйесіндегі әскери-инженерлік дайындық, инженерлік бөгеттер, миналар, мина жарылғыш және жарылмайтын инженерлік бөгет түрлерін оқытады. Студенттерді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі әскери инженерлік, әскери топография, басқару және байланыс дайындығы, инженерлік бөгеттер, инженерлік қамтамасыз ету, техникалар, миналар түрлерімен таныстыруды көздейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әскери қолданбалы спорт түрлері
    Несиелер: 5

    Бұл пән жастарды әскерге дайындауда әскери қолданбалы спорт түрлерінен дайындығын меңгертуді оқытып үйрететін, студенттерді кәсіби тұрғыдан дайындайтын негізгі пәндердің бірі. Пәннің бағдарламасы бойынша студенттер оқу барысында әскери ойын және кешендер түрлерін оқып үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс
    Несиелер: 5

    Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс» пәнінің негізгі мақсаты, болашақ әскери мамандарды теориялық біліммен және іс жүзінде атқарылатын іс-шараларымен толығымен таныстырып, сонымен қатар қауіпсіз тіршілік етуге, төтенше жағдайларды алдын-ала болжап олардың зақымдаушы факторлары салдарынан қорғана білуді үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • ҚР ҚК әскери қызметшілерінің тәрбие жұмысының әдістемесі
    Несиелер: 6

    Білімгерлерді әскери қызметшілердің тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың әдіснамалық-теориялық білімімен қаруландырып, кәсіби тәжірибелік дағдыларды игерумен бірге білікі құзыреттілікке баулу. Сондай-ақ модуль әскери тәрбие жұмыстарының теориялық және әдістемелік негіздерін сипаттайды, орта және жоғары оқу орындарындағы әскери тәрбие үдерісін басқару мен ұйымдастыруға қажетті тәрбие жұмыстарының жалпы теориялық негіздерімен таныстырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON1

    -мақсатқа бағытталған белсенді оқыту қабілетін қолдану; -жеке және топта ақпаратты басқаруды, цифрлық технологияларды тарату процесін немесе жолдарын түсіндіреді; -барлық салада экономикалық, кәсіпкерлік шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастырады

  • Код ON2

    -жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді реттей алады; - мемлекеттік және шет тілдерінде табысты академиялық, кәсіби және әлеуметтік қарым-қатынас орнатады

  • Код ON3

    -қоғамды сақтау және дамыту үшін рухани құндылықтардың маңыздылығын ұғыну мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын қолданады, сыни тұрғыдан ойлау қабілетімен әрекет етеді, тарихи деректер мен қағидаттарды қолданады; - қоғамның өмір сүру ортасы мен экологиялық танымды білу, өзіне қатысты құқықтық, адамгершілік міндеттемелерді, құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы қоғамға үйретеді, кәсіби қызметте осы білімдерін қолдана алады

  • Код ON4

    -оқу-тәрбие үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді біледі; -оқушылардың жас ерекшелік дамуындағы психофизиологиялық ерекшеліктерді есепке ала отырып, білім алушылардың жетістіктерін диагностикалау әдістерін және педагогика мен психологияның теориялық негіздерін қолдана біледі

  • Код ON5

    -психологиялық, психофизиологиялық дамудың жалпы, өзіндік және жеке ерекшеліктерін және инклюзивті білім беру құндылықтарын есепке алу құралдарын пайдалануға қабілетті, инклюзивті білім беру ұстанымдарын және бағалау мен басқаруды оқу-тәрбие үдерісінде нормативті реттеуді біледі

  • Код ON6

    - өз бетімен білім алушылардың сұраныстарын ескере отырып, психологиялық және педагогикалық білімдерді оқу процесінде пайдалану; - әскери саладағы теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, саптық-тактикалық сабақты ұйымдастырады; - топпен бірге теориялық білімді талдап бағалауды қолданады

  • Код ON7

    - ғылыми мәліметтерді таңдай отырып, әскери әдебиеттерді оқу үдерісінде қолдану; - әскери инновациялық технологияларды қолданып, оқытудың белгіленген мақсаттарына сәйкес оқыту үдерісін ұйымдастырады; - әскери іс-құжаттарды жүргізудің түрлі әдістерін ұсынады

  • Код ON8

    - ұрыс қарулары мен техникалары ерекшелігінің сипаттамаларын ғылымның соңғы жетістіктеріне сүйене отырып анықтау; - әскери өнерді тарихи дамуы тұрғысынан мәлімдеп беру; - Қарулы Күштерде әскери қызметті атқарудың ережелерін жарғылық талаптарға сәйкес орындайды

  • Код ON9

    - қазіргі заманғы жаппай қырып жою қаруларынан қорғану әдіс-тәсілдерін сипаттап көрсету; - әскери құрал-жабдықтардың даму тарихын түрлі кезеңдердегі қолдану ерекшеліктерін түсіндіреді; - теориялық білімдерін пайдаланып, әскери патриоттық іс-шараларды ұйымдастыруда қабілетін көрсетеді

  • Код ON10

    - заманауи қарулардың даму заңдылықтары мен мазмұнын анықтау; - әдеттегі және қазіргі заманғы қарулардың дамуының негізгі кезеңдерін көрсетеді; - әскери қару-жарақтардың қолдану ерекшеліктерін меңгергендігін практика жүзінде орындайды

  • Код ON11

    - азаматтық қорғаныс және әскери-техникалық үйірме жұмысының деңгейі мен материалдық-техникалық әлеуетін пайдалану; - ұрыс даласында әскердің тактикалық дайындығын ұйымдастыруды көрсетеді; - саптық әуендік және патриоттық тәрбиені жүргізудің формаларын ұсынады

  • Код ON12

    - бастапқы әскери дайындықтың тұжырымдамалық және әдіснамалық негіздері мен даму тарихын көрсетіп беру; - тәрбие іс-шараларын ұйыдастыру әдістемесін көрсетеді; - әскери робототехника негіздерін жаңа технологияларда оқыту барысында қолданады

  • Код ON13

    - соғыс қарулары мен әскери информациялық технологияларды оқытудың нақты тәсілдерін анықтау; - сабақ жоспар конспектілерін құрастырады; - өзінің әдістемелік сауаттылығын жаңа технологияны оқыту әдістемесін қолдану нәтиежесімен көрсетеді

Top