6B01512 Химия в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Химия және педагогика саласында білімқоры жеткілікті, педагогикалық технологияларды қолдана алатын, зерттеушілік және коммуникативтік дағдысы бар, сыни тұрғыдан ойлауға және бәсекеге қабілетті химия мұғалімдерін даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B012 Химия мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және Химия
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
Бейорганикалық химия І
Пән атом-молекулалық ілімнің негізі мен химияның стехиометриялық заңдарын атом құрылысы теориясы мен периодтық жүйенің құрылымын оқытады, химиялық байланыстың түрлерін және химиялық процестер жүруінің заңдылықтарын үйретеді, есептер шығаруды қарастырады. Білімгер химиялық теңдеу бойынша өнім шығымын есептеу, химиялық формулаларды қолдану, молекулалардың байланыс типтерін анықтау дағдыларын қалыптастырады, теория мен практиканы байланыстыра отырып, зертханалық тәжірибелерді жүргізуді үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мамандыққа кіріспе
Пән химия мұғалімі кәсіби қызметінің мазмұны мен оған дайындық жүйесін, сипаттамалары мен негіздерін, маңызды ұғымдарын, теориялық мәселелерін, негізгі бағыттарын қарастырады. Білімгер мұғалім мамандығына қызығушылығын, оң көзқарасын қалыптастырады. Педагог қызметінің мәнін, ерекшелігін түсініп, мұғалім тұлғасын қалыптастыруға қажетті бастапқы тәжірибе мен дағдысын игереді. Химияны оқытудың әдістемелік негіздеріне және дидактикалық ұстанымдарға сүйене отырып, сабақтың түрлері мен құрылымының, оқу-әдістемелік қызметті ұйымдастырудың алғышарттарын меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Түрік тілі (А1)
Бұл курс түрік тілінің бастапқы деңгейін оқуға арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне" сәйкес студенттердің А1 деңгейінде практикалық дағдыларын қалыптастырады. Курс студенттердің мәдениетаралық және коммуникативтік қарым-қатынасқа дайындығы мен қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент нақты мәселелерді шешуге бағытталған таныс күнделікті сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін түсінеді және қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жас ерекшелік психологиясы
Пән адамның психологиялық, жекелік даму деңгейлерін, олардың статистикалық даму нормаларына сәйкестігін, онтогенездегі өмір этаптарындағы адамның психикалық дамуын болжауды, әр жастағы баланың дамуындағы интеллектуалдық, эмоционалдық, бейімділік қасиеттері мен қабілеттерін анықтау жолдарын, білімді игертудің мүмкіндіктерін үйретеді. Білімгер тұлға психологиясындағы мотивациясын, өзін-өзін бағалау және талаптану деңгейін диагностикалауды, білімді игерудің жас ерекшеліктерін және әлеуметтік, жеке, инклюзивті қажеттіліктерін ескеріп, оқу -тәрбие іс-әрекетін ұйымдастыруды үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Бейорганикалық химия ІІ
Пән әртүрлі факторлардың химиялық реакция жылдамдығына әсерін зерттейді, Ле-Шателье принципін қолдануды, ерітінділерді әртүрлі концентарцияда дайындауды меңгертеді, электролиттердің сулы ертінділерінің қасиеттерін анықтауды оқытады. Білімгер химиялық реакциялардың жүру механизмдерін анықтау, гидролиз процесін талдау, сутектік көрсеткішті есептеу, тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестіру бойынша есептер шығарудың практикалық дағдыларын қалыптастырады, тәжірибелік жұмыстарды жасаудың негізгі принциптерін және тәжірибе нәтижелерін қорытындылауды меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Түрік тілі (B2)
Бұл курс академиялық B2 деңгейіндегі түрік тілінің негізгі стандартын үйренуге арналған. Курс техникалық (мамандандырылған) тақырыптарды қоса алғанда, түрік тіліндегі нақты және дерексіз тақырыптар бойынша күрделі мәтіндерді ұсынады. Пәнді оқу нәтижесінде студент әртүрлі академиялық, ғылыми тақырыптар бойынша түсінікті, егжей-тегжейлі мәтін құра алады, көзқарасты түсіндіре алады, тақырып бойынша әртүрлі көзқарастарды қолдай алады және оларға қарсы дәлелдер келтіре алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Педагогика
Пән тұтас педагогикалық процессте оқытудың теориялық – әдістемелік негіздерін, қағидаларын, әдістері, формалары мен технологияларын, кәсіби педагогикалық іс-әрекет ретінде модельдеуді, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру және оқу-тәрбие процесін басқару туралы түсінік қалыптастырады. Білім алушы пәнді меңгерту нәтижесінде білім беру мекемелеріндегі субъектілермен оқу және тәрбиелеу жұмыстарын атқаруға, оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға, ғылыми, кәсіби міндеттерді шешуге, оқушылардың педагогикалық іс-әрекетін ұйымдастыруға қабілетті.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Пән мектеп жасындағы балалардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне, даму заңдылықтарына қарай оқушы денсаулығын қорғау және қоршаған ортада бейімделу жолдарын меңгертеді, салауатты өмір салтын қалыптастыру, гигиена мен денсаулықты нығайту ережелерін көрсетеді. Пәнді меңгерген білім алушы педагогикалық үдерісте оқушылардың зияткерлік қабілет, танымдық әлеуетінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету әдістерін үйренеді, антропометриялық және медициналық әдістерді пайдаланып, бала ағзасына әсер ететін факторларды анықтайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Химияны оқыту әдістемесі
Пән химияны оқытудың әдістерін, мақсаты мен міндеттерін, білімді бақылау және есепке алу жолдарын, сабақты талдау заңдылықтарын оқытады. Білімгер химияны оқыту әдістемесінің жалпы және жеке мәселелерімен танысады, заманауи оқыту әдістерін қолдануды, критериалды бағалауды үйренеді, оқытудың теориялық және әдістемелік негіздеріне сәйкес оқу-әдістемелік қызметін ұйымдастыру жолдарын меңгереді. Өзінің білімін ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізу арқылы жетілдіруге дағдыланады
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Пән тәрбие процесінің ғылыми негіздері, теориясы, әдістемесі, заңдылықтары, принциптері, формалары, құралдары туралы білімін қарастырады, тұлғаны тәрбиелеуді, тәрбие үдерісін жобалауды, талдауды, басқару мен ұйымдастыруды оқытады. Білімгер білім беру ұйымдарында сынып ұжымын қалыптастырады, сынып жетекшісінің қызметінің ерекшеліктерін біледі, оқушылардың жас ерекшеліктері мен инклюзивтік қажеттеліктерін ескере отырып, тәрбие жұмысының жоспарын құру, тәрбиелік іс-шаралар мен педагогикалық процесті ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
-
Элементтер химиясы І
Пән элементтердің жалпы сипаттамасын, физикалық, химиялық қасиеттерін, олардың қосылыстарын оқытады. Білімгер периодтық жүйенің VII-A, VI-A, V-A, IV-A, III-A топшасында орналасқан элементтердің физикалық және химиялық қасиеттерін анықтаудың, периодты өзгеруіне байланысты химиялық реакциялардағы қасиеттерін зерттеудің практикалық дағдыларын меңгереді. Бейметалдардың қасиеттері мен реакциялық қабілетін зерттеу үшін химиялық тәжірибелер жүргізіп, байқалған өзгерістер бойынша қорытындылап, тұжырымдайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Инклюзивті білім беру
Пән инклюзивті оқытудың қағидалары және теориялық, әдіснамалық негіздері, ерекше қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету және инклюзивті тәжірибе аймағында оқытуды ұйымдастырау туралы түсінік қалыптастырады. Білімгер арнайы білім беруді қажет ететін, даму мүмкіндігі шектеулі балаларды құқықтық-нормативтік құжаттарға сүйене отырып, қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру, дамыту, өмірге бейімдеу жолдарын көрсетіп, педагогикалық процестегі оқу-тәрбие іс-әрекетін ұйымдастырып, шешімдер қабылдауды үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Ясауитану
Пән ясауилік құндылықтармен таныстырады, академиялық, жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады. Білімгер ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі. Ясауи ілімінің түркі халықтарының мәдениеті, діни түсінігіндегі маңыздылығын түсінеді. Қоғамдық ынтымақ, бірлікке ұйытқы болатын «хикметтің» ұлт руханиятындағы орнын саралап, кәсіби қызметінде рухани құндылықтарды үйлестірудің, әлеуметтік қатынас орнатудың дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Элементтер химиясы ІІ
Пән металдардың және олардың қосылыстарының құрамы, құрылысы мен қасиеттерінің периодтық заңға негізделген өзара байланысы туралы білімді қалыптастырады. Білімгер периодтық жүйедегі І, ІІ, ІІІ негізгі топша элементтері және d-элементтері, f-элементтерінің құрылысы мен олардың физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу үшін химиялық тәжірибелер жүргізіп, алынған нәтижелерді өңдеп, тұжырымдайды. Элементтердің қасиеттері бойынша реакция өнімдерін анықтау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Аналитикалық химия І
Пән химиялық анализ әдістерінің теориялық негіздерін, заттардың сапалық құрамын анықтаудың химиялық және физика-химиялық әдістерін оқытады. Білімгер гомогенді және гетерогенді жүйелердегі заттың химиялық құрамын анықтаудың, эксперименттік және мәселелік есептер шығарудың практикалық дағдысын меңгереді. Заңдар мен теориялардың жүзеге асу заңдылықтарын саралап, зертханалық тәжірибелер жүргізеді, үдеріс механизмдерін тұжырымдайды, заттың құрамы туралы қорытындылайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Химияны оқытудағы цифрлық технологиялар
Пән мектептегі химияны оқыту барысында цифрлық технологияны пайдаланудың теориялық, әдістемелік негіздерін оқытады. Білімгер оқу материалын ұсынудың жүйелілігін қамтамасыз етуде, сабақтардың ұтымды құрылымы мен мазмұнын жасауда, оқыту бағдарламаларын бағалауда және жетілдіруде цифрлық технологияны таңдау мен пайдаланудың әдістерін үйренеді, электрондық, ақпараттық, цифрлық білім беру ресурстары негізінде сабақты жоспарлауды, білім деңгейін анықтауды меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Академиялық жазбаға кіріспе
Пән әртүрлі санаттағы академиялық жұмыстарды (essay, report, etc) академиялық адалдық принциптерін сақтып, оңтайлы жазу үшін қажетті дағдылар мен біліктерді қалыптастырады. Пән білімгерлерге жазбаша сөйлеудің жанрлық, грамматикалық, стилистикалық және пунктуациялық ерекшеліктерін түсіндіріп, академиялық жазба жұмыстарды қатесіз жазу әдістерін үйретеді. Кәсіби қызметінде әлемдік дерек базаларын және ғылыми журналдардың онлайн жүйелерін пайдалану дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Органикалық химия I
Пән органикалық қосылыстардың құрылысын, химиялық байланыстың электрондық теориясын, қосылыстардың стереоизомериясын, реакциялардың жіктелуін және олардың механизмдерін, көмірсутектердің физикалық және химиялық қасиеттерін, алыну жолдарын, қолданылуын, қосылыстарды зерттеудің спектроскопиялық әдістерін оқытады. Білімгер органикалық қосылыстардың қасиеті мен құрылысын, әр түрлі типтегі реакциялардың жүру механизмін анықтау және саралау дағдыларын қалыптастырады. Органикалық қосылыстардың физикалық, химиялық қасиеттерін зерттеуде лабораториялық тәжірибелер жүргізіп, нәтижелерді тұжырымдайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Химияны оқыту технологиялары
Пән химияны оқытуда біртұтас жүйелі және мақсатқа сәйкес қазіргі заманғы технологияларды, олардың жіктелуін және құрылымын, мазмұнын айқындайтын негізгі тұжырымдамаларды оқытады. Білімгер сабақты жоспарлауда педагогикалық және инновациялық технологияларды таңдау мен қолдануды қалыптастырады. Оқу үдерісіндегі ғылыми педагогикалық іс-әрекетті дамытудың және үздіксіз жетілдірудің, зерттеудің әдістерін меңгереді, шығармашылық ізденіс нәтижесінде химиялық-педагогикалық зерттеулер жүргізуді үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Физикалық химия
Пән химиялық термодинамика және кинетиканың негізгі заңдарын, гомогенді және гетерогенді реакциялардың термодинамикалық және кинетикалық параметрлерін есептеу жолдарын, ерітінділер түзілуі мен қасиеттерінің заңдылықтарын оқытады. Білімгер физика-химиялық тәжірибелерді жүргізуге, тәжірибе нәтижелерін математикалық өңдеуге, анықтамалық әдебиеттерді қолдана білуге дағдыланады. Термодинамикалық процестерге негізгі параметрлердің әсерін анықтау және реакция өнімінің максимал шығымын есептеу дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ата-түрік принциптері
Пән Түркияның тарихи дамуы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады, тарихи ақпарат жинау, талдау және жалпылау дағдыларын дамытады, Ататүрік принциптерін ғылыми тұрғыда бағалауды оқытады. Білімгер дүниежүзілік-тарихи процесс контекстінде Түркия тарихының негізгі заңдылықтары, кезеңдері мен мазмұны туралы білім алады, студенттердің шығармашылық қабілеті мен пайымдау еркіндігін қалыптастырады, кәсіби қызметінде Ататүріктің тарихи-мәдени және рухани құндылықтарын сақтау принциптерін қолдануға дағдыланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Аналитикалық химия ІІ
Пән сандық анализ әдістерін қарастыру арқылы зат құрамындағы элементтердің және иондардың арақатынасын, заттардың концентрациясын анықтауды және әртүрлі концентрация түрлерін есептеуді үйретеді. Білімгер заттың сандық құрамын анықтауда химиялық және физика-химиялық талдаулар жүргізеді, анализ нәтижелерін статистикалық жолмен өңдейді. Зертханалық тәжірибелерді жүргізу арқылы жекеленген қосылыстардың сандық құрамын формула арқылы есептеу, титрлеу қисықтарын тұрғызу дағдыларын жетілдіреді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Химиялық кинетика және катализ
Пән химиялық реакциялардың жүру заңдылықтарын, гомогенді және гетерогенді катализдің механизмдерін оқытады. Білімгер өндірістік процестерде химиялық реакциялардың рөлін айқындайды, химиялық кинетика мен катализдің теориялық және қолданбалы аспектілері бойынша зертханалық тәжірибелер жүргізіп, реакция жылдамдығына концентрацияның, температураның, қысымның, катализатордың әсерін анықтайды. Қарапайым және күрделі реакциялардың механизмдері және оған әсер етуші факторлары бойынша реакция жылдамдығын есептеу дағдыларын қалыптастырады
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Түркі мемлекеттер тарихы
Пән студенттердің дүниежүзілік тарихи үдерісте түркі халықтары мен мемлекеттерінің орны мен рөлі туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыруға, студенттердің тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу және жан-жақты талдау дағдыларын меңгеруге, өткен мен бүгінгі күннің тарихи процестерінің мән-жайын түсінуге, ақиқатқа бағдарланған өзіндік ұстанымдарын қалыптастыруға, азаматтық, отаншылдық, ұлттық бірегейлік, ұлтаралық және дінаралық толеранттылық көзқараста тәрбиелеуге, рухани құндылықтарды үйлестіруді үйретуге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Экология және өмір қауіпсіздігі
Пән экологиялық танымды қалыптастырады, қоршаған ортаның жай-күйін және экологиялық қауіпті факторлардың адамға әсер ету дәрежесін бағалау және табиғатты ұтымды пайдалану аспектілерін қолдануды үйретеді. Курс барысында білімгер экологиялық проблемалар бойынша мәліметтерді цифрлық технологияларды қолдана отырып жинауға, оларды сыни көзқараспен талдауға, өз бетінше шешімдер қабылдауға машықтанып, экологиялық қағидаттарды сақтай отырып, командада жұмыс істеу қабілеттілігін және экологиялық сауаттылығын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Коллоидты химия
Пән заттардың коллоидтық күйі мен дисперсті жүйелердегі беттік құбылыстардың негіздерін оқытады. Дисперсті жүйелердің оптикалық, молекулалық-кинетикалық, электрлік қасиеттерін және тұрақтылығын, коагуляциясын, коллоидты жүйелерді алу мен тазалау әдістерін қарастырады. Білімгер дисперсті жүйенің кинетикалық қасиеттері бойынша есептер шығаруға дағдыланады, дисперсті жүйелердің маңызды коллоидты-химиялық сипаттамаларын анықтаудың тәжірибелік әдістерін меңгеріп, физика-химиялық аспаптармен зертханалық тәжірибелерді жүргізеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Органикалық химия II
Пән органикалық қосылыстардың негізгі кластарға жіктелуін, физикалық және химиялық қасиеттерін, алыну жолдарын, стереоизомериясын, реакциялардың механизмдерін, органикалық молекулалардың құрылымын анықтау әдістерін қарастырады. Білімгер органикалық қосылыстардың реакцияласу қабілеттерін, қышқылдық-негіздік қасиеттерін, сапалық реакцияларын зерттеудің практикалық дағдысын меңгереді. Органикалық молекулалардың гетерофункционалды және гетероциклді қосылыстарын, биополимерлердің құрылымын сараптайды, зертханалық тәжірибелерді жүргізеді, алынған нәтижелер негізінде реакция механизмдерінің жүру заңдылықтарын қорытындылайды
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектепте химиялық экспериментті жүргізу әдістемесі
Пән мектептегі химия курсының бағдарламасындағы заттардың құрамы мен құрылымын, қасиеттерінің құрылымына тәуелділігін, қасиеттері белгілі жаңа заттар мен материалдардың алынуын, химиялық өзгерістердің заңдылықтарын эксперимент жүзінде дәлелдеудің әдістемелерін қарастырады. Білімгер химиялық эксперименттерді ұйымдастыру мен жүргізу, теориялық білімі негізінде химиялық процестерді түсіндіре білу мен қорытындылау дағдыларын қалыптастырады. Оқыту технологияларын қолдана отырып, мектептегі химия курсының бағдарламасындағы зертханалық тәжірибелер мен практикалық сабақтарды жоспарлауды меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін және академиялық адалдық принциптерін қолдану дағдысын қалыптастырады, сыбайлас жемқорлықтың туындауының әмбебап мәні мен табиғатын, орын алу себептерін қарастырады. Білімгер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері бойынша мәліметтерді цифрлық технологиялар көмегімен жинақтайды және талдайды, ситуациялық міндеттерді өз бетінше шешуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қағидаттарын сақтауды үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қоршаған орта химиясы
Пән атмосфера, гидросфера және литосфера химиясы бойынша табиғи химиялық үрдістер мен әрекеттесулерді, ластағыш заттардың жиналу заңдылықтарын, олардың қоршаған ортадағы таралуын, әртүрлі заттардағы газ, аэрозоль және сұйық фазалардағы химиялық өзгерістерін оқытады. Білімгер химияның заңдары мен теориялары негізінде өнеркәсіпте шығарылатын ластағыш заттардан атмосфераны және гидросфераны тазарту әдістерін меңгереді, тәжірибелік жұмыстар жүргізу арқылы табиғи нысандардың ластану дәрежесін анықтау дағдысын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Көшбасшылық теориясы
Пән көшбасшылық қасиеттерді, стильдерді, әсер ету әдістерін тиімді қолдану арқылы адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекетін тиімді басқару әдістемесі мен практикасын қарастырады. Пән мамандарды іргелі даярлаудың алғышарты болып табылады және қызметтің белгілі бір принциптерін талап ететін өзінің күшті жақтары мен қоршаған ортаның мүмкіндіктерін ұтымды пайдалануға қабілетті, шығармашылық белсенді тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз етуге арналған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Көрнекі құралдар дайындау әдістемесі
Пән химия сабағында көрнекі құралдарды дайындаудың әдістемесінің және тиімді қолданудың теориялық және практикалық негіздерін оқытады. Білімгер мектепте химия курсын оқытуда пәннің көрнекілік құралдарын жасайды, дидактикалық материалдарды пайдалану тәжірибелерін жетілдіреді, цифрлық контенттер әзірлейді, шығармашылық қабілеттерін дамытады, өздігінен ақпарат жинайды, көрнекі құралдарды тиімді қолдану ұстанымы негізінде сабақ жоспарлауды үйренеді. Дидактикалық тапсырмалар арқылы білімді меңгеру деңгейін анықтауды меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерлік жүргізудің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білімгер цифрлық технологияларды қолдана отырып мәліметтерді жинақтайды, бизнестің қыр сырын меңгере отырып, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешеді, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсіпті жүзеге асыру әдістерімен танысады, бизнесті ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдауға дағыдаланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Химия есептерін шығару әдістемесі
Пән химия есептерін шығарудың алгоритмдерін үйрету арқылы химияның теориялары мен заңдарына негізделген есептерді шығарудың тәсілдерін меңгертеді, мектеп курсындағы есептерді шығару әдістемесін оқытады. Білімгер химияның негізгі заңдарын қолданып, сандық және сапалық есептерді шешудің әдістерін меңгереді, есептер типін анықтау және жүйе бойынша есептер шығару дағдысын қалыптастырады. Есептерді шығаруды меңгеру деңгейін анықтауда бағалау әдістерін қолдануды үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Химия пәнін ағылшын тілінде оқыту әдістемесі
Пән ағылшын тілінде химия пәнін пәндік-тілдік интеграцияланған кіріктіре оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану жолдарын оқытады. Білімгер модернизациялық, интеграциялық, коммуникативті белсенділікті арттыру арқылы ағылшын тілінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады. Интеграцияланған әдістерді, инновациялық технологияларды қолдана отырып, химияны оқыту сабақтастығы мен кіріктіру қағидаттарын есепке алып, сабақты ағылшын тілінде ұйымдастыру мен жоспарлауды меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Химиялық синтез
Пән химиялық қосылыстарды синтездеу әдістерін, реакциялардың түрлерін, өту жағдайларын, реакция механизмдерін, негізгі және жанама өнімдердің түзілу мүмкіншіліктерін талдап оқытады. Білімгер органикалық қосылыстардың орынбасу, қосылу, элиминирлеу, тотығу-тотықсыздану реакцияларын жүргізу және олардың механизмдерін анықтау арқылы практикалық дағдыларын қалыптастырады. Өнімді қоспалардан бөліп алу және тазарту әдістеріне тәжірибелік зерттеулер жүргізіп, нәтижелерді өңдеп, сараптап, тұжырымдайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Физико-химиялық анализ әдістері
Пән әртүрлі қосылыстар мен заттардың құрамын талдауды, заттың физикалық, химиялық қасиеттері мен құрылысын анықтауды, анализдің жаңа әдістерін жүзеге асыруды және алынған нәтиже бойынша сараптама қорытындысын жасауды үйретеді. Білімгер электрохимиялық, хроматографиялық, спектралды және күрделі аналитикалық құралдармен зертханалық жұмыстар жүргізуді меңгереді. Зерттелетін заттың үлгісіндегі негізгі компоненттің құрылымы мен мөлшерін анықтайды, физика-химиялық талдау әдістерін қолдана отырып, зерттеу нәтижелерін талдау және интерпретациялау дағдысын қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Биохимия
Пән ағзаны құрайтын қосылыстардың сапалық құрамын, тіршілік процесіндегі ролін, химиялық қасиеттерін, функциясын, зат және энергия алмасу механизмін, биохимиялық реакциялардың маңыздылығы туралы білімді меңгертеді. Білімгер биохимия ғылымының теориялық және қолданбалы аспектілерін интеграциялау қабілетін игереді, химиялық және биологиялық процестердің арасындағы байланыстарды интерпретациялау арқылы өңдеп, сараптап, тұжырымдайды. Тәжірибелік жұмыстар жасау арқылы практикалық дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Химияның олимпиада есептерін шығару әдістемесі
Пән құрылымы бойынша стандартты емес, қиындығы жоғары деңгейдегі есептерді шығарудың әдіс-тәсілдері мен талдау негіздерін меңгертеді. Негiзгi меселелердi шешуге байланысты білімгер химия пәнін терең меңгереді, есептер шығаруға қажетті білім, білік, дағдыны қалыптастырады, есептер шығару барысында ойды түйіндеу пәрменділігін арттыруға қажетті әдістерді үйренеді. Теория мен практиканы байланыстыра отырып, есептерді шығару деңгейін анықтауда білімді бағалау әдістерін меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Химияның күрделі есептерін шығару
Пән химияның есептерін шығарудың алгоритмдерін үйретеді, қарапайым есептерді шығарту арқылы, қиындық деңгейлері күрделі типтік есептерді шығару тәсілдерін меңгертеді. Білімгер химияның негізгі теориялары мен заңдары негізінде есептер шығаруға дағдыланады, күрделі және эксперименттік есептерді шешу жолдарын меңгеру нәтижесінде білім деңгейін бағалауды үйренеді. Күрделі есептер шығару арқылы эксперименттік тәжірибелерді жүргізіп, нәтижелерді өңдеп, сараптап, тұжырымдайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Химиялық технология
Пән химиялық технологияның теориялық негіздерін,табиғи шикізатты және өндіріс құралдарын, бейорганикалық және органикалық заттардың технологиясындағы маңызды өндірісті дамытудың перспективаларын оқытады. Білімгер химиялық өндірістерде пайдаланатын химиялық реакциялардың түрлерін, өңдеу әдістерін қолданудың, технологиялық режимдер параметрлерін үйренудің, заманауи технологияларды пайдаланудың практикалық дағдыларын қалыптастырады. Әртүрлі заттар, өнімдер, материалдар, бұйымдар өндірісінде жүзеге асырудың оптималды жолдарын таңдауды және оларды басқаруды меңгере отырып, зертханалық тәжірибелер жүргізеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Полимерлер химиясы
Пән полимерлердің химиялық реакциялары, олардың жіктелуі мен химиялық түрлену мүмкіндіктері, реакциялардың жүру заңдылықтары мен ерекшеліктерін оқытады. Білімгер полимерлердің негізгі кластарын, өнеркәсіпте жоғарғы молекулалы қосылыстардың алыну жолдарын қарастырады, полимерлерді синтездеу әдістері бойынша зертханалық жұмыстар жүргізіп, олардың физико-химиялық қасиеттері туралы қорытындылайды. Агрегатты, фазалы және физикалық өзгерістер кезіндегі полимерлердің құрылысына, құрылымына қарай химиялық өзгерістерді жүзеге асыру дағдысын қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Химиялық педагогикалық эксперимент нәтижелерін өңдеу
Пән химияны оқытудағы педагогикалық зерттеу әдістерін (анализ, синтез, индукция, дедукция, модельдеу, ой эксперименті, формализация) оқытады. Білімгер зерттеу әдістері негізінде педагогикалық құжаттамалардың мазмұнын анализдейді, педагогикалық процестегі факторларға, өзгерістерге жан-жақты талдау жасайды, дербес ізденіс жұмыстарын жүргізеді және педагогикалық проблемаларды шешудің тиімді жолдарын үйренеді, химиялық-педагогикалық зерттеулер жүргізуді және эксперимент нәтижелерін оқу-әдістемелік қызметті ұйымдастыруда қолдануды меңгереді
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электрохимияның эксперименталды есептері мен тәжірибелері
Пән электролизді, Фарадей заңдарын, электролиттердің электрөткізгіштігін, ион тасымалдау санын, электродтық потенциалдарды және ЭҚК, электрохимиялық тізбектерді оқытады. Білімгер электрохимиялық шамалардың өзгерісі бойынша эксперименттерді жоспарлайды және ұйымдастырады, эксперимент жүргізуге дағдыланады, өнімдердің шығымын есептейді. ЭҚК өлшеу, электрохимиялық реакцияның бағытын және активтену энергиясын анықтау, электрохимиялық процестің тепе-теңдік константаларын және стандартты потенциалын есептеу дағдыларын қалыптастыра отырып, білім деңгейін бағалау әдістерін меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Химия оқулықтарының құрылымы мен мазмұны
Пән химиялық оқулықтардың негізгі компененттері мен мазмұнын, дидактикалық функцияларын, оқулықтарға қойылатын талаптарды, принциптерді, ерекшеліктерді, оқулықпен оқушылардың оқу жұмысын ұйымдастыруды зерттейді. Білімгер ғылыми техникалық және педагогикалық теориялық білімдерін тәжірибемен байланыстырады, оқу пәнінің мазмұны мен оқулық құрылымы негізінде сабақ жоспарын құруды үйренеді. Оқулықтағы ақпараттық материалдарды игереді, өз бетінше талдайды, химиялық-педагогикалық зерттеулер жүргізеді, қорытынды жасайды
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектеп курсындағы химия
Пән білім беру ортасын жобалауды, іске асыруды, бағалау әдістерін, оқытудың стратегиялары мен жоспарын әзірлеу жолдарын оқытады. Білімгер сыни ойлаудың, функционалдық сауаттылықтың, критериалды бағалаудың, коллаборативті оқытудың практикалық дағдыларын қалыптастырады. Оқытудың заманауи технологияларын тиімді пайдалану, сабақтардың құрылымы мен мазмұнын құрастыру әдістерін саралау, сабақты жоспарлау, оқыту бағдарламаларын бағалау және жетілдіру негізінде оқу-әдістемелік қызметті ұйымдастыруды үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Кәсіби қызметінде рухани құндылықтарды үйлестіру, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолдану дағдыларын қалыптастырады.
- Экономикалық білімді, экологиялық сауаттылықты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті көрсете отырып, кәсіпкерлік қызметті, табиғатты ұтымды пайдалану, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгереді
- Химияны оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін меңгеріп, оқу-әдістемелік қызметті ұйымдастырады.
- Оқушылардың психофизиологиялық және жас ерекшеліктерін ескеріп, педагогикалық процестерді ұйымдастырады.
- Химия саласындағы зертханалық тәжірибелерді ұйымдастырып және жүргізіп, алынған нәтижелерді өңдейді.
- Оқыту және тәрбиелеу процестерінде оқушылардың әлеуметтік, жеке, инклюзивтік қажеттіліктерін ескеріп, басқару шешімдерін қабылдауға қабілетті.
- Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады.
- Заманауи педагогикалық зерттеулерді ғылыми әдістер негізінде жүргізеді.
- Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады.
- Химияның негізгі теориялары мен заңдары негізінде алған білімі мен білігін, практикалық дағдыларын кәсіби қызметінде қолданады.
- Бағалау әдістерін қолданып, оқушылардың химиялық білімді меңгеру деңгейін анықтайды.
- Химияны оқытудың заманауи технологияларын тиімді қолдана отырып, сабақтарды жоспарлайды.