Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02121 Вокалдық өнер в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты - Вокалдық өнер саласында кәсіби шеберлігін көркемдік бейнелік ой-өрісі мен іс-әрекетін көрсетуге қабілетті болу, кәсіптік пәндерді оқу барысында әншінің сахынадағы жұмысы, опера орындау өнерін игеріп, кәсіби қызметтің барлық түрлерін жүзеге асыру үшін қажетті білім, білік және дағдыларды меңгеру. Өнер аясындағы бірлестіктер мен музыкалық ұжымдардың, мәдениет, білім беру, оқытушылық қызметтің шығармашылық ісін ұйымдастыру, теориялық білімдерін практикада жүзеге асыруды ұйымдастыру, кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыра алатын, азаматтық және әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, өнер саласындағы бәсекелесуге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B021 Орындаушылық өнер
  • Дайындық бағыты 6B021 Өнер

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • -мақсатқа бағытталған белсенді оқыту қабілетін қолдану; -жеке және топта ақпаратты басқаруды, цифрлық технологияларды тарату процесін немесе жолдарын түсіндіреді; -барлық салада экономикалық кәсіпкерлік шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастырады
  • -жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді реттей алады; - мемлекеттік және шет тілдерінде табысты академиялық, кәсіби және әлеуметтік қарым-қатынас орнатады
  • - қоғамды сақтау және дамыту үшін рухани құндылықтардың маңыздылығын ұғыну мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын қолданады,сыни тұрғыдан ойлау қабілетімен әрекет етеді, тарихи деректер мен қағидаттарды қолданады; - қоғамның өмір сүру ортасы мен экологиялық танымды білу, өзіне қатысты құқықтық, адамгершілік міндеттемелерді, құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы қоғамға үйретеді, кәсіби қызметте осы білімдерін қолдана алады
  • - Қазақ және шетел кәсіби музыкасының туу, даму ерекшеліктері мен музыка өнеріміздің тарихын жазып көрсету - Музыка өнеріндегі ерекшеліктері мен тарихы тегі турылы ғылыми методикалық білім алып, оны тәжірибеде көрсетеді - Көне дәуірдегі орындаушы сазгерлердің шығармаларына қызығушылығын қалыптастырады
  • - Классикалық, опералық әндерді және олардың өзара айырмашылығын біліп, шығармаларды есте сақтау. - Орындаушылық шеберлігін жетілдіруге бағытталған өзінің даму жоспарын құрастырады. - Опералық әншілерді үн таспа арқылы тыңдап, әндеріне қызығушылығын қалыптастырады
  • - Опера музыкасынан бағдарлама дайындауға қатысу, жаңа шығармаларды жазып көрсету. - Кәсіби дайындығын дамытып, өз бетінше берілген шығармаларды жинақтайды. - Музыкалық аспапқа қызықтыра отырып, тәрбиелеудің педагогикалық тиімді жолдарын практикалық тұрғыда үйренеді
  • - Өзіндік жұмыс барысында дауысқа арналған жаттығуларды тәжірибе жүзінде қолданады - Әнге деген эмоционалды-құндылықтық қатынасын қалыптастырады - Орындаушылық шеберлік дағдыларын жетілдіреді - Әрбір дыбыстың анық шығуына, дауыс ырғағын реттеуге арналған жаттығуларды мәнерлі орындайды
  • -Музыка теориясының ережелері мен музыкалық дыбыс, интервал, аккордтарды күнделікті тәжірибеде қолданып заңдылықтарын пайдаланады -Берілген теориялық тапсырмаларды, тәжірибе жүзінде орындайды және музыкалық теориялық құрылымдарды (лад, ырғақ, интервал, аккорд) аспапта орындай бастайды. - Нота ұзақтығын өлшемдерге (тактіге) бөліп, топпен жұмыс жасауға қабілеттілігін көрсетеді, музыканың тілі арқылы өнердің маңыздылығын түсіндіреді
  • -Дуэт, трио, квартет, квинтет және т.б. ансамбльдік серіктерімен бірігіп шығармаларды орындап, ерекшелігін анықтау. - Іс-әрекетінде электрондық оқулықтар, интерактивті құралдар, мультимедиялық электрондық оқыту құралдары мен интернет желісін еркін құрастырады. - Әр түрлі шығармалардың интерпретациясын өзіндік орындаушылық қабілетімен байланыстыру тәсілдерін қолданады
  • - Шығарманың көркемдік тұжырымдамаларын қайта жасауда қазіргі заманғы арнайы ғылыми білімдерді мәлімдеп беру. - Диалог, пікірталас, диспут, өзіндік пікір алмасу кезінде өз ойын нақты, жүйелі түсіндіреді. - Шәкірттің есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту және әншілік өнерге құштарлығын, ынталылығын арттыруға көмектеседі
  • - Түрлі фестиваль мен конкурстарды, музыкалық байқауларды ұйымдастыру, ерекшелігін анықтау. - Тәрбие жұмысының нәтижесін анықтап, бағдарламасына сәйкес жоспар жинақтайды. - Музыкалық байқауларға қызығушылығын көрсетеді
  • - Опералық әнді зерттеу әдістемесінің мазмұндық үлгілерін, оқыту теориясын түсінеді, талдайды және өңдеп құрастырады - Зерттеудің барлық түрлерін, алған білімдерін оқу үдерісінде шығармашылықпен орындайды
Top