Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01710 Қазақ тілі мен әдебиеті в Halyqtar dostyǵy

  • Тіл біліміне кіріспе
    Несиелер: 5

    “Тіл біліміне кіріспе”- филологтарды лингвистикалық пәндерге дайындаудың алғашқы баспалдағы. Сондықтан да курс студенттерге қазақ немесе орыс тіл білімі жүйесін (фонетика‚ лексика‚ грамматика т.б.) ғана емес‚ дүние жүзі тілдері туралы мәлімет береді. Тілдің пайда болуы мен дамуы‚ олардың генеологиялық және типологиялық ерекшеліктері және олардың түрлері‚ тілдің мәні‚ оның семиологиялық табиғаты‚ тілдік бірліктер‚ тілдің дамуы және оның коммуникативтік қызметі‚ тіл және ойлаудың қарым-қатынасы‚ тіл және қоғамның диалектикалық бірлігі және т.б. мәселелер қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Хандық дәуір әдебиеті
    Несиелер: 3

    Хандық дәуір әдебиеті қазақ әдебиеті қалыптасу дамуының күрделі сипаты.Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы қоғамдық-әлеуметтік саяси жағдайын,оның түсінік таным құбылыстарының қат-қабат келу кезеңін қарастырады.Қазақ .халқының хандық дәуіріндегі әдебиетін – XIII – XIV ғасырлардың перзенті Сыпыра жыраудан бастап, оған жалғас өмір кешкен Асан қайғы, Қыдан тайшы, Қазтуған, Шалкиіз (Шәлгез), Доспамбет, Марғасқа, Жиембет, берідегі Бұқар жырау, Үмбетей, Ақтамберді, Шал, т.б. көркемсөз өкілдері шығармалары құрайтынын меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Қазақстан Республикасының тәуелсіз,демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуы үшін сыбайлас жемқорлық ерекше қауіпті құбылыс болып табылады.Ол мемлекеттің демократиялық институттарының беделіне нұқсан келтіреді,экономикалық реформалардың барысын тежейді.Сонымен қатар,сыбайлас жемқорлық азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделеріне ие болады,қоғамның моральдық жағдайына теріс әсер етеді,нәтижесінде азаматтардың білікке деген сенімін бұзады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат
    Несиелер: 5

    Пән аясында студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана ұғымдарымен танысады, студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет ұғымдарымен танысады, қазіргі іс-әрекет құбылысы және оның тарихи тамыры ретінде сыбайлас жемқорлық туралы білім алады. Жеке тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін тәрбиелеуде отбасының рөліне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздеріне, шет елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және т. б. ерекше назар аударылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – бұл өмірдің түрлі салаларында сыбайлас жемқорлықты туындататын және қоректендіретін с��бептер мен жағдайларды жою (азайту) мақсатында осы мемлекет қабылдаған конституциялық құрылыс негіздері шеңберінде мемлекет пен қоғамның жан-жақты және дәйекті шараларын әзірлеу және тұрақты жүзеге асыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ежелгі дәуір әдебиеті
    Несиелер: 3

    Ежелгі дәуір әдебиеті пәні -«Ежелгі дәуір және Орта ғасыр қазақ әдебиетінің тарихы» курсы - Қазақ елінің тарихы қазіргі түркі тілдес халықтардың қоғамдық, әлеуметтік және рухани өмірімен, тұрмыс-тіршілігімен танысу. Ежелгі түркі тілді халықтарға ортақ әдебиет – бертін келе қазақ халқының этникалық құрамына енген тайпалардың көне дәуірдегі әдебиеті жайында айтылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясы
    Несиелер: 3

    Фонетика - қазақ тілінің дыбыс жүйесімен таныстырады. Пәннің алғашқы бөлімі болып табылатын дыбыс жүйесі одан кейін оқылатын лексика, фразеология сияқты тарауларға кіріспе міндетін атқарады. Тілдің дыбыс жүйесінің заңдылықтарын, дыбыстардың сингармонизм және зерттеу әдістерінің қолданылуын түсіндіреді. Дыбыстардың жасалым, айтылым және естілім бойынша жіктелуін тәжірибе жүзінде көрсетеді. Лексикологияның тіл білімінің бір саласы Сөздердің теориясы мен практикалық мәнін үйрететін ғылыми курс . Оның жекелеген сөздерді, сөздердің тобын ғана емес, тілдің қалыптасқан лексикалық жүйесін зерттейтіндігі. Лексикология қарастыратын негізгі мәселелер – сөздің лексикалық жүйеде алатын орны, лексикалық мағына, сөздің пайда болу, даму, қалыптасу заңдылықтары, жасалуы мен шығу тегі, қарым-қатынас кезіндегі қолданылу қабілеттілігі, функциялық қызметінің аясы мен шеңбері, эмоциялық-стильдік сипаты, тағы басқалар.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жалпы тіл білімі
    Несиелер: 6

    Жалпы тіл білімі- тіл білімінің негізгі нысаны тіл болғандықтан, оның табиғаты, қоғамдық мәні, тілдің пайда болу теориялары, оның құрылымдық және жүйелік сипаттары, құрылымдық элементтердің бір-бірімен байланысы, арақатынастары, тілдер дамуындағы ортақ қасиеттер мен ерекшеліктер жалпы халықтық тіл мен оның өмір сүру формалары, тілдердің типологиялық және генеологиялық топтастырулары, жазудың пайда болуы мен даму үрдістері, тіл білімінің зерттеу әдістері мен методологиясы, басқа ғылымдар жүйесімен байланысы және т.б мәселелері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Әдебиеттің зерттелу тарихы
    Несиелер: 6

    Әдебиеттің зерттелу тарихы қазіргі заманғы әдебиет саласындағы мәселелерді зерттейтін пән.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Жалпы лингвистика
    Несиелер: 6

    Студенттерге тілдің әлеуметтік мәні,қоғаммен арақатынасы,олардың бір-біріне тигізетін әсері жайлы толық мағлұмат беріп,жалпы лингвистикалық бағыттың пайда болу,даму тарихы туралы негізгі көззқарас,тұжырымдармен таныстырады.Лингвистикалық талдау тәсілдерін жеткізу өрісі мен мазмұн өрісін ,глоссематикадағы лингвистикалық талдаулардың түрлері мен амалдарын меңгертеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Тіл теориясы
    Несиелер: 6

    Тіл теориясы- көпшілігі, әдетте, қоғам дамуымен, қоғамның рухани өмірінің дамуымен тығыз байланысты. Сондықтан тіл тарихын зерттеуші ғалым сол тілдің иесі болып табылатын қауым тарихын ескерусіз қалдыра алмайды. Оның үстіне, тілдің әрбір тарихи дәуірдегі күйін білдіретін жазба нұсқа да бола бермейді. Мұндай жағдайда тілдің өткен кезеңдерінен сақталған белгілі фактілерді бір-бірімен салыстыра отырып, белгісіз кезеңдердегі тілдік жүйенің, тілдік элементтердің сипаты туралы ғылыми болжамдар жасауға да тура келеді. Бұл ретте археология, этнография, тарих ғылымдары ашқан фактілердің тигізетін пайдасы да аз болмайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Әдебиеттануға кіріспе
    Несиелер: 6

    Әдебиеттануға кіріспе пәні - сөз өнерін, тарихи-әдеби процесті, әдебиет дамуының заңдылықтарын, көркем шығармаларды, жазушылардың шығармашылық ғұмырнамасын оқытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ халық ауыз әдебиеті
    Несиелер: 5

    Қазақ халық ауыз әдебиеті бойынша мынанадай теориялық және практикалық мәселелер қарастырылады: фольклор, халық даналығы, ауызша сөз өнері, халық поэзиясы ұғымдары. Фольклор табиғаты, өмір сүру заңдылықтары. Фольклор және ұлт тарихы. Фольклор жанрлары, классификациялау принциптері. Тұрмыс-салт жырлары, Лирикалық өлеңдер, халықтық проза түрлері, эпос, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, балалар фольклоры т.б.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты
    Несиелер: 5

    Қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты пәні- тарихи фонетика, тарихи морфология, тарихи лексикология,тарихи синтаксис, тарихи сөзжасам салалары. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы бойынша жазылған ескерткіштер тілін тікелей зерттеген зерттеушілер туралы мәліметтер мазмұндалады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Көркем тексті лингвистикалық талдау
    Несиелер: 6

    Көркем мәтінде қолданылған тілдік құралдардың мәнін ашып түсіндіріледі. Көркем мәтінде қолданылған тілдік құралдардың мән мағынасы мен түрлерін ажырата білудің жолдары түсіндіріледі. Талдау үлгілері талдаудың мақсат-міндеттеріне, түрлеріне, жете талданатын мәтіндердің ауыр, жеңілдіктеріне қарай жүргізіледі. Тіл мәдениетінде қолданылатын тілдік норманың түрлері түсіндіріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы
    Несиелер: 5

    Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы сөздің құрылымын, негізгі грамматикалық ұғымдарын, сөздің құрамы мен морфемалардың түрлерін, сөз формалары және олардың жасалу тәсілдерін, түрлерін, сөз таптарын, олардың жіктелуін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары
    Несиелер: 5

    Бағалау жəне олардың түрлері, білім беру үдерісіндегі бағалаудың орны мен рөлін айқындайды. Тұлғаға бағытталған оқытудың бағалау жүйесінің ерекшеліктерін, критериалды бағалаудың мəнін, мақсаты мен ұстанымдарын меңгереді. Критериалды бағалау бойынша білімді кəсіби іс-əрекетте қолдану жолдары сипатталады. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың түрлерін (диагностикалық, қалыптастырушы, жиынтық бағалау) ажыратады. Кіші мектеп жасындағы оқушыларға оқу пəндерін оқыту бойынша жиынтық жəне қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру тәсілдерін игереді. Критериалды бағалауға байланысты портфолио жəне та��ыстырылымдар дайындай алу қабілеттілігі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Білім берудегі менеджмент
    Несиелер: 5

    Қазіргі менеджменттің мәнін, мақсаттары мен міндеттерін түсіндіреді. Менеджменттің жетекші заңдылықтары мен принциптерін басшылыққа алады. Педагогикалық іс-әрекеттің жаңашылдық бағыттарын меңгереді. Жаңалықты басқарудағы тиімді технологияларды кәсіби тұрғыда (модерация, жобалау) қолдана алады.Тұтас педагогикалық процестің диагностикасын жасайды.Мектептің жұмысын жоспарлаудың барлық түрлерінің орындалуын талдайды. Мектепті басқарудың инновациялық технологиялық моделін құрастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақ тілінің стилистикасы
    Несиелер: 5

    Қазақ тілінің стилистикасы пәні - тілдің стилистикалық байлығы, стилистикаылқ нормалары, олардың тарихи өзгермелілігі және тілді қолдану жағдайына байланысты түрліше нұсқаларға ие болатындығы, тілдік құралдарыды қолдану контекстің стильдік тұрпатына байланысты болатыны туралы қажетті мағұлматтар алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Нормативті қазақ тілі
    Несиелер: 6

    Нормативті қазақ тілі курсының негізгі нысаны - тілдік норма және оны кодификациялау. Мұнда студенттер тіл нормаларын анықтайды, қазақ әдеби тілінің нормативтік негіздерін анықтайды. Теориялық және практикалық негіздерден сабақ береді. Тілдік нормалардан дәлелді және сәтсіз ауытқулар тілдік мәдениеттің күрделі және маңызды мәселелерін шешеді және оның түрлері мен себептерін көрсетеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті пәні ұлттық сөз өнері дамуының ерекшеліктерін, ақындық поэзиядағы фольклор мен әдебиет дәстүрі сабақтастығы мұрасындағы түркі өркениеті және ислам мәдениеті көріністерін Қазақстан жерін отарлау жұмыстары: барлық аймақтарда әскери қамалдар мен бекіністердің салынуы, ресми қазақ хандығының жойылуы, аға сұлтандық, болыстық, старшындық, ауылдық отарлық басқару жүйесінің енгізілуі. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуындағы реализм, романтизм тәрізді көркемдік әдістермен қатар әдебиетіміздегі зар заман ағымын, ауызша және жазба ақындық дәстүр табиғаты, жыраулық поэзия сілемдері��ің сақталуы жөнінде мәліметтер қарастырылады. Ежелгі түркілік, шығыстық жазба әдеби дәстүрлермен сабақтастық, фольклорда синкретизмнің әнші-ақындар арқылы жаңғыра көрінудің сипаты ұғындырылады. Жаңа реалистік жазба әдебиет мазмұнындағы лирикалық, сатиралық өлең, поэма, проза (әңгіме, очерк, ғылыми-көсемсөздік мақала) жанрларының, философиялық трактат, аудармалық және нәзиралық шығармалардың қалыптасуы, дамуы мәселелері қамтылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні кәсіби деңгейі жоғары, практикалық дағдысы қалыптасқан маман даярлау. Соған сай студентттерді әдістеме саласындағы соны өзгерістермен таныстырып, оны тиімді қолданудың жолдарын үйрету, студенттерге қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің методологиялық-теориялық негіздерін меңгерту, қазақ әдебиетін мектепте қатысымдық-танымдық тұрғыдан талдап көрсету.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 5

    Инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық базалары мен әдіснамалық негіздерін түсіндіреді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудегі заманауи модельдер жөніндегі ұғымдар туралы баяндайды. Мүмкіндігі шектеулі балалардың түзету-психологиялық іс-әрекетінің технологиясы мен теориялық білім негіздерін практикада қолдануды үйретеді.Психология-медико-педагогикалық консилиумның қызметін ұйымдастыруды, инклюзивті процестердің тиімділігін талдау құралы ретінде мониторинг технологиясын қолданадың жолдарын түсіндіреді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қаратау шайырлары
    Несиелер: 5

    Қаратау-Қазығұрт пен Сыр бойын бойын мекендеген Мәделі, Майлықожа, Молда Мұса, Нұралы, Ергөбек сынды шайырлардың шығармашылықтарына талдау жасалған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Қазақ тілін оқыту әдістемесі бакалаврда тілдік категорияларды, қандай әдіс тәсілдер арқылы үйретуге болады деген мәселелерді қарастырады. Әдіскер мұғалімдер оларды педагогиканың қыр-сырымен жете таныстырып қана қоймайды, қазақ тілін тиімді оқыта отырып, өзінің мамандығын құрметтеуге тәрбиелейді. Сайып келгенде, әдістеме – мұғалімнің творчестволық тұрғыда жұмыс істеуіне бағыт беріп сабақ берудің тиімді әдіс-тәсілдерін меңгертеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Әдебиеттанудың жаңа бағыттары
    Несиелер: 5

    Көркемдік тәсілдерді сипаттайды. Дәлелдеу, өз көзқарасын қорғай білу, тәжірибе жасау және дамып жатқан әдебиеттану мәселелеріне шығармашылық көзқарас, әр кезеңдегі жазушылардың шығармаларын интерпретациялау, әдеби шығармаларды сыни бағалау, зерттелген материалдарды жалпылау қабілеттерін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    ХХ ғасыр басы – қазақ әдебиетінің шынайы кәсіби шеберлік деңгейіне көтерілген тұсы. Сондықтан да осы 1900-1917 жылдар аралығындағы әдеби-көркем шығармаларымен көрнекті ақын-жазушылардың шығармашылығын жан-жақты қарастыру әдебиетімізде бар дәстүрлердің дамуы мен жаңашылдықтың негіздерін тануға, кейінгі әдебиеттің өркендеуінің реңктерін айқындауға, бұрынғы-кейінгі әдебиеттердің жетістіктерін терең зерделеуге мүмкіндік туғызады. ХХ ғасырдың басындағы тарихи-әлеуметтік,қоғамдық-саяси өзгерістер әсерінен нәр алған қазақ әдебиетіндегі идеялық-көркемдік ізденістер ұлттық әдебиеттің даму барысын жүйелеуге негіз болады. Бірақ қазан төңкерісінен кейін орныққан саяси-идеологиялық билік қазақ әдебиетінің даму үрдісін басқа арнаға бұрып жіберді. Міне, осының себеп-салдарын ашу, ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңінің табиғатын терең танып-білуге септігін тигізеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Кәсіби қазақ (орыс)тілі
    Несиелер: 3

    Кәсіби қазақ (орыс) тілі пәні - қазақ тіліндегі негізгі терминдерді және кәсіптік қызметтегі түсініктерді, қазақ тілінің негізгі фонетикалық, грамматикалық, синтаксистік категорияларын қамтиды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • ХХ ғасыр және қазіргі қазақ әдебиеті
    Несиелер: 3

    ХХ ғасыр және қазіргі қазақ әдебиеті пәні- ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері мен олардың көркем туындылары хақында нақты әрі жан-жақты мәліметтер ұсынылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Minor бағдарламасы
    Несиелер: 12

    «Minor» бағдарламасы - Кәмелетке толмағандар - қосымша құзіреттіліктерді құрайтын пәндер қосымша білім беру бағдарламасы. Сонымен қатар, бұл пәндер оқыту бағыты үшін негізгі емес және олар өзара байланысты немесе бір-бірімен байланысты емес пәндер болуы мүмкін. 1) екінші және кейінгі курстарда оқиды; 2) 12 қарыздан тұрады; 3) білім беру бағдарламасының негізгі бөлігіне енгізілген («Кіші» пәндеріне кредиттер негізгі бағдарламаның 244 кредиті құрамына кіреді);

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Кәсіби бағытталған шетел тілі
    Несиелер: 3

    Кәсіби бағытталған шетел тілі пәні - студенттерге тілдік қарым-қатынас пен сөйлеу мәдениетінің негізгі ұғымдары жөнінде түсінік беріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
    Несиелер: 3

    Тілдің синтаксистік жүйесін сипаттайды. Қазіргі синтаксистік теорияның негізгі ережелерін, оның даму кезеңдерін және жалпы тарихтағы рөлін бағалайды; қазіргі қазақ оқулықтарындағы синтаксистік теорияның негізгі күрделі мәселелерін қарастырады; тілдің синтаксистік деңгейінің негізгі түсініктері; фразаларды, қарапайым, күрделі сөйлемдерді саналы синтаксистік талдау дағдыларын дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі
    Несиелер: 5

    Латын графикасына негізделген қазақ сөздері мен сөз тіркестерінің фонетикалық ерекшеліктерін, олардың айтылу ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ дыбыстарының қалыптасуы. Латын әліпбиіне негізделген сауаттылық дағдыларын дамыту. Латын графикасын қолдана отырып, қазақ тіліндегі мәтіндерді оқу мүмкіндігін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Тәуелсіз жылдардағы қазақ әдебиеті
    Несиелер: 3

    «Тәуелсіздік дәуіріндегі қазақ әдебиеті» пәні студенттерге тәуелсіздіктен кейін дүниеге келген көркем шығармалардың табиғатын танып, талдауды мақсат етеді. Себебі кейінгі жиырма тоғыз жыл – сан салалы, көп мағыналы, күрделi өмiр кешкен қазақ әдебиетiнiң жаңа кезеңi. Ол ендi таптық әдебиет пiшiмiн өзгертiп, ұлттық әдебиет жалауын көтерiп, соны өрiске бет түзеген. Тәуелсіздіктің арқасында жаңаша ізденіспен, тың пайымдаулармен дүниеге келген шығармалардың, атап айтқанда қазіргі қазақ лирикасы мен прозасының, драматургиясы мен әдеби сынның жетістіктерін сыни тұрғыдан елеп, екшеп талдауға, дағдыландыруға қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Тілдік қарым-қатынас негіздері
    Несиелер: 3

    Тілдік қарым-қатынас негіздері пәні әлемі елдерінде тіл білімін қалыптастыру және дамыту мәселелері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Графика және орфография
    Несиелер: 5

    Қазақ емле негіздері сипатталған. Емле және тыныс белгілері ережелерін қолдану, алынған мәліметтерді бағалау, ғылыми мәтіндерді өңдеу және талдау, негізгі академиялық және ғылыми жанрдағы мәтіндерді құрастыру, емле, айтылым және тыныс белгілері, тілді жазу мен сөйлеу, өзін-өзі және өзара тексеру әдістерін қолдану үшін дағдылар қалыптасады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Әдебиет танытқыш
    Несиелер: 5

    Әдебиет танытқыш - Қазақтың ежелгі әдебиетімен таныстыру 9-14 ғасырлардың негізгі жазбаша сұрақтарын жазу және оны іздеу мен шешу жолдарын іздеу және 6-8 ғасырлардағы көне түркі әдебиетіндегі мәселелерге жауап беру. Ежелгі әдеби мұраның тақырыптық, идеялық және жанрлық белгілерін анықтау және зерттеу тарихын жүйелеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Сөз теориясы
    Несиелер: 3

    Сөз теориясы лексикалық бірлік,коммуникативтік бірлік ретінде де қызмет атқара алады.Лексикалық бірлік ретінде сөздердің сөйлемдегі синтаксистік қызметін,көпмағыналығын,ауыспалы мағынада қолданылуын қарастырады.Коммуникативтік бірлік ретінде адамдардың қарым-қатынас жасаудағы коммуникативті мақсат, коммуникативті стратегия,коммуникативті тактика тұрғысынан тілдесім ретінде оқыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әдебиет теориясы
    Несиелер: 5

    Әдебиет теориясы – бұл пән бойынша мынандай маңызды теориялық және практикалық мәселелер қарастырылады: әдебиет туралы ғылым және оның салалары; әдебиеттану ғылымының қосалқы салалары; әдебиеттің халықтығы, сюжеті мен композициясы; көркем бейне оның жасалу жолдары; көркем туынды тілі, өлең құрылысы. әдеби процесс, әдебиеттің тектері мен түрлері, көркемдік әдіс, ағым, бағыттар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ әдебиетінің бастаулары
    Несиелер: 3

    Қазақ әдебиетінің бастаулары пәні- Классикалық қазақ әдебиетінің ерекшеліктерін, оның дәуірленуін қарастырады; дамудың негізгі бағыттары, шығармашылық стильдер мен жанрлар; XIX ғасыр әдебиетінің даму тарихының ерекшелігі мен заңдылықтары, осы кезеңдегі Ресейдің қоғамдық өмірі мен әдебиет қозғалысы арасындағы байланысты бейнелейді. Пайдаланылған көркемдік техниканың сабақтастығы мен жаңалығын, кескін жасау формаларын түсіндіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің тарихи грамматикасы
    Несиелер: 5

    «Қазақтілінің тарихи грамматикасы» пәнінің зерттеу нысаны – тілдің бүкіл құрылымындағы тілдік бірліктер, олардың қалыптасу, даму жолы мен тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер. Адамзат тілі даму сатысының ең көне, ежелгі замандардағы қалыбын ретроспективті, перспективті, типологиялық, салыстырмалы-тарихи әдістер арқылы жобалап бағдар жасайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әлеуметтік лингвистиканың жаңа бағыттары
    Несиелер: 3

    Әлеуметтік лингвистиканың жаңа бағыттары ең көп кездесетін анықтама бойынша, лингвистикалық және мәдени құбылыстардың байланысын зерттейтін ғылым. Этнолингвистикада екі негізгі ұстаным ерекшеленеді: біріншісінің өкілдері тіл арқылы мәдениетті түсінуге ұмтылады, екінші жақтаушылар тілдік хабарламаларды мәдени контексте зерттеу міндетін қояды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік менеджмент
    Несиелер: 5

    Кәсіпкерлік менеджмент пәнінің негізгі білім жүйелеріндегі интеграциялық процестердің өнімі ретінде түсіну; психологиялық мекемелердің сипаттамаларын олардың қазақстандық қоғамды модернизациялаудағы рөлі тұрғысынан талдау; қоғамдағы, оның ішінде кәсіби қоғамдағы жанжалды жағдайларды шешуге арналған бағдарламалар құру; әлеуметтік мәні бар өз пікірін дұрыс білдіре және қорғай алады

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Түркі тілдерінің салыстырмалы граматикасы
    Несиелер: 5

    Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы пәні-тілдердің жалпы сипаттамасын зерттейді. Оның қалыптасу және даму жолдары туралы ақпарат. Түркі тілдерінің грамматикасын салыстырады, ерекшеліктерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Яссауитану
    Несиелер: 5

    Яссауитану пәні- Яссауи ғылымдарын зерттеп, насихаттау. Оның ғылыми еңбектері мен ғылыми ізденістерін талдау, тәжірибеде қолдануға машықтандыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ әдебиеті
    Несиелер: 3

    20-21 ғасырлардағы қазақтың тарихи-мәдени және тарихи-әдеби процесінің заңдылықтарын сипаттайды. Ол рецептивті әрекеттің ерекшеліктерін ашады: көркем мәтінді оқу және оны толық қабылдау, шығарманың сюжетін, ондағы суреттелген оқиғалар, кейіпкерлер, болмыс-бітімдер (әр түрлі қайталау түрінде жүзеге асырылады; репродуктивті сипаттағы сұрақтарға жауаптар).

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ әдебиетінің арнайы курсы мен семинары: Құттыбіліктану
    Несиелер: 5

    Қазақ әдебиетінің арнайы курсы мен семинары : Құтты білікті ендіру Құтты біліктің тарихын ғылыми тануға арнайы бағытталған іс-әрекет Ұлы Жүсіп Баласағұнның өмірін оның шығармаларының жанрлық ерекшеліктері жан-жақты зерттеу қарастырылған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Оразовтану
    Несиелер: 5

    Оразовтану пәні- ғалымның өмірі мен шығармашылығын, тіл біліміне қосқан үлесін насихаттау. Оразов теориясы бойынша оның мектебінің ерекшелігін,тіл ғылымында қалдырған таңбасының құндылығын зерделеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ әдебиеті сынының тарихы
    Несиелер: 5

    Онда қазақ әдебиетінің тарихы, теориясы, сын, сонымен қатар текстология және библиография туралы бөлімдер бар. Қазақ әдебиеттануының мақсаты мен міндеті - қазақ әдебиетінің пайда болу, қалыптасу және даму жолдарын, әдеби құбылыстар мен сын эстетикасын зерттеу, теориялық және ғылыми әдеби идеяларды анықтау, ғылыми жүйені құрастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жазушы шеберлігінің негіздері
    Несиелер: 5

    Шығармашылық процестің теориясы мен практикасы туралы негізгі ережелерді қарастырады, көркем ойлаудың жалпы қағидаларын және өнерді қабылдау ережелерін сипаттайды, көркем шығармашылықтың адамдар өміріндегі құндылығын бағалайды. Эстетикалық талғам мен өнер туындыларын шығармашылық тұрғыдан бағалау қабілеттерін дамытады, кәсіби шеберлікті шыңдайды және нығайтады. Өнер идеясын саналы процесс ретінде бағалайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Оразовтың түркітанудағы ғылыми ізденістері
    Несиелер: 5

    Оразовтың түркітанудағы ғылыми ізденістері пәні-М.Оразовтың түркітану саласының негізін қалаушы түрколог екендігін,оның ғылыми еңбектері мен ғылыми ізденістерін талдау, тәжірибеде қолдануға машықтандыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON1

    Қазақстанның қазіргі заманауи тарихын білу, кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін қарым-қатынас жасау.

  • Код ON2

    Кәсіби қызметте қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық білімдерді, деректерді статистикалық өңдеу әдістерін, теориялық, эксперименталды зерттеулерді , Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарын білу және меңгеру.

  • Код ON3

    Ақпараттың және есептеу сауаттылығының болуы, ақпаратты жалпылау, талдау және қабылдау, мақсат қою және оның қазақ тілінде оқылуына қол жеткізудің жолдарын таңдау мүмкіндігін меңгеру.

  • Код ON4

    Психологиялық-педагогикалық білім мен тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін, мектеп оқушыларының физиологиясының жас ерекшеліктерін білу және түсіну, психологиялық білім жүйесіндегі жалпы психологияның орны, рөлі мен мағынасы, шешендік шеберлігі, жазбаша, ауызша түрде логикалық тұжырымдау қабілетін меңгеру, ойларын дұрыс жеткізе білу.

  • Код ON5

    Тіл білімінің негізгі салаларын білу: фонетика, лексика, морфология, синтаксис. Қазақ тілінің әдеби және стилистикалық нормаларын меңгеру.

  • Код ON6

    Әдебиеттің түрлері мен жанрларын, көркем образ және типтеу тәсілдерін меңгеру. Олардың поэтикалық жолдар мен верификацияның негізгі жүйелері туралы білімі болуы керек.

  • Код ON7

    Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдістері мен технологияларын меңгеру, ғылыми-практикалық зерттеулерді өз бетінше жүргізу, инновациялық технологияларды қолдану арқылы олардың нәтижелерін талдай және бағалай білуі қажет;

  • Код ON8

    Әдеби ағымдарды, тенденциялар мен мектептерді, көркем әдебиеттің ерекшелігін, оның эволюциясы мен қазіргі жағдайын, әртүрлі тарихи және мәдени дәуірлердегі жазушылардың шығармашылығын білу;

  • Код ON9

    Қазіргі қазақ әдебиеті және оның негізгі бағыттары бойынша бағдарлау және көркем шығарманы талдай білу.

  • Код ON10

    Тіл білімінің ғылым ретіндегі мақсаты мен міндеттерін, негізгі лингвистикалық категорияларын, зерттеу қызметін ұйымдастырудың теориялық негіздерн білу.

  • Код ON11

    Кәсіпкерлік және жұмыс дағдылары анықталмаған жағдайында зерттеу , іздену дағдыларын қолдану.

  • Код ON12

    Жеке және топ мүшесі ретінде тиімді жұмыс жасауға, өз көзқарасыңызды дұрыс жеткізе білуге, өз әрекеттерін реттеп және әртүрлі әдістерді қолдану.

Top