Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7M02302 Aударма ісі (шығыс тілдері) в Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Мамандығы бойынша БББ-ның мақсаты аударма ісі саласында халықаралық стандарттарға сәйкес жоғары білікті, жүйелі білімі бар, тәуелсіз сыни ойлауға қабілетті, ғылымды жетілдіруге және аударма саласында заманауи технологияларды дамыту мәселелерін шешуге дайын кең профильді аудармашылар мен кәсіби құзіреттілігі бар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау; Білім беру бағдарламасы жоғары деңгейлі мамандар дайындауға бағытталған және олар төмендегідей жұмыстарды атқаруға қабілетті: - аударма ісі саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге; - ғылыми ережелермен және ғылыми зерттеулердің күрделі процесін жоспарлау, әзірлеу, енгізу және түзету дағдыларымен жұмыс істеуге; - негізгі композициялық-сөйлеу формаларын қолданып, ана тілінде және шығыс тілінде ауызша, жазбаша мәтін құрастыруға; - халықаралық стандарттарға сай жоғары сапалы аударма жасауға; - аударма және аударма технологиялары саласында теориялық және практикалық білімдердің ауқымын кеңінен қолдануға; - басқа мәдениеттің ерекшелігін және құндылықтарын ескере отырып, коммуникативті құзыреттіліктерді пайдалануға; - коммуникативтік жағдаяттар модельдерін, мәдениетаралық байланысқа түсушілердің өзара қатынас процесін құрастыруға.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M056 Аударма ісі, ілеспе аударма
  • Дайындық бағыты 7M023 Тілдер және әдебиет
Top