Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02311 Филология: қазақ филологиясы в Павлодар педагогикалық университеті

  • Қазіргі қазақ просодикасы
    Несиелер: 5

    Қазақ тілі просодикасы пәні, мақсат-міндеттері, зерттелу тарихы. Екпін түрлері: сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін. Сингармонизм: ерін және тіл үндестігі. Ассимиляция: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал. Комбинаторлық және спонтандық өзгерістер.

    Селективті тәртіп
  • Қазіргі қазақ тілі фонетикасы
    Несиелер: 5

    Қазақ тілі дыбыс жүйесі пәні, мақсат-міндеттері, зерттелу жайы. Дыбыстардың физикалық, анатомия-физиологиялық аспектілерінің байланысы. Дыбыс және фонема. Фонеманың өзіндік қасиеті. Дыбыс жасауға қатысатын сөйлеу мүшелері, олардың қызметтері. Дауысты дыбыстар (вокализм). Дауыссыз дыбыстар (консонантизм). Буын (силлабизм). Дауыс ырғағы (интонация). Екпін (акцентуация). Үндестік заңы. Дыбыс өзгерістері.

    Селективті тәртіп
  • Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті
    Несиелер: 5

    Көне түркі әдебиеті (ҮІ-ІХ ғасырлар), Орхон жазуындағы жәдігерліктер, "Күлтегін " жыры және оның көркемдік ерекшеліктері, Ислам дәуірі әдебиеті, орта ғасыр әдебиеті, Алтын орда дәуіріндегі әдебиет, Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы қоғамдық-әлеуметтік, саяси жағдай. 15-16 ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Жыраулар поэзиясының тақырыптық-идеялық, жанрлық ерекшеліктері

    Селективті тәртіп
  • Жалпытүркілік әдебиет және жыраулар поэзиясы
    Несиелер: 5

    Түркі халықтарына ортақ әдебиет. Көне түркі әдебиеті. Орхон жазуындағы жәдігерліктер. «Күлтегін» жырының көркемдік ерекшеліктері. Қорқыт ата кітабы. Оғыз-наме. Әбу-Насыр әл-Фараби. Х-ХІІ ғасырлардағы әдебиет. Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет (ХІІІ-ХҮ ғғ.). Шежірелер. Жыраулар поэзиясы. 15-18 ғ.

    Селективті тәртіп
  • Аударма ісі
    Несиелер: 5

    Аударма бірліктері мен стратегиясы. Аудару тәсілдері. Аудару бірліктері мен мәтіннің мүшеленуі. Штамп. Аударма барысындағы түрленім жолдары. Аударманың лексикалық, грамматикалық және стилистикалық тәсілдері. Метафора, метанимияның аударылу ерекшеліктері. Сөз тіркесі және сөйлем деңгейіндегі түрленулер.

    Селективті тәртіп
  • Рухани жаңғыру және Мәңгілік ел құндылықтары
    Несиелер: 5

    Мамандық бойынша мамандарды даярлауда жас ұрпақтың рухани тәрбиесі маңызды рөл атқарады. Қазақстанның болашағы білімді және рухани тәрбиелеген жастарға мұқтаж. «Рухани Жаңғыру» және «Мәңгілік Ел» бағдарламаларының арқасында мүмкін.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экология және өмір қызметінің қауіпсіздігі
    Несиелер: 3

    Экология негіздері. Экожүйелер тұжырымдамасы. Адам және биосфера. Ластанудың негізгі түрлері. Атмосфераны, гидросфераны, литосфераны сақтау. Экологиялық бақылаудың объекті ретінде әлеуметтік-табиғи экожүйе. Экологиялық қауіпсіздік, тіршілік қауіпсіздігі, биосфера ластанудың көздері және деңгейлері, мониторинг негіздері, экологиядағы математикалық модельдері, сонымен қатар экологиялық менеджмент пен экологиялық құқық. Еңбек қауіпсіздігі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы
    Несиелер: 5

    Бұл пәнді оқыту мамандарды даярлауда үлкен маңызға ие, өйткені бұл жүйелі түрде қазақ халқының рухани мәдениетін дамыту, оның негізгі бөлімдері мәдениеттің этикалық параметрлерін сақтаудағы рухани мәдениеттің рөлін көрсетеді. Пәннің мақсаты - тиісті пәндерден (философия, тарих, дін, археология және т.б.) материалдарды тарту арқылы рухани мәдениетті кешенді, ғылыми және интеграциялық

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Педагогикалық мамандыққа кіріспе
    Несиелер: 5

    ҚР Білім беру жүйесінің заңнамалық негіздері. Педагогикалық мамандықтың жалпы сипаттамасы. Педагогикалық қызмет құрылымы. Педагог тұлғасын дайындау және кәсіби қалыптастыру. Педагогты дайындау жүйесіндегі педагогикалық практика. Зерттеу қызметі педагогикалық қызметтің компоненті ретінде. ҚР Білім беру ұйымдарында оқу үдерісін ұйымдастыру. Педагогикалық инновациялар.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік және бизнес негіздері
    Несиелер: 3

    Кәсіпкерлік: тұжырымдамасы, мәні, негізгі түрлері және ұйымдық формалары. Бизнестегі бизнес-жоспарлау. Бизнестегі тәуекелдер. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру. Бизнестегі кадрлар. Іскерлік операцияларды ұйымдастыру. Коммерциялық құпия және оны қорғау тәсілдері. Кәсіпкерліктің мәдениеті мен этикасы. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдау және бағалау. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және оның инфрақұрылымы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әдебиеттанудың негізгі теориялық ерекшеліктері
    Несиелер: 5

    Әдебиеттану ғылымының негізгі және жанама салалары. Образ және образдылық. Образ сомдаудың негізгі тәсілдері. Образдың тек, әдіс, тәсіл тұрғысынан жіктелуі. Әдебиеттегі мазмұн мен пішін бірлігі: Идея және оның түрлері. Сюжет пен композиция. Көркем шығарманың тілі. Өлең құрылысы. Әдеби әдіс, ағым мен бағыт және стиль.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әдебиеттануға кіріспе
    Несиелер: 5

    Әдебиеттану ғылымының салалары: негізгі және жанама. Образ және оның жасалу тәсілдері. Образдың түрлері. Идея және тақырып. Сюжет пен композиция. Ажарлау. Құбылту. Айшықтау. Өлең теориясы. Әдеби әдістің түрлері. Әдеби ағым мен бағыт. Әдеби стиль.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 3

    Қазақстандық құқықтың негіздері. Білім беру саласындағы ҚР заң актілері. «Сыбайлас жемқорлық» түсінігінің тарихи дамуы. Сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтікке қарсы құбылыс ретінде. Сыбайлас жемқорлықтың төзбеушілік идеясы. Нақты ұйымдағы, органдағы, құрылымдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттердің ұйымдастырушылық негіздердің түрлері. Сыбайлас жемқорлықтың қарсы саясат саласындағы нормативтік құқықтық актілер. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: түсінігі және құрылымы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіби бағытталған шетел тілі
    Несиелер: 5

    Шет тілі грамматикасы. Кәсіби-бағытталған лексика. Кәсіби-бағытталған терминология. Лексикалық құрылымдар, кәсіби қарым-қатынас саласында клишелер. Мамандықтың пәндік саласына кәсіптік бағдарланған шет тіліне кіріспе. Аударма тілі қызметінің түрі ретінде. Көп қырлы терминдер және оларды орыс тіліне аудару әдістері. Техникалық құжаттаманы аударудың ерекшеліктері: құрал-жабдықтар, келісімшарттар, патенттер. Аударма түрлері. Ағылшын тілінде кәсіби бағдарланған әдебиеттерді оқу және талқылау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ халық ауыз әдебиеті
    Несиелер: 5

    Фольклор және фольклортану ғылымы. Фольклордың тегі мен жанрына қарай жіктелуі, тарихи зерттеу принциптері. Қазақ фольклорының қалыптасуы, дамуы. Тұрмыс-салт жырлары. Лирикалық өлеңдер. Мақалдар мен мәтелдер. Жұмбақтар. Шешендік сөздер. Ертегілер. Ертегіден тыс прозалық жанрлар. Эпостық жырлар. Айтыс. Балалар фольклоры. Фольклор мен әдебиет. Қазақ фольклоры түркі халықтарының ауыз әдебиеті құрамында. Қазақ фольклорының зерттелу тарихы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Педагогика адам туралы ғылым жүйесінде. Орта білім мазмұнын жаңартудың нормативтік-құқықтық базасы. Жаңартылған білім беру мазмұнының білім беру кеңістігі. Тәрбиенің әлеуметтік шарттылығы. "Мәңгілік Ел". Оқытудың мәні. Оқу материалы мазмұнының шиыршық пішінділігі. Мақсат қою. Жаңа жоспарлау форматы. Оқытудағы бағалау: тұжырымдама және механизм. Жаңа сабақ форматы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Фольклордың теориясы мен тарихы
    Несиелер: 5

    Фольклордың пайда болуы туралы пікірлер, фольклордың жанрлары мен түрлері; ауыз әдебиеті мұраларының көп қырлы табиғаты мен туу, таралу, сақталу ерекшеліктері, жанрлардың классификациясы, қазақ фольклорының қалыптасу кезеңдері; қазақ фольклорының зерттелу тарихы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің сөздік құрамы
    Несиелер: 5

    Қазақ тіл білімінің сөздік құрамы мен сөздік қоры туралы жан-жақты әрі жүйелі ғылыми-теориялық білім. Студенттердің алған білімдерін практикалық және лабороториялық дәрежеде пысықтап, толықтырып бекіту. Сөздік құрамның актив және пассив қабаттары, тарихи арналары, даму жолдары мен қолдану сипаты, құрамға енген сөздердің стильдік қызметі, түрлері туралы білім

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Кәсіби қазақ (орыс) тілі
    Несиелер: 5

    Коммуникативті-дискурстық аспектідегі қазақ (орыс) тілі, мамандық негіздері, іскери коммуникация мәдениеті. Ғылыми мәтіндермен жұмыс және көпшілік бұқара алдында сөйлеуге арналған қазақ тілінің ауызша және жазбаша сөйлеу тәжірибесі. Көпмәдениетті ортада кәсіби әрекетті ұйымдастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ғылыми шығармашылық жұмыс жазу негіздері
    Несиелер: 5

    Ғылыми-ізденіс жұмыстарының теориялық негіздері. Ғылыми жұмыстың теориялық негіздері, ғылыми жұмыстың жазылу талаптары. Ғылыми жұмыстардың түрлері. Ғылыми баяндама жасаудың негізгі қағидалары. Баяндама мен ғылыми мақаланың ерекшелігі. Ғылыми мақала, оның басқа ғылыми жұмыстардан өзгешелігі. Рефераттың ғылыми негізі. Рефераттың басқа ғылыми жұмыстардан ерекшелігі. Дипломдық жұмыс жазуға машқтандыру, диплом жұмысының ғылыми жүйесі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы
    Несиелер: 5

    Сөз, сөз мағынасы мен семантикасы, сөздік қор мен құрам, фразеология мен лексикография, лексикалық бірліктер мен жергілікті тілдік ерекшеліктер, сөздіктер туралы ғылыми-теориялық білім беру. Сөздің көп мағыналығы, пайда болу жолдары: метафора, метонимия, синекдоха. Антонимдер, синонимдер, омонимдер, табу, эффемизмдер, көнерген сөздер, кірме сөздер, неологизмдер мен кәсіби сөздер туралы

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Латын графикасы мен орфографиясы
    Несиелер: 4

    Латын графикасының шығу тарихы, қолданылу ерекшеліктері. Латын графикасының 1929-1940 жылдардағы жобалары. Қазіргі қазақ тіліндегі латын жазуының әліпбилік құрамы. Латын әліпбиіндегі төл дыбыстардың таңбалану ерекшеліктері. Латын негізді қазақ жазуының емле ережелері. Шеттен енген сөздердің жазылу ерекшеліктері.Түбір сөздердің, қосымшалардың жазылуы. Бас әріптің қолданылуы. Сөздердің бірге және бөлек жазылуы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Шығармашылық жазба жұмыс негіздері
    Несиелер: 5

    Ғылыми жұмыстардың теориялық негізі, оның басқа стильдерден өзгешілігі. Ғылыми ойлау жүйесі, оны қалыптастырудың жолдары. Ғылыми-ізденіс жолындағы тақырып таңдау ерекшелігі. Тақырыпқа сай материалдарды жинап, қорытып, сұрыптау тәсілдері. Ғылыми жұмыстардың құрылымдық жүйесі, ғылыми аппарат туралы түсінік; жұмыстың негізгі бөлімінің құрылымдық жүйесі, қорытынды бөлімнің жазылу ерекшелігі, жұмыста пайдаланған ғылыми әдебиеттерді рәсімдеудің жолдары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • ХІХ ғасырдағы қазақ көркемсөз өнерінің дамуы
    Несиелер: 5

    ХІХ ғасыр қазақ әдебиетінің дамуы, қалыптасуы, әдебиетшілердің зерттеулері, осы кезең өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы. XIX ғасырдағы жаңа жазба әдебиет; XIX ғасырдағы қазақ әдебиетін зерттеудің өзекті мәселелері. Дәстүрлі айтыс өнері, қоғамдық жағдай, салсерілер, өнерпаздылық, ақындық ерекшелік, бостандық сарыны, Махамбет, Шоқан, Ыбырай, Абай шығармашылығы, жазба әдебиетінің дамуы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілі сөзжасамы мен морфологиясы
    Несиелер: 5

    «Қазіргі қазақ тілі сөзжасамы мен морфологиясына» енетін басты ұғымдар (сөз, ұғым, мағына, тұлға, мазмұн, сөзжасам, тұлғажасам, сөзжасамдық/тұлғажасамдық жұрнақ, сөзжасамдық ұя, 4 жалғау, түрленім жүйесі) туралы тереңдетілген ғылыми танымдық негіз қалыптастырылады. Сөзжасам/морфологияның ұлттық ғылыми сипаты негізделеді; саланың қалыптасу кезеңі, ғылыми теориясы, грамматикалық бірлік, мағына, категория мәселесі талданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ балалар әдебиетінің даму кезеңдері
    Несиелер: 5

    Балалар әдебиеті пәні, тарихы мен теориясы, тақырыбы, сюжет желісі, сөз қолданысы, ерекшеліктері. ХҮ-ХҮІІІ ғғ. балалар әдебиеті. ХІХ ғ. ІІ жартысындағы балаларға арналған оқулықтар мен әдеби шығармалар. 1917-1940 жж. қазақ балалар әдебиетінің дамуы. Ұлы Отан соғысы кезіндегі балалар әдебиетінің тақырыптық-идеялық ерекшеліктері, жанрлық түрлері. Қазіргі қазақ балалар әдебиеті.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Аударма теориясы
    Несиелер: 5

    Аударма теориясы пәні, негіздері, міндеттері және әдістері. Аударма туралы түсінік және оның қалыптасуы. Отандық тіл біліміндегі аударма мәселесі. Аударма түрлері. Ауызша аударма тарихы. Аударманың лексикалық мәселелері. Фразеологиялық бірліктердің түпнұсқадан екінші тілге аударылуы. Аударманың грамматикалық мәселелері. Ілеспе аударма және оның қолданылуы. Аударманың эквиваленттілігі. Аудармашыға қойлатын талаптар

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ балалар әдебиеті
    Несиелер: 5

    Қазақ балалар әдебиеті пәні. Балалар шығармаларының табиғаты. Балалар оқуына ұсынылатын шығармалар. Фольклор және балалар әдебиеті. Жұмбақтар, мақал-мәтелдер, ертегілердің балалар әдебиетінде алатын орны. ХҮ-ХҮІІІ ғғ. әдебиет және балалар әдебиеті. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. ХХ ғ. бас кезіндегі балалар әдебиетінің үлгілері. Қазіргі балалар лирикасы. Қазіргі қазақ балалар әдебиеті прозасы мен драматургиясы

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    ХІХ ғ. қазақ әдебиетінің жалпы сипаты. «Зар заман» ақындары. Д.Бабатайұлы, Махамбет, Шернияз, Шортанбай, Сүйінбай, Майлықожа, Базар Оңдасұлы, Мұрат Мөңкеұлының шығармашылық мұрасы. Ш.Бөкеев шығармаларындағы лирикалық сыршылдық, философиялық мазмұн. ХІХ ғ. поэзиясындағы әнші ақындардың шығармашылық ерекшеліктері. Шоқанның шығармашылық тұлғасы. Абай шығармашылығы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Аударматанудың теориялық негіздері
    Несиелер: 5

    Аудармадағы трансформация мәселесі. Орын алмастыру. Ауыстыру. Қосу. Түсіріп тастау. Көркем-әдеби шығармаларды аударудағы тіл табиғатының мәні. Аударма эквиваленттілігінің бес деңгейі. Бірінші деңгей. Екінші деңгей. Үшінші деңгей. Төртінші деңгей. Бесінші деңгей. Фразеологиялық бірліктердің түпнұсқадан екінші тілге аударылу түрлері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің түрленім жүйесі
    Несиелер: 5

    Қазақ тілінің түрленім жүйесін ұлттық ғылыми танымдық негізбен қалыптастыру мәселесі негізгі болады. Қазақ тіліндегі 4 жалғау жүйесін, сөз табы категориясын, қосымша категориясын ғылыми тұрғыдан саралап, талдап, негіздей білуге бағыттау міндеттеледі; ғылыми парадигма, грамматикалық категория ұғымдарын кез келген білімдік аяда қабылдай біліп, талдай жасауға үйретіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Тілді оқытудағы педагогика-психологиялық негіздер. Пән мұғалімі ретінде оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру жолдары, кабинет жабдықтау жұмысы. Тілді оқыту тарихы/зерттелуі. Тіл оқытудағы әдіс-тәсілдер. Жаңаша оқыту негіздері. Жазба жұмысын жүргізу әдістері. Сыныптан тыс/тіл ұстарту жұмыстары. Құжаттық жұмыс.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тыныс белгілерінің практикумы
    Несиелер: 4

    Тыныс белгілер, түрлері, қызметі. Қыстырма, одағай, қаратпа сөздер мен бірыңғай мүшелердің тыныс белгілері. Оңашаланған айқындауыштың тыныс белгілері. Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері. Төл сөз бен автор сөзінің тыныс белгілері. Қабаттаса қойылатын тыныс белгілер.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілі тыныс белгісі
    Несиелер: 4

    Орфографиялық норма. Орфографиялық сөздік.Тыныс белгілері, түрлері, зерттелу тарихы. Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілер: нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі, көп нүкте. Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілер: үтір, жақша, сызықша, тырнақша, қос нүкте. Сөйлем соңында қабаттасып келетін тыныс белгілері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Филологияның өзекті мәселелері
    Несиелер: 5

    Филология ғылымы және оның даму бағыттары, тіл білімі мен әдебиеттанудың ортақ мәселелері, мәтінтанудың филологиялық мәселелері, мәтінді филологиялық талдау: қабылдау, түсіну, талдау. Филологиялық зерттеулердегі (тілтаным, әдебиеттану) концепт, дискурс және прагматика мәселесі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілі синтаксисі
    Несиелер: 5

    Қазақ тіл білімінің негізгі бағыттары. Салалық түрлері. Төл сөз. Автор сөзі. Төлеу сөз. Тыныс белгілері. Сөз тіркесі байланысу тәсілдері, түрлері. Сөйлем, тұрлаулы, тұрлаусыз мүше. Бірыңғай мүше. Айқындауыш мүше. Жай сөйлем. Құрмалас сөйлем, түрлері. Ыңғайлас, себеп-салдар, қарсылықты, кезектес; түсіндірмелі, талғаулы, шартты, қарсылықты, мезгіл, себеп, қимыл-сын, мақсат бағ. сабақтас. Аралас құрмалас сөйлем.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Мектепте қазақ әдебиетін оқыту
    Несиелер: 4

    Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні. Жалпы білім беруде қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің тарихы. Мектепте әдебиетті оқыту курсының қысқаша мазмұны. Мектепте эпикалық, лирикалық, драмалық шығармаларды оқыту ерекшеліктері. Қазіргі білім берудегі әдістер мен технологиялар. Сыныптан тыс оқу: оқушы мен мұғалім, ата-ана.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ тіл білімі мен әдебиеттануының өзекті мәселелері
    Несиелер: 5

    Қазақ тілінің қазіргі күйі және қызметі, қазіргі қазақ тілінің даму бағыттары, әдеби тіл мәселесі, тіл философиясы, латыннегізді әліпбиге көшудің мәселелері. Қазақ әдебиетін зерттеудегі жаңа көзқарастар, қазіргі қазақ әдебиеті теориясының мәселелері, қазақ әдебиеті тарихын зерттеудің жаңа бағыттары, қазақ әдеби сынының мәселелері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Шешендік өнер және тіл мәдениеті
    Несиелер: 3

    Шешендік өнер және тіл мәдениеті ұғымы, зерттелу тарихы, тегі мен табиғаты, жіктелімі туралы. Көне Грекция, Рим шешендері, ұлттық шешендік өнер мектебі, жыраулар поэзиясы, би-шешендер шығармашылығы мен поэтикасы, ауызша және жазбаша тіл мәдениеті, тіл бейнелігі, дәстүр сабақтастығы, қазіргі замандағы шешендік өнер туралы

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 4

    Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәні, қарастыратын мәселелері, басқа ғылымдармен байланысы. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің тарихы. Әдебиетті оқыту курсының мазмұны мен құрылымы. Мектепте шығармаларды жанрлық ерекшеліктеріне байланысты оқыту. Жас ерекшеліктеріне байланысты оқыту. Әдебиетті оқыту әдістері мен технологиялар. Сыныптан тыс оқу мен сыныптан тыс жұмыстар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ тілінің стилистикасы
    Несиелер: 3

    Стилистиканың негізгі ұғымдары мен категориялары, стилистикалық құралдар мен нормалар, тілдің стилистикалық байлығы, әдеби тілдің функциональды стильдік тармақтары, сөйлеу мәдениеті, стилистикалық дағды мен түйсік, сөйлеу және әдеби жазба тілі, эмоционалды-экспрессивті бояу, мағыналық реңктер мен стильдік қырлар туралы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Сөз тіркесі және сөйлем синтаксисі
    Несиелер: 5

    Сөз тіркесі синтаксисі туралы түсінік. Синтаксистің объектісі. Сөз тіркесі, оның түрлері, жасалу жолдары. Сөйлем. Жай сөйлем, түрлері. тұрлаулы, тұрлаусыз мүше. Құрмалас сөйлем, оның түрлері, жасалу жолдары және аралас құрмалас сөйлем.Күрделі синтаксистік тұтастық.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • XX ғасыр басы мен Тәуелсіздік кезеңге дейінгі қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    ХХ ғасырдағы әдебиеттің даму үдерісі мен бағыты: қоғамдық-саяси, әлеуметтік, мәдени жағдайлар. Діни ағартушылық бағыттағы әдебиет және оның өкілдері, қазақ әдебиетіндегі орны, шығармашылық өмірбаяндары; Алаш зиялыларының шығармалары мен ғылыми еңбектері. Кеңестік кезеңдегі қазақ әдебиеті, кезең ерекшелігі. Оның көркем әдебиетке ықпалы. Даму бағыты.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    Қазақ әдебиетінің ХХ ғасыр бастапқы кезеңдік (1900-1917) даму үдерісі мен бағыты: қоғамдық-саяси, әлеуметтік, мәдени жағдайлар. Діни ағартушылық бағыттағы әдебиет және оның өкілдері, қазақ әдебиетіндегі орны; Ағартушы-демократиялық бағыттағы әдебиет және оның өкілдері, шығармашылық өмірбаяндары; Азатшыл демократтық бағыт өкілдері, шығармашалық өмірбаяндары: проза, поэзия, драматургия, көсемсөз, аударма жанрындағы еңбектері; 1916 жылғы ұлттық азаттық қозғалысына байланысты туған шығармалар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Жалпы тіл білімі
    Несиелер: 5

    Ғылыми лингвистикалық бағыттар мен мектептердің қалыптасуы. Ежелгі кезеңдегі Тіл білімі. 17-18 ғасырлардағы және Қайта өрлеу кезеңіндегі тілдің теориясы. 19 ғасырдың тіл білімі. Орыс лингвистикалық мектептері. Тіл теориясы. Тіл және қоғам. Тіл жүйе ретінде, тілдің маңызды сипаты. Тіл және ойлау. Заманауи лингвистикалық парадигма. Таным әдістері және тілді зерттеудің лингвистикалық әдістері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    ХХ ғасырдың 60-90 жылдарындағы қазақ әдебиеті: позиядағы жаңа ізденістер, прозаның тақырыптық-идеялық көкжиегі мен көркемдік ерекшеліктері, драматургия және әдебиеттану мен сынның дамуы. Тәуелсізідк жылдарындағы қазақ әдебиеті: поэзиядағы идеялық-көркемдік жаңалықтар, прозаның даму бағыты, драматургия және әдебиеттану мен сын.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жалпы тіл білімінің теориялық негіздері
    Несиелер: 5

    Жалпы тіл білімі, ғылыми негіздері. Жалпы тіл білімінде көтерілген мәселелер. Тілдің құрылымы. Тілдің типологиялық, генеологиялық топтары, жіктелісі. Тіл білімінің өзіндік зерттеу әдістері. ХІХ, ХХ ғасырдағы тіл білімі. Тілдік таңба жүйесі. Тіл білімі тарихындағы негізгі бағыттар мен мектептер және олардың өкілдері. ХХІ ғасырдағы тіл білімі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ әдебиетінің кеңестік және қазіргі дамуы
    Несиелер: 5

    Кеңестік қазақ әдебиетінің кезеңдері. Әр кезеңдегі қазақ әдебиетінің даму сипаты. Жанр табиғаты, шығарманың көркемдік әлемі: сюжет, характер, туындының жазылу тарихы, типтендіру мәселелері. ХХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы қазақ әдебиеті. ҰОС және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиеті. ХХ ғасырдың 60-90 жылдардағы қазақ әдебиеті. Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиетінің даму сипаты.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әдебиет теориясы
    Несиелер: 5

    Әдебиет сөз өнері ретінде. Көркем образ. Көркем қиял. Шарттылық пен өмір шындығы. Шығарманың көркемдік әлемі. Кейіпкер және автор. Психологизм. Портрет. Диалог және монолог. Пейзаж. Уақыт және кеңістік. Сюжет. Поэзия және проза.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әдебиеттің қисындық мәселелері
    Несиелер: 5

    Көркем шығарма әлемі. Көркем тіл: поэзия және проза тілі. Көркем мәтін. Композиция: қайталаулар, мотив, «көзқарас», монтаж, мәтіннің уақыттық тұрғыдан ұйымдастырылуы, композицияның мазмұндылығы. Әдеби тектер мен жанрлар. Әдебиеттің даму заңдылықтары. Әдеби процесс.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Аудару ісінің теориялық және практикалық мәселелері
    Несиелер: 5

    Аударма түрлерінің практикалық сипаты. Функционалды стиль түрлерінің аударылуы. Аударма тәсілдерінің лингвистикалық сипаты. Фразеологизмдердің аударылу ерекшеліктері. Форма ұқсастықтары жағдайындағы морфологиялық түрленулер. Аударма транскрипциясы мен транслитерациясы. Калькалау тәсіл. Лексика-семантикалық модификациялар. Өздігінен аударуға арналған мәтіндермен жұмыс

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әлем әдебиетінің тарихы
    Несиелер: 5

    Ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны. Мифология. Гомер дастандары «Иллиада» . «Одиссея» шытырман оқиғалы эпопея, композиция ерекшелігі. Гомер. Грек лирикасының түрлері. Грек драмасының қалыптасуы, фольклормен байланысы. Бірінші грек театрының пайда болуы. Рим әдебиеті. Орта ғасыр әдебиетінің сипаттамасы. Еуропа әдебиетіндегі қайта өрлеу дәуірі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Көркем шығарманы әдеби талдау
    Несиелер: 5

    Әдеби талдаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Көркем шығарманың жанры және жанрлық түрі. Шығарманың көркемдік әлемі: образ, пейзаж, заттық әлем, психологизм. Көркем шығарма композициясының поэтикасы. Мәтін архитектоникасы Көркем мәтіндегі авторлық ұстанымды көрсету тәсілдері. Прозалық шығармадағы баяндау құрылымы. Интермәтінділік.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Ертіс-Баян өңірінің тұлғалары
    Несиелер: 3

    Ертіс-Баян өңірі әдебиетінің ірі өкілдері: Бұқар жырау Қалқаманұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы, Естай Беркімбайұлы, Жүсіпбек Аймауытов, С.Торайғыров, Қ.Кемеңгеров, И. Байзақов, Қ.Бекхожин, Д. Әбілев, З. Шашкин, С. Дөнентаев, Қ. Тайшықов, М.Әлімбаев, З. Ақышев, Қ. Исабаев, Қ.Ыдырысов, М. Жаманбалинов, Р. Тоқтаров, Н.Шәкенов, А. Теміржанов, А.Шәмкенов, А.Жақсыбаев, М.Асылғазин, Е.Ерботин, Т.Мұқаев

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Филологиялық талдау
    Несиелер: 5

    Филологиялық талдаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Көркем шығарманың шығармашылық тарихы. Көркем шығарманы тақырыптық-идеялық және сюжеттік-композициялық тұрғыдан талдау. Әдеби шығармадағы кейіпкер. Қазақ әдебиетіндегі психологизм мәселелері. Поэзиялық шығарманы көркемдік ерекшеліктеріне талдау. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі ағым-бағыттар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Шетел әдебиетінің тарихы
    Несиелер: 5

    Антикалық дәуір әдебиеті, ежелгі әдебиетінің маңызы; ортағасырлық және қайта өрлеу дәуірі әдебиеті; халық шығармашылығы, өрлеу дәуір әдебиетіндегі адамгершілік арна; ХҮІІ ғасырдағы проза, драма және поэзия жанрындағы классикалық үрдіс; ХҮІІІ ғасырдағы сентиментализм, реализм және ХІХ ғасырдағы реалистік роман шеберлері; Шығыс халықтары әдебиетіне шолу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Қазіргі білім беру технологиялары
    Несиелер: 3

    Қазіргі білім беру жүйесінің теориялық, әдіснамалық негіздері, білім беру әдістерінің қолданыс жүйесі, іс жүзіндегі теориялық/ тәжірибелік маңызы, ерекшеліктері түсіндіріледі, тіл мен әдебиетті оқыту пәндеріне қажетті технологияны, әдістәсілдерді таңдай білуге бағыттау міндеттеледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Аймақтық тұлғатану
    Несиелер: 3

    Павлодар өңірі бойынша танымал тұлғалар, әдебиет, тіл бағытындағы ағартушы өкілдер, жалпы ғалым ағартушылар туралы мәлімет. Олардың еңбектері. Тіл/әдебиет бағытындағы өңір тұлғаларының бейнелік суреттері мен мазарлары, кесенелері. Қазақстанға сіңірген еңбектері туралы мәлімет.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Код ON1

    еліміз бен әлемдегі әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайды түсінетінін көрсетеді

  • Код ON2

    қазақ тілінің салалары мен қазақ әдебиеті тарихының кезеңдері бойынша негізгі ұғым-түсініктерді, теориялық қағидаларды біледі және түсінеді; ғылыми-зерттеудің методологиялық әдіс-тәсілдерін жетік игереді

  • Код ON3

    қазақ тілінің салалары мен қазақ әдебиеті тарихының кезеңдері бойынша алған ғылыми-теориялық білімін, бағалау жүйесін (критериалды, формативті, суммативті т.б.) өз тәжірибесінде тиімді пайдаланады, өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін меңгертуде оқытудың жаңа технологияларын еркін қолданады;

  • Код ON4

    қазақ тілінің салалары мен қазақ әдебиеті тарихының кезеңдері және кәсіби бағыт бойынша мәселелерді шешіп, өзіндік пікір қалыптастырады;

  • Код ON5

    әртүрлі ақпарат түрлерімен жұмыс жүргізіп, оны өңдеп, интерпретация жасай алады;

  • Код ON6

    ғылыми-танымдық талдау қабілеттері қалыптасып, тілдік талдаулар және көркем мәтінге филологиялық талдау жасайды;

  • Код ON7

    қазақ тілі мен әдебиетінің өзекті мәселелері бойынша ғылыми ой-пікірлерге сыни баға беріп, қорытынды тұжырым жасайды

  • Код ON8

    кәсіби қызметтегі міндеттерді ББ бойынша игерілген білім, іскерлік пен дағдыны пайдалану арқылы шеше алады.

Top