Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04115 Менеджмент в Нархоз Университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Академиялық шыншылдық, зерттеу нормалары мен этикалық салдарды, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаларын есепке ала отырып, түрлі сараптамалық әдістерді қолданып, өзекті ақпараттарды талдау, кәсіби пайымдауды көрсету негізінде өздігінен стандартты емес шешімдер қабылдау мен оның салдарларын бағалауға қабілетті
  • Басқару мен бизнес аясында кәсіби функцияларды жүзеге асыруда сәйкес сандық технология, теория мен құралдарды пайдалануға қабілетті
  • Топта жұмыс істей алу қабілетін көрсету арқылы зерттеулер мен нақты ақпараттарға сүйеніп және дәлелдемелерді сенімді құрастыруға, ауызша және жазбаша коммуникативтік дағдыларды көрсету арқылы шешім қабылдаушы тұлғалар мен ұйымның қызығушы жақтарының тәртібі мен іс-әрекеттеріне ықпал етуге қабілетті
  • Менеджердің кәсіби функцияларын жүзеге асыру үшін қаржылық есептің, экономиканың, маркетингтің функционалдық салаларында, болашақты болжау мен деректерді сараптаудағы парадигмалар мен теориялық әзірлемелерді, күрделі және айқын емес тәуелділіктерді, басты тұжырымдарды жергілікті және халықаралық деңгейлерде біріктіруге қабілетті
  • Көпшілік алдында сөйлеу мен академиялық жазылымның тұрақты дағдыларын көрсетіп, ішкі және сыртқы қызығушы жақтар үшін қаржылық, басқарушылық ақпараттарды талдау мен ұсынуға қабілетті
  • Кәсіпкерлік және инновациялық ойлауды қалыптастыру мен жеке әлеуетті ашу үшін, қоғамға игілікпен қызмет жасау үшін кәсіби саладағы озық білімге негізделген өзіндік білім алуды тәжірибеге енгізу және көшбасшылық қасиеттерді көрсетуге қабілетті
  • Әлеуметтік және экономикалық өзгерістерді есепке алу арқылы нарықтың түрлі сегменттерінде жүйелік, үдерістік және жағдайлық тәсілдер теорияларының негізінде ұйымдық мәселелердің мәнін анықтау
  • Ресурстарды ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау арқылы ұйым міндеттері мен жобаларын тиімді жүзеге асыру үшін мерзімдік шектерді сақтау мен ішкі ресурстарды оңтайлы пайдалануды қамтамасыз ете алады
  • Персоналды басқару тәжірибесін пайдалану арқылы өзгерістерді жүзеге асыруға қатысу және дағдарыс жағдайы мен белгісіздік нәтижесінде өзгерістерге деген ұйым қажеттілігін диагностикалауға қабілетті
  • Еліміздегі және әлемдегі экономикалық, технологиялық және әлеуметтік оқиғаларын талдау арқылы ұйымның бизнес үдерістерін құруға қатысуға қабілетті
  • Кәсіпкерлік қызметтің тәуекелдері мен мүмкіндіктерін талдау негізінде инновациялық өнімдер мен шағын бизнесті құруға және дамытуға қатысуға қабілетті
  • Түрлі меншік формасындағы жергілікті компаниялар мен халықаралық ұйымдардағы топтық динамика үдерістерін білу негізінде топтық жұмысты ұйымдастыруға қабілетті
  • Нарықтың даму үдерістері мен үрдістерін және де компанияның ішкі әлеуетін талдау негізінде маркетингтік қызметті жоспарлауға қатысуға қабілетті
  • Адам ресурстарын басқару мен ынталандырудың әртүрлі тәжірибелерін пайдалану арқылы персоналдың дамуын қолдау мен ұйымдастыру және олардың мансабын жоспарлаудың көмегі арқылы кадр ағымын басқаруға қабілетті
Top