Білім беру бағдарламасы өзекті емес

6B01405 Құқық және экономика негіздері в QYZPU

Пәндер

  • Жалпы экономикалық теория

    Бұл курс студенттерде әлеуметтік-экономикалық үрдістер, құбылыстар, жүйелер туралы, жалпы экономикалық теорияның мақсаттары, міндеттері мен функциялары туралы білім базасын қалыптастырады, экономикалық түсініктердің мазмұны туралы түсінік алады. Экономикалық теорияларды тереңдетіп оқыту және оларды практикалық іске асыру дағдыларын меңгеруге көмектеседі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көшбасшылық негіздері және инновацияларға бейімделу

    Пәнді игеру арқылы әрбір студент жеке тұлға ретінде көшбасшылық қасиеттерін ашу және дамыту, инновациялық үдерістерден туындаған жаңалықтарға бейімделу дағдыларын дамыту, сонымен бірге ғылыми-техникалық үдерістер нәтижелерін кәсіби қызметінде қолдана алу мүмкіндіктеріне үйренеді. Басқарудағы көшбасшылық қасиеттер мен адами фактордың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын оқып біледі

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ аруы

    Пән университеттің символы болып табылады. Пән әрбір студентті тарихы бен ұлттық дәстүрлерін білуге, құрметтеуге тәрбиелей отырып, заманға сай іскерханымның бейнесін қалыптастыруға бағытталған. Пән әйел бейнесін қыз, әйел, ана, отбасын сақтаушы, көшбасшы-маман ретінде толық аша отырып, қыздарға моральдық-этикалық, эстетикалық тәрбие беру мәселелері мен әдеп мәселелерін оқытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қоғамға қызмет көрсету

    Пән тұлғаның жеке әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға және адамның жеке әлеуетін жандандыруға, ерікті және өтеусіз көмек көрсетуге және өзара көмек көрсетуге, азаматтық қоғамның игілігі үшін кең ауқымды қызмет көрсету, басқа да азаматтық шараларды орындауға үйретуге бағытталған. Пән еріктілер қызметінің маңыздылығын аша отырып, бұл қызметтің Қазақстандағы мәселелері мен даму перспективаларын айқындайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экономикалық ілімдер тарихы

    Пәнді оқу студенттерге экономикалық ғылымның даму кезеңдері мен логикасы туралы түсінік алуға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында студент жетекші мектептердің негізгі ерекшеліктерін және экономикалық ғылымның бағыттарын біледі, ғылыми зерттеулердің перспективалық бағыттарын анықтай алады, экономикалық зерттеулердің әдіснамасын біледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құқықтық сауаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Курс өзінің құқықтары мен міндеттерін білетін, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбейтін заңдық тұрғыдан сауатты, заң шеңберінде әрекет ететін тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет ҚР заңдарын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды зерделеуге және сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін құқықтық жауапкершілік мәселелеріне негізделеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ұлы дала тарихы

    Пән ұлттық рухты тәрбиелеуге, қазіргі қазақ әйелдерінің ұлттық дәстүрлері мен тарихын құрметтеуге бағытталған. Курс түркі халықтарының мәдени дүниетанымы мен бейбітшілікті қабылдауының ерекшеліктерін, қазақ халқының ұлттық нақышын, оның мәдениеті мен мәдени құндылықтарының тарихи және әлеуметтік негіздерін, сондай-ақ Ұлы даладағы адамгершілік ілімдері мен ұлттық идеяның әлеуметтік негіздерін баяндайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері

    Пән студенттердің кәсіпкерлік дағдылары мен іскерлік ойлауын қалыптастыруға бағытталған. Студенттер экономиканың, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шарттарын, оның ішкі және сыртқы ортасының заңдылықтарымен жан-жақты танысу арқылы бизнес-жоспар, жеке бизнесті құру және өз бизнесін сәтті жүргізу дағдыларына ие болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері

    Пән студенттердің заманауи экологиялық білімі мен мәдениетін қалыптастырады, өмір қауіпсіздігі үшін техникалық құралдар мен технологиялық процестердің қауіпсіздігін арттыру әдістерін қолдану дағдыларын дамытады Пән әртүрлі деңгейдегі ұйымның экожүйелері қызметінің, тұтастай биосфераның негізгі заңдылықтарын, адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында туындайтын қайшылықтарды, сондай-ақ табиғат пен экологияға ұқыпты қарау қажеттігін айқындайды

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Абайтану

    Пән ұлы қазақ философы, ақын, ойшыл Абай Құнанбаевтың ұлттық шығармашылық мұрасын зерттей отырып, студенттерді мәдени-рухани тәрбиелеу арқылы қазақ әйелінің тұлғасын айқындауға бағытталған. Пән ұлы ақынның 175 мерей тойына қарсаңында ұйымдастырылған шараларды қолдау, ақынның шығармашылығын құрметтеу мақсатында 2020 жылы оқу жоспарына енгізілді

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Құқықтық және саяси ілімдер тарихы

    Бұл курсты оқу барысында студенттерде мемлекет, құқық, саясат және заңнама, саяси және құқықтық теориялар тарихы, құқық және мемлекет теорияларының тарихы туралы теориялық білімнің пайда болу тарихы мен дамуы туралы білім қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Мемлекет және құқық теориясы

    Бұл курсты оқу кезінде студент мемлекет пен құқықтың пайда болуы, дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары туралы түсінікке ие болады, негізгі заң ұғымдарының мазмұнын біледі, мемлекеттік-құқықтық оқиғаларға бағдар бере алады, оларға баға бере алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Құқық негіздері

    Бұл курсты оқу кезінде студент Қазақстан құқығы салаларының негіздері, заң жүйесі, Заңның заңды күші туралы, негізгі заңдар – ҚР Конституциясы және т.б. туралы білім алады, заңнамаларға бағдарланады, заң әдебиеттерімен жұмыс істейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 6
  • Адам ресурстарын басқару

    Бұл курс функционалдық бөлімшелер шеңберінде Адами ресурстармен жұмыс істеу жөніндегі міндеттерді шешуге; компанияның Персоналды басқару жөніндегі саясаты мен бағдарламаларын әзірлеуге қатысуға; компанияның адам ресурстарын басқару жөніндегі стратегиясын іске асыруға қатысуға үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 6
  • Жас ерекшеліктер физиологиясы

    Курс оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру және жүргізу кезінде балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жас ерекшеліктерінің заңдылықтарын практикалық тұрғыда қолдануға бағытталған. Курста баланың сыртқы ортамен өзара әрекеттесуі; денсаулықты сақтау мен нығайтуға бағытталған гигиеналық нормативтер мен талаптар, балалар мен жасөспірімдер ағзасының функционалдық мүмкіндіктерін үйлесімді дамыту мен жетілдіру мәселелері айқындалады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Жас ерекшеліктер психологиясы

    Курс студенттердің әр түрлі жастағы балалармен практикалық тапсырмаларды шешу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған Психикалық дамудың заңдылықтары мен динамикасын, адамның әртүрлі жас шағындағы (мектепке дейінгі, кіші мектеп, жасөспірім, бозбала, жігіт және ересек) тұлғалық қалыптасуын сипаттайды Педагогикалық процесс субъектілерінің психологиялық өзара әрекет дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 3
  • Менеджмент және маркетинг негіздері

    Студенттердің қазіргі заманғы менеджмент пен маркетингтің теориялық және практикалық негіздерін құрайтын ғылыми білім жүйесін оқуы, менеджмент пен маркетинг тәжірибесін ғылыми ұсынымдармен қамтамасыз етеді, менеджерлік дағдыларды қалыптастырады, оқу процесінде алынған білімді басқару шешімдерін қабылдау үшін қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 6
  • Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы

    Студенттерде шет мемлекеттердің құқығының негізгі ережелері, мемлекеттің саяси-тарихи дамуы және шет елдердің құқығы туралы жалпы түсініктерді және білімді, тарихизм қағидатына негізделген шет елдерде құқық туралы түсініктерді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Қазақстан Республикасының конституциялық және әкімшілік құқығы

    Бұл курсты оқу барысында студенттер Қазақстан Республикасының конституциялық және әкімшілік құқық саласымен танысады. Студенттер әкімшілік құқықтың негізгі ұғымдары мен институттары бойынша теориялық құралдарды меңгеруі, осы алған білімдерді қолдана білуі, әкімшілік құқық бойынша нормативтік көздерде бағдарлай білуі тиіс.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 6
  • Кәсіби-бағытталған шетел тілі 1

    Пән студенттің болашақ кәсіби қызметінде шетел тілдері коммуникацияларын (В1 деңгейі) жетілдіруге бағытталған. Курс студенттердің кәсіби бағытталған тақырып аясында ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын, арнайы лексика мен тілдің кәсіби терминологиясын қолдана білу қабілетіліктерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 3
  • Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы

    Курстың пәні, міндеттері және әдіснамасы. Мемлекет пен құқықтың пайда болу мәселелері. Ерте құқықтың сипаты. Мемлекет және ежелгі Таяу Шығыс құқығы. Ежелгі Грецияның мемлекеті және құқығы. Ежелгі Рим мемлекеті және құқығы. Ежелгі Грецияның мемлекеті және құқығы. Батыс еуропалық ортағасырлық мемлекеттік - құқықтық тәртіптің қалыптасуы мен мәні. Жаңа кезеңдегі мемлекет және құқық тарихы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Кәсіби-бағытталған шетел тілі 2

    Пән кәсіби шетел тілін меңгерудің бастапқы деңгейінде студенттердің қол жеткізген деңгейін одан әрі арттыруға бағытталған. Пәнді оқу барысында студенттер кәсіби салада іскерлік байланыс жасау (келіссөздер жүргізу, талқылау) мақсатында іскерлік қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 3
  • Инклюзивті білім беру

    Пән болашақ мамандардың инклюзивтік жағдайында жұмысқа дайындайды. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен білім беру-тәрбиелеу қызметін ұйымдастыру, жүргізу жұмысын зерделей келе, студенттер ЕББҚ балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу шарттарын құратын әртүрлі сала мамандарымен топта жұмыс істеу дағдыларына ие бола отырып, инклюзивтік оқыту жағдайында тьюторлық тәжірибені ұйымдастыру және оқы бағдарламаларын бейімдеу дағдыларын меңгереді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Қазақстан Республикасының азаматтық және отбасы құқығы

    Бұл курс студенттерді азаматтық және отбасылық құқықтық қатынастардың түсініктерімен және ерекшеліктерімен, азаматтық және отбасылық құқықтық қатынастардың жекелеген түрлерін реттеу ерекшеліктерімен, азаматтық және отбасылық құқық нормаларын қолдану қабілеттерімен, азаматтық-құқықтық және отбасылық-құқықтық білімдермен және тәжірибелік қызметтегі түсініктермен таныстыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 7
  • Педагогика

    Пән студенттердің болашақ педагог мамандығына қызығушылықтарын дамытуға және кейін өзін-өзі жетілдіру мақсатында кәсіби өз бетінше білім алуға ынталандыруға бағытталған. Курс студенттердің педагогикалық үдерісті жоспарлау, болжау, ұйымдастыру, басқару және талдау дағдыларын дамытуға; орта білімнің жаңартылған мазмұны аясында тәрбиелеу мен оқытудың технологиялары мен әртүрлі әдістемелерін меңгеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 6
  • Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы

    Бұл курсты оқу кезінде студенттерде әлеуметтік қамтамасыз ету саласында базалық білім, олардың әлеуметтік қамтамасыз ету туралы заңнамадағы бағдары, қажетті қолданбалы білімі, әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы нормалары бар актілермен жұмыс істеудің практикалық дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 7
  • Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі 1

    Пән студенттің ғылыми зерттеулер саласында шетел тілдері коммуникацияларын дамытуға бағытталған. Курс студенттерде зерттеу саласында қабылданған жалпы ғылыми лексика, ұғымдар мен терминдерді меңгеру; ағылшын тілінде ғылыми-зерттеу сипатындағы ағылшын тіліндегі мәтіндермен жұмыс істеу (оларды талдау, түсіндіру, сондай-ақ бейнелеу) дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 3
  • Ұлттық экономика

    Бұл пәнді оқу кезінде студенттерде ұлттық экономика, оның субъектілері, қазіргі даму кезеңінің ерекшеліктері туралы түсінік, тиісті басқарушылық шешімдер қабылдау үшін ұлттық экономиканың жекелеген салаларының жай-күйі туралы ақпаратты пайдалану және оның тиімділігін бағалау дағдысы қалыптасады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі цифрлық технологиялар

    Оқу үдерісін ұйымдастыру және әдістемелік материалдарды әзірлеуге арналған цифрлық технологияларды қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған практикалық курс. Курс білім беруді цифрландырудың барлық бағыттарында: білім беру басқармасы мен мекемелерінде компьютерлік бағдарламалар, оқытудың цифрлық технологиясы; АКТ дидактикалық мүмкіндіктері; виртуальды орта және қашықтықтан оқыту технологияларында цифрлық бағдарламалар мен техникалық құралдарды меңгеру дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 3
  • Шаруашылық құқығы

    Бұл курсты меңгеру шаруашылық қатынастарды құқықтық реттеу механизмінің ерекшеліктері мен элементтері, шаруашылық құқықтық қатынастардың мәнін түсіндіру тәсілдері, оларды жүзеге асыру және қорғау тәртібі, шаруашылық құқық бойынша жауапкершілік түрлері туралы теориялық білімді талап етеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 4
  • Ғылыми зерттеулер негіздері

    Курс болашақ маманның кәсіби қызығушылықтары саласында ғылыми-зерттеу компоненттерін дамытуға бағытталған. Пән студенттердің ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу (таңдалған облысқа сәйкес), ғылыми эксперименттер жасау, зерттеу нәтижелерін академиялық сипатта сауатты рәсімдеу және оларды көпшілік алдында таныстыра білу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Қазақстан Республикасының еңбек құқығы

    Бұл курс студенттерді қоғамдық еңбек қатынастарын реттейтін, жұмыс беруші мен жұмысшылар арасындағы құқық нормаларымен таныстырады, сондай-ақ мұнда жұмыс уақыты, жалақы және демалыс уақыты реттеледі. Сондай – ақ, жеке еңбек шарты - ең маңызды еңбек құқығы институты қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 4
  • Әлемдік экономика және ХЭҚ

    Студенттердің заманауи әлемдік экономикалық концепцияларды меңгеруі. Олардың тауарлар мен қызметтердің нақты әлемдік нарықтарындағы жағдайларды, капиталдарды, еңбекті, технологияларды, қаржылық және валюталық ресурстарды талдаудың, сондай-ақ әлемдік шаруашылық деңгейіндегі проблемалық жағдайларды шешудің практикалық дағдыларын игеруі. Ағымдағы әлемдік экономикалық проблемалармен танысу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Критериалды бағалаудың технологиясы

    Пән технологияны оқу үдерісінде практикалық қолдануды оқытады. Курс білім беру мақсатындағы таксономияның негізінде және білім алушының білім деңгейіне сәйкес оқыту нәтижелерін бағалаудың критерийлері мен формативтік және жиынтық тапсырмаларды әзірлеу дағдыларын қалыптастыра отырып, оқыту нәтижелері мен әдістерінің өзара талаптары мен мақсаттарын үйретеді және бақылаудың рейтингтік жүйесінің тұжырымдамасын ашады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі

    Бұл курс қазіргі кезеңдегі құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесінің негізгі бағыттары мен жетілдіру жолдарын зерттейді. Оқу барысында студенттер құқықтық және экономикалық ойлау, құқықтық және экономикалық мәдениет, оқытудың заманауи әдістері мен әдістерін қолдана алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Мемлекет және бизнес

    Бұл пәнді оқу кезінде студенттерде мемлекеттің бизнеспен өзара қарым-қатынасы мәселелері бойынша білім қалыптасады және осы негізде осы қатынастарды жетілдіру бойынша міндеттерді шешудің ең тиімді әдістері мен құралдарын таңдай және қолдана алады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Қашықтықтан оқытудың әдістемесі және технологиялары

    Пән қашықтықтан оқыту технологиясының артықшылықтары мен кемшіліктерін талдауға, оқу материалдарын әзірлеуде оқыту әдістерін жіктеуге және оларды білім алушылардың қабылдауын бағалауға бағытталған. Дағдылар қалыптасады: - пән бойынша off және on-line режиміне арналған оқу материалдарын әзірлеу; - жұмысты бағалаудың неғұрлым тиімді әдістерін табу; - ҚОТ платформасын және әртүрлі бағдарламаларды қолдана отырып вебинарлар мен on-line сабақтар ұйымдастыру

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Экономиканы мемлекеттік реттеу

    Бұл курсты оқып үйрену студенттерге экономикалық саясаттың концепциялары мен категорияларын, нарықтық экономиканың қызмет ету заңдылықтарын және экономиканы мемлекеттік реттеу әдістерін, ұлттық өндіріс көлемдерінің өзара байланысы мен динамикасын, инфляцияны, жұмыспен қамтуды және басқа да макроэкономикалық агрегаттарды іргелі білім береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Қазақстан Республикасының экологиялық және жер құқығы

    Бұл курсты оқу кезінде студент жер және экологиялық құқық негіздері туралы білімдерді игеруі, жер және экологиялық заңнаманың заңды түсініктері мен категорияларын қолдана білуді игеруі және студенттерде жер және экологиялық заңнамаларды қолданудың тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруы тиіс.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 6
  • Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығын алдын алу және Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы

    Бұл курс Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығының мәні мен мақсатын, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі мен жазалауының ерекшеліктерін зерттейді. Сонымен қатар студенттердің қылмыстық заңды және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру және қолдану, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының пайда болуының негізгі заңдылықтарын талдау мүмкіндігі болады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 7
  • Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі 2

    Пән студенттердің пәндік саладағы шетел тіліндегі коммуникацияларын ғылыми мақсаттар үшін одан әрі дамытуға және жетілдіруге бағытталған. Ол студенттердің кәсіби ғылыми-зерттеу мәтіндерін академиялық рәсімдеу дағдыларын қалыптастырады,сондай-ақ ғылыми іс-шараларда көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 3
  • Қазақстан Республикасының нотариаты

    Осы курсты оқу барысында студенттерге нотариалдық құқық саласында қазіргі заманғы іргелі білім, нотариат туралы заңнама негізінде бекітілген негізгі принциптер туралы білім алу, нотариалдық құжаттарды құрастыру дағдыларын дамыту, материалдық және іс жүргізу заңнамасының нормаларын қолдана білу қалыптасады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 7
  • Зияткерлік меншік құқығы

    Бұл курс зияткерлік меншік құқығы ұғымын зерттейді, оның көздері мен принциптерін, зияткерлік меншік құқығының қазіргі көздерінде бағдарлану принциптерін, олардың өзара байланысын анықтай білу және азаматтық айналымда зияткерлік қызмет объектілерін пайдалану ерекшеліктері туралы теориялық білімдерді меңгеру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 6
  • Қаржы негіздері және қаржылық сауаттылық

    Бұл курс қаржы ғылымының пайда болу, қалыптасу және қазіргі уақытқа дейінгі даму кезеңдерін, жария қаржының қазіргі заманғы теорияларын, экономикалық циклдің әр түрлі сатыларында мемлекеттік қаржы саясатын жүзеге асыруда қолданылатын құралдарды зерттейді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Мемлекеттік бюджет

    Бұл курста студенттер мемлекеттің бюджеттік саясатының мақсаттары, міндеттері, субъектілері мен объектілері туралы біледі. Сонымен қатар, курс бюджет кірістері мен шығыстарының құрылымын, бюджеттің тепе-теңдігін әлеуметтік тұрғыдан негізделген түсініктерді ұсынуға бағытталған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Бухгалтерлік есеп және аудит

    Студенттердің бухгалтерлік есеп және аудит негіздерін меңгеруі, қолданыстағы стандарттарға, бухгалтерлік есеп принциптеріне, нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес ұйымдарда оны жүргізу дағдылары мен техникасын алуы; өндірістік процестің жекелеген кезеңдеріне аудит жүргізу әдістемесін игеру, қаржылық нәтижелерді және іске асыру циклін қалыптастыру және т. б.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Салық және салық салу

    Салық салудың теориялық негіздерін игеру, мемлекеттік бюджет кірістерін қалыптас-тыруда, экономикалық қатынастарды реттеуде салықтардың рөлін зерделеу, қазіргі заманғы салық жүйесі, оның негізгі элементтері туралы, ұйымдар мен жеке тұлғалар төлейтін салық және алымдар туралы кешенді білімді қалыптастыру

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Мұғалімнің кәсіби бағдарлары

    Пәнсабақтың 7 модульгесәйкестігінкешенді бағалауға бағытталған. Ол келесі дағдыларды қалыптастырады: - оқытудың жаңа тәсілдерін қолдану; - сыни ойлау; - оқытуды бағалау; - дарынды және талантты балаларды оқыту; - білім беру ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдану; - оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу қызметін модельдеу; - білім берудегі басқару және көшбасшылық

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Жаһандық мәселелерге бей-жай қарай алмайтын, еріктілік және инновациялық қызметке дайын, құқықтық және іскерлік мәселер тұрғысынан білімді, ұлттық рухта тәрбиеленген көшбасшы-қыз
  • Инклюзивтік жағдайында білім алушылардың жас кезеңдері ерекшеліктерін ескере отырып, жаңартылған жүйедегі педагогикалық процессті жүзеге асыра алатын негізі білім мен дағдыларды меңгерген
  • Пәндік салада зерттеу нәтижелері мен академиялық жазбаны, оның ішінде шетел тілінде, таныстыра алатын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын дағдыларды меңгерген
  • Академиялық және кәсіби ортада пайдалану үшін ағылшын тілінде қарым-қатынас дағдыларын меңгерген.
  • Құқықтың тарихын, теориясын және нормаларын біледі, құқықтық түсініктер мен санаттарға ие.
  • Құқықтың әртүрлі нысанының қазіргі заманғы қайнар көздерін бағыттайды және жіктейді, олардың өзара байланысын анықтайды
  • Құқықтың әртүрлі нысаны тұрғысынан құқықтық қатынастарды талдайды және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету тетігін қолданады
  • Жас ерекшелігіне және құқықтық бұзушылық түрлеріне сәйкес құқықтық қатынастардың әр түрлі бағыттарын бағалайды
  • Экономика дамуының эволюциясын біледі, экономикалық санаттарға басшылық жасайды және білімнің аралас салаларымен өзара байланысты белгілейді.
  • Есепті жүргізу, салық салуды жүзеге асыру, ұлттық және халықаралық деңгейде экономиканы реттеу құралдары мен әдістерін қолдану дағдыларын меңгерген.
  • Сыни бағалау әдістерін, оқытудың инновациялық әдістерін, командада жұмыс істей білу.
  • Сандық технологиялар мен қашықтықтан білім беру технологиясын қолдана отырып, құқықтық және экономикалық пәндерді оқыту әдістерін меңгерген.
Top