Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D02209 Шығыстану в Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Шығыс елдері және Қазақстан үшін қазіргі кезеңде өзекті саналатын әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық процестер талабын түсініп, оларды оқып-зерттей алатын, сонымен қатар сол елдердің алдында туындайтын негізгі күрделі проблемаларды шешу жолдарын анықтап, кешенді зерттейтін отандық және әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, жоғары білікті ғылыми мамандарды дайындау. Бағдарлама: -филология, тарих ғылымдары салаларында, сонымен қатар Шығыс елдерінің мәдениетін, дінін, философиясын, саясаты және экономикасы бойынша терең іргелі зерттеулер жүргізу арқылы отандық шығыстану ғылымының проблемаларын талдап, түсіндіре алатын; -қазіргі заманғы шығыстану ғылымының іргелі проблемаларын, тұжырымдамаларын және соңғы жетістіктерін жүйелеп және интерпретациялап бере алатын; -шығыстану ғылымының өзекті бағыттарының дамуына лайықты методологияны таңдау, теориялық материалды терең оқып-меңгеру негізінде дербес ғылыми зерттеу жүргізе алатын; -жоғары оқу орындарында дәстүрлі және инновациялық оқыту әдістері негізінде оқу процесінің жоғары нәтижесін қамтамасыз ете алатын; -өзара сабақтас ғылыми салалар бойынша білімді халықаралық ақпараттық және талдау қызметтеріне, сонымен қатар идеология, дін және мәдениет салалары жүйесіне енгізе алатын маманның кәсіби тұлғасын қалыптастыруға бағытталған.
  • Академиялық дәреже Докторантура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 180
  • Білім беру бағдарламаларының тобы D055 Шығыстану
  • Дайындық бағыты 8D022 Гуманитарлық ғылымдар
  • Шығыс елдерінің зияткерлік тарихы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Шығыс қоғамдарының әлеуметтік және зияткерлік әлеуетін, таным мәселелерін, ғылымның, идеялардың, қоғамның шығармашылық белсенділігінің, әлеуметтік тарихтың генезисін және дамуын талдау және түсіндіруу қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы Шығысқа тән ойлау ерекшеліктерін интерпретациялау және бағалау дағдыларын қалыптастырады. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - жеке зерттеуге кіріспе ретінде Шығыс қоғамының әлеуметтік-зияткерлік контексін, білім беру мәселелерін, жаңа ғылымдардың генезисі мен дамуын,философиялық мектептерін, шығармашылық әлеуетін анықтау; - лекциялық және шолу материалдарын дайындау барысында оқитын Шығыс елінің зияткерлік тарихында болған процестер мен құбылыстарды түсіндіруге және бағалау; - оқитын аймақтың мәдениеті бойынша ұсынылатын зерттеулерде әлеуметтік-зияткерлік контекстегі Шығыс елдері мен аймақтарының мәселелерін, Шығыс пен Батыстың мәдени және өркениеттік арақатынасын түсіндіруге және салыстыру; - шолу түріндегі мақалаларда теориялық негіздеме ретінде оқитын шығыс аймағының зияткелік тарихындағы негізгі үрдістер мен қозғаушы күштерді анықтау; - салалас немесе өзге сала мамандары үшін ұсыныстар дайындауда Шығыс өркениеттері мен мәдениеттерінің моральдық, әлеуметтік, саяси, философиялық және діни идеялар мен концепттердің күрделі жүйесін құрайтын идеялар мен ілімдерге ғылыми тарихи талдау жасау дағдысын көрсету. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: батыс интеллектуалды дәстүрі, Қиыр Шығыстағы ойлеу мектертері, Таяу Шығыс, Орта Шығыс және Африкадағы идеяларды тарихи зерттеу. Зияткерлік тарихтың философия тарихы мен идеялар тарихымен байланысы. Шығыстың елдерінің зияткерлік тарихының дамуындағы діннің рөлі. Адамдарды, олардың ойлау ерекшелігін үсіну үшін мәдениетті, өмірді және қоршаған ортаны зерттеу. Әлеуметтік-зияткерлік контекст, ағартушылықтың зияткерлік тарих үшін маңызы. Жаңа ғылымдар, философиялық мектептер, бағыттардың генезисі және дамуы. Қоғамның шығармашылық әлеуеті, адам құқықтары, демократия адамзаттың зияткерлік тарихын жүзеге асыру саласы ретінде. Жаһандану жағдайындағы шығыс өркениеттері мен мәдениеттері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазіргі заманғы шығыстанудың іргелі проблемалары мен тұжырымдамалары
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Шығысты зерттеудің іргелі проблемалары және парадигмаларын интерпретациялау үшін қазіргі заманғы шығыстанудың негізгі теориялары мен тұжырымдамаларын талдау қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - нақты ғылыми жобалар дайындау үдерісі мен публикация дайындау барысында Шығысты зерттеудің іргелі проблемалары мен зерттеу парадигмаларын интерпретациялау үшін қазіргі шығыстану ғылымының негізгі теориялары мен тұжырымдамаларын талдау; - талдау материалдырын құрастыру барысында қоғамдық-саяси және әлеуметтік-мәдени үдерістерді классификациялау; - диссертациялық зерттеу барысында әлемдік жүйені талдаудың, жаһанданудың, Шығыс қоғамындағы модернизацияның тұжырымдамаларын жүйелеу; - әлем өркениеттері контексіндегі Шығыс елдеріндегі үдерістерді анықтау; - шығыстану ғылымының негізгі салаларындағы негізгі теориялық қағидаларды, тұжырымдарды, динамиканы және проблемаларды іргелі және қолданбалы зерттеу жұмыстарында оларды негіздей отырып қолдану үшін бағалау. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Қазіргі Шығыс елдеріндегі іргелі мәселелертуралы ғылымның нысаны мен пәні. Тарих ғылымындағы «мемлекет» пен «қоғам». Дәстүрлі қоғамның даму шегі. Шығыстағы қазіргі мемлекеттердің тарихи қалыптасуы. Әлемдік саяси үрдістер (жаһандану, демократияландыру, интеграция мен аймақтану) және Шығыс елдері. Қазіргі әлемдік жүйенің жалпы мәселелері: халықаралық қауіпсіздік, қоршаған орта, қазіргі әлемдік қор, қақтығыстар және оларды реттестіру, ұлттық қатынастар және ұлтшылдық. «ХХІ ғасырдағы Шығыстану». Дәуірлер тоғысындағы мемлекет. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы шығыс елдері. ХХ ғасырдың 90-жылдарындағы әлемдік геосаясаттың өзгеруі. Шығыс елдеріндегі АҚШ пен Еуропа елдерінің саясаты. Әлемдік қауымдастық және шығыс елдері. Әлемдік саясаттағы «ислам факторы». Теократиялық мемлекет идеясы және ислам әлемі. Шығыс елдерінің ұлттық сана- сезімі. Шығыс –Батыс дихотомиясының қалыптасуы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Өркениеттер диалогы контекстінде Еуразия халықтары: мәдениет және дін
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Еуразия мен Азия өркениеттерінің қалыптасуы және өзара әрекеттестігінің тарихын жүйелі түсіну қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - Әлемдегі діни-мәдени жағдайлардың сипатын түсіндіруде өз концепцияларын құру үшін пәнаралық контекстіде филологиялық және тарихи материалды зерттеу тәсілдерін қолдану; - Қоғамдық және саяси оқиғалардың өзара байланысын сыни бағалау, Шығыс елдеріндегі әлеуметтік және экономикалық процестерді болжау жасау; - Оқитын Шығыс елінің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-тарихи, тарихи қатынастар саласындағы өзекті мәселелерге байланысты өз көзқарасын негіздеу; - Жоғарғы оқу орындарында шығыстанулық пәндерді оқыту барысында дәстүрлі және инновациялық әдістерді қолдану. - Өзекті ғылыми мәселелерді шешкенде басқа елдердің тілін, мәдениеті мен дәстүрлерін түсіне отырып, түрлі мәселелермен айналысатын мамандармен өзара байланыс пен ынтымақтастықты орнату. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Еуропа мен Азия өркениеттерінің қалыптасу тарихы; олардың дамуы, алғашқы қалыптасқан ортасынан басқа жерге таралуы; еуразиялық концепциясы, жаңа және қазіргі дәуірдегі еуразия өркениетінің диалогы; өркениеттердің еуразиялық диалогына Қазақстанның қосқан үлесі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеудің әдістері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – ғылым дамуының жалпы заңдылықтары жайлы негізгі түсініктерді беру, шығыстану саласындағы ғылыми жұмыстарға тән арнайы әдістерді қолдану қабілетін қалыптастыру. Пән Шығыс елдері дамуының түрлі кезеңдеріндегі өзекті проблемалар мен процестерді талдауға қажетті ғылыми зерттеулердің теориялық негізі мен практикалық дағдыларын қалыптастырады және докторанттардың таңдап алынған бағытта табысты жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ғылыми зерттеудің методологиясы бойынша кәсіби дайындығын қамтамасыз етеді. Оқу пәні шығыстану саласында ғылыми зерттеулер мен педагогикалық қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асыруға қажет методологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Аймақтық зерттеулер методологиясы (ағылш.т)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: – аймақтық зерттеулер методологиясы мен дағдыларын қолдану қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы Шығыс аймақтарын зерттеудің барынша өзекті проблемаларын, жағдайларын, деректанулық базасын құрудың теориялық негіздері мен практикалық зерттеу әдістерін қалыптастырады. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - нақты ғылыми публикациялар мен аймақтану бойынша дәрістерде отандық және шетелдік шығыстанудың негізгі методологиялық теориялары мен тұжырымдамаларын зерттеу негізінде қалыптасқан дамыған теориялық және методологиялық ойын таныту; - зерттеу жобаларының кіріспесінде шығыстану мен аймақтануда қолданылатын теориялық және методологиялық әдістерді сыни бағалау; - кәсіби міндеттерін шешу барысында әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдардың негізгі қағидалары мен әдістерін, алған практикалық дағдылары мен білімін қолдана отырып нақты эмпирикалық зерттеулерге өзінің жеке үлесін қосу; - нақты зерттеу жобаларын орындау барысында қазіргі әлемнің саяси реалиялары, аймақтық деңгейде макро- және микросаяси процестерге талдау жасау; - ағымдағы саяси жағдайды талдай отыра аналитикалық материал дайындауға, саяси болжам жасау; - аймақтық оқиғаларға, аймақаралық және жаһандық контексттегі құбылыстар мен тұжырымдамаларға қатысты ғылыми талдауларды жалпылауға және оларға негізді баға беру. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: аймақтық зерттеулер саласындағы сын-пікірлер; аймақтық зерттеулердің қысқаша тарихы; антропологиялық зерттеу әдістері; географияны зерттеу әдістері; аймақтық зерттеулер саласындағы экономикалық зерттеулер әдісі; аймақтық зерттеулер саласындағы аймақаралық салыстыру; аймақ ішіндегі салыстыру; аймақаралық зерттеулер саласындағы салыстыру; аймақтық зерттеулер саласындағы өңірлік жұмыстар; әлеуметтану және психологияның аймақтық зерттеулерге қосқан үлесі; постмодернистік немесе «постструктуралистік» терминдердегі аймақтық зерттеулерді қайта қарау талаптары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазіргі контекстегі шығыс мәтініне дискурсивті талдау
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: әртүрлі мәтіндер мен ауызша сөйлеу түрлерінің лингвистикалық ерекшеліктерін, әлеуметтік өзара әрекеттесудің және нарратив құрылымдарының орын тәртібін сәйкестендіру қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы дискурсивті талдау, сөйлеу актілерінің теориясы, әлеуметтік лингвистика, қарым-қатынас этнографиясы және прагматикасын қолданудың пәнаралық әдістері мен дағдыларын қалыптастырады. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - ауызша мәтіннің түрлері мен типтерінің лингвистикалық ерекшеліктерін анықтауға және олардың сипаттамасын ұсынуға; - пәнаралық сипаттағы еңбектерде нарративтің өзара әлеуметтік ықпалы мен құрылымының тәртібін салғастыруға; - тілдің формалары мен қызметін, жазба мәтіндер мен қоғамда тілді қолданушылардың ауызша тілінің ішкі байланысын жүйелеу; - жеке зерттеулерді орындау мен олардың нәтижесін кәсіби деңгейде талқылау барысында пәнаралық әдістер мен тілдік теорияларды, өзара әрекеттестіктің әлеуметтік лингвистикасын, қарым-қатынастың этнографиясын, прагмаикасын пайдалану дағдыларын қолдануға қабілетті болады. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Дискурсивті талдау әдістері. Тілдің формалары мен қызметтері, жазбаша мәтіндердің және тіл қауымдастығының ауызекі тілінің ішкі байланысы. Әлеуметтік өзара әрекеттесу. Нарративті құрылымдар. Сөйлеу актісінің теориясы. Әлеуметтік лингвистика теориясы. Этнографиялық қарым-қатынас. Прагматика теориясы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шығыс қоғамының рухани және материалдық мәдениетін модернизациялау (ағылш.т)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Шығыстың мәдени модернизациясы процестерін жүйелеу және интерпретациялау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы идеялар мен артефактілердің ғылыми тарихи және мәдениеттанулық талдау дағдыларын, өзекті тақырыптар бойынша бойынша деректанулық базаны түсінудің теориялық және методологиялық негізін қалыптастырады. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - нақты тарихи-мәдени зерттеулердің проблемаларын айқындауға, болжамдары мен міндеттерін қоюға, зерттеу жоспарын жасауға, қажетті және ең оңтайлы зерттеу әдістерін таңдау; - шығыс қоғамдастықтарының рухани-материалдық мәдениет көздерін, мәдениет генезисінің ерекшеліктері мен, құндылық жүйелерін, олардың антикалықтан қазіргі заманға дейінгі дамуын талдауға және оларды кәсіби талқылау үшін талдау нәтижелерін ұсыну; - алынған нәтижелерді өңдеуге, оларға тиісті форма беруге, Шығыс мәдениеті мен жаңғыруы бойынша отандық және шетелдік шығыстану ғылымында бар ғылыми жетістіктерді есепке ала отырып талдауға және зерделеу; - рухани және материалдық мәдеиеттің, әлеуметтік-саяси тарихи және мәдени бағдарының туындау үрдісінің, Шығыстың постиндустриалды мәдени жаңғыруының алғышарттарының қалыптасуын сыни бағалауға; - шолу материалдарын дайындау барысында Шығыстың мәдени жаңғыру үрдістерін жүйелеу. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Шығыс мәдениеті мен модернизациясы. Шығыс қоғамдарының мәдениетінің генезисінің мазмұны, құндылық жүйесі. Өмір сүру, қоғамдық-саяси және мәдени бағдарларды, материалдық және мәдени тұтыну түрлерін қалыптастыру процесі. Шығыстың постиндустриалды жаңғыруы. Рухани және материалдық мәдениеттің пайда болуының тарихи жағдайлары. Дәстүрлі құндылықтар мен бағдарларды сақтау. Мәдениет ескерткіштері және олардың әлеуметтік-мәдени қоғамдастықтағы қызметі. «Азиялық құндылықтардың» мәдени матрицасы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шығыс елдеріндегі тіл және ұқсастық: дискурс-талдау (ағылш.т)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: дискурстық талдау әдісі арқылы тіл мен бірегейліктің өзара байланысы мен өзара әрекеттесуін анықтау және интерпретациялау кабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - дискурсивті талдау негізінде тіл мен бірегейліктің өзара қатынасы мен өзара ықпалын жазбаша және ауызша түрде анықтау; - Шығыс халықтары өмірінің этникалық, менталды, гуманитарлық, діни қырларын қамтитын сол қоғамдарда жүріп жатқан мәдени, тілдік, әлеуметтік үрдістер, құбылыстар жайлы барынша түсінікті толық көзқарас қалыптастыру; - танымның қазіргі заманғы әдістерінің мүмкіндіктерін танытуға және оларды кәсіби қызметінде қолдану; - ана тілінде және шет тілдерінде өз бетімен жеке дайындықты, тәуелсіз пікір алмасуларды, ғылыми пікірталастарды қамтитын бірегей шығармашылыққа негізделген ойлау жүйесін таныту; - ғылыми публикацияларда және көпшілік алдында гендер, этникалық және діни көзқарас, әлеуметтік тап, білім, тәрбие және білім сияқты бірегейліктердің түрлі қырларын талдап, түсіндіру. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Жеке тұлғалар. Топтық және қоғамдық ұқсастықтар. Ұлттық және ұлтүстілік аймақтық ұқсастықтар. Ұқсастықтардың көпқабатты, динамикалық сипаты. Тілдің ұқсастықты анықтау және белгілеу қызметтері. Көптілді мемлекеттердегі тіл саясаты. Институционалдық және әлеуметтік билингвизм. Көптілділік және ұқсастық саясаты. Тілдік құқықтар және тілдік қатер. Иммигранттар және тілдің өзеруі. Ұлттық сәйкестілік саясаткерлері. Көптүрлілік проблемалары. Демографиялық трансформациялары. Үштілдік. Жергілікті тілдер, мәдениеттер мен қоғамдастықтар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Академиялық жазу
    Несиелер: 2

    Пәннің мақсаты - отандық және халықаралық ғылыми қоғамдастықтар бекіткен талаптарға жауап бере алатын ғылыми-зерттеу және талдау мәтіндерін жазуға қажетті дағдыларды қалыптастыру. Оқу барысында ғылыми ізденістің нәтижесін тезис, мақала, баяндама, сондай-ақ докторлық диссертация түрінде жариялаудың әдістері мен ерекшеліктері қарастырылып талданады. Оқу курсы Қазақстан Республикасы мен шетелдік ғылыми басылымдарда шығыстану ғылымының проблемалары бойынша ғылыми жарияланымды ұйымдастыру, құрылымын түзу және рәсімдеудің қазіргі заманғы стандарттарын оқып-зерттеу мен орындауға бағытталған

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шығыс тілінде жазба деректерді оқып-зерттеу методологиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: жазба деректерді оқып-зерттеудің болжамдары мен міндеттерін айқындау, шығыстану ғылымы саласында іргелі зерттеулер жүргізу үшін замануи зерттеу әдістерін таңдау қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - ұсынылатын жазба деректерді зерттеудің болжамы мен міндеттерін нақтылап көрсету және тестілеу; - түрлі жанрдағы нақты мәтіндерді талдауда шығыстану ғылымының теориялық-методологиялық қағидаларын қолдану; - отандық және шығыс елдері ғылымы мен мәдениетінің тарихы үшін маңызды деректермен жұмыс барысында деректану ғылымының арнайы зерттеу әдістерін қолдану; - дербес зерттеу негізін қалыптастыру үшін шығыс және батыс тілдеріндегі деректану саласындағы арнайы әдебиетті ұтымды іздеп, жинау; - жүргізілген зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми шолу, аннотация дайындауға, реферат және библиография құрастыру; - библиографиялық сипаттамаларды, шығыс және батыс тілдеріндегі негізгі библиографиялық дереккөздерді жүйелеу және қазіргі заманғы техникалық құралдарды пайдалана отырып іздеу жүйелерін құру. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Түпнұсқалық зерттеу нақты әлемді танудың ерекше әдісі ретінде. Дереккөзді оқу әдісі және пәнаралық аспектілер. Дереккөзді оқып-зерттеудің құрылымы. Дереккөздің шығу тегіне ықпал етуші тарихи жағдайлар. Дереккөз және оған авторлық мәселесі, проблемалары. Социомәдени қоғамдағы авторлық мәтін, жұмыс және оның қызметі. Мәдениеттегі шығарманың қызметі. Дереккөзді түсіндіру және мазмұнды талдау проблемалары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шығыс елдерінің экономикасындағы интеграциялық процестер
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Шығыс елдеріндегі экономика және құрылымдық үдерістердің ахуалы мен перспективалары жайлы білімді талдау қабілетін қалыптастыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - Шығыс өңірлердің экономикаларының сипаттамаларын түсіну және бағалау; - Шығыс елдеріндегі негізгі сыртқы саяси ойыншылардың стратегияларын талдау; - Шығыс елдеріндегі қақтығыстарды, сыртқы экономикалық бастамаларды, елдердің мүдделерін дербес талдау; - пәнді оқу үдерісінде ұсынылған аналитикалық және ғылыми материалдарды сыни бағалау. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады: Шығыс мемлекеттерінің экономикалық дамуының қазіргі заманғы проблемаларын бағалауға теориялық және әдіснамалық көзқарас. Шығыс елдерінің экономикасының перспективаларын зерттеу, олардың сыртқы саясатының негізгі курстарын дамыту стратегиясы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ұлы Жібек жолы: шығыс және батыс өркениеттерінің әрекеттестігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Шығыс пен Батыстың өркениеттік ынтымақтастық контекстінде ҰЖЖ тарихын жүйелі түсінуге қабілеттілікті қалыптастыру. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - тарихи пәнаралық контекстінде әлемдегі болып жатқан діни-мәдени тұрғыда жеке концепцияларды құру үшін филологиялық және тарихи зерттеу тәсілдерін қолдану; - қоғамдық және саяси құбылыстардың өзара байланысын бағалау, Шығыс елдеріндегі әлеуметтік-экономикалық процестерді талдау жасау; - Шығыстағы қарастырылып отырған мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық, мәдени-тарихи, қоғамдық қатынастардағы өзекті мәселелер бойынша өз ұстанымын негіздей білу; - ЖОО оқу процесін жүзеге асырғанда және шығыстануға қатысты пәндер бойынша сабақ бергенде дәстүрлі және иновациялық әдістерді қолдану. - тіл білімін, басқа елдердің мәдениеті мен дәстүрін түсіне отырып басқа пәндерден сабақ беретін эксперттермен түрлі өзекті мәселелерді шешкенде халықаралық контекстіде ынтымақтастық пен қарым-қатынас орнату; - отандық және шетелдік ғылымның жетістіктерін сақтау және өңдеу, қазіргі іздеу тәсілдерінде жаңа ақпараттық технологиялар мен ресурстарды пайдалану. Пәнді оқу нәтижесінде докторанттар төмендегі мәселелерді қарастырады: Модуль докторанттарды Ұлы Жібек жолының бойында көшпенділердің отырықшы халықтармен әрекеттестігін, отырықшы және көшкенді халықтардың және олардың мәдениеттерінің алмасу механизмімен, әлеуметтік және этникалық процестермен, әрекеттестіктің нәтижесінде болған түркілену мен исламдану процестерімен, Ұлы Жібек жолының бойындағы қалалардың рөлі және маңызымен танысады. Докторант өздігімен деректерді іздеуге, деретер мен әдебиеттерді талдауға, берілген тақырып аясында жеке зерттеу жасап үйренуі керек.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми-зерттеу мақсатындағы шығыс тілі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - зерттелетін салаға тән ғылыми стильдің ерекшеліктерін және зерттелген тілдегі ғылыми терминологияның ерекшеліктерін айқындау. Пәнді оқу нәтижесінде докторант қабілетті: -оқитын шығыс тіліндегі жалпы білім контексінде жаңа ғылыми фактілерді құруға, ғылыми ақпаратты жалпылау үшін практикада ақпараттық технологияларды қолдануға; -ғылыми зерттеу нәтижелерін ана және шет тілдерінде ғылыми мақала және баяндамалар түрінде ұсынуға; -шығыс тіліндегі кәсіптік бағыттағы мәтіндермен жұмыс істеуге; - кәсіби коммуникацияны ана және шығыс тілдерінде жүзеге асыруға; - мамандық бойынша ауызша және жазбаша ғылыми мәтінді дайындауға; Пәнді оқу барысында келесі мәселелер қарастырылады: Оқылатын тілдің ғылыми лексикасын саралау; шығыс тілінде ғылыми және кәсіби тілге тән негізгі грамматикалық мәселелер; оқылатын тілде ғылыми сөйлеу жанрының жұмыс істеуі үшін ақпараттық кеңістік; ғылыми стильдің эпистемологиялық, танымдық және коммуникативтік функциясы; оқылатын тілдің академиялық және танымал ғылыми санаттарының ерекшеліктері; логикалық, семантикалық дәлдік, ақпараттылық қанықтығы, презентацияның объективтілігі, жасырын эмоционалдық;

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Халықаралық ұйымдар мен қауымдастық аясында Орталық Азия мен әлемдік қауымдастықтағы интеграциялық процестер
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Орта Азия елдерінің интеграциялық үдерістері саласында қолданбалы зерттеулер жүргізу қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер шеңберінде ынтымақтастықтың жолдары мен нысандарын түсінудің теориялық және әдіснамалық негізін құрайды. Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді: - Ғылыми дискуссияларға қатысу және тақылау, баяндама жасауға дайындалу, материалды жазбаша, ауызша дайындау, интеграциялық процестерде Ортаазиялық мемлекеттердің рөлін түсіндіріп беру; - Ғылыми-зерттеу, академиялық, ұйымдастырушылық және басқа да салаларда фундаменталдық білімді салыстыру және пайдалану, алынған материалға сыни талдау жасау; - Талдау жасау үшін әлемдік теориялар мен ілімдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау. - Әлемдің қауымдастықтағы интеграциялық процестердің себептері мен салдарын түсіндіріп беру. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегі мәселелерді қарастырады:

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Код ON9

    Өз бетінше алған жаңа білімін шығыстану саласы бойынша тиісті әдебиеттерді, оқып-зерттейтін аймақтар бойынша ақпараттарды пайдалана отырып аналитикалық материалдар мен ұсыныстар дайындауға қолдану және талдау;

  • Код ON11

    Шығыстану саласындағы білім аясына және нақты аймақты оқып-зерттеуге дербес зерттеу жұмысы арқылы үлес қосу;

  • Код ON3

    Қазіргі заманғы ғылыми үрдістерге талдау жасау, түрлі теориялар, тұжырымдар мен әдістерді сыни тұрғыдан бағалау, зерттеудің басым бағыттарын анықтау;

  • Код ON10

    Жоғары оқу орындарында жаңа оқу бағдарламаларын дайындау және оқу процесін ұйымдастыруға инновациялық әдістерді енгізу;

  • Код ON5

    Қарым-қатынас процесін тиімді түрде арттыру, әртүрлі жанрда шығыс тілінен және шығыс тіліне ауызша және жазбаша екіжақты аударма жасау;

  • Код ON6

    Нәтижелі ғылыми жоба орындау үшін қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды, сонымен қатар ғылыми ақпарат пен мәліметті алу, өңдеу және сақтау әдістерін, статистикалық талдау әдістерін, есеп беру, мәліметтерді өз ана және шет тілдерде түсіндіру дағдыларын қолдана алу;

  • Код ON2

    Шығыс елдеріндегі өзекті тарихи, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерді талдауға қажет ғылыми теорияларды, әдістерді жүйелеу және интерпретациялау;

  • Код ON7

    Қазігі заманғы шығыс тілдері, сонымен қатар қазақ, орыс және батыс тілдері бойынша білімін тұрақты түрде дамытып отыру;

  • Код ON12

    Мәдени, тарихи және лингвистикалық дискурс бойынша өз ойын еркін білдіру, сонымен қатар басқа, оның ішінде өткен және / немесе қазіргі заманғы шығыс мәдениеттері мен бірегейлігін түсіну.

  • Код ON8

    Ғылыми мақала жазудың халықаралық стандарттарын жүйелеуге, өзінің қол жеткізген нәтижелерін кәсіби ғылыми деңгейде көрсете алу;

  • Код ON1

    Шығыстану мамандығының ғылыми-зерттеу, академиялық, ұйымдастыру және басқа кәсіби салаларында іргелі дайындықты қолдану;

  • Код ON4

    Қазіргі заманғы ғылыми және практикалық проблемаларды анықтау және шешу, ана тілінде және шет тілдерінде қолданбалы және бағдарламаларды дайындау;

Top