Жаңа білім беру бағдарламасы

8D05101 Биология в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Оқыту нәтижелері

  • ғылыми институттарда және оқу орындарында, фармацевтикалық компанияларда, биотехнологиялық стартаптарда және биология және аралас ғылымдармен байланысты басқа да салаларда жұмыс істеуге мүмкіндік беретін біліктілік деңгейін көрсету
  • қазіргі заманғы биологияның жаңа бағыттарының тұжырымдамаларын түсіндіру және жүйелеу, оларды ғылыми-зерттеу саласында қолдану, ғылыми іс-шараларда және халықаралық рейтингтік журналдардағы жарияланымдарда ғылыми нәтижелерді дәлелді түрде ұсыну, кейін оларды өндірістік үрдістер мен жобаларға енгізу
  • ғылыми зерттеу нәтижелеріне, тірі ағзаның қызметтерін зерттеудің жаңа тенденцияларына, заманауи теорияларға, мәселелер мен оны шешудің тәсілдеріне талдау жасай алу, заманауи биология саласында түрлі тәсілдер, жаңа идеялар, болжамдар және мәселелерді шешудің әдістерін ойлап табу
  • биохимия, молекулалық биология, генетика, биотехнология және экология сияқты биология және аралас ғылымдардың теориялық және қолданбалы аспектілерін терең түсіну
  • ғылыми деректерді өңдеу мен түсіндірудің заманауи әдістерін, цифрлық компьютерлік технологияларын, теориялық және практикалық мәселелерді шешуде биология ғылымдарының білімін синтездеу және түрлендіру қабілеттерін қолдана отырып, ғылыми-зерттеу қызметінің сапасын арттыру
  • ғылыми байланыс саласында мол білім мен дағдыларға, өз білімі мен дағдыларына сенімділікке, шет тілдерін меңгеруге, сыни тұрғыдан ойлауға және үздіксіз кәсіби дамуға, сондай-ақ жас зерттеушілерді оқыту мен ғылыми жетекшілік ету қабілеттілігіне ие болу
  • жаңа цифрлық және компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, биологиялық зерттеулердің заманауи эксперименттік әдістерін игеруге қатысуға дайындығы мен қабілетін көрсету; биология және сабақтас ғылымдар саласындағы ғылыми жобалар мен халықаралық ынтымақтастықтарда өз бетінше зерттеулер жүргізу
  • биологиялық ғылымның нақты саласындағы терең білім негізінде өз ұсыныстарын негіздей отырып, ғылыми өнім саласындағы сарапшы ретінде әрекет ету
Top