Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D05101 Биология в Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

Оқыту нәтижелері

  • Ғылыми нәтижелілік пен жарияланым белсенділігін арттыру, өзінің зерттеу нәтижелерін ұлттық және халықаралық деңгейде таныстыру және жариялау.
  • Ғылымда жаңа идеяларды, білім берудегі инновациялар шығаратын, заманауи теориялар мен әдістер негізінде дербес ғылыми зерттеулер жүргізу, биологиялық зерттеулер ақпаратын талдау және өңдеу.
  • Білім алушылармен қарым-қатынасты құру және дамыту, жоғары оқу орындарында педагогикалық қызметті жобалай отырып ұсыну, білім алушыларға оқылып отырған пәннің мазмұнын түсіндіріп оларға жеткізу,білім, ғылым және инновациялардың интеграциясын ескере отырып, оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу.
  • Отандық ғылымды дамыту, идеяларды жүйелі дамыту немесе қолдану үшін жасушалық, организмдік және биосфералық биологияның негізгі ережелерін терең білуді қолдану.
  • Кәсіптік биологиялық қызметте проблемаларды анықтау және шешімдер қабылдау үшін ғылыми-дүниетанымдық тұжырымдамаларды қолдану, биологиялық білімге негізделген қоғамның дамуына жәрдемдесу.
  • Биологтың кәсіби қызметінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әртүрлі түрлерін қолдану, ғылыми зерттеулердің кешенді процестерін жоғары тиімді басқаруды жүзеге асыру, цифрлық технологияларды пайдалана отырып, білім алушылармен кері байланыс орнату.
  • Адалдық пен парасаттылық принциптерін сақтау, әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану пәндері бойынша білім негізінде қалыптасқан ғалым этикасының жоғары адамгершілік қағидаттарына сәйкес кәсіби қызметті жүзеге асыру.
  • Отандық ғылымды қолдау және дамыту мақсатында биологиялық әртүрлілікті сақтау бойынша іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру.
  • Экологиялық және биологиялық мәселелерді шешуде жасанды интеллектіні қолдану бойынша ұсыныстарды тұжырымдау және негіздеу: сандық технологияларға сүйене отырып, жобалық идеялар мен зерттеу гипотезаларын әзірлеу.
Top