Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01405 Құқық және экономика негіздері педагогін даярлау в ОҚМПУ

Пәндер

  • Құқық және экономика негіздері пәндерін жоғары мектепте оқытудың заманауи әдістері

    Құқық және экономика негіздерін оқытудың әдістемелік жүйесінің даму тарихын, заманауи технологияларын, озық тәжірибеде қарастырады. Жоғары мектепте құқық және экономиканы оқыту процесінде құқықтық-экономикалық білімді, дағдыларды, АКТ-ны пайдалануын, оқытудың әдістері мен әдістемелік тәсілдерді талдауын, тиімділігін, жіктелу жолдарын сипаттайды. Оқыту жұмыстарын ұйымдастыру формалары мен нәтижеге бағытталған білім беруді жүзеге асыру механизмін, кәсіби мәселелерін шешу жолдарын көздейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі кездегі жалпы құқық теориясының мәселелері

    Қоғамдық өмірдің құбылыстары-мемлекет және құқықтың дамуы, қызмет істеу жолдарын, өздеріне тән заңдылықтарын, олардың таптық-саяси және жалпы адамзаттық мәнін, зерттеу әдісін, түрін, заңды қарым-қатынастары мен байланыстарын, құқықтық сананың және құқықтық ақпараттық мәдениеттің ерекшеліктерін қарастырады. Әлеуметтік, комуникативтік ойларды ескере отырып, өз пікірін нақты және тиянақты қорытындылай алуды көздейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • ҚР Әкімшілік құқық және мемлекеттік басқару

    әкімшілік кұқық жалпы қоғамдық қатынастарды, оның ішінде әкімшілік құқықтық реттелуін қарастырып, тәжірибеде әкімшілік-құқықтық нормалардың орындалуын тақылайды және мемлекеттік басқаруда объектілер мен субъектілердің құқықтық мәртебесін белгілеп, басқарудың құқықтық әдістері мен нормаларын және олардың жүргізілу тәртібін айқындап, сонымен қатар басқарушы мен басқарылушы тараптардың қызметтерін қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Жоғары мектептегі оқыту стратегиялары

    Оқыту стратегиялары, цифрлық және интерактивті технологиялар, бағалау әдістері, педагогикалық дизайн, инклюзивті және жекешелендірілген оқыту тәсілдері, оқу белсенділігін арттыру әдістері, сыни ойлау мен рефлексияны дамыту жолдары. Оқыту үдерісін ұйымдастыру, заманауи педагогикалық модельдерді қолдану, магистранттардың дербестігін дамыту арқылы кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ғылыми зерттеу әдістері (ағылшын тілінде)

    Пәнде ғылыми зерттеудің өзектілігі мен жаңашылдығы, мақсаттар мен міндеттерді нақты әрі анық баяндау дағдылары, ғылыми зерттеу саласында кәсіби шет тілі құзыреттерін қалыптастыру қарастырылады. Педагогикалық зерттеудің ерекшеліктері және академиялық адалдық принциптерін сақтау мәселелері талданады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістері: сандық және сапалық зерттеу түрлері талданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Жоғары мектепте құқық және экономика негіздерін оқытудың әдіснамасы

    Құқық және экономика негіздерін оқыту қағидаттарын іс-тәжірибелік тұрғыдан іске асыруға мүмкіндік беретін механизмдерді, оқытуда қолданылатын интерактивті және инновациялық әдістерді, АКТ-ны пайдаланып жалпы және жоғары оқу орындарында білім беру үдерісінің шынайы реформалануын жүзеге асыру жолдарын қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Цифрландыру және ақпараттық құқық

    Құқықтың жан-жақтылығын, ақпараттарды даярлау, беру, талдау жасау, іздеу, пайдалану таратуға байланысты туындайтын барлық қоғамдық қатынастарды ретке келтіреді, құқықтық кибернетика тәсілдері ақпараттық аумақтарда ақпараттарды зерттеу, басқару, объектілердің бір-бірімен байланысын құқықтық реттеуге, ақпараттық технологиялармен және құралдармен қамтамасыз етуге байланысты туындайды. Бұл ақпараттық құқықтық қатынастар орнатқан объектілер арасындағы қатынастардың сапалылығын және екі жаққа бірдей тиімділігін орнатады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Пән магистранттардың ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырады, аналитикалық қабілеттері мен зерттеу дағдыларын дамытады. Курс арнайы философиялық талдаудың пәні ретінде ғылым феноменінің проблематикасын қарастырады және ғылымның тарихы мен теориясы туралы, ғылымның даму заңдылықтары мен ғылыми білімнің құрылымы туралы, ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістері туралы, ғылымның мамандық және әлеуметтік институт ретіндегі, қоғамның дамуындағы ғылымның рөлі туралы білімді қалыптастырады, пәнаралық білімді біріктіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Академиялық хат (ағылшын тілінде)

    Пән ағылшын тіліндегі академиялық жазу дағдыларын, сыни ойлауды, ғылыми идеяларды құрылымдап жеткізуді дамыту, сондай-ақ ағылшын тіліндегі ғылыми және ғылыми-ақпараттық дереккөздермен жұмыс істеу біліктері арқылы кәсіби шет тілін меңгеру құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған. Ерекше назар магистранттардың академиялық дискурс ерекшеліктерін ескере отырып кәсіби құзыреттерін дамытуға және жазбаша ғылыми тілін жетілдіруге аударылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • ҚР-ның азаматтық құқық міндеттемелердің жекелеген түрлер

    Құқықтық-нормативтік құжаттары жағынан ауқымды, күрделі, азаматтық - құқықтың жүйесін, логикалық талаптарға сай, ішкі салаларға тән әдістер, шарттар, меншіктер, мерзімдер, талаптар, интеллектуалдық, халықаралық құқықтар оның құрылымдарына тұтастай енетін жекелеген түрлерін қарастырады. Теориялық білімін мүмкіндігінше кәсіби салада қолданып, проблемалардың шешімін табуды көздейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Кәсіпкерлік іс әрекетті ұйымдастыру

    Кәсіпкерлік іс -әрекетті ұйымдастыру: кәсіпкерлік: мәні, түрлері және негізгі терминдері; бизнес-идея мен стартапты таңдау; нарық және сала трендтері; кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі бизнес-жоспарлау; бизнес-жоспардың мазмұны, оларды әзірлеу дағдылары; кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер; кәсіпкерлік саласындағы бәсекелестік және бәсекеге қабілеттілік; бәсекелестік және бәсекеге қабілеттілік түсінігі, түрлері дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жалпы түсініктері сипатталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Кәсіпкерлік және бизнес

    Кәсіптік салада бизнестің және кәсіпкерліктің жалпы теориялық негіздері, анықтамалар мен терминдер, кәсіпкерлік мотивтері, әлеуметтік-экономикалық сипаттамалары, инновациялық кәсіпкерлік, шағын кәсіпкерліктің жұмысын критералды бағалау, кәсіпкерліктің жағдайларын талдау, мемлекеттік қолдау, Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес көрсеткіштері қарастырылады. Жаңа идеялармен сипатталатын бизнес пен кәсіпкерліктің негіздері, әрі қарай оқуды дербес жалғастыруға жаңа серпін береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау

    Ғылыми-зерттеу жұмыстарында заманауи ақпараттық технологиялар арқылы мәліметтерді талдау жолдары, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу мүмкіндіктері талданады. Ғылымның даму тенденцияларына өзіндік тұжырым қалыптастыру үшін АКТ-ны қолдана отырып, ғылыми ақпараттар мен көзқарастарды мақсатты түрде зерделейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері

    Әлеуметтік оңалту үрдісін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы, принциптері, әдістері, жүйесі, аталған пән тұлға мен қоғам арасындағы әлеуметтік қамтамасыз етудің бағыттарын айқындайтын, нақты және тиянақты қарауға, жеке әлеуметтік тәжірибелерді қоғамдық өмірде қолдануды қарастырады. Теориялық білімін іс жүзінде әлеуметтік, этикалық, комуникативті қатынаста, кәсіби проблемаларының шешімін таба алуды көздейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Құқық және экономикалық зерттеулер әдіснамасы

    Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен ҒЗЖ-ны орындау бағдарламасын дайындау қарастырады. Құқық және экономика негіздерінің ғылыми танымның методологиялық негізі, ғылыми зерттеудің технологиясы мен әдістерін сипаттайды. АКТ-ны қолдана отырып, ғылыми - зерттеу бағытын таңдауға жол ашатын ақпараттарды іздестіру жолдары сараланады. Ғылыми зерттеудің орындалуы, кәсіби мәселелерді шешуді және оның нәтижесін рәсімдеу талаптары қолданылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жеке тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби табыстылық психологиясы

    Мақсаты: қарым-қатынастың психологиялық құрылымы, функциялары, деңгейлері мен мақсаттары сипатталады. Мазмұны: Қарым-қатынас субъектілері мен олардың өзара әрекеті, жеке тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас барысындағы қақтығыстар мен шиеленістерді оңтайлы шешу жолдарын, тайм менеджмент, келіссөздер мен іскерлік қарым-қатынас техникалары және жеке тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас құрудағы этикалық принциптер мен нормалар мәселелері қамтылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Бизнес жоспарлау

    Бизнес-жоспар кәсіпкерлерге стратегияны ойластыруға, олардың ынта-жігерін шындықпен салыстыруға және бар шектеулерді білуге көмектеседі. Бизнес-жоспарлау техникасын меңгеру бүгінде кәсіпкерлердің өзекті міндетіне айналуда

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • ҚР Конституциялық процесс: теориялық және практикалық проблемалар

    Конституциялық-құқықтық заңдылықтары, практикалық проблемалары, конституциялық процесстің элементтері мен қағидаларын талдау, Қазақстан Республикасында заң шығару, сайлау процесінің, конституциялық өндірістің қалыптасуы мен даму мәселелерін зерттеу, конституциялық құқық нормаларын және өзгерістер мен толықтыруларды т.б. қарастырады. Теориялық білімін іс жүзінде қолдану, ақпараттық мәдениетін, шығармашылық қабілетін көздейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Инновациялық менеджмент

    Пән инновациялық менеджменттің ғылыми негіздерін, концептуалды моделін қарастырады. Ол инновациялық процесстің мазмұны мен құрылымын зерттеуге, инновациялық менеджменттің әртүрлі аспектілерін зерделеуге, корпоративтік инновациялық стратегияларды талдау дағдыларын меңгеруге, сондай-ақ, инновациялық жобалардың тиімділігін бағалауға және оларды қаржыландырудың мүмкін нысандарын іздеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Менеджмент

    Пән қазіргі заманғы менеджменттің теориялық және практикалық негіздерін құрайтын, басқару тәжірибесін ғылыми ұсыныстармен қамтамасыз ететін ғылыми білімдер жүйесін зерттеуді қарастырады. Білім алушыларда менеджменттің негізгі теориялық түсініктерін қалыптастыруға, оларға заманауи басқару әдістерін практикада тиімді пайдалануды үйретуге, басқару біліктіліктерін қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қаржылық жоспарлау

    Пәнді оқудың мақсаты студенттерге қаржылық жоспарлау мен бюджеттеудің теориялық және ұйымдастырушылық негіздерін, экономикалық қызметтің кез келген түріндегі ұйымдардың қаржы жүйесінде бюджетті құрудың құралдары мен әдістерін қолданудың практикалық дағдыларын және ұйымдық-құқықтық білім беру болып табылады. Студенттердің «Ұйымдағы қаржылық жоспарлау және бюджеттеу» пәнін оқуы келесі міндеттерді шешуді қарастырады: - ұйымдардың қаржылық менеджментіндегі қаржылық жоспарлау мен бюджеттеудің рөлі туралы идеяларды жүйелеу; - студенттердің қаржылық жоспарлар мен бюджеттерді құрудың негізгі әдістерін меңгеруі; - бюджеттер мен қаржылық жоспарларды талдау шеңберінде қаржылық есептеулер саласында практикалық дағдыларды қалыптастыру; - қаржылық жоспарлау және бюджеттеу шеңберінде қаржылық ақпаратты өңдеу мен талдаудың заманауи технологияларын зерттеу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қаржы менеджменті

    Қаржы менеджменті – қаржы, менеджмент, бухгалтерлік есеп, талдау саласындағы теориялық әзірлемелерді оның шеңберінде құрастырылған практикалық тәсілдермен органикалық түрде үйлестіретін экономика ғылымындағы перспективалы бағыттардың бірі. Сондықтан «Менеджмент» бағытының түлектері ақша қозғалысын басқару саласында тек барлық меншік нысанындағы өндірістік кәсіпорындарда ғана емес, банктерде, сақтандыру және инвестициялық компанияларда, сондай-ақ басқа да қаржы-несие мекемелерінде жұмыс істей алады. Курстың мақсаты – кәсіпорынның қаржылық менеджментінің әдіснамасын, қаржылық және инвестициялық шешімдерді қабылдау әдістерін зерттеу. Курс қаржылық менеджменттің заманауи технологияларын, сондай-ақ корпоративтік қаржылық менеджмент және бизнесті бағалау бойынша шешім қабылдау үшін қаржылық активтерге баға белгілеу процесін сипаттайтын модельдерді пайдалану логикасын қарастырады. Алынған білім түлектерге кәсіпорынның қаржылық менеджментінің бағдарламаларын өз бетінше әзірлеуге мүмкіндік береді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Инновациялық кәсіпкерлік

    Инновациялық кәсіпкерлік, оның мәні, қазіргі заманғы жағдайдағы дамуы мен даму мүмкіндіктері зерттеледі. Инновациялық кәсіпкерліктің жұмыс істеуі, инновациялық өнімдерді құруға байланысты шығындарды төмендету, инновациялық салада кәсіпкерліктің негізгі түрлері, инновациялық өнімдер, инновациялық технологиялар, әлеуметтік инновациялар, кәсіпкерлікті дамыту кезеңдері, бизнес-жоспарды қалыптастыру, зерттеу, сараптау, инновациялық тәуекелдер және оларды жіктеу, цифрлық білім ресурстарын пайдаланып, іргелі білімін практикада көрсете білу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • ҚР-ның конституциялық заңнаманың дамуы

    Адам құқықтарының ең жоғарғы құндылығы, халық билігі, билік бөлінісі, құқықтық мемлекет, құқық пен заңның үстемдігі, саяси және идеалогиялық плюрализм, меншік нысанының алуандығы сияқты қағидаларға негізделген берік, нық нормативтік базаны және де конституциялық заңнаманың даму мәселелерін зерттеуді қалыптастырады. Теориялық білімін іс жүзінде қолдану, ақпараттық мәдениетін, шығармашылық қабілетін көздейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құқық және экономика негіздері пәндерін оқытудағы жасанды интеллект

    Жасанды интеллект – құқық және экономика негіздері пәндерін оқытуда оқушылардың қызығушылығын арттырып, деректерді талдау, шешім қабылдау дағдыларын дамытуға көмектеседі. Ол оқу үдерісін жекелендіріп, білім сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • зерттеу контекстінде идеяларды әзірлеу және қолдану кезінде құқық және экономика негіздерін оқыту саласындағы дамытылған білімдер мен түсініктерді, сондай-ақ зерттеу әдістерін игеруді көрсете білу;
  • әлеуметтік, комуникативтік , этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, өз пікірін қалыптастыру үшін бәсекеге қабілетті ақпараттық мәдениетін, шетел тілін меңгеруін көрсете білу;
  • идеяны, қорытындылары мен проблема шешімдерін нақты және тиянақты көпшілік алдында хабарлауды ұйымдастыру.
  • құқық және экономика салаларында теориялық, іргелі және қолданбалы білімді іс жүзінде қолдану;
  • Академиялық адалдық мәдениетін ұстану және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қағидаттарын сақтай отырып, мәтінге ғылыми-сараптамалық баға береді
  • барынша кең пәнаралық контексте стандартты емес дағдайларда кәсіби және басқарушылық проблемаларды шешу үшін өз білімін, түсінігі мен шығармашылық қабілетін пайдалана білу;
Top