Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7M01704 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Пәндер

  • Басқару психологиясы

    Басқару психологиясы-басқару қызметінің заңдылықтары туралы психологияның бөлімі. Психологиялық жағдайларды, басқару қызметінің ерекшеліктерін талдау. Басқару кіші жүйесінің жай-күйі мен өзгерістерін диагностикалау және болжау; бағыныштылар қызметінің бағдарламасын қалыптастыру; шешімнің орындалуын ұйымдастыру. Басшының басқарушылық қажеттіліктері мен қабілеті. Диагностикалық құралдарды құру түрінде тәжірибелік іске асыру, басшыларды дайындаудың белсенді әдістерін әзірлеу, басқарушылық кеңес беру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ғылымның тарихы және философиясы

    Ғылым философиясы. Даму мен мәдениеттегі ғылым. Ғылымның қалыптасуы, дамуы. Ғылыми білімнің құрылымы. Ғылыми жаңалықтар. Ғылыми рационалдылық. Замануи ғылымның ерекшеліктері. Ғылым әлеуметтік институт ретінде. Жаратылыстану ғылымдары. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарының тарихы. Ғылыми қызметті ұйымдастыру. Білім эволюциясы. Замануи ғылымдардың этикалық аспектілері. Қазіргізаманғы ғылымдағы коммуникативтік технологиялар, ақпараттық үрдістер. Жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Тіл және ұлттық таным

    Мақсаты: Ұлттық құндылықтардың тілдегі көрінісін байқату. Мазмұны: Әрбір ұлттың, халықтың ұлттық тарих сахнасында ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен тілі, діні мен ділі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері мен наным-сенімдерінің тілдегі көрінісі. Тілдік мәселелердің танымдық негізі. Ұлттық дүниетаным ерекшелігі, ұлттық ұғым, ұлттық мәдениет, ұлттық сана белгілерінің

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдебиеті және ұлттық сипат

    Мақсаты: Қазақ әдебиетінің ұлттық сипатын таныту Мазмұны: Әдеби даму сатыларында қазақ әдебиетінің ұлттық сипаттарын, ментальдік мәселелерін талдап зерделеу аталған курстың негізгі мазмұнын құрайды. Құзыреттілігі: өз туған ел мәдениеті мен бөтен мәдениетті, екі елдің әлемді қабылдауын салыстырады, өзгешеліктері мен ұқсастықтарын табады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шет тілі (кәсіби)

    Шет тілін С1, С2 деңгейінде меңгеру (тілдік мамандықтар), монологиялық және диалогтық формада LSP қатынас (баяндама, тұсаукесер, әңгімелесу, пікірталас). Ғылыми стильдің грамматикасын ауызша, жазбаша түрде оқу. Ақпараттық және кәсіби хабарламаларды есту арқылы қабылдау. Ғылыми мақалаларды, баяндамаларды, жобаларды т.б. жазу, рәсімдеу.Сөздіктермен, анықтамалық әдебиеттермен жұмыс.Екі жақты аударма дағдылары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазақ әдебиетіндегі ұлттық ментальділік мәселесі

    Мақсаты: Қазақ әдебиетіндегі ұлттық ментальділік мәселесінің зерттелуі. Мазмұны: Әдеби-тарихи үдерісті зерттеудің тәсілдері. Көркемдік сана түрлері және ментальдік метаморфозасы. Ұлт ментальдігінің трансформациясы. Түркі ментальдігі. Құзыреттілігі: Теориялық білімін тереңдетеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тіл және мәдениетаралық коммуникация

    Мақсаты: білім алушыларда әлеуметтік-мәдени ақпаратты беру және әлемнің ұлттық бейнесін қалыптастыру тәсілі және мәдениеттің негізгі бөлігі ретінде тіл туралы антропоцентрикалық бағдарлы түсінік қалыптастыру. Мазмұны: тілді мәдениет фактілерімен тығыз байланыста, оның ішінде мәдениетаралық коммуникация аспектісінде қарастыру. Құзыреттілігі: теориялық білімі тереңдейді

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектеп педагогикасы

    Педагогика ғылым ретінде. Педагогиканың негізгі категориялары. Педагогиканың пәні мен міндеттері Педагогикалық ғылымдар жүйесі. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы. Педагогика тарихы. Жоғары білім берудің қазіргі парадигмасы. Педагогика әдіснамасы. ЖОО оқытушысын кәсіби құзыреттілігі, оқыту теориясы. Оқытудың кредиттік технологиясы. МӨЖ, МҒЗЖ ұйымдастыру. Оқу-әдістемелік материалдарды дайындау. ЖОО-дағы тәрбие жұмысы. Білім берудегі менеджмент.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Көркем шығарманы әдебиеттанымдық талдау

    Мақсаты: ЖОО- да әдеби білім мазмұнындағы көркем шығармаларды талдауды меңгерту Мазмұны:ЖОО білім мазмұнындағы көркем шығармаларды оқыту жүйесі. Көркем шығарманы түсіну, қабылдау мәселесі. Көркем шығарманы кешенді талдау алгоритмі. Талдаудың интербелсенді әдістері. Құзыреттілігі: белсенді оқытуды түсінеді, жүргізеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тілді меңгерту онтогенезі

    Мақсаты: Тілді меңгерту онтогенезінің табиғаты. Мазмұны:Тілді меңгерту онтогенезі тіл ғылымының, ең алдымен – психолингвистиканың зерттеу пәні болып табылады. Өзгетілді аудиторияда қазақша сөйлеуді қалыптастыру (белсенді, мақсатты, саналы сөйлеу қызметі ретінде) филололог-мамандардың арнайы педагогикалық жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әлеуметтік лингвистика

    Мақсаты: әлеуметтік лингвистиканың теориясы мен тәжірибесі. Мазмұны: әлеуметтік лингвистика – халықтың рухани байлығы, менталитеті, шығармашылығының бір-бірімен байланысын, біріне-бірі «тәуелділігін», астарластығын зерттейтін тіл білімінің бір саласы ретінде. Құзыреттілігі: тілдердің қалыптасу, даму заңдылықтарын біледі, салыстырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әдебиеттегі автордың шығармашылық шеберлігі

    Мақсаты: Әдебиеттегі авторлық шығармашылық шеберліктің орны мен маңыздылығын аңғарту. Мазмұны: «Авторлық шығармашылық» ұғымының анықталуы. Зерттелу жайы. Әдеби сындағы авторлық шығармашылық мәселесі. Құзыреттілігі: кәсіби өседі, әдеби білімі тереңдейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Көркем мәтін теориясы

    Мақсаты:Көркем мәтінді оқып үйренудің негізгі бағыттары мен әдістерін меңгерту. Мазмұны:Құрылымдық-функциональдық әдіс және оның негізгі ұғымдары. Телеологиялық әдіс Көркем мәтінді оқып үйренудегі әдебиеттану әдістері және тарихи-әлеуметтік бағыт. Мәдени-психологиялық бағыт. Әдеби герменевтика рецептивтік теориясы. Құзыреттілігі: Кәсіби білімі тереңдейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Контрастивтік лингвистика

    Мақсаты: тілдік құрылымның барлық деңгейлеріндегі ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау үшін екі, одан да көп емес бірнеше тілдерді зерттеуді салыстыру. Мазмұны: контрасивті лингвистика тілді синхронды зерттеулер нәтижесіне сүйенеді. Шет тілдерін ана тілінің базасында оқытып-үйретумәселесі. Құзыреттілігі: синхронды және диахроникалық аспектілерде тілдің қолданылуы негізгі заңдылықтарын өз бетінше зерттеу дағдыларынмеңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тіл үйрету мотивациясы

    Мақсаты: Тілді үйрету мотивациясының теориясы мен тәжірибесі. Мазмұны: Қазақ тілін үйрету үдерісіндегі оқу мотивтерін қалыптастырудың әдіснамалық негіздерін таниды. Мотивтердің оқу әрекетін ұйымдастырудағы мәнін, рөлін, білім сапасын арттырудағы қызметін түсінеді және әдістемелік жолдарын меңгереді. Білім берудің заманауи тенденциялары мен оқу мотивацияларын қалыптастырудың жаңа талаптарын игереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Көркем бейне теориясы

    Мақсаты:Әдебиеттану ғылымындағы көркем бейне жасау концепциясы. Мазмұны:Көркем бейне, оның жасалу жолдары. Көркем бейне құрылымының заңдылығы. Көркем бейне, оған қойылатын талаптар. Көркем бейненің жасалуында қолданылатын негізгі суреттеу тәсілдері. Құзыреттілігі: теориялық білімін кеңейтеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдебиетіндегі тұлғатану мәселесі

    Мақсаты: Тұлғатану мәселесінің теориясы Мазмұны: Әдебиеттегі тұлғатанушылық. Жаңа ағымдар мен бағыттардың қызметі. Тұлғатанудың әдебиет ғылымындағы алатын орны мен маңызы. Құзыреттілігі:теориялық білім тереңдейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әдеби байланыстардың тарихи-мәдени негіздері

    Мақсаты:қазақ әдебиеті тарихындағы әдеби байланыстарды қалыптастыру және дамыту үрдісі туралы толық ақпарат беру. Мазмұны: Әдеби байланыстардың басталуы. Әдеби байланыстарға қатысты ғалымдардың тұжырымдары. Әдеби байланыстарды зерттеу тарихы. Құзыреттілігі: теориялық білімі тереңдейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Лингвистикалық зерттеулердің методологиясы

    Мақсаты:Тіл ғылымы саласы бойынша ғылыми жұмыстар жазуға дайындау Мазмұны:Тіл ғылымының тарихнамасы. Қазіргі лингвистиканың постулаттары. Тіл ғылымындағы жаңа бағыттар. Зерттеу әдістері. Ғылыми болжау және тәжірибе қою. Құзыреттілігі: Зерттеу дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдебиетінен жаңартылған білім мазмұнын меңгерту әдістемесі

    Мақсаты: магистранттарды қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі «Қазақ тілі немесе әдебиеті» пәнінің жаңартылған мазмұнын қазіргі тенденцияларына сәйкес оқыту әдістемесін меңгерту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдебиетін меңгертуде интербелсенді әдістерді қолдану технологиясы

    Мақсаты: интерактивті оқыту технологияларын кәсіби мәселелерді шешудің құралы ретінде игеру, шығармашылық педагогикалық ойлауды дамыту. Мазмұны: Қазақ әдебиеті сабақтарында сабағында интерактивті оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері. Интерактивті технологиялар мен әдістер. Интерактивті әдістердің жіктелуі. Оқытудың интерактивті әдістерін таңдау критерийлері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілінен жаңартылған білім мазмұнын меңгерту әдістемесі

    Мақсаты: магистранттарды қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі «Қазақ тілі немесе әдебиеті» пәнінің жаңартылған мазмұнын қазіргі тенденцияларына сәйкес оқыту әдістемесін меңгерту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Жаңартылған әдеби білім беру жағдайында озық тәжірибелерді жинақтау мен таратуды зерттеу

    Мақсаты: озық тәжірибелерді жинақтау мен талдау. Мазмұны: Өзгетілді мектептерде қазақ әдебиетін оқыту тәжірибесі. Озық тәжірибелерді жинақтау, талдау, қолдану мәселесі.Сабақты зерттеу әдістері. Коучинг әдістері. Құзыреттілігі: белсенді оқыту әдістемесін біледі, қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Әдебиеттанымдық зерттеулердің методологиясы

    Мақсаты:Әдебиет ғылымы саласы бойынша ғылыми жұмыстар жазуға дайындау Мазмұны: Әдебиет ғылымының тарихнамасы. Қазіргі әдебиеттану ғылымындағы жаңа бағыттар. Қазақ әдебиетін оқытудағы ізденістер. Зерттеу әдістері. Ғылыми болжау және тәжірибе қою. Құзыреттілігі: Зерттеу дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Жаңартылған тілдік білім беру аясында озық тәжірибелерді жинақтау мен таратуды зерттеу

    Мақсаты: озық тәжірибелерді жинақтау мен талдау. Мазмұны: Өзгетілді мектептерде қазақ тілін оқыту тәжірибесі. Озық тәжірибелерді жинақтау, талдау, қолдану мәселесі.Сабақты зерттеу әдістері. Коучинг әдістері. Құзыреттілігі: белсенді оқыту әдістемесін біледі, қолданады. Competencies: Competency: knows and uses active teaching methods.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілін меңгертуде интербелсенді әдістер қолдану технологиясы

    Мақсаты: интерактивті оқыту технологияларын кәсіби мәселелерді шешудің құралы ретінде игеру, шығармашылық педагогикалық ойлауды дамыту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Қорытынды аттестациялау

    Магистрлік диссертацияны рәсімдеу және қорғау(МДРжҚ)

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 12

Оқыту нәтижелері

  • ОН2 Көпмәдениетті ортада мәдениетаралық қатынасқа түседі, коммуникативтік құзыретті тұлға ретінде басқа лингвосоциум өкілімен кәсіби және ғылыми-көпшілік тақырыптарда еркін диалогқа түседі. РО2 вступает в межкультурные отношения в поликультурной среде, в качестве коммуникативной компетентной личности вступает в свободный диалог с представителем другого лингвосоциума на профессиональную и научно-популярную тематику. LO2 enters into intercultural relations in a multicultural environment, as a communicative competent person enters into a free dialogue with a representative of another linguosocium on professional and popular science topics.
  • ОН4 Өзгетілді аудиторияда қазақ тілі мен сөз өнерін меңгертуде әр жас кезеңі үшін диагностикалық бағдарламалар құрады. РО4 создает диагностические программы для каждого возрастного периода в изучении казахского языка и речи в аудиториях с неказахским языком обучения. LO4 creates diagnostic programs for each age period in the study of the Kazakh language and speech in classrooms with a non-Kazakh language of instruction.
  • ОН1 Философиялық, психологиялық білімін педагогикалық бағдарда қолданады. РО1 использует философские, психологические знания в педагогической ориентации. LO1 uses philosophical, psychological knowledge in a pedagogical orientation.
  • ОН7 Тұлғааралық қарым-қатынастың басты ережелерін біледі, қолданады. РО7 знает и использует основные правила межличностного общения. LO7 knows and uses the basic rules of interpersonal communication.
  • ОН8 Синхронды және диахроникалық аспектілерде тілдің (әдебиеттің) қолданылуы негізгі заңдылықтарын өз бетінше зерттеу дағдыларын меңгереді. РО8 приобретает навыки самостоятельного изучения основных закономерностей использования языка (литературы) в синхронном и диахроническом аспектах. LO8 acquires the skills of independent study of the basic laws of the use of language (literature) in the synchronous and diachronic aspects.
  • ОН5 Қазақ тілі мен әдебиетінің ұлттық ментальдік генезисін, эволюциясын және трансформациясын басқа лингвосоциум елінің өкіліне түсінікті мәдениетімен салыстыра отырып біртұтас мәдениетаралық қарым-қатынас орнатады. РО5 устанавливает единые межкультурные отношения, сравнивая национальный ментальный генезис, эволюцию и трансформацию казахского языка и литературы с культурой, понятной представителю другого лингвосоциума. LO5 establishes a single intercultural relationship, comparing the national mental genesis, evolution and transformation of the Kazakh language and literature with a culture that is understandable to a representative of another linguosocium.
  • ОН6 Жоғары оқу орындарында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін жаңартылған білім мазмұны талаптарына сай өткізеді, инновациялы оқыту технологияларын қолданады. РО6 проводит дисциплины казахского языка и литературы в высших учебных заведениях в соответствии с требованиями обновленного образовательного контента, использует инновационные технологии обучения. LO6 conducts disciplines of the Kazakh language and literature in higher educational institutions in accordance with the requirements of updated educational content, uses innovative teaching technologies.
  • ОН3 Өзгетілді аудиторияда тіл мен сөз өнерін меңгертуде өзекті теориялық тұжырымдарды басшылыққа алады. РО3 руководствует соответствующими теоретическими концепциями при изучении языка и речи в аудитории с неказахским языком обучения. LO3 guides the relevant theoretical concepts in the study of language and speech in an audience with a non-Kazakh language of instruction.
  • ОН9 Өзінің кәсіби өсуін жобалап, өзін өзі дамытуға байланысты шешімдер қабылдайды. РО9 проектирует свой профессиональный рост и принимает решения, связанные с саморазвитием. LO9 designs his professional growth and makes decisions related to self-development.
Top