Жаңа білім беру бағдарламасы

8D02314 Лингвистика в Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

  • Лингвоаксиология
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: бастапқы мәтіннің құндылық әлеуетінің және виртуалды тілдік тұлғаның аксиологиялық ұстанымдарының түсініктемесінде жүзеге асырылатын тілдік арақатынасты зерттеу. Мазмұны: Тіл мен ұлттық құндылықтардың сабақтастығы. Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар. Құндылықтардың табиғаты, мәні. Аксиологиялық өріс әлеуетін құраушы категориялар. Лингвоаксиология және мәдениет. Лингвоаксиология және мәдениет. Фразеологиялық тіркестердегі ұлттық құндылықтар. Қалыптасатын құзіреттіліктер: дискурстың аксиологиялық детерминациясын талдаудың теориялық негізін, тәсілдерін меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Лингвосемиотика
    Несиелер: 5

    қсаты: тіл бірліктерінің затты, оның қасиетін, болмысқа қатыстылығын білдіретін материалдық-идеялық құрылымы жайында мағлұмат беру. Мазмұны: Тілдік таңбалардың жиынтығы -ерекше таңбалар жүйесі. Тілдік таңбаның екі жағы. Тілдегі асимметриялық жалпы заңдылық. Тілдік таңбаның неғұрлым жиі кездесетін түрі . Қалыптасатын құзіреттіліктер:тілдік таңбаның ерекшеліктерін талдай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Медиакоммуникация тілі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: коммуникация теориясы, лингвистика, медиакоммуникация ғылымдарының байланысын игерту. Мазмұны: Электронды БАҚ тілі, медиалық-ақпааттық сауаттылық, ақпараттық-коммуникациалық өріс, коммуникативтілік құзыреттілік,интернет тілі, медиамәтін жүйесі, неология теориясы. Қалыптасатын құзіреттіліктер: тілдік және бейвербалды құралдарды қолдана отырып, коммуникативтік мақсатқа жетудің жолдарын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Код ON7

    заңдық және лингвистикалық-құқықтық мазмұндағы материалдарды талдап, салыстырады, ғылыми зерттеу жұмысында қолданады.

  • Код ON1

    лингвистикалық зерттеудің әдістемесі мен әдістерін ашудың негізгі тәсілдері мен принциптерін талдап, тұжырымдайды, ғылыми зерттеулеріне енгізіп, қолданады;

  • Код ON2

    лингвистикалық зерттеулерді, зерттеу әдістерін және технологияларын талдау қабілетін көрсетеді

  • Код ON4

    мәтінді семиотикалық талдаудың негіздерін, соның ішінде жарнамалық, визуалдық, ауызша емес нысандарды және т.б. ажыратады;

  • Код ON5

    мәтінді талдаудағы әр түрлі құрылымдық, имманентті, интертекстуалды, семиогоникалық;семиотикалық тәсілдердің ерекшеліктерін талдайды;

  • Код ON3

    БАҚ-тағы коммуникация тілін зерттеудің ғылыми-теориялық негізін, баспасөз, телерадио, интернет, әлеуметтік желі тіліндегі коммуникациялық жағдаяттарды зерттеудің теориялық негізін үйренеді, сыни талдайды, салыстырады, зерделейді;

  • Код ON6

    эксперименттік зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін қалыптастыруда кәсіби мәселелерді шешуде лингвистиканың жүйелік теориялық және практикалық білімдерін ажырата алады;

  • Код ON8

    лингвистиканың басқа ғылымдармен байланысын сараптайды;

  • Код ON9

    ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері үшін шешім қабылдайды және жауап береді.

Top