Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі в Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

  • Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша болашақ бастауыш сынып педагогтерін даярлау мәселелері
    Несиелер: 5

    Мақсаты: жаңартылған білім беру мазмұны аясында болашақ бастауыш сынып педагогтерін даярлау мәселелерімен танысу Мазмұны: Бастауыш білім беру мазмұнын жаңартылуы. Білім сапасын бағалау критерийлері. Бакалавриат және магистратура білім беру бағдарламасының "Педагог" кәсіби стандартымен байланысы. Құзыреттіліктер: білім берудегі жаңарту үрдістері білімін болашақ бастауыш сынып педагогтерін жаңартылған білім беру мазмұнына даярлау мәселелерінде қолдану.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектептің білім беру үдерісіндегі сандық технологиялар
    Несиелер: 5

    Мақсаты: жоғары мектептің білім беру үдерісінде сандық технологияларды пайдалануға үйрету Мазмұны: Оқыту кезінде сандық білім беру ресурстарын пайдалану. Электрондық оқу материалын дәрістерде қолдану. Заманауи педагогтың компьютерлік мәдениеті. Сандық білім беру ресурстары. Жаңа ұрпақтың электрондық білім беру ресурстарын құру, пайдаланудың педагогикалық аспектілері. Құзыреттіліктер: жоғары мектептің білім беру үдерісінде сандық технологияларды қолдану

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Заманауи бастауыш білім берудің теориялық-әдіснамалық мәселелері
    Несиелер: 5

    Мақсаты: заманауи бастауыш білім беру мәселелері бойынша теориялық-әдіснамалық білімді қалыптастыру. Мазмұны: Бастауыш білім беруді дамытудың қазіргі тенденциялары мен мазмұны. Педагогтың инновациялық қызметі. Үздіксіз және бейіндік оқыту жүйесіндегі қазіргі бастауыш сынып мұғалімі. Құзыреттіліктер: оқу үдерісінің мазмұны мен ұйымдастырылуы мәселелері бойынша теориялық-әдіснамалық негіздерін білу; оқу үдерісінің жаңа модельдерін, стратегияларын жобалау әдістерін қолдану.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Код ON6

    ОН4 – зерттеу жұмысын ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптарды біледі, пәндік дайындық және педагогикалық білім беру саласында ғылыми жұмыстарды өз бетінше жүргізу дағдыларын меңгереді; ғылымның қазіргі ағымдарын талдай алады.

  • Код ON4

    ОН2 - кәсіптік мәселелер бойынша орыс және ағылшын тілдерінде ғылыми және ресми-іскерлік стильдердегі жазбаша мәтіндерді құрай алады; академиялық және кәсіби қызмет нәтижелерін үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) ұсына алады;

  • Код ON5

    ОН3 - педагогикалық эксперименттік ғылыми зерттеулер жүргізеді, талдайды және олардың қорытындысын шығарады; зерттеу мәліметтерін математикалық өңдеу әдістерін меңгереді;

  • Код ON7

    ОН5 - студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға қабілетті. Педагогикалық білім беру жүйесімен байланысты өзінің ғылыми-педагогикалық қызметінің стратегиясын анықтайды, басқару қызметінің құрылымындағы күрделі шешімдерді моделдейді және әзірлейді, зерттеу нәтижелерін жариялайды;

  • Код ON8

    ОН6 – жоғары білімнің жаһандануы және интернационализациясы жағдайында Қазақстан Республикасында және әлемде педагогикалық зерттеулердің қазіргі тенденциялары, педагогикалық ғылымның даму бағыттары мен заңдылықтары туралы білімдерді меңгереді және кәсіби қызметті оңтайландыруға теориялық-әдіснамалық тәсілдемелерді жүзеге асырады;

  • Код ON1

    ОН1 - болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін жаңартылған білім мазмұны бойынша сыни ойлау тұрғысынан даярлауға қойылатын негізгі талаптарды біледі; білім берудің барлық деңгейлеріндегі жаңартылған білім беру бағдарламаларына талдау жасай алады; қосымша білім беру бағдарламаларын жобалау және оларды жүзеге асыратын ғылыми-әдістемелік қамтамасыздандыруды әзірлеу дағдыларын меңгереді.

  • Код ON10

    ОН7 - қарым-қатынастың негізгі әдістерін, балалардың, білім алушылардың, магистранттардың және ата-аналардың өзара қарым-қатынасының типтік жағдайларын моделдеуді пайдаланады, бастауыш білім берудің жаңартылған мазмұнын ескере отырып, жаңа курстар әзірлейді және оларды оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етеді, қазіргі ғылыми зерттеулердің нәтижелерін анықтайды;

  • Код ON11

    ОН8 - бастауыш білім беру мәселелерін кәсіби және академиялық ортада білікті талқылайды, қорытындыларды дәлелдейді, өз білімі мен жетістіктерін әріптестеріне, ғылыми қоғамдастыққа және кең жұртшылыққа хабарлайды.

  • Код ON12

    ОН9 сандық андрагогиканың ұғымдық - категориялық құрылымын біледі, цифрлық білім беру ресурстарын талдайды және қолданады, бағдарламалық құралдарды пайдаланады.

Top