Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01401 Дене шынықтыру және спорт в Қазақ спорт және туризм академиясы

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты 7М01401 «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы еңбек нарығында сұранысқа ие, кез келген әлеуметтік-экономикалық жағдайларда кәсіби іс-әрекеті жоғары ғылыми-педагогикалық деңгейде жүзеге асыруға қабілетті, дене шынықтыру және спорт саласында жүйелендірілген білімі бар және кәсіби салада инновациялық технологияларды қолдана алатын жоғары білікті, бәсекеге қабілетті ғылыми-педагогикалық және жаттықтырушы кадрларды даярлауға бағытталған.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M005 Дене шынықтыру педагогтерін даярлау
  • Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар

Пәндер

  • Басқару психологиясы

    Пән басқару психологиясының теориялық-әдіснамалық негіздерін, басқарудың негізгі әлеуметтік-психологиялық проблемаларын және оларды шешу жолдарын оқытуға; басқару психологиясының тәсілдері арқылы тұлға мен ұжымның маңызды әлеуметтік-психологиялық қасиеттерін, кәсіби, тұлғааралық және тұлғаішілік проблемаларын зерттеу әдістерімен таныстыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Шетел тілі (кәсіби)

    Пән кәсіби бағытталған тақырып аясында сөйлеу, оқу, жазу және тыңдалым дағдыларын жетілдіруге бағытталған; арнайы әдебиетпен, энциклопедиялық, түсіндірме және терминологиялық сөздіктермен жұмыс істеу тәсілдерін үйрету; мамандық бойынша мәтіндерді ауызша және жазбаша аудару дағдыларын дамыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ғылыми-педагогикалық жобалау технологиялары

    Пән ғылыми-зерттеу іс-әрекетін жобалау негіздерін, адамдарды басқарудың педагогикалық әдістерінің жүйесін, ғылыми зерттеулердің әдістемелік тәсілдерін, инновациялардың типологиясын, қазіргі жоғары білім берудің дамуындағы инновациялық тенденцияларды, білім беру жүйесін құрудың ерекшеліктері мен кезеңдерін оқытуға, жоғары оқу орындарындағы бағдарламаларды, сондай-ақ магистранттардың ғылыми әлеуетін арттырудың қажетті ғылыми-әдістемелік негіздерін қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Жоғары мектеп педагогикасы

    Пән жоғары білім берудің заманауи парадигмасын, Қазақстандағы жоғары кәсіптік білім беру жүйесін, педагогикалық ғылым әдіснамасын, жоғары мектепте оқытудың кредиттік жүйесі негізінде оқыту үдерісін ұйымдастыруды, жоғары мектепте оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі және инновациялық әдістері мен түрлерін, жоғары мектепте жаңа білім беру технологияларын меңгеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Жасөспірімдер спортының теориялық және әдістемелік негіздері

    Пән келесі мәселелердің мәнін ашады: - жасөспірімдер спортының теориясы мен әдістемесінің негіздері, - спорт саласындағы ғылыми-әдістемелік қызмет негіздері, - жас спортшылармен шұғылданудың жас ерекшеліктері, - жас спортшылардың дене қасиеттерін дамыту ерекшеліктері, - жас спортшыларды даярлаудағы педагогикалық бақылау, - мамандандырылған дааярлық кезеңіндегі оқу-жаттығу үдерісінің құралдары мен әдістері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Спортшыларды даярлау жүйесіндегі педагогикалық және медицина-биологиялық бақылау

    Пән мәліметтерді кешенді талдау және биопедагогикалық тестілеу кезінде кәсіби іс-әрекет үрдісінде ақпаратты статистикалық өңдеудің қазіргі заманғы әдістерін меңгеруге және қолдануға бағытталған. Дене тәрбиесі мен спорттық дайындықта кешенді (педагогикалық және медициналық-биохимиялық) бақылаудың негізгі әдістері мен ұйымдастырылуын ашады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Пән ғылымның дүниетанымдық негіздерін, философиялық ғылымның пайда болуы мен қалыптасуын зерттеуге бағытталған. Ғылыми танымның құрылымы мен деңгейін, ғылым тарихы мен философиясының классикалық және классикалық емес даму кезеңінің негізгі концепциялары мен бағыттарын зерттеу. Ғылымды кәсіп, ғылым идеалдары мен нормалары ретінде қарастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Дене шынықтыру және спорт маркетингі

    Пән дене мәдениеті-спорт ұйымдарының қызметіне қатысты маркетингтің негізгі технологиялары мен құралдарын, дене шынықтыру-спорт қызметтерін өндіруді жобалау және ұйымдастыру негіздерінің мәнін (ойы, сапасы және бәсекеге қабілеттілік деңгейі бойынша) ашады. Оқыту барысында дене шынықтыру-спорт қызметтерін тиімді алға жылжыту үшін маркетингтік коммуникациялар, баға белгілеу әдістері, нарықты зерттеу және саралау қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Спорттық іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру

    Пән дене шынықтыру-спорттық іс-шараларды жүзеге асыру үдерісін басқару және стратегиялық жоспарлау негіздерінің мәнін ашады. Оқыту барысында дене шынықтыру-спорттық оқиғалар нарықтарын бағалау әдістері, коммуникациялық әсер ету құралдары, билет бағдарламасы, волонтерлермен жұмысты ұйымдастыру, қаржылық қамтамасыз ету салалары, іс-шараның ақпараттық тасымалдануын ұйымдастыру қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ағзаны спорттың таңдаулы түріне бейімдеу негіздері

    Пән дене шынықтыру және спорт сабағында спортшылар мен студенттер ағзасына бейімділік қабілеттерін басқару үшін қажетті білімдер мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сынн ойлауды дамыту технологиялары

    Сыни ойлауды дамыту технологиясы пәні сыни ойлау технологияларын меңгеруге, медиақұзыреттіліктерін қалыптастыруға, білімнің әр саласындағы жаңарып отыратын ақпараттар ағынымен жұмыс жасауға, ақпараттарды бірлестіру тәсілдерін қолдана алуға, мәселелер шешу мен жауапкершілік алуға, басқалардың көзқарастарын есепке ала отырып, өз ойын дәлелдей алуға, өз ойын анық, сенімді білдіруге, өз білімімен өз бетінше айналыса алуға бағытталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Гимнастиканың сауықтыру турлері

    Пәннің мазмұны кешенді әсерлі гимнастикадағы сауықтыру түрлерінен спортшыларды оқу-жаттықтыру үдерісінде жаттығуларды пайдалануды ұйымдастыруда магистранттарды дағдылары мен қабілеттерін игеруге; бағдарламаның теориялық бөлімдерін практикада қолдану біліктілігіне бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Жоғары оқу орындарында (жоғары жетістіктер спортында) таңдаған спорт түрін оқыту, теориясы, әдістемесі және практикасы. Мамандандыру

    Пән магистранттардың бойында әдістемелік, ұйымдастырушылық және тәжірибелік-бағытталған спорттық іс-әрекет, жоғары оқу орнында және спортта сабақ өткізу, құжат айналымы, таңдаған спорт түрі бойынша ғылыми-педагогикалық іс-әрекетті жоспарлау дағдыларын, білімдерді, біліктілікті қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Бұқаралық спорттағы дене шынықтыру-сауықтыру технологиялары

    Пәннің мазмұны бағытталған салалар: -дене шынықтыру-сауықтыру технологиялары мен спорт саласындағы теориялық білімдерді меңгеру және заманауи даму кезеңінде олардың ықпалдасу жолдары; - гимнастиканың сауықтыру түрлері (ГСТ): шейпинг, стретчинг, калланетика, атлетикалық және ырғақты гимнастика құралдарын, әдістерін зерттеу, ұйымдастыру және өткізу; - спортшылардың қажетті дене қасиеттерін дамытуға арналған ГСТ қолдану әдістемесі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Спорттық адаптология

    Пән шұғылданушылардың даярлығын бағалау үшін спорттық—педагогикалық бейімділіктерді, оқу-жаттығу үрдісін құру әдіснамасын, жүктемелердің орындылығын анықтауды, жарыс және жаттығу іс-әрекеті барысында ағзаның бейімделу үрдістерін физиологиялық негіздеуді зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Дене мәдениеті мен спортты психологиялық бақылау

    Пән психологиялық бақылаудың әдіснамалық салаларын, сенімділік, валидтік және психологиялық бақылау әдістерінің репрезентативтілігін, сонымен қатар спорттың әр түрлеріндегі бақылаудың психологиялық ерекшеліктерін ашады. Жаттығу және жарыс үдерісінің әр түрлі кезеңдерінде психикалық дайындықтың, сондай-ақ спортшының жарыс әрекетіне психикалық дайындығының негізгі құрылымдарын өлшеу әдістерін зерттеу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми-педагогикалық зерттеулердегі математикалық әдістер

    Пән әртүрлі саладағы эксперименталды мәліметтерді өңдеу теориясының іргелі негіздерін, компьютерлік диагностиканың заманауи әдістерін, экспериментті кезең-кезеңмен моделдеуді, көпфакторлы талдауды және дене мәдениеті мен спорт саласындағы кәсіби қызметте мәліметтерді қолдануды оқытады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Жоғары мектептегі оқытудың инновациялық технологиялары

    Пән дене шынықтыру және спорт мамандарын даярлауда оқытудың инновациялық технологиялары мен заманауи педагогикалық ғылымның дамуының негізгі тенденцияларын ашады. Білім берудегі инновациялық технологияларды қарастырады: Fishbone, смарт оқыту, сингапурлық оқыту әдістері, Google Forms, модульдік оқыту технологиялары және оқу ақпаратын визуализациялау. Қазіргі кезеңдегі қоғамның дамуындағы инновациялық технологиялардың маңызын, олардың жоғары білім берудегі орны мен рөлін зерттейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді оңалту жүйесіндегі бейімдік дене тәрбиесі

    Пән ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттердің дене тәрбиесі және спорттық даярлығын жетілдіру жүйесін тани білуге бағытталған. Студенттерді бейімдеу спортының таңдаулы түрлерінде білім алу қажеттіліктері мен оңалтудың және жаттығудың заманауи әдістерін меңгеру мен оларды жарыстық іс-әрекетке дайындау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дене мәдениет және спорт менеджменті

    Пән магистранттардың бойында дене шынықтыру және спорт саласындағы менеджмент негіздерін меңгеруге қажетті ғылыми-әдістемелік базаны қалыптастыруға бағытталған. Оқыту барысында басқарушылық шешімдерді қабылдау технологиялары, мемлекеттік және коммерциялық ұйымдардағы менеджменттің ерекшеліктері, мамандарды даярлау жүйесі мен дербес басқару қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Спорттық даярлылықты басқарудың заманауи биотехнологиялары

    Пән педагогтың практикалық қызметінде, спорттық іс-әрекет үшін медициналық-биологиялық маңызды көрсеткіштерді тестілеу мәліметтерін талдауға кешенді ғылыми көзқарасты және спорттық жүктемелердің көлемін, қарқындылығын, ТСТ-де спорттық даярлықты тиімді саралап басқаруға арналған демалыс аралықтарын ғылыми негізделген үйлесімін қолдану ерекшеліктерін үйренуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дене шынықтыру мен спорттағы ғылыми зерттеудің әдіснамалық негіздері

    Пән ДШжС бойынша магистрлік диссертацияны және ғылыми жұмыстарды орындау теориясының, әдістемесінің және практикасының қазіргі мәселелері бойынша құзыреттілікті қалыптастырумен ғылыми зерттеудің жалпы әдіснамасы бойынша білім алуға бағытталған. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылардың жалпы дене дайындығын бағалау үшін дене шынықтыру және спорттық жаттығудың теориясы мен практикасының әртүрлі салаларындағы өзекті зерттеулерді зерттейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Ғылыми-зерттеу деректерін өңдеу, есептеулерді талдау және алынған қорытындыларды негіздеу үшін эмпирикалық құралдарды меңгеру.
  • ЖОО-да таңдаған спорт түрі бойынша білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік қызмет негіздерін, жоспарлау және құжат айналымы әдістерін меңгеру.
  • Спортшылар даярлығының ғылыми мәселелерін және оларды ағзаның жарыс пен жаттығу қызметі барысындағы бейімделу процестерін модельдеу арқылы шешу жолдарын анықтау бойынша кәсіби құзыреттіліктерді меңгеру.
  • Қазіргі білім берудегі инновациялар мен реформалар, кадрларды даярлаудың көп сатылы үздіксіз жүйесі, жоғары білім беруді және инновациялық жобаларды интеграциялау жөніндегі білімін көрсету.
  • Дайындық бейіні бойынша өзекті ғылыми-педагогикалық мәселелерді анықтау және оларды анатамо-физиологиялық, медициналық-биологиялық, педагогикалық-психологиялық құралдар мен бақылау әдістерін пайдалана отырып шешу.
  • Жас спортшылардың жас ерекшеліктері мен дайындығын ескере отырып, жаттығу бағдарламасын әзірлеу және спортшыларды даярлау үрдісінде стандартты емес мәселелерді шешу.
  • Дене шынықтыру және спорт саласындағы іс-шараларды басқару, жоспарлау және ұйымдастырудағы тәуекелдерді талдау.
  • Университеттегі жұмыстың әдістемелік, ұйымдастырушылық және практикалық негіздері және жоғары нәтижелі спорт түрлері бойынша білім, білік және дағдыларды біріктіру.
  • Психологиялық бақылау әдістерін және қызмет барысындағы тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін зерттеу дағдыларын меңгеру.
  • Ғылыми зерттеу әдістерін, педагогикалық- психологиялық қызмет негіздерін және кәсіби салада өзін-өзі жетілдіру үшін шет тілді білім берудің тереңдетілген коммуникативтік дағдыларын меңгеру.
Top